kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Математикадан сыныптан тыс іс-шара «Жұлдызды сәт»

Нажмите, чтобы узнать подробности

Мероприятие под названием "Звездный час" для учащихся 8 класса

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Математикадан сыныптан тыс іс-шара «Жұлдызды сәт»»

Математикадан сыныптан тыс іс-шара

«Жұлдызды сәт»

Математикалық ойынның мақсаты.

1.Оқушылар арасында өзара көмек ұғымын, достықты тәрбиелеу.

Математика пәнін үйренуге деген қызығушылығын арттыру.

Математика тарихына байланысты жадыны, ойлау қабілеттерін

дамыту.Тапсырмаларды орындау арқылы оқушылардың өздігінен

жұмыс істеуін,шығармашылық қабілетін дамыту.

2.Оқушыларды ізденімпаздыққа, ойын еркін және толық жеткізуге тәрбиелеу.

Қайырлы күн қымбатты қонақтар,әділ қазылар алқасы және ойынға қатысушылар.

Сіздерді бүгін осы залда көріп отырғанымызға өте қуаныштымыз.

Біздің бүгінгі мақсатымыз математика пәнінің өте жауапты екендігін біле отырып,сандардың ғажайып әлеміне ойша саяхат жасап,оның байлығын көре білу ,өз білімдерін тексеру.

Бүгінгі ойынға қатысушы командалармен танысуға рұхсат етіңдер.

Ал келіңдер, келіңдер.

Біріңе- бірің еріңдер.

Білімізді тексеріп,

Сынға түсіп көріңдер.



Ойынымыздың жоспары;

1.Ойлан, тап

2.Есепке кім жүйрік?

3.Блиц-турнир.

4.Кім жылдам?

5.Логикалық тапсырма

Енді ойлан тап ойнымызды бастаймыз.



Бірліктер тобына есеп.

Көлден ұшқан 15 қаз.

Қайтып қонды 9 қаз.

Қонбады оның нешеуі

Кәне, кім тез табады? (6)



Ондықтар тобына есеп.

Бір-бірімен жарысқан

Төрт аю, бір арыстан,

Екі коян,бір түлкі

Бәрі нешеу кім білді? (8)









Бірліктер тобына есеп.

Түйе, бота маң басқан.

Төрт аяғын тең басқан

Шұнақ құлақ бес ешкі

Қос лақпен қос ешкі

Төрт қозылы екі қой

Бәрің бірге санап қой. (17)



Ондықтар тобына есеп

Аулада үш үйрек

Қорада бір үйрек

Бір үйрек тығылды.

Бір үйрек жығылды.

Қалғаны неше үйрек? (2)

Өмірде ойлап тұрсаң, бәрі де- есеп

Ауырсаң, ішетұгын дәрі де-есеп.

Есепсіз сүрген өмір мазмұнсыздау,

Дүниенің бар тұлғасы есеп –десек.



«Есепке кім жүйрік»

Енді «Есепке кім жүйрік? Сайысында берілген есептерді шығару керек.Әр топтан 5 оқушы кезекпен шығып шығарады.

Бірліктер тобына:

Теңдеуді шешіңдер:

2*(11х-5)-17х=55

5*(8х+3)-12=83

Ондықтар тобына:

Теңдеуді шешіңдер:

7*(2х+9)+3х=144

3*(4х+13)-25=74

«Блиц-турнир»

Мұнда әр топқа 10 сұрақ оқылады.Әр сұраққа 1 ұпай беріледі.

Бірліктерге сұрақ.

1.Азайтудың нәтижесі қалай аталады?

2.Бір сағатта неше минут бар?

3.Ең үлкен үш таңбалы санды ата.

4.Қосуға кері амалды ата.

5. 7 оңдық 0 бірліктен тұратын санды ата?

6.Қатар тұрған үш санның қосындысыда,көбейтіндісі де 6-ға тең.Ол қандай сан? (1,2,3)

7Қандай сан қалдықсыз бөлінеді? (0)

8.Бала тақтаға 86 санын жазып,жолдасына айтты ешқандай амал қолданбай 12-ге арттыр. (98)

9.Қандай санның дәрежесі сол санның өзіне тең? (1)

10.Екі жағы шектеулі түзу? (кесінді)

11. 1888 санын екіге бөл.Әр бөлігінде 1000 болатын болсын.

12.Екі санның көбейтіндісі де, үлкенінің кішісіне бөлінсе де 24-ке тең.

Осы екі санды тап? (24;1)

13. 4 пен 5-тің арасында қандай таңба қойғанда , 4-тен артық 5-тен кем сан шығады? (үтір)



Ондықтарға сұрақ.

1.Шаршы деген не ? ( барлық қабырғасы бірдей төртбұрыш)

2.Аптаның соңғы күні қалай аталады? (жексенбі)

3.Бір ғасырда неше жыл бар? (100 жыл)

4. 9 оңдық 8 бірліктен тұратын санды ата. (98)

5. Бір тәулікте неше сағат бар? (24 сағат)

6.Бұрыштың шамасын өлшейтін құрал? ( транспортир)

7.Күн жылына неше рет шығады? (365рет)

8.Екі нүкте арқылы неше түзу жүргізуге болады? (біреу)

9.50-ді 0,5-ке бөліңдер. (100)

10.66 санын ешбір амал қолданбай оны жартысына арттыр. (99)

11.Қайрат Жанаттан кіші,бірақ Талғаттан үлкен.Ал Ажар Жанардан үлкен болса,ең үлкені қайсы? (А.Ж.Қ.Т.)

12.Екі санның қосындысы 8-ге тең, айырмасы 2-ге тең.Ол қандай сан?

( 5 пен3)

13. Бір кішкене қыз атасынан,сіз нешедесіз деп сұрады.Сонда атасы;

«Менің жасымды алты есе кемітіп, 6-ны алса, 6-ға тең болады.»депті.

Сонда атасы неше жаста? (72)

«Кім жылдам?



Қиындықтан ешқашан біз қашпаймыз

Алғырлықпен, тапқырлықпен ұштаймыз.

Қиялдарға самғап ұшқан құстаймыз.

Шегінбей жеңістерге бастаймыз.

  1. Ең кіші жай сан?

  2. Егіз Ең сандар деп қандай сандарды айтады?

(айырмасы 2-ге тең жай сан мысалы 5 пен 7)





3.Бес жыл бұрын ағасы мен қарындасының жастарының қосындысы

сегізге тең болды.Бес жылдан кейін олардың жастарының қосындысы неге тең болады? (18)

4. Теңдік орындалатындай етіп амал таңбаларды қойып шық.

( *; +; *; /; таңбаларын пайдаланып)

А) 33333=1000 б)44444444=500

Жауабы: (333*3+3/3=1000) (444+44+4+4+4=500)



5.Артығын тап; 37;19;27;29. (27) 6.Артығын тап; қосынды,айырма,бөлінгіш,көбейтінді. (бөлінгіш)

7.Ноль санын алғашқы ойлап тапқан адам? (Парсы математигі аль-Хорезми 787-850)

8. Кімді математика королі атаған? (Карл Гаусс)





Логикалық тапсырма

1.Айдос үйдің 6-шы қабатында тұрады, ал Жандос осы үйдің 3-ші қабатында тұрады. Егер Айдосқа дейін 60 баспалдақ болса,Жандосқа дейін неше баспалдақ бар? (30)

2.Канаттың сөмкесі Саматтың сөмкесіне сияды, ал Саматтың сөмкесі Ерланның сөмкесіне сияды. Кімнің сөмкесі үлкен,кімнің сөмкесі кішкентай? (Ерланның сөмкесі үлкен,Қанаттың сөмкесі кішкентай)

3.Жердің қақ ортасында не бар? (Е әрпі)

4. Бос ыдыста неше құлпынай бар? (ештеңе жоқ)

5.Үстелдің бір бұрышын кесіп алынды. Үстелде енді неше бұрыш қалды? (5)

6. Еменде 3 бұтақ, ал әр бұтақта 3 алмадан бар.Барлығы неше алма?

(Еменде алма өспейді)

7 .Бес таяқшаның неше ұшы бар? (8)

8. 2 мен 3-тің арасында қандай таңба қойғанда 2-ден үлкен, 3-тен кіші сан шығады? (,)

9.Ұзындығы 10 метр жіпті әр бөлігі 2 метр болу үшін неше рет қию керек? (4)

10. Үш қыз бір сыныпта оқиды. Айгүл ,Гүлназ,Айнаш. Айгүл Гүлназдан үлкен,Гүлназ Айнаштан үлкен.Сонда кім үлкен? (Айгүл)

11.Марат кешкі сағат 10-да ұйқыға жатты.Ол сағаттың қоңырауын таңғы 9-ға қойды.Ол неше сағат ұйықтады? (11 сағат)

12. Әкесі мен ұлы ағашты 12 рет кесті. Қанша бөрене шықты? (13)

Қорытынды;



Әр топтың ұпай бойынша қорытындысын шығару.

Жеңімпаздарды мадақтау.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Математика

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 8 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Математикадан сыныптан тыс іс-шара «Жұлдызды сәт»

Автор: Муканова Асель Илаловна

Дата: 02.12.2016

Номер свидетельства: 364969


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства