«Математика – ғылымдардың патшасы», ал арифметика – математика патшасы» (К.Гаус).
«Математиканың өз тілі бар – ол формула» (С.В.Ковалевская).
Ойынның барысы:
Жүргізуші: Құрметті қонақтар, ұстаздар, оқушылар! Назарларыңызға «Кішкентай Эйнштейн» атты интеллектуалдық ойынымызды ұсынбақпыз.
Өмірде ойлап тұрсаң, бәрі де – есеп,
Айырсаң ішетұғын дәрі де – есеп.
Есепсіз сүрген өмір мазмұнсыз-ау,
Дүниенің бар тұлғасы есеп десек.
Есептен сайысады бар команда,
Алға озар ең мықтысы осы жолда.
Көпшілік өнерлерін қызықтамақ,
Сұрайық шығуларын жұрт алдына – деп командаларды ортаға шақырамыз.
Шын жүйрік шабысынан танылады,
Нақты білім, терең ой саналады.
Баға берер әділ-қазы ортамызда
Сіздерге құрметпен қол соғылады.
Қазылар орнықтырар әділдікті
Кімдердің жауаптары кәміл шықты,
Білім мен тапқырлардың сайысында,
Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты – дей келе, әділқазылар алқасымен танысып өтсек.
1. Сәтбаев қаласы білім бөлімінің әдіскері Алибекова Самал Кадыровна
2. 7 «А» сынып оқушысы
3. 9 «А» сынып оқушысы Найзабаев Акжол
Ойынды бастамас бұрын ойынның кезеңдерімен таныс болыңыздар.
1. Топтың таныстыруы (атауы, эмблема, ұраны)
2. «Ширату». Топтарға тапсырмалар беріліп, берілген уақыт аралығында орындау.
3. «Эйнштейндіктерден сұрақ». Әр топ 2 сұрақтан дайындап алып келеді.
4. «Кішкене құпиялар». Математикалық терминдерді түсіндіру.
5. «Математикалық пазлдар». Латын әріптер мен математикалық белгілер жиынтығынан математикалық формулар құрастыру.
Құрметті ұстаздар мен оқушылар! Кезекті әр топтың таныстыруына берсек.
1-ші кезең «Топтың таныстыруы» Ең жоғары ұпай 5 ұпай.
1. №1 гимназия
2. №2 мектеп
3. №3 мектеп
4. Абай атындағы №4 мектеп-лицей
5. №5 мектеп
6. №7 мектеп
7. №15 мектеп
8. № 16 мектеп
9. №19 мектеп
10. №27 мектеп
11. С.Сейфуллин атындағы гимназия
Әділқазылардан «Топтың таныстыруы» кезеңінің ұпай санын сұраймыз
Қиындықтан сірәде біз қашпаймыз,
Алғырлықпен, тапқырлықты ұштаймыз.
Қиялдарға самғап ұшқан құстаймыз,
Шегінбейміз жеңістерге бастаймыз – деп ойынымыздың келесі «Ширату» кезеңіне өтеміз.Барлық топтарға бірдей есептер беріледі. Есепті 10 минутта шығарып, әділқазыларға тексеруге береді. Әр дұрыс есепке 1 ұпайдан беріледі.
,
Ж.
Әділқазылардан 2-ші кезеңнің ұпайын сұрамыз.
Үшінші кезең «Эйнштендіктерден сұрақ» деп аталады. Әр топ 2 сұрақтан дайындап алып келеді. Сол дайындап алып келген сұрақтарын келесі топтарға қояды. Әр дұрыс жауапқа 1 ұпай.
Әділқазылардан 2-ші кезеңнің ұпайын сұрамыз.
Білім деген биік шың,
Бақытқа сені жеткізер,
Білім деген ақылшың
Қиындықтан өткізер – деп, сайысымыздың 4-ші «Кішкене құпиялар» кезеңіне береміз. Математикалық терминдерді түсіндіру. Әр дұрыс жауапқа 1 ұпай.
a санының _модулі__ дегеніміз координаталық түзудегі координатасы a-ға тең нүктенің санақ басынан қашықтығы (бірлік кесінді есебімен)
Оң санның модулі сол санның өзіне тең.
Қарама-қарсы сандардың қосындысы 0-ге тең.
Екі теріссанның қосындысы – теріс сан.
Қосудың ауыстырымдылық қасиеті: қосылғыштардың орнын ауыстырғаннан қосындының мәні өзгермейді.
Екі теріс санның көбейтіндісі – оң сан.
Егер көбейткіштердің кемінде біреуі нөлге тең болса, онда көбейтінді де нөлге тең болды.
Бөлінгіш пен бөлгіштің таңбалары әр түрлі болса, бөліндінің мәні теріс сан болады.
Негіздері бірдей дәрежелерді көбейткенде олардың дәреже көбейткіштерін қосып, негізін өзгеріссіз қалдырады.
Шеңбердің ұзындығы π саны мен шеңбер диаметрінің көбейтіндісіне тең.
Дөңгелектің ауданы оның радиусы-ның квадраты мен π-дің көбейтіндісіне тең.
Нөлден өзге a санының нөл дәрежесі 1-ге тең.
Санның екінші дәрежесін сол санның квадраты деп, ал үшінші дәрежесін кубы деп атайды.
функциясын кері пропорционалдықдеп атайды.
белгі арифметикалық квадрат түбірнемесе радикал деп атайды.
α бұрышының синусы деп осы бұрышқа қарсы жатқан катеттің гипотенузаға қатынасын айтады.
α бұрышының котангенсі деп осы бұрыштың косинусының сол бұрыштың синусына қатынасын айтады.
Пифагор теоремасы: тік бұрышты үшбұрыштың гипотенузасының квадраты катеттері квадратының қосындысына тең.
Пропорцияның шеткі мүшелерінің көбейтіндісі ортаңғы мүшелерінің көбейтіндісіне тең.
Үшбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысы 1800-қа тең.
Әділқазылар алқасының қойған ұпайларымен таныс болайық.
Ойынымыздың соңғы 5-ші кезеңі «Математикалық пазлдар» кезеңіне өтеміз.Латын әріптер мен математикалық белгілер жиынтығынан мына математикалық формуларды құрастыру.
Әділқазылар алқасының қойған ұпайларымен таныс болайық.