kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Конспект внеклассного мероприятия на тему «?ылымны? с?нбес ж?лдыздары»

Нажмите, чтобы узнать подробности

Сайысты? ма?саты: Т?рлі есептерді ойша шеше отырып о?ушыларды білім сайысына араластыру, тез ойлану?а ?йрету, математика?а ??штарлы?ын арттыру, сайыс н?тижесінде «Озы? ойлы о?ушы» аны?талады.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Конспект внеклассного мероприятия на тему «?ылымны? с?нбес ж?лдыздары»»

Армысыздар, ұстаздар, оқушылар!

17-24 ақпан аралығында мектебімізде физика-математика-информатика пән бірлестігінің «Ғылымның сөнбес жұлдыздары» атты тақырыппен апталығы өтіп жатырғаны баршамызға мәлім.Олай болса, сол апталықтың бір бөлімі 7-сынып оқушылары арасында математика пәні бойынша «Математика – ғылымдар патшасы» ойын-сайысы өткелі отыр.

Сайыстың мақсаты: Түрлі есептерді ойша шеше отырып оқушыларды білім сайысына араластыру, тез ойлануға үйрету, математикаға құштарлығын арттыру, сайыс нәтижесінде «Озық ойлы оқушы» анықталады.

Сайысқа 7 «а», «ә», «б», «в», «г» сыныптары қатысады.

Олай болса, егеменді елдің ертеңі ұрпағының оқу-білімінің реңімен өлшенеді. Білімді, жан-жақты тәрбиелі жастар – еліміздің баға жетпес байлығы, қазынасы.



Мынау елдің ертеңі де сендерсің,

Ұлы жұрттың ұяты да сендерсің.

Байтақ дала болашағы қолыңда,

Бақыттарың білімменен өрлесін, – дей келе сайысымыздың жоспарымен таныс болыңыздар.

Сайыс жоспары:

  1. Математикалық эстафета.

  2. Тарихи калейдоскоп.

  3. Математикалық казино.

  4. Геометриялық мозайка.

  5. Көңілді балық аулау.

  6. Маематикалық бояулар.

Мінеки залда тыныштық,

Естілмейді дыбыс түк.

Мұны біз де қоштаймыз,

Кешіккендерді тоспаймыз.

Ғылымдардың ғылымы ,

Математика ғылымы жайында ,

Сайысымызды бастаймыз!

Бүгін біз математиканың қыр-сырымен танысып, көңілді демалып, білім күшімізді сынау үшін жиналып отырмыз.

Әр бөлімде оқушылар логикалық есептер шығарып, сұрақтарға жауап бере отырып, математика пәні бойынша алған білімдерімен сайысқа түседі.

Бұл сайыста шалттық керек, жауабын білетін топ тез жауап беріп, ұпай жинауға тырысуы қажет. Сайыс соңында ең көп ұпай жинаған топ мүшелері « Озық ойлы оқушы» атанады.

Жас достарым мұны жақсы ұғайық.

Математика ғылымы құрметтеуге лайық.

Дүниедегі құбылыстың мәніне,

Табиғаттың , қозғалыстың бәрінде,

Мүмкін емес есептерсіз түсіну,

Есебіңіз дүние кілті әлі де.



Олай болса тұрмайық,

Кешімізді біз бастайық.

Әділ бағаға қалтасы толы

Әділ қазыларды шақырайық.

Шын жүйрік шабысынан танылады,

Нақты білім, терең ой сыналады.

Баға берер әділқазы ортамызда,

Сіздерге құрметпен қол соғылады.

Әділқазылар алқасымен таныс болыңыздар: мектеп директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Рыскүл апай, математика пәні мұғалімдері: Гүлзира апай, Гүлсара апай.

Сайысымыздың бірінші бөлім «Математикалық эстафета» деп аталады.

Бұл бөлімде топтарға жалпы сұрақтар қойылады.

Сұрақтардың жауабын білетін топ тез белгіні көтеріп, жауабын айтуы керек.

  1. «Математикалық эстафета»

  1. Тұстас бұрыштардың қосындысы. ( 180 )

  2. Ең үлкен хорда (диаметр)

  3. Квадраттың периметрі неге тең? (P=4a)

  4. Натурал сан нешеден басталады (1- ден)

  5. Сыбайлас бұрыштардың қосындысы ( 180 )

  6. Қиылыспайтын, ортақ нүктесі жоқ түзулер (параллель түзулер)

  7. Екіге қалдықсыз бөлінетін сандар (жұп сандар)

  8. Санның жүзден бір бөлігі (процент)

  9. Жазыңқы бұрыштың шамасы ( 180 )

  10. Өзара тік бұрыш жасап қиылысатын түзулер (перпендикуляр түзулер)

  11. Координаттар жүйесін алғаш енгізген кім? (Р. Декарт)

  12. Бұрыштың өлшем бірлігі (градус, минут, секунд)

  13. Барлық санның бөлгіші (1)

  14. Шеңбердің екі нүктесін қосатын кесінді (хорда)

  15. Бұрышты қақ бөлетін сәуле (биссектриса)

  16. Дәлелденбейтін ұйғарым (аксиома)

  17. Центрден шеңбердің нүктелеріне дейінгі қашықтық. (радиус)

  18. Он бестің квадраты неге тең (225)

  19. Екі қабырғасы тең үшбұрыш (тең бүйірлі үшбұрыш)

  20. Бұрышты сызуға арналған құрал (транспортир)

  21. Екі санның қатынасының теңдігі(пропорция)

  22. Қандай санға бөлуге болмайды?(0-ге)

  23. Тек өзіне және бірге бөлінетін сандар (жай сандар)

  24. Сағаттың төрттен бір бөлігі неше минут?( 15 минут)

  25. Сағат тілі тәулігіне неше рет тік бұрыш жасайды?( 4 рет)

  26. Шаршының периметрі 44 см, қабырғасы нешеге тең? (11)

Әр топтың ұпай санын есептеп екінші бөлімге көшеміз.

Екінші бөлімде ғалымдар өмірінен жалпы топқа сұрақтар қойылады .

  1. «Тарихи калейдоскоп»

1.Бұл ертедегі математик рим солдатының қылышынан қаза боларда былай депті: «-Кет, менің сызбаларыма тиіспе». Ол гидростатиканың, үлкен крандардың, күшті катапультардың негізін салушы. Оның атымен физика ғылымының терминдері спираль, винт, заңдары бар. (Архимед)



2. ХІХ ғасырда өмір сүрген ғалымның математикалық білімі бала кезінен оянған. Ол үш жасында өз әкесінің санағының қатесін тапқан. Жеті жасында мектепке барған және мұғалімнің берген есебін бірнеше секунд ішінде шешкен. Бұл математикті математиканың «королі» деп атаған.
Қай математик жайында?(Карл Гаусс)

(Архимед және Карл Гаусс жайында слайд көрсету.)

Әр топтың ұпай санын есептеп келесі бөлімге өтеміз.

Бұл бөлімде топтарға жалпы екі есеп беріледі. Сол есептерге теңдеу құра отырып, есептерді шешу керек.

  1. «Математикалық казино»

1.Ұшып келе жатқан бір топ қазға жалғыз қаз жолығады.Жалғыз қаз:

  • Ассалаумағалейкум, жүз қаз, - депті.

  • Уағалейкумассалам, жалғыз қаз !

Бірақ біз жүз қаз емеспіз. Біз жүз қаз болу үшін, тағы біздей, сонан кейін жартымыздай, тағы ширегіміздей және сен келіп қосылсаң , біз жүз қаз боламыз,- депті. Сонда қанша қаз ұшып келе жатқан? ( 36)

2.Бұрынғы заманда Пифагорға сол қаланың тұрғыны келіп сұрайды:

  • Әлемге танымал Пифагор сенің мектебіңе неше оқушы келіп дәріс алады?

  • Менің оқушыларымның жартысы математикамен айналысады, ширегі табиғатты зерттейді, бөлігі ой еңбегімен уақыт өткізеді және тағы үш қыз бала бар. Сонда Пифагор мектебіне қанша оқушы қатысады? ( 28)

Оқушылар есептерін шығара берсін , біз көрермендерге сұрақтар беріп, олардың да білімін тексеріп өтсек.

1.Қояндар бөренені арамен бөліп жатыр. Олар14 жерден кесті. Неше бөлік пайда болды ? (15)
2.Есімдері әртүрлі, жастары бірдей жеті ағайындылардың есімдерін атаңдар. (апта күндері)
3.Тәуліктің қалған бөлігі өткен бөлігінен екі есе артық болса, қазір сағат неше? (8)
4. Үстел үстінде бірнеше кәмпит жатқан.Оны екі анасы, екі қызы және әжесі мен немересі 1 кәмпиттен бөліп алғанда үстелде кәмпит қалған жоқ. Алғашқыда үстелде қанша кәмпит болған? (3)
5. Еменде үш бұтақ, ал әр бұтақта үш алмадан бар.Барлығы неше алма? (еменде алма өспейді)
6.Заттарды санау үшін қолданылатын сандар қалай аталады? (натурал сандар)
7.Нөлге және жұп цифрға аяқталатын сандар қалай аталады? (жұп сандар)
8.Қандай сандар жай сандар деп аталады? Мысал келтір (өзіне және 1-ге ғана бөлінеді)
9.Заңдылықты анықтап, сан қатарының келесі санын анықта:
0, 3, 8, 15, ? (24)

7 «В» сынып оқушысы Жетесова Ақеркенің орындауында «Ризамын» әнін тыңдайық.

Енді үшінші бөлімнің қорытындысын шығарайық, теңдеуді дұрыс құрып, есептің нәтижесін дұрыс тапқан топ ұпай алады.



  1. Геометриялық мозайка.

Оқушыларға түрлі-түсті қағаздар беріледі. Солардан геометриялық фигуралар құрастыру керек. Оқушылар әр құрастырылған фигураға бір ұпайдан алады.

Оқушылар құрастыра берсін,ал көрермендер біз өлеңмен берілген жұмбақ есептерді шешіп көрелік.

1). Бір бірімен жарысқан
Төрт аю, бір арыстан.
Үш қоян, бір мәлік бар
Бәрі нешеу? Табыңдар. (9)

2). Көл тоғанды қырға бар,
Келіп қонды тырналар.
Жұптан қонып сол жерде,
Отыр екен он жерде. (20)

3). Бір бірімен жарысқан ,
Төрт аю, бір арыстан.
Екі қой мен бір түлкі,
Бәрі нешеу? Кім білді? (8)

4). Түйе, бота маң басқан,
Төрт аяғын тең басқан.
Шұнақ құлақ бес ешкі,
Қос лақпен қос ешкі.
Төрт қозылы екі қой
Бәрін бірге санап қой. (17)

5). Дүкеннен мен сабын алдым,
Оның және қабын алдым.
Екі дәптер, бір қарындаш,
Тіс ысқышты тағы да алдым.
Есептеші соның бәрі
Қанша болды қолда бары (6)


6). 11 түйе,бес жылқы.
2 сиыр,бір ешкі
2 қоян,үш түлкі,
Болды сонда нешеуі? (24)

7). Кездесіп бір топ аңменен,
Болды отыз бас малменен.
Олар кетті қоштасып,
Үш түлкімен достасып
Есепті ойлап тезірек,
Мал саны қанша шешіңіз? (33)

Енді төртінші бөлімнің қорытындысын шығарайық.

  1. Көңілді балық аулау.

Бұл бөлімде оқушылардың көздерін байлап, балық аулатамыз.

Әр топ балықтарға жазылған есептердің жауабын табады. Бұл балықтардың арасында «алтын балық» та жүр , «алтын балықты» ұстаған оқушы өз тобына артық бір ұпай әкеледі. Оқушылар жұмыс жасай берсін, ал біз көрермендер 7 «А» сынып оқушысы Төлебаева Жансаяның орындауында « Туған жер » әнін тыңдайық.

Оқушылар тапсырмаларын орындап болған болар , кезек өздеріңде.

Ал оқушылар ең соңғы шешуші бөлімге де келіп жеттік. Бұл бөлім «Көңілді бояулар» - деп аталады.





  1. Көңілді бояулар.

Әр топқа бірдей тапсырма беріледі . Әр топ есепті шығара отырып , суретті бояп шығуы керек. Екі оқушы бояп, бір оқушы есептердің жауабын шығарып отырсын.







Ал біз көрермендер 7 «А» сынып оқушысы Жансаяның орындауында бір ән тыңдайық.

Қиындықтан өткізер, білім деген биік шың,

Бақытқа сені жеткізер, білім деген ақылшың, - дей отырып, сөз кезегін әділқазыларға берейік.

Сайыс қорытындысы бойынша көп ұпай жинаған топ мүшелері «Озық ойлы оқушы» атағына ие болады.



Математика туралы ұлы адамдар артында өшпес сөз қалдырғаны белгілі. Біздің жас математиктер математика туралы не дер екен?

  • Математика адам үшін,адам математика үшін жаралған!

  • Математиканы білмейсің дұрыс өмір сүрмейсің!

Бүгінгі сайыс талай шабыт шыңдады,

Бұның қызығын талай адам тыңдады.

Тәрбиелі тәлімі мол әсерлі, Болса егер көңіл жақын таңдады.

Көңіл бөліп бұл сайысқа келгендерге көп рахмет.Шын сезінген көрермен баршаңызға

Мың алғыс, мың рахмет!













МЕМЛЕКЕТТІК БЮДЖЕТТІК БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕСІ АБАЙ ҚҰНАНБАЕВ АТЫНДАҒЫ ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН № 5 МЕКТЕП













СЫНЫПТАН ТЫС ЖҰМЫС

« МАТЕМАТИКА – ҒЫЛЫМДАР ПАТШАСЫ »













Математика пәні мұғалімі: Махамбетиярова Ж.Ж.















2014 ж





Бекітемін Мерзімі: 19.02.2014 ж.

Пән мұғалімі: Махамбетиярова Ж Мектеп директорының Уақыты: 12.30

оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Өтілетін орны: кинозал

_________М.Бердекеева Сыныбы: 7«А», «Ә», «Б», «В», «Г»


«____» __________2014ж



Тақырыбы : «Математика – ғылымдар патшасы»

Мақсаты :

білімділік : түрлі есептерді шеше отырып,

оқушылардың алған білімдерін тиянақтау ;

дамытушылық : ой- өрісін, есте сақтау қабілетін

дамыту, білім сайысына араластыру , математика

пәніне қызығушылығын арттыру;

тәрбиелік : шапшаңдыққа, төзімділікке баулу, топтық жұмысқа,

еңбек сүйгіштікке, жолдастық көмек көрсетугетәрбиелеу.

Түрі : сайыс

Көрнекілігі:плакат, мультимедиа.

Сайыс жоспары:

1.Математикалық эстафета.

2.Тарихи калейдоскоп.

3.Математикалық казино.

4.Геометриялық мозайка.

5.Көңілді балық аулау.

6.Маематикалық бояулар.















«Математикалық казино»



1.Ұшып келе жатқан бір топ қазға жалғыз қаз жолығады.Жалғыз қаз:

  • Ассалаумағалейкум, жүз қаз, - депті.

  • Уағалейкумассалам, жалғыз қаз !

Бірақ біз жүз қаз емеспіз. Біз жүз қаз болу үшін, тағы біздей, сонан кейін жартымыздай, тағы ширегіміздей және сен келіп қосылсаң , біз жүз қаз боламыз,- депті. Сонда қанша қаз ұшып келе жатқан?



2.Бұрынғы заманда Пифагорға сол қаланың тұрғыны келіп сұрайды:

  • Әлемге танымал Пифагор сенің мектебіңе неше оқушы келіп дәріс алады?

  • Менің оқушыларымның жартысы математикамен айналысады, ширегі табиғатты зерттейді, бөлігі ой еңбегімен уақыт өткізеді және тағы үш қыз бала бар. Сонда Пифагор мектебіне қанша оқушы қатысады?



















Слайд жасау.

1.«Математика – ғылымдар патшасы»

2.Сайыс жоспары:

1.Математикалық эстафета.

2.Тарихи калейдоскоп.

3.Математикалық казино.

4.Геометриялық мозайка.

5.Көңілді балық аулау.

6.Маематикалық бояулар.



  1. «Матеамтикалық эстафета»

1.Тұстас бұрыштардың қосындысы.

  1. Ең үлкен хорда .

3.Квадраттың периметрі неге тең?

4.Натурал сан нешеден басталады .

  1. Сыбайлас бұрыштардың қосындысы .

6.Қиылыспайтын, ортақ нүктесі жоқ түзулер .

7.Екіге қалдықсыз бөлінетін сандар .

8. Санның жүзден бір бөлігі .

9Жазыңқы бұрыштың шамасы.

10.Өзара тік бұрыш жасап қиылысатын түзулер .

11.Координаттар жүйесін алғаш енгізген кім?

12. Бұрыштың өлшем бірлігі .

13.Барлық санның бөлгіші .

14. Шеңбердің екі нүктесін қосатын кесінді .



15.Бұрышты қақ бөлетін сәуле .

16.Дәлелденбейтін ұйғарым .

17.Центрден шеңбердің нүктелеріне дейінгі қашықтық.

18.Он бестің квадраты неге тең ?

19.Екі қабырғасы тең үшбұрыш .

20. Бұрышты сызуға арналған құрал .

21.Екі санның қатынасының теңдігі .

22.Қандай санға бөлуге болмайды? (0-ге)

23.Тек өзіне және бірге бөлінетін сандар .

24. Сағаттың төрттен бір бөлігі неше минут?

25.Сағат тілі тәулігіне неше рет тік бұрыш жасайды?

26.Шаршының периметрі 44 см, қабырғасы нешеге тең?

.

  1. «Тарихи калейдоскоп»

1.Бұл ертедегі математик рим солдатының қылышынан қаза боларда былай депті: «-Кет, менің сызбаларыма тиіспе». Ол гидростатиканың, үлкен крандардың, күшті катапультардың негізін салушы. Оның атымен физика ғылымының терминдері спираль, винт, заңдары бар. (Архимед)



2. ХІХ ғасырда өмір сүрген ғалымның математикалық білімі бала кезінен оянған. Ол үш жасында өз әкесінің санағының қатесін тапқан. Жеті жасында мектепке барған және мұғалімнің берген есебін бірнеше секунд ішінде шешкен. Бұлматематиктіматематиканың «королі» депатаған.
Қай математик жайында?(Карл Гаусс)

(Архимед және Карл Гаусс жайында слайд көрсету.)

Әр топтың ұпай санын есептеп келесі бөлімге өтеміз.

Бұл бөлімде топтарға жалпы екі есеп беріледі. Сол есептерге теңдеу құра отырып, есептерді шешу керек.

Осы сұрақтан кейін Карл Гаусс пен Архимед өмірінен слайд жасау.







  1. «Математикалық казино»



1.Ұшып келе жатқан бір топ қазға жалғыз қаз жолығады.Жалғыз қаз:

  • Ассалаумағалейкум, жүз қаз, - депті.

  • Уағалейкумассалам, жалғыз қаз !

Бірақ біз жүз қаз емеспіз. Біз жүз қаз болу үшін, тағы біздей, сонан кейін жартымыздай, тағы ширегіміздей және сен келіп қосылсаң , біз жүз қаз боламыз,- депті. Сонда қанша қаз ұшып келе жатқан?



2.Бұрынғы заманда Пифагорға сол қаланың тұрғыны келіп сұрайды:

  • Әлемге танымал Пифагор сенің мектебіңе неш оқушы келіп дәріс алады?

  • Менің оқушыларымның жартысы математикамен айналысады, ширегі табиғатты зерттейді, бөлігі ой еңбегімен уақыт өткізеді және тағы үш қыз бала бар. Сонда Пифагор мектебіне қанша оқушы қатысады?



  1. Геометриялық мозайка.

Оқушыларға тік төртбұрыштар беріледі. Солардан геометриялық фигуралар құрастыру керек. Оқушылар әр құрастырылған фигураға бір ұпайдан алады.

  1. Көңілді балық аулау.

Бұл бөлімде оқушылардың көздерін байлап, балық аулатамыз.

Әр топ балықтарға жазылған есептердің жауабын табады. Бұл балықтардың арасында «алтын балық» та жүр , «алтын балықты» ұстаған оқушы өз тобына артық бір ұпай әкеледі.

1.Жұмбақ айтам сенсеңіз:

Қоян , тауық он сегіз,

Аяқтары қырық сегіз.

Тауықта бар екі аяқ,

Қоянда бар төрт аяқ. Сонда қанша қоян бар, Сонда қанша тауық бар?

2. Түлкісің аярлыққа бермейтін дес,

Көрейік қанша сенде ақыл мен ес.

Балапан, көжек санын өзің тапқын,

Аяқтары тоқсан төрт, басы отыз бес.

3. Қызық есеп айтайын,

Сынап сені байқайын.

Жауап айтшы бөгелмей,

Шешім болсын дегендей.

Бір сарайға қамалар,

Тауық , түлкі табылар.

Есеп шарты мынандай:

Аяқ пен бас саналар.

Отыз аяқ жүр бір топ боп,

Тоғыз басы және бар.

Болсадағы бұл тосын,

Жауап берші, жүр досым.

Түлкі нешеу қамалған?

Тауық нешеу саналған?

4. Аулада балапандар мен күшіктер жүр. Балапандар мен күшіктердің аяқтары қырық төрт, ал бастары он жеті болса, қанша балапан және күшік бар?

5. Қорада қаздар мен торайлар жүр. Бала олардың бастары мен аяқтарын санап, олардың бастары отыз, аяқтары сексен төрт екендігін білді. Қорада қанша торай және қаз бар?













  1. Көңілді бояулар.

Әр топқа бірдей тапсырма беріледі . Әр топ есепті шығара отырып , суретті бояп шығуы керек. Екі оқушы бояп, бір оқушы есептердің жауабын шығарып отырсын.









Көңілді балық аулау.

1.Жұмбақ айтам сенсеңіз:

Қоян , тауық он сегіз,

Аяқтары қырық сегіз.

Тауықта бар екі аяқ,

Қоянда бар төрт аяқ. Сонда қанша қоян бар, Сонда қанша тауық бар?

2. Түлкісің аярлыққа бермейтін дес,

Көрейік қанша сенде ақыл мен ес.

Балапан, көжек санын өзің тапқын,

Аяқтары тоқсан төрт, басы отыз бес.

3. Қызық есеп айтайын,

Сынап сені байқайын.

Жауап айтшы бөгелмей,

Шешім болсын дегендей.

Бір сарайға қамалар,

Тауық , түлкі табылар.

Есеп шарты мынандай:

Аяқ пен бас саналар.

Отыз аяқ жүр бір топ боп,

Тоғыз басы және бар.

Болсадағы бұл тосын,

Жауап берші, жүр досым.

Түлкі нешеу қамалған?

Тауық нешеу саналған?

4. Аулада балапандар мен күшіктер жүр. Балапандар мен күшіктердің аяқтары қырық төрт, ал бастары он жеті болса, қанша балапан және күшік бар?

5. Қорада қаздар мен торайлар жүр. Бала олардың бастары мен аяқтарын санап, олардың бастары отыз, аяқтары сексен төрт екендігін білді. Қорада қанша торай және қаз бар?




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Математика

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 7 класс

Скачать
Конспект внеклассного мероприятия на тему «?ылымны? с?нбес ж?лдыздары»

Автор: Махамбетиярова Жанна

Дата: 16.05.2016

Номер свидетельства: 327250


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства