«Білгірлер мен шымырлар» математикалы?-спортты? сыныптан тыс шарасыны? жоспары
«Білгірлер мен шымырлар» математикалы?-спортты? сыныптан тыс шарасыны? жоспары
Предлагаю пользователям данного сайта свою внеклассную работу по математике для 5-6 классов. Название внеклассного мероприятия: "Білгірлер мен шымырлар математикалы?-спортты? сыныптан тыс шарасы". Внеклассное мероприятие проводится между командами-соперников пятых и шестых классов. На разработке даны логические задания участникам, а также болельщикам участников-команд.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Құрметті оқушылар, ұстаздар математика пәні бойынша «Білгірлер мен шымырлар» атты сайысты өз ортамызда өткізгелі отырмыз.
Әділқазылар алқасын сайлау.
Жүргізуші: Мықты болсаң – алдағыны басып оз,
Мықты болсаң – арттағыны жеткізбе.
Мықты болсаң – тайғанама көк мұзда,
Мықты болсаң – бөгеттерді бұзып өт.
Мықты болсаң – заманыңды көктеп өт - дей отырып сайысқа қатысушы командалармен таныс болайық.
1 – команда: 6 сыныптың «Архимед» командасы
Ұраны: «Нақты жауап, сапалы шешім таба біл!»
Танысуы:
«Архимед» командасы.
Өнер қуған математик жастармыз
Есебіңді лезде шешіп тастармыз.
Командамыз өңшең тапқыр қырандар
Ерен туған «Вундер кинд» бастармыз.
Келешектің үмітіміз талапты
Атақ даңққа бөленеміз қарап тұр,
Сегіз қырлы,өнер асып туғандар
Оза шауып бәйге атындай жарап тұр.
2 – команда: 7 сыныптың «Пифагор» командасы
Ұраны: «Қандай сынақ болса-дағы беріспе
Әрқашанда ұмтыла біл жеңіске!»
Танысуы:
«Пифагор» командасы.
Егеменді қазақтың біз ұланы
Өз туы бар, елтаңба, әнұраны,
Үмітін ақтайтын біз аға ұрпақтың
Самғайтын биіктерге тау қыраны.
Бабамыз Әл-Фараби өзің қолда
Жеңіс тек біздер болар осы жолда
Достар-ау,сендер де бір қолпаштаңдар
Отырған дәл алдыда,оң мен солда.
3 – команда: 8 сыныптың «Евклид» командасы
Ұраны: «Шыдамды еңбек, алғыр ой,
Анық досың біліп қой!»
(Әділ-қазылар алқасы әр команданың таныстыруларын бағалайды. Бағалау 3 баллдық жүйеде жүргізіледі). Сайыс екі кезеңмен өткізіледі.
Жүргізүші: Ал, балалар енді ойынымыздың бірінші турын бастаймыз.
Бірінші кезең: «Қызықты математика әлеміне саяхат».
І тур: «Көңілді санау».
Кестедегі сандарды (1-ден 33-ке дейінгі сандар) тез санауға әр командадан 2 оқушыдан шығады. Оқушылар кестедегі сандарды ретімен көрсетіп, оларды тауып шығулары керек. Ең аз уақыт ішінде сандарды белгілеп, атап шыққан команда жеңіс иесі болады.
3
31
18
15
12
33
14
27
6
32
13
2
10
21
30
16
22
25
8
23
1
26
24
9
11
29
28
5
20
7
19
4
17
(Әділ-қазылар алқасы әр команданы бағалайды. Бағалау 3 баллдық жүйеде жүргізіледі).
ІІ тур: Капитандар сайысы: «Есептеуіш машина».
Қағаз бетшесінде төмендегі жазбаны капитандардың алдына қойып,
1000
30
1000
40
1000
20
1000
10
Әділ-қазы алқасы мүшелері өздеріндегі қағазда берілген осы сандарды қағазбен жауып, жоғарыдан төмен қарай кезек кезегіне аша отыра, капитандардан жылдам қосуды сұрау керек.
(Дұрыс жауабы 4100)
(Әділ-қазылар алқасы әр команданың капитандарының қатысуларын таныстыруларын бағалайды. Бағалау 3 баллдық жүйеде жүргізіледі).
ІІІ тур: «Өлшеуге берілген есеп».
Столда стандартты екі жағында екі табақшасы бар таразы тұр. 2 және 10 кг екі гирь бар. 3 кг өрікті қалай өлшеп алуға болады? (Ескерту тек бір ғана гирьді қолдануға да болады).
Жауабы: Алдымен 2 кг өрікті өлшеп аламыз. Содан кейін оны екі табақшаға теңдей бөліп, таразының екі жағын теңестірсек 1кг өрік аламыз. Енді 1 кг өрікті өлшеп алсақ, 2 кг-дық гирь арқылы тағы да 2 кг оңай өлшейміз. Сонда бізге 10 кг гирьдің керегі де болмады.
Жауапты бірінші дұрыс тапқан командаға 3 ұпай.
ІV тур : «Құюға берілетін есеп».
Сенде алты литрлік ыдыста шырын құйылған. Одан басқа үш литрлік және төрт литрлік екі бос банкалар бар. Сен үш литрлік банкаға 1 литр шырын құйып беруің керек.
Жауабы: Мүмкін жауаптардың бірі
Банкалар 6 л 4 л 3 л
Құюға дейін басында 6 0 0
1-ші құйғаннан кейін 2 4 0
2-ші құйғаннан кейін 2 1 3
3-ші құйғаннан кейін 5 1 0
4-ші құйғаннан кейін 5 0 1
Жауапты бірінші дұрыс тапқан командаға 3 ұпай.
V тур : «Фигураларды тең бөліктерге бөлу есептері».
1-есеп: Берілген фигураны тең үш бөлікке бөліп беріңдер:
2-есеп: Берілген фигураны тең үш бөлікке бөліп беріңдер:
Жауапты бірінші дұрыс тапқан командаға 3 ұпай.
Екінші кезең: «Жүзден жүйрік,мыңнан тұлпар»
VІ тур: «Арқантартыс».
(Әділ-қазылар алқасы кейінгі әр турда командалардың қатысуларын бағалауды 3 баллдық жүйеде жүргізеді).
VІІ тур: «Секіріп жарысу».
VІІІ тур: «Допты астынан және үстінен беру жарысы».
ІХ тур: «Доппен жүгіру жарысы».
Жүргізуші: «Көрермен жиналған бұл тамашаға
Құр қарап жым отыру жараса ма?
Туыс, досқа, сыныптас, танысқа емес
Соқ қолыңды білімді жас талапқа
Қолыңды бекерге бос соға берме
Ойсыз соқыр сезімнің соңына ерме
Зерделеп сұрақ – жауап санаңа түй
Сонда ортақ боласын бар жеңіске». –дей отырып, қазылар алқасы сайыстың қорытынды нәтижелерін шығарғанша, біз көрермендердің тапсырмаларды қаншалықты орындап келгендерін тексерейік.
Көрермендерге сұрақтар:
«Өзіңді өзің тексер»
1-сұрақ: Бұрышты өлшейтін құрал?
2-сұрақ: Төрт қойдың неше аяғы бар?
3-сұрақ: Шеңбердің центрі арқылы өтетін хорда.
4-сұрақ: Алгебра сөзі қайдан шыққан?
5-сұрақ: Қандай түзулердің ортақ нүктесі жоқ?
6-сұрақ: Үшбұрыштың барлық қабырғаларының қосындысы?
«Логикалықсұрақтар»
7-сұрақ: Күннің көзі жылына неше рет шығады?
8-сұрақ: Алмас ақиқат тұжырым айтты. Нұрлан оның сөзін қайталап еді,жалған болып шықты.
9-сұрақ: Үш әке, үш бала бес орынды жеңіл машинамен қала сыртына демалысқа шығады. Жолда оларды МАИ қызметкерлері тоқтатып, құжаттарын тексереді. Ол жүргізушіге ешқандай шара қолданбай жібереді. Машинада артық адам бар емес пе? Кане, ойланайық, неге байқамады?
10-сұрақ: Төрт бұрышты үстелдің бір бұрышын кесіп алса,неше бұрыш қалады?
«Талпынған жетер мұратқа»
11- сұрақ: Электр поезы шығыстан батысқа жүйткіп келеді. Қарсы бағыттан жел тұрса, жел поезд түтінін қай жаққа қарай айдап әкетеді ?
12-сұрақ: «Ноль» қай елдің сөзі?
13-сұрақ: Тік бұрышты үшбұрыштың катеттері мен гипотенузасының арасындағы қатысты дәлелдеген грек математигі кім?
14-сұрақ: Өмірде қолданып жүрген шелек формасы қандай фигураға ұқсайды? (Қиық конус).
«Ойлан тап!»
Сіріңке шырпысын қолдану есептері:
1-есеп. 5 шырпы берілген. Шырпылардан бір мезгілде үшбұрыш, төртбұрыш, және бесбұрыштан құралған фигура алу керек.
Жауабы:
2-есеп Теңдік дұрыс емес. Бір шырпыны орнын ауыстыру арқылы дұрыс теңдік алыңдар
Жауабы:
3 есеп Берілген теңдік дұрыс емес.Екі шырпының орнын қозғау арқылы дұрыс теңдік алу керек
VII
------------- = I I
ХІ
Жауабы :
ХII
------------- = I I
VІ
Жүргізуші: Қазылар алқасына сайыстың қорытындысын шығаруға сөз
беріледі.
Қорытынды: Жоғары ұпай жинаған команданы марапаттау.
Математикалық фокустар
Ойлаған санды табу: Оқушыға екі таңбалы санды ойла деңіз.
Сол ойлаған екі таңбалы санның ондық разрядта тұрған цифрын екі есе көбейтіп,алынған көбейтіндіге 5 бірлікті қосып,бұл қосындыны 5 есе көбейтіп, оған 10 бірлікті және де ойлаған санның бірлігін қосуды айтыңыз. Содан кейін алынған жауабын сұраңыз. Сіз алынған саннан 35-ті азайтып,о қушының ойлаған санын айта аласыз. Бұл қалай? Досыңмен бірлесіп орындап көріңдер.
Жауабы: (10а +в) - ойлаған сан. Онда :
(2а+в) х5 +10 +в = 10а+в +35
Жасын және туылған күнін табу.
Оқушының жасын және туылған күнін табу үшін төмендегі амалдарды орындау керек: Туылған айдың реттік нөмірін 100-ге көбейтуді, алынған көбейтіндіге туылған айдың числосын қосуды ,алынған қосындыны 2-ге көбейтіп, ол санға 8-ді қосып, сосын 5-ке көбейтуді,алынған көбейтіндіге 4-ті косып, оны 10-ға көбейтуді сұраңыз. Сосын қазіргі жасыңды 4-ке көбей- тіп, алынған санды қағазға жазып беруін сұраңыз. Сіз қағаз да жазылған саннан 444-ді шегеріп, алынған санды оңнан солға екі екіден бөлесіз. Оңнан бірінші екі сан жасыңды, келесі екі сан туылған күнін, соңғы екі сан туылған айды көрсетеді. Бұл қалай? Досыңмен бірлесіп орындап көріңдер.
Жауабы: m - туылған айдың реттік нөмірі, t-туылған күнін, n-жасыңды белгілесек , онда
(((100 m + t)х 2 + 8 )х 5)+ 4 ) х10 + n + 4 = 10000 m +100 t + n + 444
Бағалау парағы
Команданың аты
Тур
Архимед
6а сынып
Пифагор
7а сынып
Евклид
8а сынып
Команданы таныстыруы
І тур: «Көңілді санау».
ІІ тур: Капитандар сайысы: «Есептеуіш машина».
ІІІ тур: «Өлшеуге берілген есеп».
ІV тур:
«Құюға берілетін есеп».
V тур : «Фигураларды тең бөліктерге бөлу есептері».
1-есеп:
2-есеп:
VІ тур: «Арқантартыс».
VІІ тур:
«Секіріп жарысу».
VІІІ тур: «Допты астынан және үстінен беру жарысы».