5-сыныптар арасында ?ткізілген интеллектуалды? ойын "Математикалы? дода"
5-сыныптар арасында ?ткізілген интеллектуалды? ойын "Математикалы? дода"
5-сыныптар арасында жаратылыстану п?ндері апталы?ы кезінде ?ткізілген сыныптан тыс шара. "Математикалы? дода" деп аталатын интеллектуалды? ойыны ?рт?рлі логикалы? с?ра?тар, п?н ба?дарламасына с?йкес т?рлі ?ызы?ты тапсырмаларды, ?ызы?ты танграмм ойындарын ?амтиды. Жас мамандар?а, математика п?ні м??алімдеріне апталы? кезінде, бас?а да уа?ыттарда баланы? п?нге ?ызы?ушылы?ын арттыру ма?сатында ?ткізуге дайын материал ретінде ?сына аламын.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«5-сыныптар арасында ?ткізілген интеллектуалды? ойын "Математикалы? дода"»
«Математикалық дода» интеллектуальдық ойыны
Күні: 20.01.2015 Пәні: математика Сыныбы: 5
Мақсаты: Оқушылардың ойлау қабілетін, ой ұшқырлығын, оқуға ынтасын арттыру. Ұйымдастырушылық қабілетін дамыту. Оқушыларды ұйымшылдыққа, нақты пәнге қызығушылыққа, жауапкершілікке, өзін-өзі тәрбиелеуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Безендірілген зал, нақыл сөздер, карточкалық тапсырмалар, логикалық есептер.
Типі: Ойын түрінде
Сабақ кезеңдері:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Сайысқа қатысушы оқушылар ортаға шығады.
Мұғалімнің кіріспе сөзі.
Сайыскерлерді математикалық фигура арқылы топтарға бөлу.
Топтар таныстыруы.
Әр топ оздерін таныстырады, топ басшысы сайланады.
І . «Кім жылдам?»
Мұғалім сұрақтарды оқып тұрады. Оқушылар қол көтеріп жауап береді. Әр топқа жеке қойылады. Топ жауап ере алмаған жағдайда басқа топтарға мүмкіндік беріледі. Әр дұрыс жауап 1 ұпаймен бағаланады.
Сұрақтар:
Жүздікте неше ондық бар? (10)
Көпбұрыштың барлық қабырғаларының қосындысы қалай аталады? (Р)
Қанша әріптен тұрса, сонша цифрдан тұратын сан?(100)
Бірден кіші жай бөлшек? (дұрыс)
Барлық сандарға қалдықсыз бөлінетін сан? (0)
Үшінші разрядтағы сан? (жүздік)
Жазықтықтағы өзара қиылыспайтын түзулер? (параллель)
Кубтың неше төбесі бар? (8)
Бөренені 8 бөлікке бөлу үшін неше рет кесу керек? (7)
Бірнеше таңбалы сандарды жазғанда бірінші цифр бола алмайтын сан? (0)
Тоннаның жартысында неше килограмм бар? (500)
Жай бөлшектерде бөлшек сызығының үстіне жазылатын сан? (алым)
Бірінші цифры 1-ге тең неше екі таңбалы сан бар? (10)
Үш команда шахмат ойнады. Барлығы 3 партия ойналды. Әр команда неше партия ойнады? (2)
Түзудің екі нүктемен шектелген бөлігі қалай аталады? (кесінді)
Бір санды екінші санға бөлгенде шығатын нәтиже қалай аталады? (бөлінді)
Латын тілінен аударғанда «ештеңе» деген мағынаны білдіретін сан? (0)
Килограммның мыңнан бір бөлігі неге тең? (грамм)
ІІ. «Кім тапқыр?»
Теңдік тура болатындай етіп, тек бір ғана сіріңкенің орнын ауыстыр:
VI – IV = IX
Жауабы: VI + IV = X немесе VI – IV = IX
Нәтижесінде 8 шығатындай, берілген үш сіріңкеге тағы екеуін қос:
ІІІ
Жауабы: VIІІ
Нәтижесінде 4 шығатындай, тек бір ғана сіріңкенің орнын ауыстыр:
ІІІ
Жауабы: IV
ІІІ. «Кім мықты?»
А әрпі қандай санмен алмастырылған:
9А : 1А = А? (96:16=6)
2-тапсырма (3 ұпай)
Айна барлығы 13 саңырауқұлақ терді, ал Айзада одан екі есе көп терді. Қыздар барлығы неше саңырауқұлақ терді? (39)
Айырманың мәнін есептеңіз:
- 8 = ? (83- 82 -8 =440 )
4. Теңдік тура болатындай амал таңбаларын қойыңдар.
7777=1 Жауабы: 7:7+7-7=1
7777=2 7:7=7:7=2
7777=3 (7+7+7):7=3
7777=4 77:7-7=4
ІV. «Ой сергітіп алайық!»
Әр топ өздері таңдаған фигураларды алдын ала дайындалған квадрат қиындыларынан құрастырады.
Құрастыруға 5мин. уақыт беріледі.
Топтар сурет құрастырып жатқан уақытта корермендермен ойын ойнатылады. Сұраққа дұрыс жауап берген оқушыларға сыйлықтар беріледі.
V. «Көрерменге кезек»
2, 3, 4, 5, 6, 7…
10, 9, 8, 7, 6, 5…
5, 10, 15, 20, 25…
9, 12, 15, 18, 21…
8, 8, 6, 6, 4, 4…
3, 7, 11, 15, 19, 23…
9, 1, 7, 1, 5, 1…
4, 5, 8, 9, 12, 13…
1, 2, 4, 8, 16, 32…
Топтардың ойын барысында жинаған ұпайлары қорытындыланады. Жеңімпаз топтар анықталады.
Бүгінгі 5-сыныптар арасында өткізілген «Математикалық додамыз» осымен аяқталды. Сау болыңыздар!