kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

«Математикалы? к??ілді тап?ырлар сайысы (КВН)

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ма?саты: О?ушыларды? математикалы? білімдерін дамыту,  математика?а ?ызы?ушылы?тарын  арттыру. Ойын ар?ылы о?ушыларды тез ойлау?а ?йрету.

Уа, халайы?, халайы?, 
Б?рі?е жар салайы?. 
Б?гінгі кеш т?рінде 
Дарындылар елінде 
Тап?ыштарды? тілінде, 
Есеп шешіп, жарысып 
Ж?мба? шешіп а?дысып 
Шабыт тасып шал?ысып, 
Есеппенен ?н салысып. 
К??ілді кеш жасайы? 
Ж?мба? шерді шашайы? 
Ат салысып аянбай 
Бар ?нерге басайы? 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
««Математикалы? к??ілді тап?ырлар сайысы (КВН) »

«Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының білім бөлімі» ММ

«№19 жалпы орта білім беретін мектеп» КММ

Математатика пәнінің мұғалімі: Назарбекова Алия Сериккажыевна

Сабақтың тақырыбы:

«Математикалық көңілді тапқырлар сайысы (КВН) (10 сыныптар аралығында)

Мақсаты: Оқушылардың математикалық білімдерін дамыту, математикаға қызығушылықтарын арттыру. Ойын арқылы оқушыларды тез ойлауға үйрету.

Уа, халайық, халайық, 
Бәріңе жар салайық. 
Бүгінгі кеш төрінде 
Дарындылар елінде 
Тапқыштардың тілінде, 
Есеп шешіп, жарысып 
Жұмбақ шешіп аңдысып 
Шабыт тасып шалқысып, 
Есеппенен ән салысып. 
Көңілді кеш жасайық 
Жұмбақ шерді шашайық 
Ат салысып аянбай 
Бар өнерге басайық 

Құрметті оқушылар, ұстаздар! Бүгінгі «Математикалық КВН» - ге хош келдіңіздер. Сайысымызды бастамас бұрын ортаға 2 топ оқушыларын шақырайық!

Сайыстың шарттарымен танысайық:

І. Таныстыру.

ІІ. Музыкалық үй тапсырмасы

ІІІ. Таңқалдыр!

ІҮ. Ширату

Ү. Капитандар сайысы

Математика – ғылымдардың патшасы. Патша деп аталуы да бекер емес, оның өмірдің бар салаларында маңызы зор. Әрбір адамның өмірінде математика өте қажет. Туыстарымыздың өмірінде де алатын орны ерекше деп ойлаймын. Мысалы, анамыздың мамандығы медбике. Математиканы білуі оған жұмыс істеу барысында қажетті дезинфекциялаушы сұйықтықтардың пайызын, калорияны есептеуге қажет.  Ал апамыз – бау-бақшамен айналысқанды ұнатады. Ол үшін апам бір шаршы метрге қанша тұқым, тыңайтқыштарды себуі керектігін білуі қажет. Жақсы өнім алу үшін аптасына неше рет суару керектігін білуі керек. Ал, атамыз сиыр бағады. Егер ол математиканы білмесе сиыр көп сүт беру үшін қанша жем, шөп дайындау керектігін білмес еді. Әкеміз құрылысшы. Егер ол математиканы білмесе, оны жұмысқа алмас еді. Себебі оған математика қабырға мен еденнің ауданын есептеу үшін қажет. Оны білмесе, ол қажет құрылыс материалдарының шығынын есептей алмас еді. Әсіресе математика сатушыларға өте қажет. Олар математиканы жақсы біледі. Олар тауарды өлшейді, сатып алушылармен жұмыс жасайды. Керек тауарга тапсырыс жасайды және әкелінген тауардың құнын төлейді. 
Есепші, бухгалтер, салық инспекторларына, тіпті көлік жүргізушіге де математиканы білу өте қажет. Математика тарихта, өмирде, физикада, химияда, және тілдерде де қажет. Математика бізді логикалық ойлауға, нәтиже шығаруға тәрбиелейді. Математика – нақты ғылым! 

Ендеше БІЗ бастаймыз!!

КВН – ді бастамас бұрын ортаға әділ қазылар алқасын шақырамыз!

1

2

3

4

І кезең бойынша әр топ өздерін таныстырады.

І топ

ІІ топ

Мықты болсаң – алдағыны басып оз, 
Мықты болсаң – арттағыға жеткізбе. 
Мықты болсаң – тайғанама көк мұзда, 
Мықты болсаң – бөгеттерді бұзып өт деп, ІІ кезеңді бастаймыз!

«Үй тапсырмасы» оқушылар үйден дайындап әкелген шағын математикалық қойылымдарын көрсетеді.

ІІІ кезеңнің тапсырмасы мынадай: әр топтан бір немесе бірнеше оқушы шығып математикалық фокус көрсетуі керек!

ІҮ кезеңде әзілдер сайысы

Әділ қазылар мүшелері бір – бір аяқталмаған сөйлем айтады, әр топ оның аяғын өз тапқырлықтарымен аяқтайды.

Есептеуге жүйрiк болсаң жасыңнан, 
Математикаға орын берсең басыңнан, 
Барлық ғылым саған үйiр болады, 
Досың солар – табылатын қасыңнан. 
Ү кезең «Капитандар сайысы» әр капитанға 10 математикалық сұрақ қойылады. Сұрақ жауаптары тез, нақты болуы керек.

Келесі сұрақтар көрермендерге арналады.

1) Жаңылмастан жетеуі,

Кезек қызмет етеді. (апта күндері)

2) Нәрселерді санағанда

Керек ол бізге ауадай.

Айтыңдаршы бұл қандай сан

Жан-жағына қарамай. (натурал сандар)

3) Алматыдан Астанаға дейін ұшақ 1 сағат 30 минут ұшты, ал қайтарда сол жылдамдықпен 90 минут ұшты. Бұл қалай? (1сағ 30мин=90 мин)

4) Үш ат жегілген күйме 1 сағатта 15 км шауып өтті. Әрбір ат қандай жылдамдықпен шапты? (15 км/сағ)

5) Тоғайда 10 қырғауыл отыр. Аңшы олардың екеуін атып алды, нешеуі қалды? (екеуі)

6) Барлық Араб цифрларының көбейтіндісі нешеге тең? (0)

7) 10 центнер темір ауыр ма, 1 тонна мақта ауыр ма? (тең)

8) 7 санымен аяқталатын сан берілген. Ол 300-ден артық та, 310-нан кем. Берілген санды тап. (307)


Сайысымыз осымен өз мәресіне жетті. Келесі сөз кезегін әдіоқазылар алқасына береміз!


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Математика

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 10 класс

Скачать
«Математикалы? к??ілді тап?ырлар сайысы (КВН)

Автор: Назарбекова Алия Сериккажыевна

Дата: 03.02.2015

Номер свидетельства: 166709


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства