kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

«Эрудит» атты математикалы? сайыс.

Нажмите, чтобы узнать подробности

Та?ырыбы: «Эрудит» атты математикалы? сайыс.

Ма?саты:

1. Білімділік: О?ушыларды? математика?а ?ызы?ушылы?ын, ынтасын, зейінін арттыру, ал?ан білімдерін тере?дету.

2. Дамытушылы?: Ой-?рісін ке?ейту, логикалы? ойлау ?абілеттерін дамыту, ?жымшылды? ?абілеттін дамыту.

3. Т?рбиелік: Окушыларды ?жымшылды??а, жолдасты??а, ал?ырлы??а, белсенділікке ж?не жеке т?л?а етіп ?алыптастыру. 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
««Эрудит» атты математикалы? сайыс.»

Сырбай Мәуленов атындағы №37 орта мектеп

















Тақырыбы: «Эрудит» атты математикалық сайыс.

(7 сыныптар)
















Дайындаған: Даметова Ш.Н.














АСТАНА 2016 жыл

Тақырыбы: «Эрудит» атты математикалық сайыс.


Мақсаты:

1. Білімділік: Оқушылардың математикаға қызығушылығын, ынтасын, зейінін арттыру, алған білімдерін тереңдету.

2. Дамытушылық: Ой-өрісін кеңейту, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, ұжымшылдық қабілеттін дамыту.

3. Тәрбиелік: Окушыларды ұжымшылдыққа, жолдастыққа, алғырлыққа, белсенділікке және жеке тұлға етіп қалыптастыру.


Көрнекілігі: проектор, қанатты сөздер, сөзжұмбақтар, презентация

1. «Ақыл-ойды тәртіпке келтіретін математика, сондықтан да оны оқу керек». С.М.Ломоносов

2. «Математиктердің өзіне тән тілі бар, ол формула» С.В.Ковалевская

3. «Арифметика – математиканың, ал математика – барлық ғылымдардың патшасы» К.Гаусс

4. «Лобачевскийді үш нәрсе данышпандылыққа жетқізді, олар: дарын, жігер және еңбек».


Сәлеметсіздер ме, оқушылар!

Кешімізді бастамас бұрын әр топтың білімын дұрыс бағалау үшін әділқазылар алқасын сайлап алайық.

  1. _________________________

  2. _________________________

  3. __________________________


Бүгінгі сайыс шарттары әрбір әділқазының алдына дайындалып қойылған.


Шын жүйрік шабысынан табылады.

Нақты білім, терең ой сыналады.

Баға берер әділқазы ортамызда

Сіздерге құрметпенен қол соғылады.


Әр команданы ортаға шақыра, кешіміздің өтілу тәртібімен таныстырайық.

І. Сәлемдесу. Әр топ өздерін таныстырады (аты, ұраны).

ІІ. Ой сергіту.

ІІІ. Кім жылдам?

IV. Атракцион.

V. Садар сыры

VI. Пантомима

VII. Геометриялық «ия-жоқ»

VIII. Анаграммалар



ІІ. Ой сергіту / Әр дұрыс жауап 1 бал

І топ сұрақтары

    1. Столдың төрт бұрышы бар. Егер бір бұрышты кесіп тастаса, неше бұрыш қалады? ( 5 )

  1. Сағат тілі тәулігіне неше рет тік бұрыш жасайды? ( 4 рет)

  2. Мектепке келе жатқан 5 балаға қарсы жолда тағы 4 бала жолықты. Мектепке неше бала барды? ( 5 бала )

  3. Екі адам 4 сағат шахмат ойнады. Олардың әрқайсысы неше сағат ойнады? ( 4 сағат)

  4. Төрт пен бестің арасында қандай таңба қойылғанда 4-тен артық, 5-тен кем сан шығады? ( үтір )

  5. у= функциясының графигі. ( гипербола)

  6. Ұшақ Семейден Алматыға дейін 1 сағат 20 минут ұшады, ал кері қарай 80 минут ұшады. Бұл айырмашылықты қалай түсінесің? (екеуі тең)

  7. Кім барлық тілде сөйлейді? ( жаңғырық)

  8. 35 -тің квадраты (1225)

  9. 4 ұл да неше саусақ бар? ( 80 )


ІІ топ сұрақтары

  1. Екі қолда қанша саусақ бар, он колда ше?(10, 50)

  2. Бір шоколадты 100 теңгеге сатып аламыз. 1, 5 шоколадты неше теңгеге сатып алуға болады. (200)

  3. 3 жұмыртқа 3 минутта піседі, ал 5 жұмыртқа неше минутта піседі? (3)

  4. 1 т мақта ауыр ма, 1 т темір ауыр ма? (тең)

  5. у=х3 функциясының графигі. ( кубтық парабола)

  6. Қандай жолмен еш уақытта адам жүрмейді? (құс жолымен)

  7. 1 т мақта ауыр ма, әлде 10 ц темір ауыр ма? (тең)

  8. Бір жанұяның 5 ер баласы, және олардың әрқайсысында қарындастары бар. Жанұяның қанша баласы бар? (6)

  9. 25 -тің квадраты (625) 

  10. Бес жарым таяқтың неше ұшы бар?(12)



3 топ сұрақтары

  1. Шаманың 1/100 бөлігі (процент)

  2. у=х2 функциясының графигі. ( парабола)

  3. Шеңбер сызуға арналған құрал (циркуль)

  4. Үстелде 3 стақан сүт бар. Алмаз бір стақан сүтті ішіп қойды. Үстелде неше стақан бар? (3)

  5. Нанды үш бөлікке бөлу үшін, нанды неше рет кесу керек? /2 рет

  6. Геометрияның жазықтықтағы денені зерттейтін бөлімі (планиметрия)

  7. Төртбұрыштың барлық қабырғаларының қосындысы (периметр)

  8. Қабырғалары толықтауыш сәулелер болатын бұрыш (жазыңқы)

  9. Ең үлкен хорда. (диаметр)

  10. 35 -тің квадраты (1225)

ІІІ. «Кім жылдам?»

Қадірін білсең егер сен,
Қол ұшын берер ол саған
Есептеп жүрсең бәрін де,
Сүрінбейсің өмірде – келесі сайысымыз «Кім жылдам» деп аталады.

Топтарға жеке карточкалық тапсырмалар беріледі. Шапшаң, әрі дұрыс орындаған топ жеңіске жетеді. (Киелі сандар туралы презентация)


І топ тапсырмалары: 
1) Жалғастыр:
(a+b)2=2+2ab+b2) (1 ұпай)
a3+b3=(a+b)(а2-ab+b2) (1 ұпай)
an*am=(a n+m) (1 ұпай)
-11a2b*0,3a2b2=(-3,3a4b3) (1 ұпай)

2) Теңдеуді шеш: 8x-3=5x+6    (x=3) (2 ұпай)
3) Атасының үйіне немерелері келді. Атасы оларға алма алып келді. Алманы бір-бірден берсе, біреуі артылып қалады, екі-екіден берсе бір немересіне жетпейді. Немересі нешеу, алма нешеу?
(3 немере, 4 алма) (2 ұпай)



ІІ топ тапсырмалары: 

1) Жалғастыр:
(a-b)2=2-2ab+b2) (1 ұпай)
a3+b3=(a+b)(а2-ab+b2) (1 ұпай)
an:am=(a n-m) (1 ұпай)
2b2c3*(-4bd)= (-8b3c3d) (1 ұпай)
2) Теңдеуді шеш: x-7+8x=9x-3-4x          (x=1) (2 ұпай)
3) Ең үлкен 3 таңбалы сан мен ең кіші 1 таңбалы санның қосындысын тап. (999) (2 ұпай)



ІІІ топ тапсырмалары: 

1) Жалғастыр:
a2-b2=(а-b) (а+b) (1 ұпай)
(a+b)3= (а3+3a2b+3ab2 +b3) (1 ұпай)
(an)m=(a nm) (1 ұпай)
+5b3c5*(-4dc)= (-20b3c6d) (1 ұпай)
2) Теңдеуді шеш: x-7+8x=9x-3-4x          (x=1) (2 ұпай)
3) Атасының үйіне немерелері келді. Атасы оларға алма алып келді. Алманы бір-бірден берсе, біреуі артылып қалады, екі-екіден берсе бір немересіне жетпейді. Немересі нешеу, алма нешеу?
(3 немере, 4 алма) (2 ұпай)



IV. Атракцион.

Барлығы 6 оқушы (әр топтан 2 оқушы ) бір қатарға тұрады. 1 санынан 30 санына дейін санап арасында 4-ке еселік сан кездескенде “мен” деген сөз айтылады. Қателескен оқушы ойыннан шығады.

Барлығы 6 оқушы (әр топтан 2 оқушыдан) бір қатарға тұрады. 1 санынан 30 санына дейін санап арасында жай сандар кездескенде жай саннын орнына “бим- бом” деген сөз айтылуы керек. Қателескен оқушы ойыннан шығады.



V. «Сандар сыры»

Сайысымыз «Сандар сыры» деп аталады. Мұнда сандардан құралған мақал-мәтелдер беріледі. Мақал-мәтелдің басындағы сөйлем оқылады, жалғасын сайыскерлер жалғастыруы керек. (әр дұрыс жауапқа 1 ұпайдан қосылады)

1 топ.
1) 2 жақсы қас болмас, 2 жаман дос болмас.
2) Бес бармақ жиналса, жұдырық болады.
3) Отыз тістен шыққан сөз, отыз рулы елге жетеді.
4) Жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі білім біл.
5) Бір тал кессең, он тал ек.
6) Бес саусақ бірдей емес.

2 топ.
1)  100 сомын болғанша, 100 досын болсын.
2) Бір күндік жолға шықсаң, үш күндік жолға азық ал.
3) Айдың он бесі жарық, он бесі қараңғы.
4) 1 кісі қазған құдықтан 1000 кісі су ішеді.
5) Досынды үш күн сынама, үш жыл сына.
6) Бір жақсы дос, жүз туыстан артық.


3 топ.
1) Біреу тойып секіреді, біреу тоңып секіреді 
2) Ағайын – алтау, ана – біреу

3) Бір жеңнен қол шығар, бір жағадан бас шығар.
4) Ер бір рет өледі, қорқақ мың рет өледі. 
5) Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады.
6) Екі кісі ығысса, бір кісілік орын бар.


VI. пантомима

Әр топтан бір оқушы шығып ымдап және іс әрекетімен математикалық термин көрсету тиісті, ал топтар оның жауабын табу керек.


VII. Геометриялық «ия-жоқ»


І топ сұрақтары.

              1. Егер теңбүйірлі үшбұрынтын төбесіндегі бұрышы 60° болса, онда ол үшбұрыш теңқабырғалы./ия

              2. Егер бір үбұрыштың үш бұрышы , сәйкесінше екінші үшбұрыштың үш бұрышына тең болса, онда ондай үшбұрыштар тең. / жоқ

              3. Қабырғалары тең тіктөртбұрыш ромб деп аталады./жоқ

              4. Теңбүйірлі үшбұрыштың бұрыштары тең./жоқ

              5. Доғал бұрышты үшбұрыштың доғал бұрышына қарама қарсы жатқан қабырғасы ен үзын қабырға./ия


ІІ топ сұрақтары.

  1. Кез келген үшбұрыштың биіктігі үшбұрыштың ішіде жатады./жоқ

  2. Барлық қабырғалары тең параллелограмм, ромб деп аталады./ ия

  3. Егер үшбұрыштың екі бұрышы тең болса, онда ол теңбүйірлі үшбұрыш./ия

  4. Үшбұрыштың бұрышын қақ ортасынан бөлетін кесінді медиана деп аталады./жоқ

  5. Тіктөртбұрыштың диогоналдары тең./ия


ІІІ топ сұрақтары.

  1. Теңбүйірлі үшбұрыштың табанындағы бұрыштары тең./ия

  2. Ромбының диогоналдары тен./жоқ

  3. Екі үшбұрыштың катеттері тең болса онда ол екі үшбұрыш тең. /ия

4. Үшбұрыштың бұрышын қақ ортасынан бөлетін кесінді биссектриса деп аталады./ия

  1. Кез келген үшбұрыштың ең кіші қабырғасына қарсы жатқан бұрыш кіші бұрыш./ия

VIII. Анаграммаларды шешу сайысы. 2 минут ішінде дұрыс жауабын табу. Әр дұрыс жауап 1 ұпай. Әріптерді дұрыс орналастыру арқылы математикалық терминнің атауын аласыздар. (роаблаап, мсакаио, үпкемөш, лвтьеикра, цналриоа, адмиеан, апрцетяи, еңшбре,шұбршүы, трұбышрөт). Жауабы: Парабола, аксиома, көпмүше, вертикаль, рационал, медиана, трапеция, шеңбер, үшбұрыш, төртбұрыш.


Сайысымыздың соңғы сәті таяп қалды. Ал, қазыр әділқазылар сөз алады. Қорытындылау, жеңімпаздарды марапаттау. 


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Математика

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 7 класс

Скачать
«Эрудит» атты математикалы? сайыс.

Автор: Даметова Шекер Нурхамитовна

Дата: 28.02.2016

Номер свидетельства: 300324


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства