kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Кластан тыс ж?мыс "Математика ?леміне саяхат"

Нажмите, чтобы узнать подробности

?абілеттерін дамыту; топ болып бірлесіп есептерді шапша? шы?ара білуге ?йрету; ынтыма?тасты??а т?рбиелеу; математика п?ніне ?ызы?ушылы?ын арттыру. К?рнекілігі: Интерактивті та?та Ж?ргізуші: Мінеки залда тынышты?, Естілмейді дыбыс т?к. М?ны біз де ?оштаймыз, Кешіккендерді тоспаймыз. ?ылымдарды? ?ылымы, Математика ?ылымы жайында «Математика- ?ылымдарды? патшасы» сайысын бастаймыз! ?ош келіпсіздер, ?ымбатты ?стаздар мен о?ушылар! Математиканы? жанк?йерлері! Б?гін біз математиканы? ?ыр-сырымен танысып, к??ілді демалып, білім к?шімізді сынау ?шін жиналды?! /ойын ма?сатымен таныстыру/ Математикадан кластан тыс ж?мыс. Максаты: О?ушыларды? математика п?ніне ?ызы?ушылы?тарын арттыру. ал?ан білімдерін ?мірде колдану, Шапша? есептеу дагдыларын калыптастыру Б?гін біз математиканы? ?ыр-сырымен танысып, к??ілді демалып, білім к?шімізді сынау ?шін жиналды?! /ойын ма?сатымен таныстыру/ ?діл ?азыларды таныстыру. ?р топ ?зін таныстырады. “Болаша?” тобы: ?раны: Болаша?ты? ?рпа?ымыз білімді, К?рсетпекпіз мектепте ал?ан білімді. “Эврика” тобы: ?раны:
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«кластан тыс ж?мыс "Математика ?леміне саяхат"»

Мақсаты: Оқушылардың логикалық ойлау, шығармашылық қабілеттерін дамыту; топ болып бірлесіп есептерді шапшаң шығара білуге үйрету; ынтымақтастыққа тәрбиелеу;

математика пәніне қызығушылығын арттыру.

Көрнекілігі: Интерактивті тақта


Жүргізуші: Мінеки залда тыныштық,

Естілмейді дыбыс түк.

Мұны біз де қоштаймыз,

Кешіккендерді тоспаймыз.

Ғылымдардың ғылымы,

Математика ғылымы жайында

«Математика- ғылымдардың патшасы» сайысын бастаймыз!


Қош келіпсіздер, қымбатты ұстаздар мен оқушылар! Математиканың жанкүйерлері!

Бүгін біз математиканың қыр-сырымен танысып, көңілді демалып, білім күшімізді сынау үшін жиналдық! /ойын мақсатымен таныстыру/


Әділ қазыларды таныстыру.

Әр топ өзін таныстырады.


Болашақ” тобы:

Ұраны:

Болашақтың ұрпағымыз білімді,

Көрсетпекпіз мектепте алған білімді.


Эврика” тобы:

Ұраны:

Тапқырлық таныту мақсатымыз,

Біліммен шықсын тек жақсы атымыз.


І.«БЛИЦ-ТУРНИР»

Сұрақтар беріледі. Оған «иә» не «жоқ» деп жауап беру керек. Әр дұрыс жауап 10 балмен бағаланады.


І топ сұрақтары:

1.Кез келген санды 1-ге көбейткенде өзі шығады(иә)

2. ЕҮОБ(20; 60) =10 (жоқ)

3. Қосылғыштардың орнын ауыстырғанда қосынды мәні өзгереді (жоқ)

4. Ы. Алтынсарин «миллион» ұғымын қазақ жеріне алғаш таратты ма? (иә, 1879ж. Орынборда)

5. Шеңбердің бойындағы нүктені центрмен қосатын кесінді радиус(иә)

6.2 – жай сан емес (жоқ)

7. 15 – құрама сан(иә)

8. 1-тақ сан(иә)

9. 5-ке бөлінетін сандар 0 және 5 цифрларымен аяқталады(иә)

10. 1/5+3/5=4/10 (жоқ)


ІІ топ сұрақтары:

1. Кез келген санды өзіне бөлгенде 1 ден өзге сан шығады (жоқ)

2. Көбейткіштердің орнын ауыстырғаннан көбейтінді мәні өзгермейді(иә)

3. ЕКОЕ(12; 36)=36 (иә)

4.Центр арқылы өтетін хорда диаметр (иә)

5.16 –жай сан (жоқ)

6.4 – құрама сан (жоқ)

7.ЕҮОБ(28;12)=4 (жоқ)

8.12-жұп сан (иә)

9. 10-ға бөлінетін сандар 0 цифрымен аяқталады (иә)

10.7/8-4/8=3/8

ІІ. «ТІЛ-ӨНЕР»

Жүргізуші: Ана тілің – арың бұл,,

Ұятың боп тұр бетте.

Өзге тілдің бәрін біл,

Өз тіліңді құрметте, - дей келе сайысымыздың «Тіл-өнер» кезеңін бастаймыз. Мұнда жұмбақ немесе мақал-мәтелдерден сөз жасырылады. Жауабын үш тілде айту керек.

  1. Айдағаны ... ешкі, ысқырығы жер жарады (бес – пять – five)

  2. Екі қолға ... күрек (бір – один – one)

  3. Жігітке жеті өнер де аз, ... өнер көп емес? (жетпіс – семьдесят - seventy)

  4. Отыз тістен шыққан сөз - ... рулы елге жайылады? (отыз – тридцать – soty)

  5. Жұт .... ағайынды (жеті – семь – seven)

  6. Ел құлағы ... (елу - пятьдесят – fivty)

  7. Бір кісі қазған құдықтан, ... кісі су ішеді (мың - тысяча-thousand )

  8. Білгенің бір тоғыз, білмегенің ... ( тоқсан тоғыз – девяносто девять – ninеtу ninе)



ІІІ. «ТАПҚЫР БОЛСАҢ, ТАУЫП КӨР»

Жүргізуші: Жас достарым мұны жақсы ұғайық

Математика ғылымы құрметтеуге лайық.

Дүниедегі құбылыстың мәніне,

Табиғаттың, қозғалыстың бәрін де,

Мүмкін емес есептерсіз түсіну

Есебіңіз дүние кілті болар әлі де –

деп «Тапқыр болсаң, тауып көр» кезеңін бастаймыз . Есептерді кезектесіп шешеміз. Әр дұрыс жауап 20 балл.

  1. 1 жұмыртқа 4 минут піседі. 5 жұмыртқа неше минутта піседі? (4мин)

  2. Баласы, әкесі, атасы шашкы ойнайды. Барлығы 3 партия ойналды. Әрқайсысы неше партия ойнады? (2)

  3. Қария таңғы сағат 8-ге будильникті қойып, кешкі сағат 7-де ұйықтауға жатты.Ол будильник шырылдағанша неше сағат ұйықтады? (1сағат)

  4. Екі анасы және екі қызы өзара 300 теңгені бөлісті. Әрқайсысы 100 теңгеден алды. Бұл қалай болғаны?(әжесі, анасы, қызы)

  5. Қорапта 6 конфет бар. Оларды өзара тең етіп 6 балаға беріп және біреуі қорапта қалатындай етіп бөлуге бола ма? (қораппен)

  6. Бір кісіден сіздің неше балаңыз бар дегенде, ол ойланып былай деп жауап береді: «Менде қанша ұл болса, сонша қызым бар. Ал әр ұлымның 3 апасы бар». Бұл отбасында неше бала бар? (6)

  7. Көпқабатты үйде 100 пәтер бар. Жөңдеуден кейін пәтерлерге нөмірленген табло ілу керек. «9» саны неше рет қолданылады?

( 19 рет, 9, 19, 29, 39, 49, ..., 89, 90, 91, 92, ...,99)

  1. 3 құс ұшып келе жатты. Аңшы олардың бірін атып алды. Олардың қаншасы қалды? (1)

  2. Інісі 8-де, ал қарындасы одан 3 жас кіші . Інісі 12-ге толғанда , қарындасы нешеге толады? (9)



ІΥ. «ФОРМУЛАЛАР ӘЛЕМІНДЕ»

Формулалар беріледі. Формулалар нені білдіретінін табу керек.

І топ

Р =2(a+b), Р= a+b+с, С=2πr, S= a2, V=a3

ІІ топ

Р=4а, S=2πr2, S= ab, V=abc, d=2r



Υ. «ОЙЛАН, ТАП!»



Бұл бөлімде зияткерлікті тексеруге аналған тест беріледі. Тестінің дұрыс жауабын жазу керек.

ОЙЛАН, ТАП!

1 . Фигуралардың қайсысы қатарға сай емес?

2. Қатарды толықтырыңыз :

3. Кубиктердің қайсысы жазбаға сәйкес?

4. Қатарды толықтырыңыз:

5. Қатарды толықтырыңыз:

6. Параллелипипедтердің қайсысы жазбаға сәйкес?

1.А 2. А .3. В 4. С 5. d 6. А



Ойын қорытындыланып, жеңімпаз команда марапатталады.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Математика

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 9 класс

Скачать
кластан тыс ж?мыс "Математика ?леміне саяхат"

Автор: Жалгасбаева Мирамкул Тажибаевна

Дата: 28.11.2015

Номер свидетельства: 259263


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства