kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Математика к?шбасшысы

Нажмите, чтобы узнать подробности

Б?О А?жайы?, Алмалы ОЖББ мектебі

 Жумагазиева Р.К. математика п?ні м??алімі.

 

Сыныптан тыс ж?ргізілетін ж?мыстарды? ?р т?рлі болуы о?ушыларды? математика п?ніне ?ызы?ушылы?ын артады. О?ушыны? ой-?рісін шы?дау?а, ізденуге ынтасын дамытады.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Математика к?шбасшысы »

БҚО Ақжайық, Алмалы ОЖББ мектебі

Жумагазиева Р.К. математика пәні

мұғалімі.


Сыныптан тыс жүргізілетін жұмыстардың әр түрлі болуы оқушылардың математика пәніне қызығушылығын артады. Оқушының ой-өрісін шыңдауға, ізденуге ынтасын дамытады.

Жүргізуші: Еліміздің үлкен тірегі болатын жас ұрпақтың терең білімді, жан-жақты дамыған, зерек болуы – заман талабы. Бүгін біздің мектепте математика пәнінің алғырлары күш сынаспақ, өздерінің білім деңгейлерін көрсетпекші. Олай болса сайысымызды бастайық.

Жарып шығып бұл топты,

Көшті бастау қиын ғой

Математика көшбасшысы атану

Мен үшін үлкен абырой ғой, - деп математика көшбасшысын анықтағалы отырмыз. Ендігі кезекте:

Әділ қазы алқасы

Әділдігін көрсетіп,

Бағалай біліп еңбекті

Үйретсін бізді жеңбекке, - деп әділ қазылар алқасын сайлап аламыз.

Шақырамыз бәріңді

Жақсымызды көруге.

Қошеметтеп біздерді,

Әділ баға беруге.

Осы жиынға жиналғандарды үміткерлер өздерін көтермелеп, қолпаштап отыруға шақырады.

I-бөлім: «Бәйге». Бұл бөлімде үміткерлерге сұрақ қойылады. Әрбір дұрыс жауапқа – 10 ұпай.

Балалар айтысады, тартысады.

Таласып, табысады, жарасады.

Топшылау, жұмбақ, сұрақ бәрі осында

Әйтпесе болар ма еді бала саны, - деп сұрағымызды бастаймыз.

1. Барлық араб цифрларының көбейтіндісін есепте: (0)

2. Сандар қандай таңбалар арқылы жазылады: (цифрлар)

3. «Түмен» қай ел сөзі? Ертеде ол қандай санды көрсеткен? (10000, ежелгі түркілер)

4. Сүйір бұрышқа қарсы жатқан катеттің гипотенузаға қатынасы (ол бұрыштың синусы)

5. Шеңберлерге іштей сызылған бұрыш ... (өз тірелетін доғаның жартысына тең)

6. Трапецияның ауданы ()

7. Шеңберге іштей сызылған төртбұрыш диагональдарының көбейтіндісі ... (оның қарама-қарсы қабырғаларының көбейтінділерінің қосындысына тең)

8. Егер векторлар екі өзара перпендикуляр түзулердің бойында жатса, онда ... (векторлар өзара перпендикуляр деп атаймыз)

9. Екі немесе бірнеше оң сандардың көбейтіндісінің логарифмі ... (көбейткіштердің логарифмдерінің қосындысына тең)

10. қатынасының туындысын қалай табуға болады?

Жүргізуші: Сонымен I-бөліміміз аяқталды. Ұпайды ең аз жинаған екі сайыскер ойыннан шығады.

Жеті жұрттың тілін біл,

Жеті түрлі білім біл.

Осы көрген-білгенді

Есте сақтап, құлаққа іл, - деп келесі бөлімді бастаймыз.

II-бөлім: «Қасиетті жетілік» бұл бөлімде жеті тақырып бойынша сұрақтар жасырылған. Сайыскер сұрақтар таңдайды. Әр сұрақтың қасында ұпайы жазылған.

«Формулалар әлемі»

10. Синустар теоремасы ()

20. Параллелограмның ауданы (S = a · ha)

30. Арифметикалық прогрессияның алғашқы n мүшесінің қосындысы

40. a3 – b3 өрнегін көбейткіштерге жікте [(a – b) · (a2 + ab + b2)]

«Үшбұрыштар»

10. Пифагор теоремасы қалай оқылады? (Тікбұрышты үшбұрыштың гипотенузасының квадраты катеттерінің қосындысына тең)

20. үшбұрыштың үш биіктігі бір нүктеде қиылысады, ол нүктені қалай атайды? (Үшбұрыштың ортоцентрі)

30. Герон формуласы ()

40. Тікбұрышты үшбұрыштың гипотенузасы 15 см-ге тең, оған сырттай сызылған шеңбердің радиусы нешеге тең? (7,5 см)

«Төртбұрыштар»

10. Трапеция деген не? (Тек қана екі қабырғасы параллель болатын төртбұрыш)

20. Төртбұрышқа іштей шеңбер сызу үшін төртбұрыштың қарама-қарсы ... (Қабырғасының қосындысы өзара тең болуы қажетті жән жеткілікті)

30. Ромбының қасиеті қалай оқылады? (Ромбының диагональдары өзара перпендикуляр және бұрыштың биссектрисалары болады)

40. Трапецияның орта сызығы 8 см, ал биіктігі 7 см. Ауданын есепте. (56 см2)

«Функциялар»

10. Функцияның алғашқы анықтамасын берген кім? (Декарт)

20. Көрсеткіштік функцияға кері функция (логарифмдік функция)

30. Тригонометриялық функциялар таңбаларын ата.

40. y = 2x2 – 3x – 17 функцияның анықталу облысы (Барлық нақты сандар жиыны)

«Тригонометрия»

10. sin60˚-тың мәні ()

20. Тригонометриялық функциялардың белгісіз аргументтері берілген теңдеуді қандай теңдеу дейміз? Тригонометриялық теңдеу)

30. 1 – cos2α өрнегін ықшамда.(sin2α)

40. arccos + arcsin өрнегінің мәнін тап. ()

«Сандар тізбегі»

10. an = 2n тізбегінің алғашқы бес мүшесін ата. (2,4,6,8,10)

20. Геометриялық прогрессияның n-ші мүшесінің формуласы. (bn = b1 · qn-1)

30. Геометриялық прогрессияның бірінші мүшесі 5-ке, ал еселігі 2-ге тең. Үшінші мүшесін тап. (20)

40. Арифметикалық прогрессияның бірінші мүшесі 3-ке, ал айырымы 2-ге тең. Алғашқы үш мүшесінің қосындысын тап. (15)

«Дәреже және түбір»

10. Көбейтіндіден түбір шығару ережесі. (Көбейтіндіден түбір шығару үшін әр көбейткіштен түбір шығарып, алынған нәтижелерді көбейту керек)

20. Иррационал теңдеулер жүйесі деп нені айтамыз? (Құрамында иррационал теңдеуі бар жүйені иррационал теңдеулер жүйесі дейміз)

30. өрнегінің мәнін тап. ()

40. теңдеудің түбірін тап. (7)

Жүргізуші: Тәлім сөз көп халықта

Іле жүрер құлаққа.

Іздеген жетер мұратқа

Ізденуден жалықпа, - деп 2-бөлім бойынша қорытынды шығарылады және ұпайы аз 2 сайыскер ойыннан шығады.

Зерделі жастар қашанда,

Дамытқан ұлттың өнерін

Шабытта піскен жасалма,

Салады-ау барлық өнерін, - деп келесі «Полиглот» бөлімін бастаймыз. Мұнда үміткерлер жұмбақ шешеді және оны үш тілде айтып береді. Әр жауапқа 30 ұпай.

1. Жыртылып, жұтап,

Тұрмасын ...

2. Сумкадан іздеп,

Болма сен алаң.

Пеналда орнында,

Жатсын ...

3. Жаныңнан, бәлкім

Бәкі табылмас.

Ұштаулы болсын

Әрқашан ...

4. Жоқ өзінде бас та, қас та, мойын да,

Ұзындығы жазулы тұр бойында

Жүргізуші: Біздің жаңа ғасырда

Көрген-білгенді жасырма.

Математика көшбасшысы атансаң,

Алда боларсың суырылып, - деп келесі бөлімді бастайық.

«Жорға»

1-сайыскерге:

1. Нүктеден екі сәуле құралған. Айтшы, бұл не? (бұрыш)

2. Төртбұрыш қабырғаларының қосындысы. (периметр)

3. Жазыңқы бұрыш неше градусқа тең? (180˚)

4. Бір-бірімен тікбұрыш жасалып қиылысатын түзулер. (перпендикуляр)

5. Шеңбердің ұзындығы (С = 2πR)

6. Алымы бөлімінен кіші бөлшек не деп аталады? (Дұрыс бөлшек)

7. π-саны нешеге тең? (≈3,14)

8. «Δ» таңбасын ұсынған кім? (Герон)

9. Қандай сандардың көбейтіндісі 1-ге тең? (өзара кері сандардың)

10. Бұрышты өлшейтін құрал. (Транспортир)

2-сайыскерге:

1. Бүтін сан, бөлшек сандар

Барлығы да бар онда

Бұл қандай сан, айтыңдаршы

Оң, теріс сан бәрі сонда (Рационал сандар)

2. Дөңгелектің ауданы (S = πr2)

3. Үшбұрыштың ауданын есептейтін формула. (S = а·һ)

4. Кері сандардың көбейтіндісі нешеге тең? (1)

5. Алымы бөлімінен үлкен бөлшек қалай аталады? (бұрыс бөлшек)

6. Перпендикуляр түзулер деп қандай түзулерді айтамыз? (Бір-бірімен тікбұрыш жасап қиылысатын түзулер)

7. Екі теріс сандардың көбейтіндісі (оң сан)

8. Пропорция деген не? (Екі қатынастың теңдігін пропорция дейміз)

9. Үшбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысы (180˚)

10. 1-ге және өзіне бөлінетін сандар қандай сандар? (жай сандар)

Жүргізуші: Сөздің де әсері бар, есері бар,

Тыңдаушының құлағының кесері бар.

Ақылдының сөзіндей ойлы күйде

Тыңдағандай көңілдің өсері бар, - деп әділқазылар ақылдасқанша көрермендерге жұмбақ.

Заманында Пушкиндер,

Бас киім ғып киген.

Кейіннен ол дене –

Техника еншісіне тиген.

Призманы біздерге

Атам деп ол атады.

Көп болса саны моторда

Қуаты да артады.

Тау болса да жүгіңіз,

Қиналмастан тартады.

Бұл қай дене екенін

Қане, кімдер айтады? (Цилиндр)

Жүргізуші: Әділқазы алқасы

Әділдігін айтсаңшы,

Математика көшбасшысын

Тезірек тауып берсеңші, - деп сөзді әділқазыларға береміз. Жеңіп шыққан оқушыға «Математика көшбасшысы» атағы беріледі. Қатысушылар марапатталады. Мұғалім қорытынды сөз сөйлейді.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Математика

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 11 класс

Скачать
Математика к?шбасшысы

Автор: Жумагазиева Роза Карабаевна

Дата: 13.02.2015

Номер свидетельства: 172356


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства