kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

”Кім ж?йрік?” Математика ?йірмесі /Математический кружок "Кто быстрее?"

Нажмите, чтобы узнать подробности

1. П?нге ?ызы?ушылы?ын арттыра отырып,есте са?тау,жа??ырту,дамыту ар?ылы ?з ойын жеткізе білу да?дысын дамыту.

2.О?ушыларды? логикалы? ойлау ?абілетін жетілдіру,білімді ?з бетімен шы?армашылы? т?р?ыда игерту.

3. ?йымшылды??а, тап?ырлы??а,бай?ампазды??а е?бектенуге т?рбиелеу.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«”Кім ж?йрік?” Математика ?йірмесі /Математический кружок "Кто быстрее?"»

Бастауыш сынып мұғалімі: Сансызбай Алтынкүл

Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Бекарыстан би ауылы, № 24 орта мектеп.


Тақырыбы:”Кім жүйрік? Математика үйірмесі Сансызбай А

Мақсаты:

1. Пәнге қызығушылығын арттыра отырып,есте сақтау,жаңғырту,дамыту арқылы өз ойын жеткізе білу дағдысын дамыту.

2.Оқушылардың логикалық ойлау қабілетін жетілдіру,білімді өз бетімен шығармашылық тұрғыда игерту.

3.Ұйымшылдыққа, тапқырлыққа,байқампаздыққа еңбектенуге тәрбиелеу.

Түрі: Жарыс сабақ.

Көрнекілігі:



Ә
дісі:
сұрақ-жауап,ізденушілік.

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі

Ғылымның сырын ұғына,

Шығыңдар білім шыңына!

Ұқыптылық пен зеректік,

Жеткізсін сендердей өренді,

Математика сырына-дей отырып,бүгінгі сайысымызды бастаймыз.

1.Әділ-қазылар алқасын сайлау

2. Топтарды таныстыру.

1-топ: «Үшбұрыш»

2-топ: «Төртбұрыш»

3-топ: «Шеңбер»

3.Бағдарламамен таныстыру.

I. тур- таныстыру.

II. тур- ребусты құрастыру.

III. тур- сиқырлы шаршылар.

IV. тур-логикалық есептер.

V. тур-жұмбақтар шешу.

VI. тур-сөзжұмбақтар құрастыру.

Асыл әсте саспайық ,

Батыл қадам бастайық .

Еркіңді билеп барынша ,

Жарыста сірә қалыспа.

Осылайша шабытпен

Кәне, енді бастайық!


1 тур.Таныстыру.

Үшбұрыш тобы:

Топтың аты –үшбұрыш

Қабырғасы мен төбесі

Құрайды оны дұп-дұрыс

Үйдің де бар төбесі


Мықты болсын төбесі

Үшбұрыштан қүралған

Сондықтанда біздерді

Көпшілік іске жарақан

Сәлем дейміз ағаға

Үшбұрыш деген ініден

Үлкенге қүрмет кішіден

Сөз кезегі сіздерден.

Төртбұрыш тобы:

Біз төртбұрышпыз

Сырласуға өзіңңңмен

Асығып-ақ жүр едік

Міне, бүгін кездестік

Бір қабырғасы артық боп

Ағасы болдық төртбұрыш

Төрт қабырға түгел боп

Үйдің ішін құрадық.


Шеңбер тобы:

Доп емес, дөңгелек емес

Ұқсас бірақ достарым

Фигура ол ең негізгі

Дәл жауапты қостадым

Шеңбер, шеңбер доп емес

Доп сияқты доп емес

Дөңгелектеп шеңберді

Ойлама шеңбер ол емес

Ән: Математика әлемі .


II тур


Мұнда қызық табылар

Жаңылтпаш, жұмбақ бәрі бар

Айтыс,тарыс тағыбар

Сөзжұмбақ та, сан жұмбақ

Суретті жұмбақ көп жұммммбақ

О-о-ой, бір қызық кеш болар.

Өздеріңмен бес болар- дей отырып ойыншыларымызды жарысқа шақырайық!

Ребус құрастырайық..

Шарты:әр топ өз тобының атына ребус құрастыру.

Өнер сайысына кезек беру.

Ән: Кішкентайым.

III тур

Математка, математика қандай қиын,

Оқымасаң ешілмес ешбір түйін.

Ал,өмірде тек соның көмегімен

Орындалар заңдылық , байлам.



16


13


10



Сиқырлы шаршылар.

Шарты:шаршылардағы заңдылықтарды орындау.

30



29


20








19



11


10







60 саны 60 саны 39 саны


Би: 2 «в» сынып оқушыларының топтық биі.

Мақтануға математика лайық па?

Шындық іске бір сәт лайық па,

Парақтаумен әр ғылым әрбір пәнді,

Байланысын ашып айтып тұрайық та.

IV тур-логикалық есептер

1 топ а) Үш таяқшаны алып, алты шаршыдан төрт шаршы жаса







Ә) 8 8 8 = 2

II топ

а) Үш таяқшаны алып тастап, бес шырпыдан төрт шаршы жаса











Ә) (8 8 8) 8 = 3


III топ

А) Он таяқшадан кілт құрастырылған . Төрт таяқшаны қозғау

арқылы үш шаршы шығар.








Ә) 8 8 8 8 =1


Көрермендерге сұрақ қою.

  1. 1тонна мақта ауыр ма, 1тонна темір ауыр ма?

  2. Екі қатар тал шарбақ ,

Күндіз алыспайды, қабыспайды,

Түнде қабысады, жабыспайды. (кірпі)

  1. Еңкеймесе кір басар,

Еңбектенсе екі бетін нұр шашар. ( кетпен)

  1. 8 жұмыртқа 4минутта піседі, 15 жұмыртқа неше минутта піседі?


V тур – жұмбақтар шешу


Математикалық атаулар мен ұғымдар

Есте олар құрбылар, бәріңнің де

Енді бір сәт солар жайлы жұмбақ шешшек

Артық болмас бастайық біз ендеше.

.


Үшбұрыш тобына.

  1. Керек ол бізге ауадай Айтың даршы бұл қандай сан

Жан- жағына қарамай? (натурал сан)

  1. Ағайынды жетеуінің

Бесеуінің жұмысы бар

Жұмысы жоқ екеуінің (аптаның жеті күні)


  1. Үш жүз алпыс бес

Үш жүз алпыс алты

Әр жылдағы қалпы. (күн сандары)

  1. Бір басқанда күн болады

Бір басқанда түн болады.

Төртбұрыш тобына


1) Білімі жетсе шамасы

Алатын алар аласы

Бір мен бестің арасы (мектеп бағалары)

  1. Бір ағаштын он екі бұтағы бар,

Әр бұтағында отыз бұтағы бар

Жапырақтың бір жағы ақ , бір жағы қара ( жыл, ай, күн мен түн )



  1. Түзу бір бөлігі

Екі шеткі нүкте көрігі

Ұзындығы және бар

йтшы сыйлық сенікі ( кесінді)


4) Бес ін, бес іннің аузы бір ін (қолғап)

Шеңбер тобына

1) Таңертең төрт аяқты,

Түсте екі аяқты,

Кешке ұш аяқты. (сәби, жігіт, қарт кезі)

Жүз, екі жүз мыңы бар,

2) Әр қайсысының құны бар. (теңгелер)


3) Ақ шапанын үстінен

Алты ай бойы шешпейді

Қара шапан үстіненң

Алты ай бойы түспейді. (қара жер , ақ қар)


  1. Бес жанды

Бес жансызға мінгеседі,

Үстінен ақ тақырдың із кеседі. (қалам)


Ән: Күшігім.


Әлі де бар сөзжұмбақтар

Сурет жұмбақ тағы бар

Шешше егер кімде-кімнің Жарқыраған бағы бар.



VI тур

Сөзжұмбақ құрастыру.

Шарты: «Математика» сөзіне сөзжұмбақ құрастыру.

Әділ- қазыларға сөз беру


Болам десең теңізші де ұшқыш та,

Дәрігерлікте жақсы ғой

Қызметке жарсаң

Ал сол үшін біздерге

Математика керек қой!

Сондықтан да сондықтан

Сол ғылымның тілін біл!


Хор: Есеп, есеп, есеп-ай!


Қорытынды:

Көрермендер өздерің

Ақ ,қарасын айырып

Куә болды көздерің.

Көңіл бөліп бұл кешке

Келгендерге көп рахмет

Шын сезінген көрерменге

Мың-мың рахмет, мың рахмет!


Өткізген: Сансызбай Алтынкүл


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Математика

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 4 класс

Скачать
”Кім ж?йрік?” Математика ?йірмесі /Математический кружок "Кто быстрее?"

Автор: Сансызбай Алтынк?л

Дата: 22.01.2016

Номер свидетельства: 281283


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства