Өзімізді таныстырып тастайық, - деп сөз кезегін әр топқа береміз. Ең жоғары ұпай саны
5 ұпай. (Таныстыру, эмблема қорғау)
-Әділ – қазы алқасынан бірінші сайыстың қорытындысын сұраймыз.
- Екінші сайыстың шартымен таныстырып өтейік. Бұл сайыста екі топқа да бірдей 10 сұрақ қойылады. Қойылған сұрақтарға «Қас-қағым сәтте» алдарыңызға таратылған парақтарға тек қана жауаптарын жазыңыздар. Жауаптар жазылған парақтарды әділ-қазыларға тапсырасыздар. Әрбір дұрыс жауапқа 1 ұпайдан беріледі. Сәт сапар!
Сұрақтар:
Қосудың мәні (қосынды)
Қанша цифр білесіз?(10)
Ең кіші таңбалы сан (100)
Метрде неше сантиметр бар? (100)
Минутта қанша секунд бар? (60)
Бөлудің нәтижесі (бөлінді)
Бір ғасырда неше жыл бар? (100)
Милли санының жазылуында неше нөл бар? (6)
Торғайда 10 қарға отыр. Аңшы олардың екеуін атып алды. Нешеуі қалды? (екеуі)
Егер тырна бір аяғымен 3 кг тартса, онда екі аяғымен неше кг тартады? (3 кг)
-«Кім алғыр» ойынының шарты. Тақтада ұпай саны көрсетілген есептер жасырылған. Есепті шешуге 1 минут уақыт беріледі. Дұрыс шешілген жағдайда бұл ұпай алдыңғы ұпай санына қосылады. Егер шығара алмасаңыздар, есепті қарсылас топ шешіп, ұпайды өз қоржындарына қосуларына болады.
Есептер:
Теңдік белгісінің сол жағындағы цифрлардың арасында теңдік орындалатындай етіп қосу таңбасын қойыңыздар: 12345=33
(1+23+4+5=33, 5 ұпай)
3 әке мен 6 ұл бала серуенге шықты. Олар 42 алма сатып алды. Әр қайсысына 6 алмадан келді. Бұл қалай?
(1 ата, 2 әке, 4 бала, 10 ұпай)
Дүкеннен 19 теңгеге сауда жасадыңыз. Бірақ сізде 3 теңгеліктер, ал сатушыда 5 теңгеліктер ғана бар. Тығырықтан шығар жол бар ма?
(3*8=24 24-5=19, 15 ұпай)
Анасы 16 мандарин сатып алған. Жартысын Думан жеді, Айша екі мандарин жеді, қалғанын Дина жеді. Дина неше мандарин жеді?
(6 мандарин, 5 ұпай)
Бір топ үйрек ұшып келе жатты. Біреуі алдында, екеуі артында, бірі артында, екеуі алдында, біреуі екеуінің ортасында, үшеуі тізбектеліп қатар ұшқан. Барлығы қанша үйрек?
- Әділ-қазылар алқасынан екінші және үшінші сайыстың қорытындысын сұраймыз.
- Келесі сайысымыз «Математикалық терминдер».
Ережесі: Бұл сайыста әріптері адасқан жеті математикалық ұғымдар жазылған екі плакат қойылады. Осы плакаттағы математикалық ұғымдарды топтардың қайсысы бірінші болып дұрыс ретімен жазып шықса, онда сол топ бұл сайыста жеңіске жетеді. Әрбір сөзге 1 ұпайдан беріледі. Уақыттарыңыз шектеулі 1 минут.
І топ
АНС
САН
ҰСЫРБ
БҰРЫС
ЛЕСУӘ
СӘУЛЕ
АТИНКОРАДО
КООРДИНАТА
КИРЬЛУЦ
ЦИРКУЛЬ
АДУАН
АУДАН
ЛӨБУ
БӨЛУ
ІІ топ
УБК
КУБ
ЗҮУТ
ТҮЗУ
ҰРШЫБ
БҰРЫШ
ӨЛКЕШБ
БӨЛШЕК
МӨЛКЕ
КӨЛЕМ
РЕМИРЕТП
ПЕРИМЕТР
ЖӘРЕДЕ
ДӘРЕЖЕ
Сайыскерлеріміз жұмыстарын аяқтап болғанша, біз көрермендермен жұмбақ шеше тұрайық.
портфелімде әуелі
Он үш жаңғақ бар еді.
Науат пен Маратқа,
Самат пенен Сағатқа,
Апасына Қанаттың
Екі-екіден тараттым.
Қанша жаңғақ қалғаны,
Айта қойшы ал, жаным.
(3)
2. Біздің үйде көжек көп,
Іштеріңде өжет көп.
Әсіресе бес көжек,
Маған нағыз дос көжек.
Қолымнан кеп жем жейді.
Басқалары келмейді.
Бес көжекке достасқан
Сәбіз бердім қос-қостан.
Бір сәбізім соңында
Қалып қойды қолымда.
Сәбізімді әуелгі
Санап берші ал енді.
(11)
3. Су құйып ем астауға,
Үш қаз ұшты аспанға.
Үш қасқалдақ, бірқазан
Екі үйрек, бір сазан,
Бір көксерке, бір қарға
Қосылды кеп бұларға
Айтшы, неше құс ұшып жүр
Неге екенін түсіндір.
(12)
4. Екі айнасы бар,
Екі найзасы бар,
Төрт салдырмағы бар,
Бір шыбыртқысы бар?
(сиыр)
5. Жүз төрт түйме, он бір ине
(есепшот)
6. Бес бұтақты қайыңда-
Бұтақ сайын бес алма
Біреуін бер Сайынға,
Сонда қалмақ неше алма?
(қайыңда алма өспейді)
7. Басында таяғы бар,
Төрт аяғы бар.
Сегіз тұяғы бар,
Иегінде сақалы бар.
(ешкі)
8. Он бір түйе, бес жылқы,
Екі сиыр, бес ешкі,
Екі қоян, үш түлкі,
Таба алмасан бос күлкі.
(28)
9. Дүкеннен мен сабын алдым,
Оның және қабын алдым,
Екі дәптер, бір қарындаш,
Тіс ысқышты тағы да алдым.
Есептеші сонда бәрі
Қанша болды, қолда бары?
( 6 )
10.Түйе ,бота маң басқан,
Төрт аяғын тең басқан,
Шұнаң құлақ бес ешкі,
Қос лақты қос ешкі,
Төрт қозылы екі қой,
Бәрін бірге ойлап қой.
(17)
11. Бір кемпір:
«Сапырып-сапырып Сарманға бер,
Құйып-құйып Құрманға бер,
Есіктегі екеуге бер,
Төрдегі төртеуге бер,
Өзің іш те,маған бер.»-деген екен.Мұны естіген ұрылар:-«Қой мұнымыз бекер болар.Бұл үй толы кісі,әрі бізден екі есе артық екен,кетейік,»-деп кетіп қалыпты.
Кемпір тапқырлығымен ұрыларды осылай қорқытыпты.Сонда үйде неше адам,неше ұры?
(10 адам,5 ұры)
- Құрметті сайыскерлер уақыт қоры аяқталғандықтан, жасаған жұмыстарыңызды қазылар алқасына тапсыруларыңызды сұраймын. Ал, ендігі сайысты сурет салу сайысына берелік. Бұл сайыста әрбір топтан бір қатысушы шығып, тақтаға математикалық символдарды қолдана отырып, сурет салу керек. Суретте әр түрлі математикалық символдар көбірек қолданса, оларға бір-бір ұпайдан беріледі.
- Сөз кезегін төртінші және бесінші сайыстарды бағалау үшін әділ-қазыларға береміз.
Жарыс заңы ежелден,
Жеңімпазды анықтау.
Жеңімпаз болу шарты сол,
Еңбектену жалықпау.
- Алтыншы сайысымызда, яғни «Орманға серуен» сайысында әрбір топ өздерінің себеттеріне көбірек алмаларды, санырауқұлақтарды жинауы тиіс. Ал, ол алмалар мен саңырауқұлақтарды жинау үшін есептерді шығаруы және де олардың шешімі дұрыс болғаны керек. Ең бірінші серуенге топ басшысы кейіннен қалған топ мүшелері бір-бірден кезекпен шығуы керек. Әрбір дұрыс шығарылған есепке 5 ұпайдан беріледі.
Есептер:
1. 11.
2. 12.
3. 13.
4. 14.
5. 15.
6. 16.
7. 17.
8. 18.
9. 19.
10. 20.
- Осымен «Орманға серуен» сайысы аяқталды. Кезекті «Жанылмаймын» сайысына береміз. Бұл сайыстың шарты әрбір топтан бір топ мүшесі шығып тақтада тұрған плакатта ретсіз жазылған сандарды рет-ретімен кідірмей айтып шығуы керек. Ең көп сандарды дұрыс айтып шыққан топқа 5 ұпай, ал келесі топқа бір ұпайға кем беріледі.
- Әділ-қазылар алқасынан алтыншы және жетінші сайыстардың қорытындысын беруін сұраймыз.
Мықты болсаң – алдағыны басып оз,
Мықты болсаң – арттағыны жеткізбе.
Мықты болсаң – тайғанама көк мұзда,
Мықты болсаң – бөгеттерді бұзып өт, - деп келесі сайысымыз «Қара жәшік» сайысына кезек береміз. Сайыстың шарты қара жәшіктің ішінде не жасырылғанын 1 минут уақыт ішінде топ мүшелері бірігіп ақылдасып табу. Дұрыс жауапқа 10 ұпай беріледі.
1-топ
Жоқ өзінде бас та, қас та, мойын да,
Ұзындығы жазылып тұр бойында.
Жауабы: сызғыш
2-топ
Менің анық білерім
Оқушыға керегім,
Тұмсықсыз келіп өмірге
Тұмсығынан өледі,
Бұл жұмбақтың жауабын
Барлық бала біледі!
Жауабы: қарындаш.
-Міне, енді тоғызыншы сайысымыз мақал-мәтелдерге де келіп жеттік. Бұл ойынның шарты: топтың әрбір мүшесі рет-ретімен кезектесіп ішінде математикамен байланысы бар мақал-мәтелдерді айтулары керек. Әрбір мақалға 1 ұпай беріледі және де мақал-мәтелдер қайталанбауы керек.
- Әділ-қазылар алқасынан сегізінші және тоғызыншы сайыстардың қорытындыларын беруін сұраймыз.
- Сонымен бүгінгі ойнымыздың соңғы «Капитандар сайысына» да жеттік. Сайыстың шарты: әр топ басшыларына 10 сұрақ беріледі. Яғни бір минут уақыт ішінде сұрақтарға дұрыс жауап берілсе, сонша ұпай, әрбір дұрыс жауапқа 1 ұпайдан беріледі.
1-топ
1. Шеңбердің радиусы 6 см. Диаметрі қанша? (12)
2. 20 минут сағаттың қандай бөлігі
3. Азайтудың мәні (айырма)
4. Санды қандай санға бөлуге болмайды? (0)
5. Ең үлкен екі таңбалы сан? (99)
6. Шеңбер салуға арналған құрал? (циркуль)
7. 1 кг-да қанша грамм бар? (1000)
8. Сағатта қанша минут бар? (60)
9. Егер 3 пар ат 60 км шауып өтсе, онда 1 ат неше км шауып өтеді? (60 км)
10. Төрт таяқтың 8 ұшы бар. Алты жарым таяқтың неше ұшы бар? (14)
2-топ.
1. Тәулікте қанша сағат бар? (24)
2. Көбейтудің нәтижесі? (көбейтінді)
3. Ең кіші натурал сан (1)
4. Шеңбердің диаметрі 8 см, радиусы қанша? (4)
5. Бір жағы шектеулі түзудің бөлігі қалай аталады? (сәуле)
6. Сағаттың ¼ бөлігі неше минут? (15 минут)
7. Ең үлкен натурал сан (жоқ)
8. 1 кг мақта жеңіл ме, 1 кг тұз ауыр ма? (тең)
9. Екі адам 4 сағат шахмат ойнады. Олардың әрқайсысы неше сағат ойнады? (4 сағат)
10. Егер 7 жұмыртқаның бағасы 7 теңге болса, онда 100 жұмыртқаның бағасы неше теңге? (100)
-Қымбатты қазылар алқасы,
Сіздерден әділ шешімді
Оныншы сайыс бойынша
Күтеді мұнда баршасы.
- Сайыстың соңғы сәті таяп қалды. Ал, қазір сөз кезегін әділ-қазылар алқасына берейік.
- Осымен «Білекті бірді, білімді мыңды жығады» атты сайысымыз өз мәресіне де жетті. Көңіл-қойып тыңдап, қатысқандарыңызға көп-көп рахмет. Келесі кездескенше ел аман, жұрт тыныш болсың! Сау болыңыздар!
Қорытынды. Әділ-қазылар алқасы сайысты қорытындылап, жеңімпаздарды анықтайды.