Ма?саты: о?ушыларды? ойлау ?абілетін дамыту, шапша?ды??а ?йрету, математика п?ніне деген ?ызы?ушылы?ын арттыру, есеп шы?ару, логикалы? есептерді шы?аруды ?йрету.
?дісі: с?ра?- жауап, есеп шы?ару.
Жоспары: 1. «Б?йге»
2. «7 ж?мба?»
3. «К?кпар»
4. «Полиглот»
5. «Жор?а»
6. К?шбасшыны аны?тау
7. ?орытынды.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«"ХХІ ?асыр к?шбасшысы" »
«ХХІ ғасыр көшбасшысы» ойыны
Мақсаты: оқушылардың ойлау қабілетін дамыту, шапшаңдыққа үйрету, математика пәніне деген қызығушылығын арттыру, есеп шығару, логикалық есептерді шығаруды үйрету.
Әдісі: сұрақ- жауап, есеп шығару.
Жоспары: 1. «Бәйге»
2. «7 жұмбақ»
3. «Көкпар»
4. «Полиглот»
5. «Жорға»
6. Көшбасшыны анықтау
7. Қорытынды.
Жүргізуші: Армысыздар, ұстаздар мен оқушылар! «ХХІ ғасыр көшбасшысы» сайысына қош келдіңіздер!
Ғылымдардың патшасы атанғансың,
Евклид, Пифагордан бата алғансың.
Төзбейтін өтірікке, жалғандыққа,
Жасықтықтан емессің сен, қаталдансың.
Ақыл- ойды тәртіпке келтіретін,
Нағыз пән математика атанғансың, - дей келе ортаға ойыншыларды шақырамыз.
Жүргізуші -1. Білім деген биік шың,
Бақытқа сені жеткізер.
Білім деген ақылшың,
Қиындықтан өткізер, - деп «Бәйге» жарысын бастаймыз. Бұл сайыста 30 сұраққа ойыншылар жауап береді, көп ұпай жинағаны келесі сайысқа қатысады.
Жүргізуші -2. Бұл жерге келмейді ешкім ермек үшін,
Есеп- қисап, сан, цифр термек үшін.
Көрсетіп есептеудің жолын қалай,
Келдім, оларды айтып бермек үшін – деп ендігі сайыс «7 жұмбақ». Мұнда есеп беріледі. Ойыншылар арасынан ұпай алмағандары ойыннан шығарылады.
Жүргізуші -1. Ұшқыр ойда серік шеберлік,
Сөз кезегін ойыншыға берелік.
Арамызда тапқыр бала көп екен,
Оларды енді жарыстырып көрелік, - деп келесі сайыс «Көкпар» сайысы. Есептер шығарылады.
Жүргізуші -2. Білімнің басы – бейнет, соңы- зейнет – деп келесі «Полиглот». Мұнда мақал- мәтел айтылады. Жасырылған сөзді тауып, орысша, ағылшынша аударылады. Жауабын таппаған оқцшы ойыннан шығады.
Жүргізуші -1. Білім аққан сел дейді,
Бірақ оңай келмейді.
Ала білсең білім көп,
Ақыл- ойға кен дейді,- деген «Жорға» сайысын бастаймыз. Ойыншының әрқайсысына 10 сұрақ, сол мезгілде жауап беру керек, ұтылғаны ойыннан шығады.
Жүргізуші -2. Білім оймен, арымыз,
Рухани нәріміз.
Сайыскерлер сіздерге,
Қол соғамыз баріміз –деп соңғы сайыс «Көшбасшы».
(Плакатта жазылған сұрақтарға «Миллион кімге бұйырады?» ойыны бағыты бойынша тапсырмаға жауап береді. Соңғы қалған оқушы көшбасшы болып есептеледі).
Жүргізуші -1. Бойларыңда от бар екен байқадық,
Жүректерде шоқ бар екен байқадық.
Әрқашан осы шоқты өшірмей,
Жалындатып, шарықтаңдар әрдайым, - деп 11 сынып оқушыларына ақ жол тілейміз. Қош, сау болыңыздар!