І. «Таныстыру» кезеңі (Топтар өздерін таныстырады)
ІІ. «Викториналық сұрақтар»:
І топқа
Бұрышты өлшейтін құрал... (транспортир)
Бойы 2 қарыс, Сыйып тұр 25 арыс? (сызғыш)
31 құс ұшып келе жатты. Аңшы біреуін атып алды. Олардың қаншасы қалды? (1)
Қандай сан барлық санға қалдықсыз бөлінеді? (0)
Сан аралықтарының қандай түрлері бар? (5)
Барлық қабырғалары тең тіктөртбұрыш? (квадрат)
Шеңбердің центрі арқылы өтетін хорда? (диаметр)
Бір жазықтықтықта қиылыспайтын екі түзу? (параллель түзулер)
ІІ топқа
1. Қатар тұрған уш санның қосынысы да. Көбейтіндісі де 6-ға тең. Олар
қандай сандар? (1, 2, 3)
2. Төртбұрыштың бір бұрышын кесіп тастаса қанша бұрыш қалады? (бесбұрыш)
3. Жазыңқы бұрыштың шамасы? (1800)
4. Шеңбер сызатын құрал? (циркуль)
5. Барлық бұрыштары тік болатын төртбұрыш? (тіктөртбұрыш)
6. Тік бұрыш жасап қиылысатын екі түзу? (перпендикуляр түзулер)
7. Қандай сандар 0-ден үлкен? (оң сандар)
8. 1 саны мен өзіне ғана бөлінетін сандар? (жай сандар)
ІІІ.Топтық сайыс (тапсырма беріледі)
Математика мен физикада түрлі ғылыми жаңалықтардың ашылуының өзіндік сыр, себеп салдары бар.Мысалы әйелдерден шыққан тұңғыш математик София Ковалевскаяның математикаға қызығушылығы былай туындаған екен.
Бірде ата-анасы Софияның бөлмесіне түсқағаз жапсырады.Жетпей қалған түсқағаздың орнына математика кітабінің бір бетін жапсырған екен. Сол беттегі математикалық өрнекті күнде көріп жүрген қыздың математикаға қызулығы күннен-күнге артып, кейінен дүние жүзіне белгілі математик – ғалым болған екен.
І топ тапсырмасы ІІ топ тапсырмасы
Суретте неше үшбұрыш бар? Суретте неше шаршы бар?
ІҮ.Математикалық вальс
Мықты болсаң алдағыны басып оз
Мықты болсаң арттағыны жеткізбе
Мықты болсаң тайғанама көк мұзда
Мықты болсаң бөгеттерді бұзып өт – деп сайысты жалғастырамыз.
Топ қатысушыларына алдын ала дайындалған тапсырмалар ілінеді. Олар өз жұбын тауып биге шақыруы тиіс.
І топ мүшелеріне ІІ топ мүшелеріне
- интервал
- кесінді
- жартылай интервал
- ашық сәуле
- сәуле
- сәуле
У.Кім жылдам? (сандар дайындау)
Екі топтың мүшелеріне цифрлар ілінеді. Санды оқыған кезде екі топ мүшелері өзіне ілінген цифр бойынша жылдам орнын тауып орындыққа отыруы тиіс: 123450, 134205, 104253, 425301, 254013, 531420, 243051, 352014
2030-дың бағдарлы биігі
Білімнің еншісі бұны әркім біледі
Сондықтан достар терминдерді қарайық
Ортаға топ капитандарын шақырайық.
ҮІ.Капитандар сайысы (математикалық термин айту)
Капитандар кезектесіп математикалық терминдерді айтып жарысады.