Просмотр содержимого документа
«"Көңілді Тапқырлар Клубы" сайысы 9-10 сыныптар арасында»
Мақсаты:
Оқушылардың математикаға деген қызығушылығын арттыру, табандыққа, ойлаған мақсатқа жету қағидаларына тәрбиелеу. Оқушылардың логикалық ой - өрісін, есеп шығару дағдысын қалыптастыру зияткерлік саласын жетілдіру: ықыласы, жадысы, сөйлеу мәнері; дәлдікке, жетістікке жетуге ұмтылу, жүйелілікке, өз - өзіне деген сенімділігін жетілдіру, қарым - қатынас пен ынтымақтастыққа тәрбиелеу. Көрнекіліктер: музыка, интерактивті тақта, флипчарт. Өткізілу түрі – төрт топ арасындағы сайыс Түрі: Топтық сайыс Жарыстың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі 2. Таныстыру (5 -7 мин)
Топтың атауы, эмблемасы, ұраны, математикаға байласты күлегештер. 3. «Музыкалық конкурс»
Әр команда қарсылас командаларға үш логикалық есеп дайындап алып келеді. 5. «Қызықты үзіліс» 6. «Капитандар конкурсы» 7. Қорытындылау, марапаттау
Барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі. (Ойынның басталуы, ойын шарттары, регламент, ережесі туралы хабарлама жасалады.)
Сәлеметсіздер ме, жанкүйерлер мен оқушылар!
Нақты ғылымдарға қызығушылар
Естігенін есте тұтып
Оқығанын миға тоқушылар.
2-жүргізуші: Сәлеметсіздер ме, ұстаздар!
Айтар ойын тұспалдар
Сіз оқытқан оқушылардың
Сәті келді сыналар.
1-жүргізуші: Есепті түрлі-түрлі шығарамыз
Арасында ойын ойнап жарысамыз
Ойламды сұрақ , қиын сұрақ бәрі де бар.
Әзіл есепке де отырамыз.
2- жүргізуші: Олай болса бұл не тұрыс
Кешімізді біз бастайық
Әділ бағаға қалтасы толы
Әділ қазыларды шақырамыз.
1- жүргізуші: Кешімізді бастамас бұрын
Әр топтың білімін дұрыс бағалау үшін әділқазылар алқасын сайлап алайық. Бүгінгі сайыс шарттары әділқазылар алқасының алдына дайындалып қойылған.
2- жүргізуші: Шын жүйрік шабысынан табылады.
Нақты білім , терең ой сыналады.
Баға берер әділқазы ортамызда
Сіздерге құрметпенен қол соғылады.
1- жүргізуші: Біреуінің жүрегінің түгі бар
Біреуінің арқалап жүрген қоғамдық жүгі бар.
Біреуінің күмбірлеген күйі бар
Енді біреуінің қатты істейтін миы бар
Әр команданы ортаға шақырамыз.
9 «Ә», 9 «А» сынып
10 «А», 10 «Ә» сынып
Сонымен сайысымызды бастаймыз.
2. Таныстыру. Топтың атауы, эмблемасы, ұраны, математикаға байласты күлегештер. Музыка ойналып, КТК басталады. Қай топ бірінші бастайтынын анықтау үшін шаршыларды таңдап шертеді, қай топтың таңдаған саны үлкен сол топ бастайды. 3. «Музыкалық конкурс»
4. «Үй тапсырмасы» конкурсы Әр команда қарсылас командаларға үш логикалық есеп дайындап алып келеді.
5. «Қызықты үзіліс»
Командалар аяқталмаған көңілді күлкілі сөйлем оқиды,сол сөйлемді көңілді нотада аяқтау керек. Барлығы 5 аяқталмаған сөйлем.
6. «Капитандар конкурсы»
команда
Сағаттың ¼- і неге тең? 15 минут 2. 1 % дегеніміз не? 1/100 бөлік 3. Нүктенің бірінші координатасы қалай аталады? Абсцисса 4. Түбір белгісін тағы қалай атайды? Радикал 5. 1 кг судың көлемі неге тең? 1 литр 6. Радиусі 5 болатын шеңбердің ұзындығы қанша? 10 π 7. Үш алманы екі әкесі мен екі баласы қалай бөліп алады? (егер ата, әке, бала болса) 8. 2-нің 6 дәрежесі. 64 9. Екі қатынастың теңдігі пропорция 10. Ең үлкен уақыт өлшем бірлігін үш тілде айтыңыз ғасыр, век, century 11. Кері сандардың көбейтіндісі нешеге тең? 1 12. Ең кіші жай санды атаңыз? 2 2 команда
Ақыл ойды тәртіпке келтіретін «математика» деген сөзді қай ғалым айтқан? Ломоносов
Жанұяда 4 ұл және әр баланың бір әпексі бар. Жанұяда неше бала бар? 5
2 оқушы тоғызқұмалақты 4 сағат ойнайды. Оның әрқайсысы неше сағат ойнайды? 4 сағат
Пифогор теоремасы с2=a2+b2
Қандай сан барлық санға қалдықсыз бөлінеді? 0
Тік бұрышты үшбұрыштың бір бұрышы 300 болса…қарсы жатқан катет гипотенузаның жартысына тең
Кері сандардың көбейтіндісі нешеге тең? 1
Ең кіші жай санды атаңыз? 2
5 жыл бұрын ағасы мен қарындасы бірге 8 жаста болды. Тағы 5 жылдан кейін олар қанша жаста болады? (18)
Бір адамнан , қанша балаң бар деп сұрағанда, ол мысқылдап:
«Менде қанша қызым болса,сонша ұлым бар.Әр ұлымда 3 қарындасы бар». Бұл отбасында неше бала? (6)
Команда
Таяқтың екі басы бар.Егер оның бір жағын кессе, таяқтың неше басы қалады? (2)
2. 20 метр матаны 10 бөлікке 2 м-ден бөлу үшін , неше рет кесу керек? (9)
3. Әкесі мен ұлы ағашты 12 рет кесті. Қанша бөрене шықты? (13)
4. «Тыңдаңыздар, менің отбасым
Атам, әжем және ағам
Біздің үйде екі шеше
Екі әке, екі ұл, әпке, келін және қыз
Ең кішісі – мына мен!
Отбасында неше жан?
(6 адам, ата , әже, әке, шеше, қыз, ұл )
5. Кімді математика королі атаған? (Карл Гаусс) 6. Үнділіктер оны «Сунья»,ал араб математиктері «Сифр» деп атаған. Біз оны қазір қалай атаймыз? (0)
7. Қос жегілген аттар 40 км шауып өтті. Әр ат неше км шауып өтеді? (40)
8. Үйде 12 кесе мен 9 шынаяқтар бар.Балалар кеселердің жартысын және 7 шынаяқ сындырды.Неше шәшке табақшасыз қалды? (4)
9. Он екі литрлік бөшкеде квас бар, соны сегіз литрлік және үш литрлік екіге тең қалай бөлуге болады?
Шешімі: 12-3=9 9-3=6 6=6
10. Мотоцикл жүргізушісі ауылға келе жатқанда жолдан өзіне қарсы ұш жеңіл машина және бір камазды кездестірді. Ауылға неше машина бара жатыр?
Жауабы: Бір ғана мотоцикл
4 команда
Ештемені жазбаңыз және калькулятор қолданбаңыз. Және сіз тез жауап беру керек екеніңізді ұмытпаңыз. 1000 санын алып, оған 40-ты қосыңыз. Тағы да 1000 қосыңыз. 30 санын қосыңыз. Тағы да 1000 қосыңыз. Қосу 20. Қосу 1000. Және қосу 10. Қандай сан шықты?
Жауап: 5000? Тағы да дұрыс емес. Дұрыс жауап 4100. 2.Мэридің әкесінің бес қызы бар: 1. Чача 2. Чече 3. Чичи 4. Чочо. Сұрақ: Бесінші қызының аты кім? Тезірек ойланып, жауап беруге тырысыңыз.
Жауап: Чучу дейсіз бе? :Әрине, жоқ. Оның аты Мэри. 3. Үш тауық үш күнде үш жұмыртқа салады. 12 тауық 12 күнде қанша жұмыртқа салады? (48 жұмыртқа)
4. Шахмат турниріне 7 адам қатысқан. Әрқайсысы бір бірімен бір партиядан ойнаған. Неше партия ойналған?(20 партия)
5. Төрт қабырғасы да оңтүстікке қарайтын үй салу мүмкін бе?
жауабы
Иә мүмкін. Солтүстік полюске салсаңыз төрт қабырғасы да оңтүстікке қарайтын болады.