kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Математика білгіштері" 7-8 сыныптарға арналған сыныптан тыс іс-шара

Нажмите, чтобы узнать подробности

7-8 сыныптар арасында өткізілген математика пәнінен сыныптан тыс іс-шара. Мақсаты:оқушылардың ойлау қабілеті мен математикалық қабілеттерін арттыру,математика сабағында алған білімін өмірде пайдалана білу,пән бойынша білімдерін тереңдету,сабаққа деген қызығушылықтарын арттыру;

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Математика білгіштері" 7-8 сыныптарға арналған сыныптан тыс іс-шара»

Ақмола облысы

Бурабай ауданы














7-8 сыныптар арасындағы математика

пәнінен өткізілген сыныптан тыс іс-шара




Өткізген : Джуматаева Г.К.

математика пәнінің мұғалімі





















«Бурабай» РОО оқу-тәрбие бөлімінің орта мектебі

2018-2019 оқу жылы


«Математика білгіштері»

7-8 сыныптар арасындагы математика пәнінен өткізілген сыныптан тыс іс-шара

Мақсаты:

  • Оқушылардың ойлау қабілеті мен математикалық қабілеттерін арттыру;

  • Математика сабағында алған білімін өмірде пайдалана білу

  • Математика пәні бойынша білімдерін тереңдету;

  • Пәнге деген қызығушылығын арттыру;

  • Оқушыларды ұжымдыққа, ептілікке ,достыққа тәрбиелеу. 

Ойынға 2 топ қатысады, әр топта 6 оқушыдан.(Ітоп - 7 сынып, ІІ топ - 8 сынып)

Әр топтың атауы, ұраны, сәлемдемесі болуы керек.

Құрал –жабдықтар: Презентация, математиктердің нақыл сөздер жазылған плакаттар.

Турнир кезеңдері

1. Таныстыру .Әрбір топ өзінің сәлемдемесін, ұранын айтады.

2 .Блицтурнир

І топ

1. Дәлелдеу арқылы қабылданатын тұжырым (теорема)

2. Екі қатынастың теңдігі (пропорция)

3. Шеңбердің центрі арқылы өтетін хорда (диаметр)

4. Формуланы жалғастырыңдар а²-b²=…(екі өрнектің квадраттарының айырмасы неге тең?) ( (а-в)(а+в) )

5.Кері сандардың көбейтіндісі неге тең? (1)

6. Сызықтық функцияның графигі (түзу)

7. Екі параллель түзуді қиюшымен қиғанда,олардың арасындағы ішкі айқыш бұрыштары туралы не айтуға болады? (өзара тең)

8. Екі өрнектің айырмасының кубы неге тең?

9. Үшбұрыштың тік бұрышына қарсы жатқан қабырғасы (гипотенуза)

10. Қабырғасы 3-ке тең квадраттың ауданы (9)


ІІ топ

1.Барлық рационал және иррационал сандар жиыны (Нақты сандар)

2. Дәлелдеусіз қабылданатын тұжырым (Аксиома)

3. Виет теоремасын тұжырымдаңдар (х1+х2=-p, x1x2=q)

4. Үшбұрыштың тамаша нүктелерін атаңдар ( медианалар, биіктіктер, биссектрисалар, орта перпендикулярлардың қиылысу нуктелері)

5.30° синусы неге тең? (0,5)

6.Квадраттық функцияның графигі (парабола)

7.Дискриминант формуласы (в²-4ас)

8. Барлық қабырғалары тең параллелограмм (ромб)

9.Үшбұрыш төбесін қарсы жатқан қабырғасының ортасымен

қосатын кесінді. (медиана)

10. Жарты түзудің басқаша аты (сәуле)


3. Кім жылдам?

І топ

Теңдеуді шешіңдер:

2*(11х-5)-17х=55

5*(8х+3)-12=83

ІІ топ

Теңдеуді шешіңдер:

7*(2х+9)-3х=107

3*(4х+13)-25=74

3*. Жанкүйелермен ойын.

Біз санбыз....

Сызықпын бөлген

Матемаиканы ұқпас адамға

Құбыжық болып көрінген,

Дұрыс, бұрыс, аралас

Ондық болып бөлген. (бөлшек)



1.Айқасқан екі таяқ,

Тұрады жоқты сұрап. \Икс\

2.Күшіне сенген бір мықты,

Жығып салды сегізді. \шексіздік\



1.Егіз туған қос жүйрік,

Жарыса шауып терлейді.

Бірін-бірі көрмейді.

Дамылсыз қанша шапса да,

Бір мәреге келмейді. \параллель түзулер\

2.Бірдей санды бірнеше рет,

Көбейтуден тұрады.

Егер оны ықшамдасаң,

Қандай атау болады. \дәрежелеу\



1. Математикалық таңба ол

Білімің болса ашарсың

Теріс сан болса астында

Мағынасы жоқ де қашасың \квадрат түбір\


2. Нәрселерді санағанда,

Керек ол бізге ауадай.

Айтыңдаршы бұл қандай сан,

Жан-жағыңа қарамай \натурал сан\

Жұмбақтарды шешу.



4. Суретшілер сайысы

Плакатта берілген координаталық жазықтықта нүктелерді белгілеп,оларды кесінділермен қосып, сурет құрастырып алады.

І топ

(4;0), (3;1), (4;3), (1;3), (2;5), (4;6), (6;6), (8;5), (9;3), (6;3), (7;1), (6;0) (саңырауқұлақ).

ІІ топ . 

(2;0), (1;1), (1;2), (4;5), (2;5), (3;6), (4;6), (5;5), (3;2), (6;4), (9;4), (5;0) (аққу).


5. Ойлан, тап

І тапсырма. Суретте барлығы неше шаршы бар ? (13 шаршы)










ІІ тапсырма

М-1000,

D – 500,

C – 100,

L – 50,

X – 10,

V – 5,

I -1.

Үйдің сыртында мынадай жазу болса

MDCCLXXXIX,

онда үй нешінші жылы салынған? ( жауабы 1789)

6. Қара жәшік

1 топ

Бастауыш мектеп оқушылары оны ұнатады.

Ол мұғалімдерге де керек.

Жоғары сынып оқушыларының кейбіреуінде ол көп, кейбіреуінде ол біреу-ақ.

Ежелгі заманда ол болмаған,оның орнына тақтайшаны қолданған.

(Жауабы: дәптер)


2 топ

Кара жәшіктегі затты ойлап тапқан жігіт- грек өнертапқышы Дедалдың (Икарға қанаттарын жасаған шебері) жиені.

Помпей күлінде археологтар қоладан жасалған көптеген осындай заттарды тапты.

Ол архитектурада және құрылыста қажет.

Мектепте математика сабақтарында оны қолданады. (Жауабы : циркуль)


7. Мақал-мәтелдер сайысы


І топ тапсырмасы

1.Жеті жұрттың тілін біл,..........

2.Білекті бірді жығар,.............

3.Екі жақсы қас болмас,.......

4.Досыңды үш күн сынама,.......

5.Жүз теңген болғанша,..........

6. Жүзден біреу шешен...........

Жауаптары:

1. Жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі білім біл.
2. Білекті бірді жығар, білімді мыңды жығар.
3. Досыңды үш күн сынама, үш жыл сына.
4. Екі жақсы қас болмас, екі жаман дос болмас.
5. Жүз теңгең болғанша, жүз досың болсын.
6. Жүзден біреу шешен, мыңнан біреу көсем.

ІІ топ тапсырмасы


  1. Отыз тістен шыққан сөз, .........

2. Білгенің бір тоғыз, ...........

3. Бір кісі қазған құдықтан, ..........

4. Алтау ала болса ауыздағы кетеді,......

5. Елу жылда ел жаңа, .........

6. Жеті рет өлшеп, ............

Жауаптары:

1. Отыз тістен шыққан сөз, отыз рулы елге тарар.

2. Білгенің бір тоғыз, білмейтінің тоқсан тоғыз.

3. Бір кісі қазған құдықтан, отыз кісі су ішер.

4. Алтау ала болса ауыздағы кетеді,

төртеу түгел болса төбедегі келеді.

5. Елу жылда ел жаңа, жүз жылда қазан.

6. Жеті рет өлшеп, бір рет кес.

8. Тарихи калейдоскоп

1) Ол математикадан жазылған теориялық алғашқы трактаттың авторы, Александрия қарамағындағы мектептің тұңғыш математигі. Оның басты еңбегі – «Негіздер».

(Евклид)

2) Бұл математик 1777 жылы туған.

19 жасында ол дұрыс жетібұрышты және тоғызбұрышты салудың толық шешімін берді. Бұл мәселені ғалымдар 2 мың жыл бойы шеше алмаған.

Оның атақты сөздері: «Математика - барлық ғылымдардың патшайымы, арифметика - математика ханшасы» Ол кім? (Карл Гаусс)

3) Бұл математик 1777 жылы туған.

19 жасында ол дұрыс жетібұрышты және тоғызбұрышты салудың толық шешімін берді. Бұл мәселені ғалымдар 2 мың жыл бойы шеше алмаған.

Оның атақты сөздері: «Математика - барлық ғылымдардың патшайымы, арифметика - математика ханшасы» Ол кім? (Архимед)


4) Бұл математик 1777 жылы туған.

19 жасында ол дұрыс жетібұрышты және тоғызбұрышты салудың толық шешімін берді. Бұл мәселені ғалымдар 2 мың жыл бойы шеше алмаған.

Оның атақты сөздері: «Математика - барлық ғылымдардың патшайымы, арифметика - математика ханшасы» Ол кім? (Пифагор)



9. Капитандар жекпе-жегі. «Буриме» ойыны. Капитандар берілген сөздерді қатыстырып өлең шығарады.

І топ

... үшмүше

неше

... дәлелдеу

... жіктеу

ІІ топ

... пи

Әл Фараби

... тік

... биіктік

9*. Көрермендермен ойын. Логикалық есептерді шешу.


  • Әкесі мен ұлы ағашты 12 рет кесті. Қанша бөрене шықты? (13)

  • Үш қыз бір сыныпта оқиды. Айгүл ,Гүлназ,Айнаш. Айгүл Гүлназдан үлкен,Гүлназ Айнаштан үлкен.Сонда кім үлкен? (Айгүл)

  • 2 мен 3-тің арасында қандай таңба қойғанда 2-ден үлкен, 3-тен кіші сан шығады? (,)

10. Музыкалық сайыс Сандарды ән әуеніне келтіріп оқу. «Два веселых гуся» әнін бірге айту.Содан кейін әр топ өз әнін бөлек айтады

«Два веселых гуся»

120 7 5

1 18 40

2 9 |

11 8 | 2 рет

56 |

13 |

 1 топ «Чунга-чанга»

1 9 5

17 2

83 10

25 30

72

40 25

18 3

595

 

2 топ «Антошка»

41 41

40 80 18

41 41

40 80 125

11.Іс шараны қорытындылау.Әділқазылар алқасы жеңімпаздарды атайды.

 



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Математика

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 7 класс

Скачать
"Математика білгіштері" 7-8 сыныптарға арналған сыныптан тыс іс-шара

Автор: Джуматаева Галия Кауазовна

Дата: 06.10.2020

Номер свидетельства: 559303


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства