kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

«Математика-?ылымдар патшасы, Информатика- а?параттар ?ылымы»

Нажмите, чтобы узнать подробности

Сайысты? та?ырыбы:

«Математика-?ылымдар патшасы, Информатика- а?параттар ?ылымы»

Сайысты? ма?саты:

 1) О?ушыларды? математика ж?не информатика п?ндерін о?ып ?йренуге деген ?ызы?ушылы?ын арттыру;

2)Ал?ан білімдерін, ?абілет жігерлерін, ?діс т?сілдерін сайыс барысында к?рсете білуге,?з бетімен е?бектенуге т?рбиелеу;

3)О?ушыларды? логикалы? ой ?рісін, жеке шы?армашылы? ?абілеттерін дамыту;

К?рнекілігі:

  1. Дербес компьютер (Презентация)
  2. Таратпа материалдары (с?з ж?мба?тар)
  3. Н?тиже таблосы
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
««Математика-?ылымдар патшасы, Информатика- а?параттар ?ылымы» »

Сайыстың тақырыбы:



«Математика-ғылымдар патшасы, Информатика- ақпараттар ғылымы»



Сайыстың мақсаты:

1) Оқушылардың математика және информатика пәндерін оқып үйренуге деген қызығушылығын арттыру;

2)Алған білімдерін, қабілет жігерлерін, әдіс тәсілдерін сайыс барысында көрсете білуге,өз бетімен еңбектенуге тәрбиелеу;

3)Оқушылардың логикалық ой өрісін, жеке шығармашылық қабілеттерін дамыту;


Көрнекілігі:

  1. Дербес компьютер (Презентация)

  2. Таратпа материалдары (сөз жұмбақтар)

  3. Нәтиже таблосы


Сайыстың барысы:

Үш топ қатысады: I-топ «Тапқырлар», II-топ «Алғырлар», III-топ «Компьютер» (Әр командада 7 оқушыдан болады)

Сайыс 5кезеңнен тұрады.

I.Амандасу ( 3 мин).


II. Үйге тапсырма (Әр топ бір-біріне сөз жұмбақ дайындап келуі керек, және сол сөз жұмбақты қарсылас топқа беріп әр қатысушы шешіп беруі керек) (5 мин)

III.«Кім көп біледі» (Әрбір топқа сұрақ қойылады,топ мүшелері кезекпен осы сұрақтарға жауап берулері керек) (5 мин)


IV. «Ойлан, тап!» (математикалық және информатикалық жұмбақтар беріледі)(5 мин)


V.Топ басшылар сайысы.»Тіл өнері»(топ басшылар «МАТЕМАТИКА» ,«ИНФОРМАТИКА», «Арифметика» сөздеріндегі әріптерді пайдаланып, сөз құрастыру керек) Топ мүшелеріне формулалар сайысы (3 мин)




Жеңімпаз топты хабарлау, марапаттау.



Бүгінгі шәкірт ертеңгі азамат. Сол азамат бойында тапқырлықты, алғырлықты қалыптастыру мектеп қабырғасынан басталады.

«Білімді азамат –ел ертеңі», «Білікті бірді, білімді мыңды жығар» деген халықтың даналық сөзі бар- дей отырып сіздерге Ақ жол тілейміз.

1 -Жүргізуші: Мынау ұшқыр заманда

Жаңалық енді ғаламға

Компьютер тілін меңгеру

Қажеті туды адамға

2 -Жүргізуші:

Ғылымдардың патшасы атанғансың,

Евклид, Фалес, Пифагордан бата алғансың.

Төзбейтін өтірікке, жалғандыққа!

Жасықтан емессін сен қаталдансың.

«Ақыл ойды тәртіпке» келтіретін

Нағыз пән – математика атанғансың!

Уа, халайық, халайық,

Бәріңе жар салайық!

Бүгін сайыс төріне,

Математика тілінде,

Есеп шешіп таласып,

Жұмбақ айтып аңдысып,

Шабыт тасып шалқысып,

Кең пейілді жігермен,

Келді міне көп білген.

Кешімізді бастамас бұрын біз әділ –қазылар алқасын таныстырып өтейік:

  • __________________________

  • __________________________

  • __________________________

2 -Жүргізуші:

Енді көпшілік қауым , сыртта тұрып толқыған, күш жігері шалқыған, бұл жеңіс менікі деп артынған топтарды ортаға шақырайық.

Әр сыныпта бар дарындар,

Жүректе от, көздерінде жалын бар.

« Тапқырлар» тобын халайық,

Құрметпен қарсы алайық.

1-кезең сәлемдесу. Алдымен әр топ өз ұрандарымен сардарларын таныстырып кетеді.

І топ « «Тапқырлар» тобы:

Осындай алғыр достар кез келгенше

Жетсін-ау жарыстарда жеңгенге не?

Қарсылас болғанымен құрбысыңдар,

Тілейміз ізгі тілек сендерге біз

Құрметтеп алғырларды ой-саналы

Тапқырлар сәлем беріп ән салады.

Бүгінгі сайыста достарына

Қашанда тапқыр бол деп ой салады.

Дайындықпен келіп тұрмыз жарысқа,

Есеп білсек жетеміз ғой табысқа.

Сайыстарда біз оңай беріспейміз,

Тең ойынға тағы да келіспейміз.

Тапқырлықпен алдыға жан салмаймыз,

Алғырлардан ешқашанда қалмаймыз.

2050-дің бағдарлы биігі,

Білімнің еншісі бұны әркім біледі.

Сондықтан достар ау дарынды қарайық,

Алынбас қамал жоқ шыңдайын жігерді

Ұранымыз:

«Тапқырлық таныту мақсатымыз,

Біліммен шықсын тек жақсы атымыз».

1 -Жүргізуші: Ілім-білім «Жеті қазына» бірі еді,

Үлкен-кіші мұны бәрі біледі.

«Алғырлар» деп өз топтарын атаған,

Шақырамыз, алғырларды жайнаған.

ІІ топ «Алғырлар»

Шақырып жарыстарды сан –салалы.

Алғырлар топ жарғалы зер салады!

Ту етіп достық пенен татулықты,

Тапқырлар командасын қарсы алады!

Тапқырлар биіктерде қалықтасын,

Жеңіспен көк жүзінде шарықтасын.

Жеңіс туын желбіреп алауласын,

Бәйгені сенен ешкім ала алмасын.

Білімге толы санамыз,

Бүгінгі күн жеңісте.

Алғырлықпен аламыз,

Есепті біз шешеміз.

Оны мақтан етеміз,

Тапқырларға бүгінгі

Кете қоймас есеміз.

Біз дайынбыз бұл сайысқа достарым,

Көрсетеміз бізде қандай күш барын.

Алға қойған мақсатымыз бір екен,

Сәтті болсын сапарымыз әрдайым.

Ұранымыз:

«Болашақтың ұрпағымыз білімді,

Көрсетеміз мектепте алған білімді»

2 -Жүргізуші: Көңілді тапқырлар, білгіштер

Бар өнерін алдарына салады.

Кім білімді көп оқыған болса егер,

Бүгінгі күн жеңімпазы болады.

Есептен сайысады үш тобымыз

Алға озар ең мықтысы осы жолда

Көпшілік білімдерін сараламақ

Сұрамақ шығуларын жұрт алдына

Шақырамыз, келіңдер жарысуға.

Күш, өнер, білімменен алысуға.

Бар өнерді салайық , ортамызға.

«Компьютер» шығады, сайысуға!

III- топ «Компьютер»

Мен казақпын мың өліп, мың тірілген,

Жүрегімде таныстым мұң тіліммен

Жылағанда жүрегім күн тұтылып,

Қуанғанда күлкімнен түн түрілген

Ұзақ ұйықтап жұмса түз бесігінде

Естімеппін Архимед есімін де

Жерді қозғау қиялы былай тұрсын

Жемісі де тимепті несібеме

Түсіріп аспан заңын жұмыр жерге

Бақтырып жұлдыздарды ескен желге

Жансызға жан бітіріп жолға салып

Сары құзы ақсақалға көрсетті елге

Бұл жерде танысасың Пифагормен

Кемеңгер, ол – философ кезінде өткен

Кездесесің дәл сондай тағы да бір

Ғылымдармен жер жаһанда білім еккен

Архимед, Пифагордың айтқаным бұл

Талаптанып, білімге зейін бұр

Таудан аққан, төбеден төкті олар нұр

Судай тасыр, әр бесік белден асқан

Дүниеде сан алуан өнер шашқан

Білім алып, олардың жолын қуған

Әрбір адам өмірде өрге басқан.

Уранымыз:

1 -Жүргізуші:

Мықты болсаң – алдағыны басып оз,

Мықты болсаң – арттағыны жеткізбе.

Мықты болсаң – тайғанама көк мұзда,

Мықты болсаң – бөгеттерді бұзып өт.

Мықты болсаң – заманыңды көктеп өт-дей отырып келесі кезеңге өтейік.

II тур.Үйге тапсырма. Сөз жұмбақ шешу. (Әр топ бір-біріне сөз жұмбақ дайындап келуі керек, және сол сөз жұмбақты қарсылас топқа беріп әр қатысушы шешіп беруі керек) (5 мин)


д

и

а

м

Е

т

р




п

а

Й

ы

з


т

е

т

Р

а

э

д

р

ш

е

ң

б

е

Р



м

Е

т

р

х

о

р

д

а





т

А

қ


т

а

б

и

Ғ

и




а

к

С

и

о

м

а

р

а

Д

и

у

с


1. Шеңбер бойындағы екі нүктені қосатын және центр арқылы өтетін кесінді.

2. Санның 100 ден 1 бөлігі.

3.Барлық қырлары тең шүбұрышты пирамида.

4. Бір нүктеден бірдей қашықтықта жатқан нүктелер жиынын қалай атайды .

5. Ұзындық өлшемі.

6. Ееңбердің екі нүктесін қосатын қосынды.

7. 2 бөлінбейтін сандар.

8. Натурал санның мағанасы.

9. Дәлелденбейтін ұғым.

10. шеңбер бойындағы кез келген нүктелерін центрмен қосатын кесінді.


ж

а

й

п

а

р

а

Л

л

е

л

ь



п

е

р

и

м

Е

т

р




П

и

ф

а

Г

о

р



д

и

а

м

е

Т

р




п

е

р

п

е

н

Д

и

к

у

л

я

р


т

а

Қ


ш

и

р

Е

к


к

е

С

і

н

д

і


ж

а

з

Ы

ң

қ

ы

1. 1 –ге және өзіне бөлінетін сандар.

2.Қиылыспайтын түзу.

3. төртбұрышиың қабырғаларының, ұзындықтарының қосындысы.

4. Ғұлама ғалым.

5. Ең үлкен хорда.

6. Тікбұрыш жасап қиылысатын екі түзу.

7.2 бөлінбейтін сан.

8. Бүтінді төртке бөлгендегі бір үлесі.

9. Екі нүктемен шектелген түзудің бөлігі.

10. 180о-тең бұрыш.


т

р

а

п

е

ц

и

я


с

ә

у

л

е


ф

и

г

у

р

а



т

е

ң

д

е

у



р

о

м

б



ғ

а

с

ы

р


с

а

ғ

а

т

1. Тек қарама – қары екі қабырғасы параллель болатын төрт бұрыш.

2. Бір нүктеден шығатын түзу.

3. Бейне, кескін.

4. Құрамында белгісізі бар теңдік.

5. Барлық қабырғалары тең төртбұрыш қалай аталады.

6. Ең үлкен уақыт өлшем бірлігі.

7. Уақыт бірлігі.






1 -Жүргізуші: Ең қиыны жарыстың енді келді,

Мықтылары қалыпты,жеңсін енді.

Тез жауап бер ойланып тұрып қалмай,

Осы ойыннан көреміз ерен ерді

II тур.»Кім көп біледі» Сұрақ жауаптар. (5 мин)

Әр топқа сұрақтар қойылады.

2 -Жүргізуші:

  1. 3 кесіндіден құралған фигура (Үшбұрыш)

  2. 180 градусқа тең бұрыш қалай аталады? (Жазыңқы)

  3. Төрттен үшке кері сан (Үштен төрт)

  4. Шеңбердің центрінен оның бойында жатқан нүктеге дейінгі қашықтық (Радиус)

  5. Екі қатынастың теңдігі (Пропорция)

  6. Ең алғашқы бағдарламалаушы кім? Ада Лавлейс

  7. Қазiргi дербес компьютерлер қай буынға жатады? IҮ буынға жатады

  8. Компьютерге зиян келтіретін шағын программа? вирус

1 -Жүргізуші:

  1. 17 санының квадраты (289)

  2. Ең кіші натурал сан (1)

  3. Бір нүктеден таралған екі сәуледен құралған фигура (Бұрыш)

  4. Екі санның бөліндісін басқаша қалай атайды? (Қатынас)

  5. Параллелепипедтің үш көлемі (Биіктігі, ұзындығы, ені)

  6. Екі өрнектің қосындысы мен айырмасының көбейтіндісі неге тең? (Осы өрнектің квадраттарының айырымына)

  7. Үшбұрыштың тік бұрышына қарсы жатқан қабырғасының аты (Гипотенуза)

2 -Жүргізуші:

  1. 12 – ні 10 есе арттыр (120)

  2. 62 – 6 неге тең? (130)

  3. қандай сандардың жазылуында қанша әріп болса, сонша цифр болады? (10)

  4. Ең үлкен үш таңбалы сан? (100)

  5. Глобус қандай фигураны елестетеді? (шар)

  6. «Математика – ғылымдар патшасы, ал арифметика - математика патшасы» сөзінің авторы кім? (Гаусс)

  7. Бір жазықтықта жатпайтын, бір – бірімен қиылыспайтын түзулер (Айқас)

  8. Минуттың 1/60 бөлігі (секунд)

  9. Кері сандардың көбейтіндісі (1)

  10. Екі нүктенің арасындағы түзу ( кесінді)


1 -Жүргізуші: Айналайын алға ұмтылған ДАРЫНДАР!

Айналайын жеңіс құшқан қырандар!

Бізден қиын жағдайларды сұраңдар

Сұрап қоймай,шешу жолын табыңдар.

IV тур. «Ойлан, тап!» Екі топқа математикалық және информатикалық жұмбақтар қойылады. (5 мин) Бұл кезеңде қай топтың ұпай саны көп болса, сол топ ойынды бастайды. Топ мүшелері ортаға шығып, жасырылған жұмбақ пен жұмбақ есептің жауабын шешеді. Бағалануы әр жұмбаққа – 5 ұпай. а)Бұтақ орнына мың бір инесі

Компьютер жаны мекені /кактус/

в)Жоқ өзінде баста, қас та, мойын да

Ұзындығы жазулы тұр бойында /сызғыш/

а)Бірдей санды бірнеше рет

Көбейтуден тұрады

Егер оны ықшамдасаң

Қандай атау болады? /дәреже/

б)Экран бетінде оның тұрағы

Қашан болсын жыпылықтап ұрады /меңзер/

в)Бір бұлбұл отырады салып әнді

Жүруге аяғы жоқ, емес жанды

Өнері қандай асқан деп ойладым

Бір демде жер түбінен хабар алдым /радио/

а)Ұзынтұра Жалқаубек

Тұрмай ылғи жатады

Қозғала қалса артынан

Ешбір белгі қалмайды /бос орын пернесі/

б)Оң сандарға қол шатырдай

Қалпақ болған беделі

Квадраттасаң егер оны

Жоғалтпассың сен оны /квадрат түбір/

в)Жалғыз бағыт білері

Бұрғаныңа көнбейді

Жол көрсетіп береді

Бірақ өзі көрмейді /компас/

а)Ақпаратты қағазға шығарады

Бұл құрылғы қалай деп аталады? /Басу құрылғысы/

б)Бүтін сан бөлшек сандар

Барлығыда бар онда

Бұл қандай сан айтыңдаршы

Оң теріс сан бәрі сонда /рационал сандар/

в) Компьютермен енеді,

Қағазға басып береді /принтер/

  1. Атадан 10 боламыз,

Бір-бір жастан арамыз.

Қосылып кейде басымыз,

Азайып кейде қаламыз.

Бөлініп кейде арамыз,

Көбейіп те аламыз.(цифрлар)

  1. Бүтін, бөлшек бөліктерден

Үтір айырып тұрады,

Осы санның кім біледі

Аты қандай болады? (ондық бөлшектер)

  1. Түзудің бір бөлігі

Екі шеткі нүкте көрігі

Ұзындығы және бар

Айтшы сыйлық сенікі (кесінді)

  1. Нәрселерді санағанда

Керек ол бізге ауадай

Айтыңдаршы бұл қандай сан

Жаң-жағына қарамай? (натурал сандар)

  1. Санасаң сан жетпейтін нүктелерден,

Құралған фигура бар қарапайым.

Салу үшін сен оны сызғыш ізде,

Бұл не өзі, бар ма, сірә, дара пайым. (түзу)

6.Батырманы басасың,

Қажетіңді ашасың./Тышқан/

1 -Жүргізуші: Мәңгі бақи есте қалар

Ғажайып бір кеш болсын

Білімдірек шәкірт озар

Қиынырақ сұрақ болсын

«Ана тілім-арың бұл ,

Ұятың боп,тұр бетте

Өзге тілдің бәрін біл

Өз тіліңді құрметте» ,-деп Қадыр Мырзалиев ағамыз айтқандай, жас өркендердің тіл білімін тамашалайық.

V.Топ басшылар сайысы«Тіл өнері» Келесі кезеңіміз «Тіл өнері»

(топ басшылар «МАТЕМАТИКА» , «Арифметика» және «ИНФОРМАТИКА» сөздеріе ндегі әріптерді пайдаланып, сөз құрастыру керек) (3 мин)Ал топ мүшелеріне формулалар сайысы.

О, формула, фантастика секілді

Білесің бе, қызықтарды не түрлі

Сиқырланған формулалар қараңдар,

Жауабыңды тосып тұр ғой өтімді


2 -Жүргізуші:

Осымен бұл қызықты тамамдасақ,

Бұл жайды айтамыз ба жаман болсақ

Үйрендік білмегенді осы жолы,

Тағы да үйренеміз аман болсақ!

Бүгінгі кеш талай шабыт шыңдады,

Кеш қызығын талай адам тыңдады.

Тәрбиелер, тәлімі мол,әсерлі,

Болса егер көңіл жақын тыңдады.

1 -Жүргізуші:

Жарыстың соңғы сәті таяп қалды,

Демеңіздер біз өнерді аяп қалды.

Көрермендер сіздерге сөз береміз,

Енді әділқазылардан бүгінгі сайысты қорытындылап, марапаттауларыңызды сұраймыз.

Қорытынды: жоғары ұпай жинаған команданы марапаттау.

«Сен ғылымға болсаң ынтық,бұл сөзімді әбден ұқ:Білгеніңнің жақсысын қыл,білмегенді біле бер»

Ш.Құдайбердиев.



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Математика

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
«Математика-?ылымдар патшасы, Информатика- а?параттар ?ылымы»

Автор: Татубаева Айман

Дата: 04.04.2015

Номер свидетельства: 196864


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства