Просмотр содержимого документа
««Intel-logic – 2017. Интеллектуалдық турнир»»
Келешек ұрпақтың ойлау қабілетін,ой-өрісін дамытуда, математиканы тереңдете оқытуда сыныптан тыс жұмыстар жүргізудің маңызы өте зор болмақ. Күнделікті сабақтан тыс әртүрлі шаралардың біріне математикалық үйірмелер мен кештерді жатқызуға болады. Ал,сол математикалық кештің бір бөлімінде төмендегідей математикалық софизмдерді қолдана білсек,ол да оқушылардың математикаға қызығушылығын арттырары анық.
Сыныптан тыс шараның тақырыбы:
«Intel-logic – 2017. Интеллектуалдық турнир»
Мақсаты: Нақты ғылымдар пәндеріне бейім оқушылардың білімін жетілдіру, танымдық қызығушылығын дамыту, оқушыларды олимпиадаларға, түрлі деңгейлі ғылыми жарыстарға қатысуға таңдау, анықтау және дайындау.
Танымдық мақсаты:
Есте сақтаудың түрлері, қиял мен зейінді қалыптастыру, дамыту.Жаңа шешімдерді іздеу, қажетті нәтижеге жету, ерекше тәсілдерін табу.
Дамытушылық мақсаты:
Сөйлеуді дамыту.Сөздермен, сөз тіркестерімен және сөйлеммен жұмыс істеу барысында тіл дамыту. Ойлау мен тіл бір--бірімен тығыз байланысты. Ойлау қызметі негізінде ойды дамыту, тексеру, салыстыру жіктеу болса, керектісін дәлелдеу, пікірін айту. Қиялдау,елестету және шығармашылық ойлауын дамыту.
Тәрбиелік мақсаты:
Қоршаған ортаға дұрыс көзқараспен қарым- қатынас жасауға тәрбиелеу. Алған білім-білік дағдыларын өмірде қолдана білуге үйрету, ізденімпаздыққа, өз-өзіне сенімді болуға тәрбиелеу.
Пәнаралық байланыс: әдебиеттік оқу, математика, қазақ тілі, дүниетану, логика негіздері, ұлттық дүниетаным.
Ұйымдастыру формалары: топтық жұмыс, зерттеу, бақылау жұмысы, жеке жұмыс, қосымша әдебиетпен жұмыс.
Күтілетін нәтиже:
Оқушылар сауатты оқуға, түсінуге, ажыратуға, салыстыруға, өзіне сеніммен қарауға, алған білімін күнделікті өмірде қолдануға дағдыланады.
Қазылар алқасы: Математика пәні мұғалімдері
Турнир үш турдан тұрады: 1 тур. Логикондар шешу. 2 тур. Логикалық есептер шешу. 3 тур. Софизмдер шешу.
1-тур.Логикондар. Бұл ойын, бірақ дидактикалық ойын. Оның көмегімен жеке білім құруға болады. Басыңда сақталған біліммен емес, белгіліні қайталау арқылы емес, ойлану арқылы құрастырылған білім. Ештеңені сұраудың және түсініктеме талап етудің қажеті жоқ. Тек ойлан, тапсырмалардың шарттарын түсінуге тырыс, шешімнің бірнеше нұсқасын ұсынып, соның ішіндегі, ішкі қарама-қайшылығы жоқ, біреуін таңда.
Мысалы: қалам жазу құралы (1 балл)
жазба жұмысы (1 балл)
сауаттылық (1 балл)
2-тур.Логикалық есептер – бұл көңілді, тапқыр және зейінді балаларға арналған қызықтыратын астарлы сұрақтар, қызықты тапсырмалар мен жұмбақтар, басқатырғыштар, фокустар мен ойындар.
3-тур.Софизм – шыңдығын ойлап табуға болатын, әдейі ойластырылған жалған ой қорытындысы. Софизм логика ережелерін әдейі, саналы түрде бұзу. Софизмдерде ойда болмаған қателіктер болмайды, бірақ нәтижесінде анық теріс шешімге алып келеді.
Математикалық софизмнің дидактикалық мағынасы мынада: оқушылар оларды шешу процесінде қандай да бір белгісіз әдістерді ойлап табуы керек, мәселен теоремаларды, ережелерді дұрыс қолданбау немесе сызбаларды дұрыс пайдалану т.б. Ал бұл оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамытады, материалды сапалы түрде түсінуге көмектеседі деп есептелінеді.
4 чемодан және олардың 4 кілті бар.Қай кілттің қай чемоданға түсетінін неше рет байқап білуге болады?
Жауабы: Төрт чемоданның біреуіне түсетін кілтті анықтау үшін ең көп дегенде
үш рет тексеру қажет, өйткені бірінші чемоданға үш кілт түспейтін болса, онда оған төртінші кілт түседі.Енді қалған үш чемоданға түсетін кілтті тексереміз.Ол үшін екі рет, ал қалған екі чемоданға түсетін кілтті бір рет байқау арқылы анықтаймыз.Сонымен, 4 кілттің 4 чемоданның қайсысына түсетінін байқау үшін ең көп дегенде 6 рет (3+2+1)тексеру қажет екен.
Әсел пойыздың басынан санағанда 7 вагонға отырды. Маржан соңынан есептегенде 7 вагонға отырды.Пойызда неше вагон бар? (13)
Амалдар орындалып, мәні табылған. Қатесі бар ма? Бар болса, қате жіберілген тұсын тап. Егер қате жоқ деп ойласаң, онда есеп дұрыс шығарылған деп жауап жаз.
2*3=101 теңдігін дәлелдеу керек. ( 10 балл)
Мынадай теңдікті қарастырайық.:6:6=101:101
Ортақ көбейткішті жақша сыртына шығарсақ:
6(1:1)=101(1:1)
Жақша ішінде тең шамалар қалды, сондықтан
6=101 немесе 2*3 101 дәлелденеді.
Қатесі қай жерде? Әлде 7= 11 деген тұжырым дұрыс па?
Жауабы: (сандарды бөлу кезінде ортақ көбейткішті жақша сыртына шығаруға болмайды және тура санды теңдіктің екі жағын нолден өзге бірдей санға бөлу керек).
7 сынып:
1-тур. Логикондар:
Аксиома-
Биссектриса-
Үшбұрыш-
Мектеп-
Математика-
Логикалық есептер:
1. Он екі литрлік бөшкеде квас бар, соны сегіз литрлік және үш литрлік екіге тең қалай бөлуге болады? Шешімі: 12-3=9, 9-3=6, 6=6.
2. 180 теңгеге 3 метр мата алынды. 5 метр матаны неше теңгеге алуға болады? (300 теңге)
3.Жиһангер 5 күнде 45 км жол жүрді. Бірақ әр күні алдыңғы күнгісінен 4 км аз жол жүрді. Жиһангер неше км жол жүрген?
Жауабы: Теңдеу: х+(х-4)+(х-8)+(х-12)+(х-16) = 45. (1 км)
3-тур. Софизмдер шешу.
Есепте:(3 балл)
.
Дәреженің мәні табылған. Қатесі бар ма? Бар болса, қате жіберілген тұсын тап. Егер қате жоқ деп ойласаң, онда есеп дұрыс шығарылған деп жауап жаз.
2. 7= 11 болатынын дәлелдейік. (6 балл)
Ол үшін 35+14-49=55+22-77 теңдігін қарастырамыз. Бұл теңдіктің оң жағында ж/е сол жағында ортақ көбейткішті жақшы сыртына шығарамыз,сонда:
7(5+2-7)=11(5+2-7).
Екі жағын жақша ішіндегі ортақ көбейткішіне бөлсек:7=11
Қатесі қай жерде? Әлде 7= 11 деген тұжырым дұрыс па?
(Қатесі: 5+2-7 нөлге тең, ал санды нөлге бөлуге болмайды).
8 сынып:
Логикондар:
Теорема-
Теңдеу-
Ромб-
Медиана-
Геометрия-
Логикалық есептер:
4 қарындаш пен 3 жалпы дәптер 54 тг, 2 қарындаш пен 2 жалпы дәптер 34 тг тұрады. 8 қарындаш пен 7 дәптер қанша тг тұрады? Шешімі: 4қ+3жд=54 2қ+2жд=34 жүйе құрып, 1 қарындаш пен 1 жалпы дәптердің құнын тауып аламыз. 1к-3тг, 1жд-14 8к-24тг, 7жд-98тг
2.Болат,Қайсар,Дәулет,Сабыр әрқайсысы 4 аспаптың(гитара, домбыра, қобыз, скрипка) біреуінде ғана ойнай алады және әрқайсыс тек бір шетел (испан, неміс, ағылшын, француз) тілін біледі. Кім қай тілде сөйлейді және қандай аспапта ойнайды, егер:
-гитарада ойнайтын бала испан тілін біледі;
-Қайсар домбырада да, скрипкада да ойнай алмайды және ағылшынша сөйлей алмайды;
-Болат ағылшын тілін оқымаған жәнеқобыз да, скрипка да тарта алмайды;
-Дәулет француз тілін білгенімен скрипкада ойнамайды;
Домбыра
Скрипка
Гитара
Қобыз
Ағылшын тілі
Испан тілі
Неміс тілі
Француз тілі
Болат
+
-
-
-
-
-
+
-
Қайсар
-
-
+
-
-
+
-
-
Дәулет
-
-
-
+
-
-
-
+
Сабыр
-
+
-
-
+
-
-
-
3. Кино көрсетілетін залда 35 қатарға орындықтар қойылған.Әр қатарда 40 орын бар. 730 орын қай қатарда?
Жауабы: 730:40= 18 қалдық 10.Онда 19 қатарда.
3-тур. Софизмдер шешу.
1. Теңдеуді шеш: (3 балл)
Д=81-225=-144.
.
Теңдеу шешіліп, түбірлері табылған. Қатесі бар ма? Бар болса, қате жіберілген тұсын тап. Егер қате жоқ деп ойласаң, онда есеп дұрыс шығарылған деп жауап жаз.
«Пілдің салмағы масаның салмағына тең» (6 балл)
Дәлелдеуі: Х- пілдің салмағы, ал у-масаның салмағы болсын. Олардың тсалмақтарының қосындысын х+у=2n болсын.
Бұл теңдіктен екі теңдікті өрнектеп жазайық:
Х-2n=-у және х= -у+2n
Бұл теңдіктерді мүшелеп көбейтейік:
Сонда теңдікті аламыз.
Соңғы теңдіктің екі жағына -өрнегін қоссақ:
түріне келеді.
Бұл теңдікті қысқаша көбейту формуласы бойынша түрлендіріп:
(х-n)=(y-n) теңдігін аламыз.
Теңдіктің екі жағынан бірдей квадрат түбір табатын болсақ:
Өрнек х- n = у- n Бұдан, х=у.Сонымен пілдің массасы масаның
массасына тең екені дәлелденді.
Қате қай жерде жіберілді? Әлде шынында да масаның салмағы пілдің салмағына тең бе?
Кері байланыс: Бүгінгі сабаққа қатысты пікірлеріңізді стикерлерге жазып, өздеріңіздің осы сәттегі көңіл-күйлеріңізге сәйкес смайликтердің тұсына жапсыруларыңыз сұралады.
Бүгінгі жұмыс қорытындыланып, жоғары балл жинаған оқушыларға дипломдар табыс етілді.