Танграмм – ескі қытай ойыны.Ол осыдан 4000 жыл бұрын пайда болған. Квадратты 7 бөлікке бөліп, осы бөліктерден жануарлардың, адамдардың бейнелерін және тағы басқа фигураларды жинауға болады.
4.Фокус «Үш таңбалы сандар»
Бес ойын сүйегінің жақтарына үш таңбалы 30 сан жазылған. Ойын сүйектерін столда лақтырғанда түскен сандардың қосындысы тез арада есептеледі. Оқушыларға сұрақ қойылады:
Қосындыны табу қандай заңдылыққа байланысты? Басқа сандар үшін орындала ма?
( Әр топ жауап береді)
5.Жаңа нәтижеге ие болу – бұл адам бақыты ( Пастер) . (Оқушылар өз бетімен дайындаған жұмыстарын көрсетеді)
6.Релелік сынақ (Оқушылар қарапайым, орташа және күрделі дәрежедегі сұрақтар жазылған билеттерді алады, дайындалып жауап береді. Топ мүшелерінен бір көмек алуларына болады)
Ой-толғаныс ( 10-15 мин.)
Бағалау ( Жауап парағындағы белгілері бойынша топта талқылайды және бағалайды )
«Математиканы оқу қажет пе?» тақырыбына эссе жазады. Жазғандарын дауыстап оқиды.
Үйге тапсырма: Фокустарды қайталау. Математика құпияларын ашу үшін іздену.