kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Ашық сабақ: С-дыбысын бекіту.

Нажмите, чтобы узнать подробности

С-дыбысын бекітуге арналған ашық сабақ жоспары

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Ашық сабақ: С-дыбысын бекіту.»

1 А.С Пушкин атындағы мектеп-гимназиясы









Ашық сабақ



Тақырыбы: [С] дыбысын бекіту.

Сабақ түрі: Жеке сабақ







Логопед: Ілияс Айдана

















Шымкент 2016-2017



Сабақ жоспары

Сабақтың тақырыбы: [С] дыбысын бекіту.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: «С» дыбысын жеке буында, сөзде, сөйлемде дұрыс айтуын бекіту. [С] - дыбысының артикуляциясын еске түсіру, сөзде дұрыс, анық айтқызу, көзбен көргенді есте сақтап қалып, ойлау қабілеттерін дамыту. Сөздің ішінен [с] дыбысының орнын табу. [С] дыбысын бар буындарды оқып, олармен сөз, сөйлем құрастыруды үйрету. Арнайы жаттығулар арқылы тілдің ауыз қуысында дұрыс орналасуын, ауаны ауыз арқылы шығаруға үйрету.

Түзетушілік: Оқушының ұсақ моторикасын,есте сақтауын, фонематикалық есту қабілетін, сөйлеуін, сөздік қорын дамыту. Жаңа сөздерді үйрете отырып, дыбыстық және буындық талдау жасауды дамыту. Тыныс алуын дұрыс қалыптастыра отырып, бір тыныста 3-4 сөзді айтуға дағдыландыру,ойлау қабілетін дамыту. Тынысты терең алып,ұзақ созып шығаруға үйрету.

Тәрбиелік: Логопедті мұқият тыңдауға дағдыландыру, сабаққа деген қызығушылығын арттырып, тиянақтылыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Көрнекі құралдар: [С] дыбысына арналған суреттер, шырақтар, ноутбук, құм терапиясы, үнтаспа «Көңілді күн».

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

- Сәлеметсің бе!

- Қазір жылдың қай мезгілі?

- Бүгінгі сенің көңіл-күйің қалай?

ІІ.Тыныс алу жаттығулары.

  1. «Кеседегі дауыл»

  2. «Шырақтар»

  3. «Футбол» ойыны.

III.Артикуляциялық жаттығу.

  1. «Жымию»

  2. «Шарбақ»

  3. «Ине»

  4. «Сағат»

  5. «Ат шабыс»

ІV. Ұсақ моторикасын дамыту.

Ойын: «Саусақтар»

Мақсаты: [С] дыбысын бекіту.

Ойын барысы:

Логопед: Нұрдаулет сен таңертең ұйқыдан оянғанда не істейсің?

Оқушы: Ұйқыдан оянамын,керілемін,орынымнан тұрамын,беті қолымды жуамын,таңертеңгі жаттығуымды жасаймын содан соң тамақтанамын да, мектепке барамын.

Логопед: Жарайсың! Ендеше екеуміз саусақтар ұйқысынан қалай оянады бірге жасайық.

Саусақтарды жұмамыз,

Саусақтар ұйықтап жатыр.

Саусақтар оянды,

Саусақтарды ашамыз.

Саусақтар керіледі,

Саусақтар арасын ашамыз.

Саусақтар бір-бірімен амандасады,

Саусақтарды бір-біріне кезекпен жақындатамыз.

Бет-қолын жуады,

Саусақтарды сипау.

Таңертеңгі жаттығуын жасайды,

Ашып жұму,

Тамақтануға барады.

V. [С] дыбысының кескінін, артикуляциясын көрсетіп, жеке айтылуын сипаттау.

[С] дыбысының кескіні көрсетіледі.

Логопед: Мінекей, біздің [С] дыбысы, қане, Нұрдаулет есімізге түсірейікші, [С] дыбысы қалай айтылады? «Сссссссс», Ерніміз қандай қалыпта?

Оқушы: Жымиған.

Логопед: Тіліміз қандай қалыпта?

Оқушы: Астыңғы тісіме тіреледі.

Логопед: «С» дыбысын айтқанда жылы ауа шыға ма? әлде, суық ауа ма?

Оқушы: Суық.

Буындарды айтқызып, одан сөз құрап,дәптерге жазу.

са-са-са- (садақ суреті)

са-са-са- (сағыз суреті)

сы-сы-сы-(мысық суреті)

сы-сы-сы-(асық суреті)

ұс-ұс-ұс- (құс суреті)

ыс-ыс-ыс-(күнбағыс суреті)

Логопед: Қанекей екеуміз «Қайтала» ойынын ойнайықшы.

Са-са-са-ызыңдайды маса,

Са-са-са-менің бойым аласа.

Су-су-су-қандай биік асу.

VI. Фонематикалық қабылдауын дамыту.

«Сөзді тап» ойыны.

«С» дыбысы бар сөзді естігенде қол шапалақтап қағып алу. (сағат,ағаш,сабын,гүл,жұлдыз,маса)

Сөйлемді толықтырып аяқта:

  1. Асхат (сағат)сатып алды.

  2. Сабина сабақтан соң (ыдыс) жуды.

  3. Манас досына (сызғыш) сыйлады.

VІІ. Сергіту сәті. «Көңілді күн»

Жұмбақты шеш:

  1. Көзін ашып жұмады, 2. Жер бетінде шашы бар,

Бағыт сілтеп тұрады. Жер астында басы бар.

(Сағат) (Сәбіз)

Логопед: Жарайсың! Қанекей, мына суретке қарап құм бетіне ұсақ моторикамызды дамыту үшін суретті саламыз.

«Құм терапиясы»

Қорытынды.

- Бүгін біз қандай дыбысты үйрендік?

- «С» дыбысын айтқанда тіліміз қандай қалыпта болады?

- Тіс арасы қалай тұрады?

- «С» дыбысының кескінін тақтаға жазып көрсете ғой?

IX.Үйге тапсырма.

  • Артикуляциялық жаттығуларды және «с» дыбысы бар сөздерді қайталап келу.

X.Бағалау.

-Жарайсың, бүгінгі сабаққа белсенді қатысып,өзіңді жақсы көрсеттің!
























Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Логопедия

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 1 класс

Скачать
Ашық сабақ: С-дыбысын бекіту.

Автор: Ілияс Айдана Абдуайтқызы

Дата: 21.01.2017

Номер свидетельства: 381920

Похожие файлы

object(ArrayObject)#865 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(106) "Логопедиядан ашық сабақ "С дыбысын сөзде, сөйлемде бекіту""
    ["seo_title"] => string(63) "loghopiediiadan_ashyk_sabak_s_dybysyn_sozdie_soiliemdie_biekitu"
    ["file_id"] => string(6) "466593"
    ["category_seo"] => string(10) "logopediya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1523983842"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства