kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Математика ж?не спорт

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ма?саты: 1) математика мен спортты байланыстыра отырып, о?ушыларды? п?нге деген ?ызы?ушылы?ын арттыру ж?не спортты? ойын?а деген к?з ?арасын, с?йіспеншілігін ?алыптастыру. 2) ?ауіпсіздік ережелерді са?тау. Ж?ргізуші: ?айырлы к?н к?рермен! ??рметті ?стаздар, о?ушылар, С?з бастайын термелетіп ?ле?мен Т?рбиелі, білімді боп ?р?ашан ?с ?ркенде ?анат жайып кемелден. ??рметті о?ушылар, ?стаздар математика п?ні бойынша ?азіргі апта сайын теледидардан ?ткізіліп ж?рген интеллектуалды? танымды? ба?дарламасы негізінде «Математика ж?не спорт» атты сайысты ?з ортамызда ?ткізгелі отырмыз.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Математика ж?не спорт»

«Математика және спорт» сайысы


Мақсаты: 1)   математика мен спортты байланыстыра отырып, оқушылардың пәнге деген    қызығушылығын арттыру және спорттық ойынға деген көз қарасын, сүйіспеншілігін қалыптастыру. 2)  қауіпсіздік ережелерді сақтау.


Жүргізуші:      Қайырлы күн көрермен!

Құрметті ұстаздар, оқушылар,

Сөз бастайын термелетіп өлеңмен

Тәрбиелі, білімді боп әрқашан

Өс өркенде қанат жайып кемелден.

Құрметті оқушылар, ұстаздар математика пәні бойынша қазіргі апта сайын теледидардан өткізіліп жүрген интеллектуалдық танымдық бағдарламасы негізінде «Математика және спорт» атты сайысты өз ортамызда өткізгелі отырмыз.

Әділқазылар алқасын сайлау.

Мықты болсаң – алдағыны басып оз,

Мықты болсаң – арттағыны жеткізбе.

Мықты болсаң – тайғанама көк мұзда,

Мықты болсаң – бөгеттерді бұзып өт.

Мықты болсаң – заманыңды көктеп өт – дей отырып сайысқа қатысушы командалармен таныс болайық.

1 – команда: 9 сынып «Алғырлар»

Ұраны: «Нақты жауап, сапалы шешім таба біл!»

2 – команда:10 сынып «Тапқырлар»

Ұраны: «Қандай сынақ болса-дағы беріспе

Әрқашанда ұмтыла біл жеңіске!»

3 – команда: 11 сынып «Жүйріктер»

Ұраны: «Шыдамды еңбек, алғыр ой,

Анық досың біліп қой!»

Жүргізуші:   Ал, балалар енді ойынымыздың біріші турын бастаймыз.

І тур:    «Доппен секіру»

Шарты: мына бөгеттерден өтіп, тапсырмалар столына жетіп, математикалық тапсыма алып, оны шешіп беру керек. Сол жолмен қайтып барып эстафетаны ары қарай жалғастыру керек. Шығарылған есепке 10 ұпай беріледі және бірінші эстафетаны аяқтаған командаға 10 ұпай қосылады.

(Тапсырмалар столдың үстінде тұрады.)

1-ойыншы:

Мұражайға 20 бала баруы керек еді, Оның екеуінен басқасы басқа серуенге барса, нешеуі барған жоқ? 18

2-ойыншы:

Түйеқұс екі аяғымен тұрғанда салмағы 6 кг болса, ал бір аяғымен тұрғанда салмағы неше кг болады? 6

3-ойыншы:

Жеті туыстың бір-бірден қарындасы бар. Барлығы неше туыс? 8

4-ойыншы:

Ағаш үстінде 100 торғай отырды. Аңшы 1 торғайды атып алды. Неше торғай қалды? 1

5-ойыншы:

Адам қолында 10 саусақ бар. 5 колда неше саусақ бар?

Жүргізуші:   Ғылымдардың патшасы атанғансың,

Евклид, Фалес, Пифагордан бата алғансың.

Төзбейтін өтірікке, жалғандыққа!

Жасықтан емессін сен қаталдансың.

«Ақыл ойды тәртіпке» келтіретін

Нағыз пән – математика атанғансың! – дей келе қазылар алқасы ұпайларды есептеп  болғанша жанкүйерлерден музыкалық сәлем.

ІІ тур : «Нысанаға допты түсіру»


Тапсырмалар столына барып тапсырма алады. Командаларға логикалық есептер беріледі. 1 минуттың ішінде шешу қажет. Шығарған командаға 10 ұпай қосылады. Нысанаға доп түсіру керек, түсірген командаға 10 ұпай қосылады. Содан соң доп түсірген оқушы тапсырманы орындап орнына қайтады.

Тапсырма саны шектеулі, кім допты себетке салады. Сол тапсырмаға ие болады. Тапсырманы топқа апарып, топ болып орындайды.



1-тапсырма: Шаруа адам өзеннен қасқырды, ешкіні және шөпті өткізу керек.Қайыққа тек бір ғана адам сыяды және ол өзімен не қасқырды, не ешкіні, не шөпті алып өте алады.Егер ешкі мен қасқырды тастап, шөпті алса, онда қасқыр ешкіні жеп қояды. Егер шөппен ешкіні қалдырса, онда ешкі шөпті жеп қояды.Шаруа өз жүктерін қалай алып өтеді? (1-ешкіні, 2-қасқырды, 3-шөпті)

2-тапсырма: Көлде лотос гүлі өседі. Бір тәуілікте ол қақ бөлінеді де , бір гүлдің орнына екі гүл пайда болады.Тағы бір тәуіліктен кейін тағы да екіге бөлінеді. және тағы сол сияқты.30 тәуіліктен кейін көлдің беті гүлге толды. Қанша уақытта көлдің беті жартылай гүлмен толады? (15 тәулікте)

3-тапсырма: Бес бұтақты қайыңда,

Бұтақ сайын бес алма.

Біреуін бер Сайынға

Сонда қалмақ неше алма? (Қайыңда алма өспейді)

4-тапсырма: Көлде лотос гүлі өседі. Бір тәуілікте ол қақ бөлінеді де , бір гүлдің орнына екі гүл пайда болады.Тағы бір тәуіліктен кейін тағы да екіге бөлінеді. және тағы сол сияқты.30 тәуіліктен кейін көлдің беті гүлге толды. Қанша уақытта көлдің беті жартылай гүлмен толады? (15 тәулікте)

5-тапсырма: Бактериялар қақ бөлу арқылы көбейеді. әр бактерия минут сайын қақ бөлінеді. Егер колбаға 1 бактерия салсақ ол 1 сағатта бактериямен толады. Егер алғашқыда 2 бактерия болса, онда колба қанша уақытта толады? (30мин)

6-тапсырма: Торғайлар ұшып келді де, бұтаққа отырды. Егер әр бұтақта бір торғайдан болса,онда бір торғайға бұтақ жетпейді. Егер әр бұтаққа екі торғайдан қонса, онда бір бұтақта торғай болмайды. Қанша бұтақ және қанша торғай болған? (3 бұтақ, 4 торғай)

Жүргізуші: «Көрермен жиналған бұл тамашаға

Құр қарап жым отыру жараса ма?

Туыс, досқа, сыныптас, танысқа емес

Соқ қолыңды білімді жас талапқа

Қолыңды бекерге бос соға берме

Ойсыз соқыр сезімнің соңына ерме

Зерделеп сұрақ – жауап санаңа түй

Сонда ортақ боласын бар жеңіске». –дей отырып, қазылар алқасы турдың нәтижесін шығарғанша, жанкүйерлерден музыкалық сәлемдеме.

Жүргізуші:  Қазылар алқасына екі турдың қорытындысы бойынша сөз беріледі.


ІІІ тур: «Тұсау кесер»

Команданың екі мүшесінің аяқтары бір біріне тұсауланады. Сол түрде тапсырма столына жүгіріп баруы керек. Тапсырма алып оны орындау қажет. Шығарған командаға 10 ұпай қосылады.



Айжан мен Маржан Асқар мен Мұраттың қыздары. Айжан Асқардың қызынан үш жас кіші болса, бұлардың әрқайсысының әкелерінің аты кім?

2 қолда 10 саусақ. Оң қолда неше саусақ бар? (5)


Ұшақ Ақтаудан Алматыға дейін 1 сағат 40 минут ұшады. Кері қайтқанда 100 минут ұшады. Айырмашылығын түсіндір.


Жүргізуші: «2030 – дың бағдарлы биігі

Білімнің еншісі мұны әркім біледі

Сондықтан достар-ау  дарынды қайрайық

Алынбас қамал жоқ шыңдайық жігерді»  – дей отырып,  сайысымызды жалғастырамыз.


IV тур : «Белбеу»


Шарты: команда мүшелері бір белбеудің ішінде тұрып тапсырма столына жету керек. Тапсырма алып оны орындау керек. Шығарған командаға 10 ұпай қосылады.

Түлкі мен қасқыр”.

Екеуі тегін балыққа тап болады. Қасқыр айтады “Мен математикаға нашармын, балықты сен бөл” дейді түлкіге. Сонда түлкі саған біреу, маған екеу, саған үшеу, маған төртеу т. с. с. Ең соңында жиырма балықты өзіне салады. Кім көп алды және қаншаға артық алды?

Қасқыр – 100.

Жауабы. Ең көп балықты түлкі алады – 110,10 балыққа артық.


«Қу түлкі»

Шал балықтарды көп аулап әндетіп келе жатса, жолда бір түлкі сұлап жатады, шал қуанып кемпіріме жаға болады деп түлкіні шанаға салып алады. Ал түлкі жолда 1 минутта 1 балық, 2 минутта 2 балық, т. с. с. Бір лақтырғанда алдыңғы лақтырғаннан 2 есе артық лақтыра береді. 7 минутта барлығы неше балық лақтырған.

Ж: 127

Бидің ақысы.

Қазақ халқында билердің рөлі зор болған. Олар халық арасында дауларды шешіп, тыныштықты, әділеттілікті сақтаған.

Олар бір даулы мәселені шешкені үшін, сол даудың құнының оныншы бөлігінің ақысын алып отырған. Дау құны малмен есептелген. Мысалы 10 қой болса, 1 кой ақысы. Дау құны 100 қой тұратын болса би қанша ақы алады? 100



У тур: «Көкпар»

Бұл ойында оқушылар бірін –бірі арқалап барып, қарсылас топпен жарыса отырып, берілген тапсырманың дұрыс жауабын алып қашу. Ойынға 3 командаданда бірдей 3ойыншы қатысады. Тапсырманың жауабы біреу ғана болады. Осы жауапты бірінші болып алып кету тақтада 12 шарға жазылған жауаптар ілінеді.


Ет сату

Қазақтар қысқа ет дайындау үшін соғым сояды. Негізінен ірі мал сояды. Ал соғымның еті көп болса, артығын сатады.Жылқының етін 12 жілікке бөледі. Егер ет сатушы әр сатып алушығабір жіліктен берсе, онда үш жілік ет артық қалады. Ал екі жіліктен сатса, онда үш жілік ет сатып алушыға жетпей қалады.Сонда қанша ет сатып алушы болған? 9


Ұрлық үшін жаза.

Тәуке ханның «жеті жарғысы» бойынша ұры ұрлағаны үшін, айыбына айыппұл төлейді. Бұл жаза айып деп аталады. Бір шаруаның 20 түйесін ұрлап кетіпті. Қазақ салты бойынша бір түйе үш жылқыға, он қойға тең. Сонда шаруа ұрыдан ұрлағаны үшін, қанша жылқы, қанша қой айып ала алады? 60қой, 200жылқы

Сауда

Дүкеннен мен сабын алдым,

Оның және қабын алдым.

Екі дәптер, бір қарындаш, төрт кітап.

Тіс ысқышты қоса алдым.

Есептеші сонда бәрі.

Қанша болды қолды бары? 10


Жүргізуші:   «Игеріп атом күшін ігілікке

Бұл күнде ғылым саны тұр биікте

Ойлап тапқан бәрін де адам миы

Сондықтан бас иемін жүйріктікке» – дей отырып, қазылар алқасы ұпайлардың қорындысын шығарғанша

Қазылар алқасына сөз кезегін береміз.

Қорытынды: жоғары ұпай жинаған команданы марапаттау.



























  1. 7 адам фотосуреттерімен алмасты. Қанша фотосурет таратылды? 42

  2. Барлық цифрлардың көбейтіндісінің соңында неше 0 болады? 1

  3. 25 қаз ұшып бара жатты. Бір қазды атып тастады, қанша қаз қалды? 1

  4. 2 ондықты 2 ондыққа көбейткеде неше ондық шығады? 40

  5. Қай жағдайда біз 2-ге қарап тұрып, 10 деп айтамыз? (сағаттың тілі минуттік тілі 2-де тұрса, біз 10мин кетті деп атаймыз)

  6. Қай уақытта екі санның қосындысы бірінші қосылғышқа тең болады? (екінші қосылғыш 0 болса)

  7. Ақиқаттығы дәлелдеусіз қабылданатын сөйлем. Аксиома

  8. Бес жарым таяқтың неше ұшы бар? 12

  9. Қай ыдыстан тамақ ішуге болмайды. (бос ыдыстан)


ІІ топ

  1. Тәуліктің 24-тен 1-і 1сағат

  2. 282 саны 3-ке бөлінеді ме? иә

  3. Түзудің бойынан 4 нүкте белгілесек, қанша кесінді пайда болады? 5

  4. Қолымызда 10 саусақ болса, он қолда неше саусақ бар? 50

  5. 289 нешенің квадраты? 17

  6. Үстелде үш стақан сүт бар. Алмаз 1 стақан сүтті ішіп қойды. Үстелде неше стақан бар? 3

  7. Торда 4 қоян бар. 4 бала 4 қоянды әкетті, ал бір қоян торда қалды. Неге?

  8. 86 санын еш амал қолданбай 12-ге арттыр. 98

  9. Анықтамасыз қабылданатын ұғымдар. Негізгі ұғымдар

  10. 35 -тің квадраты 1225



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Математика

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
Математика ж?не спорт

Автор: Бисенбаева Салтанат Бибитовна

Дата: 07.02.2016

Номер свидетельства: 289669


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства