Просмотр содержимого документа
«Поурочное планирование на тему " Фрукты"»
Сабақтың тақырыбы: «Жемістер»
Сабақтың мақсаты:
Білімділік мақсаты: Жемістердің атауларын дұрыс атай білуге баулу.
2. Дамытушылық мақсаты: Жаңа сөздерді меңгеру арқылы сөздік қорын молайту.Жемістердің суреті бойынша әңгімелеу арқылы ауызша сөйлеу тілін белсендіру. Сөздік қорын молайту.
3.Тәрбиелік мақсаты: Жеміс ағаштарын қорғап, оларға қамқор болуына ықпал ету үшін тәрбиелік әңгімелер жүргізу.
Көрнекіліктер: Айна, Жемістердің суреттері.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі: - сәлемдесу
баланың көңіл – күйін сұрау
жылдың қай мезгілі?
сабаққа дайынсыңба?
баланы ыңғайлы отырғызу
2. Үй тапсырмасын еске түсіру:
Үйге қандай тапсырма берілді? (оқушы жауабы: )
- Үй тапсырмасын қайталау.
3. Дайындық кезең
Ұсақ моторикасын дамыту.
Ермексаздан ағашты мүсіндеу.
Тыныспен жұмыс.
«Шарды үрлеу».
Шарды үрлеп отырғандай елестетеміз
Ыңғайлы отырып, бір қолды ішке басып, екінші қолды іштің біржақ шетіне қою. Мұрынмен терең тыныс алу іш бір кезде сыртқа қарай домалақтанып сыртқа шыға бастайды, іштің астынғы жағы да үрленеді, оны ұстап тұрып қомен байқауға болады. Тыныс алғанан кейін демді еркін және біркелкі шығару керек, іш тұрған қалына келеді.
Сол кезде мынадай өлен шумақтарын айта отыру керек.
Міне шар біз үрледік!
Және қолмен тексердік.
(Сол кезде тыныс алынады)
Шар жарылды – тыныс шығарамыз!
Біздің ішімізді босатамыз!
Терең ...жеңіл... біркелкі ...дем аламыз...
Негізгі тапсырма
Сурет арқылы бүгінгі сабақтың тақырыбын табу.
Мынау не? Алма
Мынау не? Алмұрт
Мынау не? Жүзім т.б
қалай ойлайсың бұлар нелер? Бұлар жемістер.
Жеміс дегеніміз – адам ағзасына пайдалы. Үстелдің үстінде тұрған жемістерді көрсете отырып, атап шығу. Мысалы: Мынау-Алма, Мынау-алмұрт, Мынау – жүзім т.бОсы тақырыпқа байланысты өлең шумақтарын айту.
Мен алмамын, алмамын
Түрлі-түрлі боламын
Көкпеңбек едім көктемде,
Қызарам күз жеткенде
Мен алмұртпын, ақылдым
Күзде жинап алатын
Балбыраған біреуін
Жесең тойып қаласың.
Мен өрікпін өрікпін
Ерте ашатын гүлін
Қара өрік, сары өрік
Табиғатқа көрікпін.
Көрнекілік бойынша түстерді атаймыз.
Қызыл
Жасыл т.б
Сергіту сәті
Сағаттың тіліндей,
Иіліп оңға бір,
Сағаттың тіліндей,
Иіліп солға бір,
Сағатқа қарап –ақ
Жаттығу оңай - ақ
5. Бекіту.
Шығармашылық жұмыс.
-Конверттерге жемістер мен көкөністерді бөліп салу.