Әділ баға беріңіздер! - дей отырып сайыскерлеріміздің біліміне баға беретін әділ қазыларалқасын ортаға шақырамыз.
Әділ-қазылар: Омержанова Қайынжамал Смагуловна
Ахметова Динара Кабетовна
Бүгінгі кештің жоспары таныстырылады.
Көңілді тапқырлар, білгіштер
Бар өнерін алдарына салады.
Кім білімді көп оқыған болса егер,
Бүгінгі күн жеңімпазы болады.
Есептен сайысады үш тобымыз
Алға озар ең мықтысы осы жолда
Көпшілік білімдерін сараламақ
Сұрамақ шығуларын жұрт алдына.
І тур. Таныстыру. (Әр команда өздерін таныстырады. топтың атын, ұранын айтады)
ІІ тур «Бәйге»: Бұл турда сіздерге математикалық сұрақтар қойылады ,(Әр топ 1 минут ішінде ,сұраққа жауап беру керек. Егер жауабын білмесеңіздер «келесі» деп жауап бересіздер)
Бір шоколадты 100 теңгеге сатып аламыз. 1,5 шоколадты неше теңгеге сатып алуға болады. (200)
Шаманың 1/100 бөлігі (процент)
у=х2 функциясының графигі. ( парабола)
Шеңбер сызуға арналған құрал (циркуль)
Үстелде 3 стақан сүт бар.Алмаз бір стақан сүтті ішіп қойды. Үстелде неше стақан бар? (3)
Нанды үш бөлікке бөлу үшін, нанды неше рет кесу керек?
Геометрияның жазықтықтағы денені зерттейтін бөлімі (планиметрия)
Торда 4 қоян бар. 4 бала 4 қоянды әкетті, ал бір қоян торда қалды. Неге?
Көпмүшенің барлық қабырғаларының қосындысы (периметр)
Анықтамасыз қабылданатын ұғымдар.( негізгі ұғымдар)
Қабырғалары толықтауыш сәулелер болатын бұрыш (жазыңқы)
86 санын еш амал қолданбай 12-ге арттыр. (98)
Ең үлкен хорда. (диаметр)
35 -тің квадраты (1225)
Екінің алтыншы дәрежесі
Бөлменің 4 бұрышында 4 мысық отыр. Олардың әрқайсысына қарсы 3 мысықтан отыр. Бөлмеде неше мысық отыр 4 мысық
45 минут сағаттың қанша бөлігі (¾)
Кері сандардың көбейтіндісі (1)
Екі нүктенің арасындағы түзу (кесінді)
Көпмүшенің қалыпты түрі (стандарт)
Дәлелдеуді қажет ететін математикалық сөйлем (теорема)
Ең үлкен уақыт өлшем бірлігі (ғасыр)
Қай санның квадраты 256-ға тең. (16)
Миллиард санын жазғанда неше нол керек(9)
Кім барлық тілде сөйлейді (жаңғырық)
Екі қатынастың теңдігі (пропорция)
Қыры 5 дм-ге тең кубтың көлемі. (125)
ІІІ тур. Математикалық хоккей.
Әр топқа бірдей есеп беріледі, әр топтан бір-бірден кезекпен оқушылар шығып бір ғана амалды орындап отырады.
5- сынып
43*19-26928 : 33
6- сынып
670*200-52800/40
7 сынып
(612237-240037)/40
8- сынып
657450/90+83*600
9- сынып
70*(100100-98800)
IV тур. Ғажайып алаңы
20
20
20
30
30
30
40
40
40
Сол жақтағы 20.
(әзіл есеп) “ Түлкі мен қасқыр”.
Екеуі тегін балыққа тап болады. Қасқыр айтады “Мен математикаға нашармын, балықты сен бөл” дейді түлкіге. Сонда түлкі саған біреу, маған екеу, саған үшеу, маған төртеу т.с.с. Ең соңында жиырма балықты өзіне салады. Кім көп алды және қаншаға артық алды?
Қасқыр-100
Ж: Ең көп балықты түлкі алды -110, 10 балыққа артық.
Ортадағы20.
(әзіл есеп) «Қу түлкі»
Шал балықтарды көп аулап әндетіп келе жатса,жолда бір түлкі сұлап жатады, шал қуанып кемпіріме жаға болады деп түлкіні шанаға салып алады. Ал түлкі жолда 1 минутта 1 балық, 2 минутта 2 балық, т.с.с. Бір лақтырғанда алдыңғы лақтырғаннан 2 есе артық лақтыра береді. 7 минутта барлығы неше балық лақтырған.
Ж: 127
Оң жақтағы 20 .
“Тосап жеу”
Бала 600г тосапты 6 минут, ал Карлсон 2 есе артық жейді. Олар бірге неше минутта жейді?
Жауабы: 2 мин
Сол жақтағы 30.
Ең алғаш Еуропаға “миллион” сөзін әкелген кім?
Жауабы: Атақты жиһангез Марко Поло (1254-1323)
Ортадағы 30.
Үлкен және кіші белгілерін енгізген ағылшын математигі.
Жауабы:Гарриот
Оң жақтағы 30.
1637 жылы координаталық түзуді енгізіп, теріс және оң сандарға түсінік берген француз математигі.
Жауабы:Рене Декарт
Сол жақтағы 40.
XVIII ғасырда “көбейту” және “бөлу” таңбаларын ұсынған кім?
Жауабы: Лейбниц
Ортадағы 40.
«Парабола» деген атауды енгізген біздің заманымыздан бұрыңғы
(262-190) жылдарда өмір сүрген грек ғалымы.
Жауабы: Аполлони
Оң жақтағы 40. «Функция» ұғымын алғаш рет енгізген ұлы атақты математик.
Жауабы: Лейбниц
V тур. «Кім жылдам?»
Геометриялық фигуралардың аттарын табу.
апрцетяи -трапеция
еңшбре - шеңбер
шұбршүы - үшбұрыш
трұбышрөт-төртбұрыш
рвадкат – квадрат
VI минитест.
10100 саны
А. миллион В. Триллион С. Гугол
Осы суреттен жоқ фигураны табу.
А. шеңбер В. тіктөртбұрыш С. үшбұрыш Д. ромб Е. бәрі бар
Чебурашка дүкеннен 7 бірдей дәптер сатып алды. Неше теңге төледі?
А. 2000т В. 3070т С. 1540 т
«Пропорция» грек тілінен аударғанда нені білдіреді?
А. теңдік В. әдемілік С. музыка
Ең кіші жай сан
А. 0 В. 1 С.2
VIІ. Қорытынды.
Қорытынды шығару үшін сөз кезегін әділ-қазыларға береміз. Жеңімпаздар марапатталады.