Просмотр содержимого документа
«"?ажайып бестік" зерделілер сайысы »
Миятжан Динара Миятжанқызы
«Үшқоңыр ауылындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталықпен» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде математика пәнінің мұғалімі
5 сынып
"Ғажайып бестік" зерделілер сайысы
Мақсаты: Оқушылардың ой- өрісін кеңейтін, қабілеттерін ерекшелеу, белсенділігін дамыту, ұйымшылдықпен жұмыс жасай білуге, халқымыздың асыл қазынасын дәріптеуге, жылдамдыққа, ширақтыққа тәрбиелеу.
«Егер сіз жүзуді үйренем десеңіз тайсалмай суға сүңгіп кетіңіз, ал есеп шығаруды үйрену үшін оның шешімін табыңыз» - деп Д.Пойа «Математикалық таным» кітабында жазыпты. Есептер шығару көбінесе байқап көру, іздену процесімен жүреді. Ойша болжап білу балалардың бойындағы тапқырлық пен аңғарымпаздықты байқатады. Тапқырлық- шығармашылықтың ерекше көрінісі. Аңғарымпаздық- өз білімін кәдеге асыра білудің көрсеткіші. Ойын есептері, логикалық есептер, математикалық жұмбақтар, ребустар, софизм, мозайкалар сыныптан тыс жұмыстардан бастап есептер шығару үшін қажеттіліктерді ой елегінен өткізіп бір тұжырымға келіп ой қорыту нәтежиесінде ойын топтап, ақыл ой- әрекетін дамытады. Есептерді бірнеше жолмен шығару әдістері бар. Соның тиімді әдісін таңдау оқушының қабілеттілігін көрсетеді.
Ойын шарты:
Таныстыру
“Шапшандық ” сайысы
Шырпыдағы математика
“Көңілді санау”
“ Ақ серек, көк серек ”
1-ші кезеңде әр топ өздерін таныстырады( аты, ұраны, төс белгі). 1 мен 5 балл аралығында бағаланады.
2-ші кезең Шапшаңдық сайысы. Бұл кезеңде әр топқа 10 сұрақ қойылады. Әр дұрыс жауапқа 1балдан.
І-топ
Өзіне және 1-ге бөлінетін сандарды қандай сандар деп атаймыз?
189 саны 9-ға қалдықсыз бөліне ма?
Километрдің қазақшасы
3/5 үлкен ба, 3/8 үлкен ба?
35 саны 3/4 пен 3/7 ке ортақ бөлім бола ала ма?
«Екі әке, екі бала үш алманы қалай тең бөліп жейді?
Қаз бір аяғымен тұрса 12 кг болады, ал екі аяғымен тұрса неше кг болады?
Сыныпта 32 оқушы бар. Оның ½ - і қыздар. Ұлдар қанша?
Дұрыс бөлшекке мысал келтір
65 санын екі жай санның көбейтіндісі түрінде жазсақ,....
ІІ-топ
2-ден көп бөлгіші бар ол қандай сандар?
253 саны 3-ке қалдықсыз бөліне ма?
100 жыл бұл...
4/5 үлкен ба, 4/7 үлкен ба?
42 саны 3/4 пен 3/7 ке ортақ бөлім бола ала ма?
Үйректер ұшып келеді: біреуі алдында, екеуі артынды; біреуі артында, екеуі алдында; біреуі екеуінің арасында және үшеуі қаз қатар. Неше үйрек ұшып келеді?
Бір жанұядағы 5 ұлдың бір-бірден қарындасы бар, жанұяда неше бала бар?
Аулада 24 тауық пен қаз бар. Олардың 1/4 - і қаздар. Тауық қанша?
Бұрыс бөлшекке мысал келтір
57 санын екі жай санның көбейтіндісі түрінде жазсақ,....
ІІІ-топ
2-ге бөлінетін сандарды қандай сандар деп атаймыз?
173 саны 3-ке қалдықсыз бөліне ма?
30 күн бұл...
5/6 үлкен ба, 5/9 үлкен ба?
24 саны 3/4 пен 1/5 ке ортақ бөлім бола ала ма?
Үстелдің төрт бұрышы бар. Егер бір бұрышын кесіп тастаса, неше бұрыш қалады?
Бөлменің бұрышында мысықтар отыр. Бір мысыққа үш мысық қарсы қарап отыр және бір мысықтың артында бір мысық отыр. Бөлмеде неше мысық отыр?
45м матаның 1/9-іне көйлек тігілді. Қанша метр мата қалды?
Аралас санға мысал келтір
51 санын екі жай санның көбейтіндісі түрінде жазсақ,....
3-ші кезең шырпыдағы математика деп аталады. Берілген теңдік тура болу үшін бір ғана шырпыны өзгерте аламыз. Дұрыс жауап 3 балдан есептеледі.
4+5=7
1+8=7
2-9=5
"Көңілді санау"
Әр топтан 1 сайысқа аз қатысқан оқушы шақырылады. Сайыс шарты бойынша 3 топтың оқушыларына тапсырма беріледі. Дұрыс қатесіз саналған жауапқа 5 балл.
1-ден 20- ға дейінгі сандардан тақ сандарды қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде кезекпен айтып беріңдер
1-ден 20-ға дейінгі сандардың ішінен 3-ке еселік болатын сандарды қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде кезекпен айтып беріңдер
1-ден 20-ға дейінгі сандардың ішінен жұп сандарды қазақ,орыс, ағылшын тілдерінде кезекпен айтып беріңдер
Сергіту сәті:
оқушылар орындарынан тұрады.
алақандарымен беттерін жабады
қолдарын жлғары кетеріп керіледі
5 қайтара жаттығуды орындайды
Жеңіс таяу, қозғалма баяу
«Ақ серек, көк серек»
О, формула, фантастика секілді
Білесің бе, қызықтарды не түрлі
Сиқырланған формулалар қараңдар,
Жауабыңды тосып тұр ғой өтімді
Сайыс шарты бойынша әр топ қарама-қарсы топтан 1 оқушы таңдайды да оған қандайда бір формуланы айтуды сұрайды. Оқушы формуланы дұрыс айтса ұпай сол топқа бұйырады, айта алмаса ұпай алдыңғы топ қоржынына кетеді.Дұрыс жауап 2 балдан есептеледі.
Жарыс заңы ежелден, Жеңімпазды анықтау. Жеңімпаз болу шарты сол, Еңбектену,жалықпау
Жарыстың соңғы сәті таяп қалды, Демеңіздер біз өнерді аяп қалды. Сіздермен кездесеміз біздер әлі, Жеңімпаздар бүгінгі анықталды.