Жұмысты орындаған математика пәнінің мұғалімі: Акбасова Турсын Айкеновна
2014 жыл
«Сиқырлы сан» саяхат – ойыны «Математика және физика» апталығында оқушыларға өткізу үшін дайындалды. Шара әрбір оқушының табысқа жету жағдайын жасай отырып, адамгершілік – тұлғаны есепке ала отырып құрастырылды. Ойын өткізіліп болған соң оның жоғары нәтижеде өткізілгенін куәлендіретін шараға қатысты көңіл – күй диагностикасы өткізіледі
5 – сыныптағы математика бойынша «Сиқырлы сан» шарасы
Мақсаты: Математикаға деген танымдық қызығушылығын дамыту.
Құралдар:
мультимедияпроектор,
компьютер
Өткізу кезеңдері:
дайындық (сынып жетеңшісімен тығыз байланыс, әртүрлі қызметтерге жауапты оқушыларды тағайындау, оқушылармен жеке жұмыс дайындық);
шараны өткізу;
қорытынды кезең (шараларды талқылау және өткізілген шараға қатысты көңіл – күй диагностикасы)
Шараның сценарийі
Жүргізуші: Қайырлы күн, қымбатты достар! Бүгін бізде Иван - ханзада және Кощей Өлмес ертегісі негізінде өткізілетін ойын. Байқауда 3 команда ойынға қатысады. Әрбір команданың капитаны Иван – ханзада.
Жанкүйерлер өздерінің командаларына көмектесуіне болады. Әрбір дұрыс орындалған тапсырма белгіленген жерге бір қадам жақындауына мүмкіндік береді
(Командаларды, әділқазыларды таныстыру)
№1 байқау «Тізбектер бойынша»
Жүргізуші:Бірінші командаға тапсырма.
Ертедегі патшалықта, ертедегі мемлекетте Иван – ханзада өмір сүріпті. Оның үш апайы болыпты: Марья, Ольга, Анна. Әкесі мен шешесі қайтыс болыпты. Иван- ханзада апайларын алтын, күміс және мыс патшалықтарының ханзадаларына тұрмысқа беріпті. Толық бір жыл апаларынсыз тұрып, ол әбден жалығады. Ол апаларын көріп қайту үшін жолға шығады. Ол жолда әсем Еленаны кездестіріп, бір – бірін жақсы көріп қалады, бірақ долы Кощей Өлмес Еленаны ұрлап алады.
Иван-ханзада өзінің сенімді әскерлерін алып, өзінің сүйіктісін құтқаруға аттанады. Олар өзенге шығады, ал онда үлкен тас көпірдегі жолды жауып тастапты. Таста үш теңдеу жазылып тұр. (командалардың нөмірі жазылған).
Бірінші команданың қатысушысы шығып теңдеуді шығарады:
(y-371)+277=546
Жүргізуші: Екінші командаға тапсырма.
Егер оларды дұрыс шығарса тас, айналады және жолды босатады.
Екінші команданың қатысушысы шығып теңдеуді шығарады : (127+m)-98=32
Жүргізуші: Екі командада өздерінің тапсырмаларын орындады, тас айналып және жолды ашу үшін үшінші тапсырманы да орындау керек.
Үшінші команданың қатысушысы шығып теңдеуді шығарады:
(x+379)-197=183
Жүргізуші: Бірінші тосқауылды еңсеру командаларға есептің дұрыс шығаруын және жылдамдығын есепке ала отырып ұпайлар әкеледі
№2 байқау Ребусты шеш
Жүргізуші: Ал енді әрбір команды бір ребустан шешу керек.
1) ******
2) ******
3) **********
№3 байқау «Мыстан кемпір үйшігі»
Жүргізуші: Командаларға тапсырма.
Жол Мыстан Кемпір үйшігіне әкелгенше, олар орман бойы көп жүрді. Ол көптен бері Кощеймен жауласып жүргендіктен Иван – ханзадаға көмектеспекші болды, бірақ ол оның әскерлері үйшіктің қабырғаларында жазылған 6 теңдеуді шығарған жағдайда ғана.
Әр командадан тақтаға екі адамнан шығады. Тақтаға үлкейтіліп теңдеу шығарылады:
I - 59+2x=65; 24-3x=21;
II - 75-5x=30+15; y(58-27)=62;
III - (25+8)x=99; 92-3y=392-311.
Үш байқаудың қорытындысы шығарылады.
№4 байқау «Зындан тұтқындары»
Жүргізуші:Мыстан Кемпір Иван – ханзадамен қоштаса отырып, теңдеудегі түбірдің күші туралы айтып береді. Егер саған есікті ашу, не жабу керек болса, теңдеудің түбірін қатты айт сол сәтте орындалады дейді. Бұл әңгімені қара қарға естіп, барлығын Кощейге айтып қояды. Ол Иван – ханзаданы және оның әскерлерін аңдып ұстап алады және терең зынданға лақтырады. Оны алты құлыппен кілттейді.
Әр командадан тақтаға екі адамнан шығады. Тақтаға үлкейтіліп 6 жаңа теңдеу шығарылады: «Зындан тұтқындары» оны шығарады.
I - 35:x-20=15; y:2+35=36;
II - m:12×2=72; (5-x)3=6-3×2;
III - (3+x)5=3+57; (7+x)5=7×5+3×5.
Жұмыспен команда мүшелеріде айналысады, оларда «әскерлеріне» көмекке келуге дайын.
№5 байқау Капитандар байқауы!
Жүргізуші: Иван-ханзада «сиқыр сөздер» айтып, барлық теңдеулердің түбірлерін атайды. Зындан есіктері ашылады. Әскерлер Кощей сарайының қақпасының алдына тұрады онда жасырылған сандар жазылып тұрады
Жүргізуші: Иван-ханзада бұл сандарды тез тауып алады. Қақпа ашылады. Әскерлер Елена әсемді құтқарып алады.
№6 байқау Жанкүйерлер, алға!
Жүргізуші: Әрбір дұрыс жауаппен жанкүйерлер өздерінің командасына ұпай қосады.
Көлденең: 1. Салуда түйісетін фигура. 2. Бір алты нөлмен. 4. 10000 м2аудан өлшеміне тең бірлік. 5. Барлық қырлары тең, тікбұрышты параллелепипед.6. Шеңбердің центрін қосатын кесінді және ондағы кез келген нүктені. 7.Үшбұрыш құралатын,кесінді атауы. 10. Көпбұрыштың барлық қабырғаларының ұзындығының қосындысы. 11. Алымы бөлімінен кіші бөлшек. 13. Кез келген кластың разряды.
Тігінен: 3. (а + в) с = ас + вс көбейту заңы . 8. 1000 кг- ға тең, масса бірлігі. 9. Белгісізі бар теңдік. 12. Санды жазу үшін қолданатын таңба. 14. а + в = в + а қосу заңы.
№7 байқау Балық аулау!
Жүргізуші: Енді кішкене дем алып кешкі асқа балық аулайық. Заңдылықты жалғастырып, команда сандарды дорбаға салады.
1.21, 17, 13, ___,___,___.
2.1, 5, 9, 13, ___,___,___.
3.4, 5, 8, 9, 12, 13, ___,___,___.
4.15, 14, 17, 13, 18, ___,___,___.
№8 байқау Сандық диктант
Жүргізуші: Сендерге 6 сөйлем беріледі. Біреулері дұрыс ақпарат, басқалары нақты емес немесе қате болады. Егер келіссеңдер сөйлемнің қасына 1 санын, егер жоқ болса – 0 қойыңдар. Жауап нәтижесі алты таңбалы сан құрайды, соны жазу керек:
Су 100ºС температурада қайнайды;
«Аленький цветочек» ертегісінің авторы - А.С. Пушкин;
Астана астанасы – Алматы;
Екінші дүниежүзілік соғыстың басталуы – 1939;
Жердегі ең үлкен аң – піл;
Жер шарында алты материк және 4 теңіз.
Жауабы: 100101
Ойын қорытындысы шығарылады. Жеңімпаз команда анықталады.
«Сиқырлы сан» ойынына қатысты көңіл – күй диагностикасы беріледі.
Осы өткізілетін шараға қатысты оқушыларға өздерінің көңіл – күйлерін білдіретін диагностика ұсынылады. Олар сызықша қиылысына рет нөміріне және ұпай санына қатысты нүкте немесе жұлдызша қойып ойынға өз көңіл – күйлерін анықтайтын баға қояды.
Егер «Сиқырлы сан» саяхат – ойынына көңіл – күйлеріне қатысты орташа ұпай 7 ұпайдан асса, онда мұғалімнің таңдап алған тәрбие технологиясы оқушыларға жеткілікті нәтижелі болып есептеледі.
Қолданылған әдебиеттер:
«5 - сынып оқушыларына арналған математикалық ойындар», Н.Х.Антонович М., 1995;