kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Математикадан Байет мектебіні? лидері"

Нажмите, чтобы узнать подробности

В это мероприятия предназначена для участие ученик 9-11 классов. Мероприятия состоит из 5 туров. Лидер школы является наиболее набиравших высшее балов. На мероприятия участвует по 2 ученика с каждого класса. После 2-го тура из игры выйдет 2 ученики. После 3-го тура еще один ученик игру продолжают 3 ученики, После 4-го тура на финал останется только двое
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Математикадан Байет мектебіні? лидері"»


Сыныптан тыс жұмыстың тақырыбы: «Математикадан Байет мектебінің лидері» математикалық сайысы

Мақсаты: 1) Сайыста оқушылардың білімін шыңдау; математикалық

білімін кеңейту; ойын ұштау, пәнге қызығушылығын арттыру.

2) Оқушыны алғырлыққа, табандылыққа, ойшылдыққа,

жетістікке жетуге жолдастық пен достыққа, өзін-өзі

тәрбиелеуге үйрете отырып тәрбиелеу.

3) Оқушының адамгершілік қасиеттерін, логикалық ойлауын,

өмірге деген көзқарасын, дүниетанымын дамыту.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру: оқушыларды ретке келтіру, сайыстың мақсатымен, шартымен

таныстыру;

Жүргізушінің сөзі:

Қош келіпсіздер, құрметті оқушылар және қонақтар!

«Ғылым матетматиканы пайдалану арқылы жетіледі» деп Карл Гаусс айтқандай, математика пәнінің ғылымға қосар үлесі өте зор. Мектепте оқытылатын барлық пәндердің математикамен тығыз байланысты екенін бәріміз де білеміз. Ендеше осы пәндермен математиканың байланысы туралы өлең жолдарын қабыл алыңыздар:

Оқушы:

1-жүр.: Мінеки залда тыныштық,

             Естілмейді дыбыс түк.

             Мұны бізде қоштаймыз,

             Кешіккенді тоспаймыз.

             Ғылымдардың ғылымы,

             Математика, жайында       

             Сайысты біз бастауға,

             Әділ – қазы сайлаймыз.

2-жүр.: Қымбатты әділ-қазылар!

             Әділет пен шындықтың,

             Туын тіккен пенделер

             Сәлем сізге біздерден.

             Сайыскерлер сәленім,

             Қабылдашы ағайын.

             Сайысқа келді олар,

             Жанкүйерлер қолдасын.

.

ІІ. Сайыс бағдарламасымен таныстыру:

  • Сайысқа 6 оқушы қатысады.Сайыс мынадай бөлімдерден тұрады:

Сайыс қатысушыларымен таныс болыңыздар

1.

2.

3.

4.

5.

6.

Сайысымыздың алғашқы кезеңі


1-бөлім: «Бәйге» (сұрақтарға жылдам әрі дұрыс жауап беру керек)

1-ҚАТЫСУШЫ:

  1. Алманың жартысы неге ұқсайды? (екінші жартысына)

  2. 2,5 таяқтың неше ұшы бар? (6 ұшы бар)

  3. 100-ді екіден бірге бөлгенде нешеге тең? (200)

  4. “Арифметика” сөзінің мағынасы? (грекше – арифмос, сан деген мағына)

  5. Тік бұрышты үшбұрыш туралы теорема қалай аталады? (Пифагор)

  6. Күн көзі жылына неше рет шығады? (365)

  7. Қандай үш санның көбейтіндісі олардың қосындысына тең? (1,2,3)

  8. Көпбұрыш қабырғаларының қосындысы? (периметр)

  9. Квадраттық функцияның графигі? (парабола)

2-ҚАТЫСУШЫ:

  1. Санның 100-ден 1 бөлігі? (процент)

  2. Бір нүктеден шығатын түзу? (сәуле)

  3. “Математика” сөзінің мағынасы? (матем, грекше ілім, ғылым).

  4. Бір таңбалы санға дәл сондай санды тіркеп жазса неше есе өседі? (11 есе)

  5. Шеңбер бойындағы кез-келген нүктені центрмен қосатын кесінді? (диаметр)

  6. Тік бұрышты үшбұрыштың тік бұрыш жасайтын қабырғалары? (катеттер)

  7. Құрамында белгісізі бар теңдік? (теңдеу)

  8. Натурал санға қандай санды қосқанда келесі сан шығады? (1)

  9. 4 қойдың неше аяғы бар? (16)

3-ҚАТЫСУШЫ

1. Кері сандардың көбейтіндісі? (1-ге тең ) 
2. Тік бұрыш жасап қиылысатын екі түзу? (перпендикуляр)
3. Бір шоколадты 100 теңгеге сатып алып, ал 1,5 шоколадты неше теңгеге аламыз? (200 т) 
4. Сәуленің 2 қуыршағы, 3алмасы,1шоколады,2апельсині,5шабдалысы және 1 велосипеді бар. Сәуленің қанша жемісі бар? (10), 
5. Бірнеше үйрек ұшып келе жатыр. Біреуі алдында, екеуі артында, біреуі артында,біреуі екіншісінің арасында және үшеуі қатар. Қанша үйрек ұшып келе жатыр? (3 үйрек) 
6. 17 жай сан ба, құрама сан ба? (жай сан) 

7. Ұшақ Семейден Алматыға дейін 1 сағат 20 минут ұшады, ал кері қарай 80 
минут ұшады. Бұл айырмашылықты қалай түсінесің? (екеуі тең) 

8. Үлкен хорда қалай аталады? (диаметр)

9. Рене Декарт қай елдің математигі? / Француз
4-ҚАТЫСУШЫ
1.Квадрат теңдеудің анықтамасын айтып бер.
2.Ағаш үстінде 30 торғай отыр еді, аңшы оның екеуін атып түсірді.Торғайдың қаншасы қалды? /екеуі қалды/
3.30 минутты сағатқа айналдыр./ 0,5сағат/
4. Параллелограмм деп қандай геометриялық фигураны айтады?
5.Егер екі кірпіштің салмағы 8 кгболса, 1,5 кірпіштің салмағын тап. /6кг/
6. Болат сенбі күні кешкі сағат 9-да ұйықтауға жатты. Ол сағаттың қоңырауын келесі күнгі таңертеңгі 10-ға қойды. Болат сағат шырылдағанға дейін неше сағат ұйықтады. /1 сағат/
7. Виет теоремасын айтып бер.
8.1-100 аралығындағы сандардың қосындысын бірден тапқан оқушы, кейіннен әлемге әйгілі математик /Карл Гаусс/
9. Түнгі сағат онда жаңбыр жауып тұрса, 24 сағаттан кейін күннің жарқырау тұруы мүмкін бе? / мүмкін емес/

5. ҚАТЫСУШЫ
1.Виет теоремасына кері теореманы айтып бер.
2. Алғашқы математик әйел. /С.Ковалевская/
3. Парабола деген сөз қай тілден шыққан, қандай мағынаны береді?
4. 8-наурызда екі шешей мен 2 қызына, әжей мен немересіне орамал сыйға тартылды. Неше орамал, бұл қалай? /3 орамал. Әжей, шешей, қыз/
5. Үш түйе құс ұшып келе жатыр. Аңшы олардың біреуін атып алды. Олардың қаншасы қалды? /түйе құс ұшпайды./
6. Алгебра оқулығын қазақ тілінде жазып, бірақ баспаға шығармаған кім? /Қ.Сатпаев/
7.Барлық сандардың көбейтіндісі көп пе, әлде қосындысы көп пе? /қосындысы/
8. Пифагордың туған жері /Самос аралы/
9. Қандай көпмүше квадрат үшмүше деп аталады?

6. ҚАТЫСУШЫ
1. α сүйір бұрышына қарсы жатқан катет? / сүйір бұрыштың синусы/
2. Өз сыныбыңыздың оқулығының авторын ата? /Шыныбеков
3. «Геометрия» пәнінің негізін салушы. /Евклид/
4. Квадрат үшмүшенің қанша түбірі болуы мүмкін?
5. Түйе құс екі аяғымен тұрғанда бір пұт тартса, бір аяғымен тұрғанда қанша тартады? /1пұт/
6. Алгебра сөзі қандай сөзден шыққан? /»Әл жебр деген араб сөзі»/
7. Шеңбердің үлкен хордасы /диаметр/
8. Жүзден бір бөлік /процент/
9. Бір таңбалы санға дәл сондай санды тіркеп жазса неше есе өседі? (11 есе)


2- ТУР «Кім жылдам?»
Бұл сайыста үш топқа да әлем халықтарының есептері оқылады. Кім жылдам, сол бірінші жауап береді. Әр дұрыс жауап 10 ұпай.
Асып әсте саспайық,
Батыл қадам бастайық.
Еркіңді билер барынша,
Жарыста, сірә қалыспа.

2-бөлім: «Самғау» цифрограмма.

3

1

23

3

20

16

17

37

24

25

37

19

3

1

24

25

1

17

1

24

37

24

1

18

Алфавиттің рет саны бойынша әріптерді тапқанда Пифагордың сандар туралы айтқан тұжырымын оқуға болады. (« Бар болмыстың бастамасы – сан»)

****************ҰПАЙЫ АЗ 2-ОҚУШЫ ОЙЫННАН ШЫҒАДЫ************

4 оқушы қалады

3-бөлім:

1- жағдаят:
«Мектепке Сәкен ылғи құлағына құлаққап салып алып келеді. Бірақ мұғалімді көргенде құлағынан ала қояды. Бірнешерет көріп қойған мұғалім ескертулер жасайды кейде ұрсып айтады, кейде ұялтып айтады. Сондада Сәкен өз әрекеттерін қайталай береді.»
• Егер сіз мұғалім болсаңыз сіздің іс-әрекетіңіз қандай болар еді?

2 жағдаят:
« Сабақты жақсы оқитын, болашақ заңгер болғысы келетін оқушы химия сабағында «Бұл пән болашақ мамандығыма еш қандай қатысы жоқ, маған керегі жоқ» деп кітабын сумкасына салып қойды. Сабақ орындағысы келмейді».
Егер сіз химия пәнінің мұғалімі болсаңыз іс-әрекетіңіз қандай болар еді?
3 жағдаят:
«Аманжол үнемі сабаққа ұқыпсыз келеді, шашы өскен, киімі үтіктелмеген, бірақ осы түріне қарамастан үнемі сабаққа дайындалып келуге тырысады. Оқушылар арасында ешқандай достары да жоқ, ешкіммен араласпай өз бетімен жүреді»
• Сіз мұғалім болсаңыз сіздің әрекетіңіз?

4 жағдаят:
«Оқушы оқудағы жетістіктеріне көңілі толмайды, өзінің икемділігінен күмәнданады, оқу материалын түсініп, игеріп алатындығына көзі жетпейді, ол мұғалімге: «Сіз қалай ойлайсыз, мен қашан да болсын сыныптастарымнан қалмай жақсы үлгеріп, оқып кете аламын ба?»-дейді,»
• Сіз мұғалім болсаңыз сіздің әрекетіңіз?


****************ҰПАЙЫ АЗ 1-ОҚУШЫ ОЙЫННАН ШЫҒАДЫ*****************

3-оқушы қалады

4-бөлім: «Шырқау» тор көздегі тапсырмалармен жұмыс. 6 ұяшық берілген. Әр топ ұяшық таңдау арқылы ондағы логикалық сұрақтарға жауап береді.

1. 1 тонна мұз қыста ауыр бола ма, әлде жазда ауыр бола ма? (бірдей)

2. 2 әкесі, 2 баласы 3 алманы қалай бөліп жейді? (әкесі, баласы, немересі)

3. 3 пар ат 30 км-ге шапса,әр пар ат неше км шабады? (30 км)

4. 4 пен 5-тің арасына қандай таңба қойғанда, 4-тен үлкен, 5-тен кіші сан шығады? (үтір)

5.Сәуледе бір бүтін, екі жарты, төрт ширек алма бар. Сәуледе барлығы неше алма бар? (3)

6. Математикалық таңба ол,

Білімің болса ашасың.

Теріс сан болса астында,

Мағынасы жоқ деп қашасың. (түбір)

****************ҰПАЙЫ АЗ 1-ОҚУШЫ ОЙЫННАН ШЫҒАДЫ*****************


5-бөлім:

«Тапқыр болсаң тауып көр» бұл турда берілген 9 нүктені қаламыңды дәптерден көтермей 4 түзу арқылы нүктелерді сыз

Қорытынды:

Сонау-сонау алысқа, жүзсін десең кемелер,

Тылсым сырлы ғарышқа, ұшсын десең денелер.

Жасау үшін бәрін де

Математика – ең маңызды ғылым бұл,

Сондықтан да, сол ғылымның тілін біл.

Жүзген кеме тұманда, неге адасып кетпейді?

Немесе ол бір маңда, неге төмен шөкпейді?

Оны сақтап қалатын

Математика – ең маңызды ғылым бұл,

Сондықтан да, сол ғылымның тілін біл.

Болам десең теңізші, не ұшқышты қаласаң,

Дәрігерлік те жақсы ғой, қызметке жарасаң,

Ал сол үшін біздерге

Математика - ең маңызды ғылым бұл,

Сондықтан да, сол ғылымның тілін біл.- дей келе бүгінгі кешімізге келген қонақтарға көп-көп рахмет айтамыз. Білімдеріңіз шыңдала берсін! Сау болыңыздар!









Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Математика

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 9 класс

Скачать
"Математикадан Байет мектебіні? лидері"

Автор: Журдикан Алмагул

Дата: 28.02.2016

Номер свидетельства: 300271


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства