kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Логопедиялық сабақтарда ұлттық ойындардың тиімділігі

Нажмите, чтобы узнать подробности

ывмвмвгшавыосовытшсиывшисывшсшвыисшывисшивышгисшгывсшгывисшгвыгшсывшгсывгсгвысгшывсгшвыгсшвыгшывгшсывгшсгшы

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Логопедиялық сабақтарда ұлттық ойындардың тиімділігі»

ПДТ – психикалық даму қарқынының қалыпты дамуының бұзылысы,оның салдарынан мектеп жасына келген бала мектепке дейінгі жастағы шеңберде, ойынға қызығушылықта қалуын айтады. Психикалық дамудың тежелуінің клиникалық алуандылығы және болжамының біркелкі еместігі байқалады. ПДТ балалардың көбіне сөйлеу тілінің ерекшеліктері тән. Сөйлеу тілі бұзылыстары барлық компоненттерде (дыбыс жағы, лексикалық, сөйлеу тілінің грамматикалық жағы) кездеседі. Е. В. Мальцеваның деректері бойынша тіл дыбыстарын айту кемістіктері ПДТ төменгі сынып оқушыларының 30 % байқалады, ол сөйлеу тілі бұзылыстары бар ПДТ балалардың 76% құрайды. Артикуляциясы бойынша күрделі дыбыстар жиі бұзылады: ысқырық, ызың, сонор (р,л). Дыбыс айту бұзылыстарының ішінде дыбыстарды алмастыру ерекше орынға ие. Өте таралғаны ысқырық және ызың дыбыстарды алмастыру. Бір дыбысты басқамен алмастыру тұрақтылығы байқалады, оның себебі дыбысты есту образы нақты емес, сөйлеу, есту, талдау және жинақтаудың толық қалыптаспауы. Психикалық дамудың тежелуінде сөйлеу тілі бұзылыстарының таралған сипаты «спецификалық ассимиляция»: бала артикуляциясы және дыбысталуы бойынша жуық дыбыстардан құралған сөзді дұрыс айта алмайды. Балалар дыбыстарды естіп ажыратуда қиналады, сөзді қабылдауы және ритмін қайталауы бұзылған. Дыбыстық талдау мен жинақтау бұзылыстары тұрақты болады. Сөздегі дыбыстардың кезектілігін, санын белгілеу, сөздегі дыбыстардың орнын сәйкестендіруде балалар қиындықтарға кездеседі. ПДТ балалардың сөйлеу моторикасы жеткіліксіз, әсіресе тілдің қимылдарында анық көрінеді. Тіл қимылдары нақты емес, балалар берілген қалыпта тілді ұстап тұруда, бір артикуляциялық қалыпта екіншіге ауысуда қиналады. ПДТ балалардың сөздігінің негізгі сипаты, ол оның шектеулігі және нақты еместігі. Сөздігінде көбінесе зат есім, етістіктер бар. Сын есімдерді меңгеруі қиын. Заттарды сипаттағанда ПДТ балалар орта есеппен екі-үш сын есімді қолданады (Е. С. Слепович). Жиі қолданатындары түс, пішін, мөлшерді білдіретін сын есімдер, ал сирек қолданатындары баға беру сипатындағы сын есімдер. Нақты мағынадағы сөздер мен жалпылама сөздер арасындағы байланыстың шектеулілігі білінеді. Сөйлеу тілінің лексикалық жағының ерекшеліктері тілдің антонимдік және синонимдік құралдарының жеткіліксіз қалыптасуында, белсенді сөздіктен енжар сөздігінің аздығы байқалады. Сөз қорын белсенділеу қиындатылған. ПДТ балалардың сөйлеу тілінің грамматикалық құрылымы да жетілмеген. Балалар септік формаларды шатастырады, оны қолданғанда қателер жібереді, сөйлеу тілінде типтік грамматикалық формалар қолданады.Сөйлеу тілінде сөйлемдердің жай конструкциялары көбірек. Жайылма сөйлемдерді қолданғанда балалар сөздердің орнын бұзып, оған стреотипті, орынсыз сөз тіркестерін қосады. ПДТ балаларда байланыстырып сөйлеуінің логикалық құрылымы бұзылған. Екіншілік бөліктерде тоқталып, маңызды логикалық бөлікті тастап кету, жағдайлардың кезектілігін айту бұзылыстары, бір тақырыптан екіншіге ауысу байқалады. ПДТ балалардың жазуында спецификалық қателер байқалады. Пайда болу себептерін ескеріп оларды топтарға бөлуге болады. Олар дыбыс айту және фонематикалық қабылдаудың қалыптасыпауынан болған қателер; дыбыстық талдаудың дамымауымен байланысты; сөйлеу тілінің лексика – грамматикалық жағының жеткіліксіз дамуымен байланысты; кеңістіктік түсініктерінің жетілмеуі; қолдың моторлық икемсіздігімен байланысты қателер, т.б. ПДТ балалардың сөйлеу тілі дамуының ерекшеліктері бір қалыпты емес: бір балада фонетикалық-фонематикалық бұзылыстар, екіншілерінде лексикалық-грамматикалық бұзылыстар болады. Психикалық дамуы тежелген (ПДТ) балалармен логопедиялық жұмысты ұйымдастыру.Психикалық дамуы тежелген балалармен логопедиялық жұмысты олардың психикалық ерекшеліктері (танымдық іс-әрекеті мен ерік-сезім аясы) және сөйлеу тілінің дамуының бұзылыстарына тән белгілері (сөйлеудің іс-әрекетті реттеуінің жеткіліксіздігі, іс-әрекетті вербализациялау қиындығы, сөйлеудің жоспарлау функциясының қалыптаспауы В. И. Лубовский, Г. И. Жаренкова) ескеріледі. ПДТ балалармен түзету-логопедиялық жұмыс кешенді, сонымен қатар ажырата ықпал ету сипатта жүргізіледі. Ажырата логопедиялық ықпал етуде баланың клиникалық сипаттамасы, жеке психикалық ерекшеліктері, жұмыс істеу қабілеті, сөйлеу тілінің бұзылу механизмі және деңгейі ескеріледі. Түзету жұмысы келесі бағыттар бойынша жүргізіледі: - талдау, жинақтау, салыстыру, жалпылау ойлау операцияларын дамыту; - көріп қабылдауын, талдауын, көріп жадында сақтауын дамыту; - кеңістікті бағдарлауын қалыптастыру; - естіп қабылдауын, зейінін, естіп жадында сақтауын дамыту; - қолдың ұсақ және артикуляциялық моторикасының бұзылуын түзету; - дыбыс айтуының бұзылуын, сөздің дыбыстық-буындық құрамының бұзылуын түзету; - сөздік қорын дамыту (сөз қорын молайту, сөздің мағынасын анықтау, лексикалық жүйені қалыптастыру, сөздердің арасындағы байланысты бекіту; - тілдің морфологиялық және синтаксистік жүйесін қалыптастыру; - фонематикалық талдауды, жинақтауды, түсініктерін дамыту; - сөйлем құрылымын талдауды қалыптастыру; - сөйлеудің коммуникативтік, танымдық және реттеуші функциясын дамыту. Психологиялық дамуы тежелген балалардың сөйлеу тілін ертегілер арқылы дамыту. Психикалық дамуы тежелген балалардың зейіні де тұрақсыз, тез қабылдап, тез ұмытады. Берілген тапсырманы соңына дейін аяқтамайды.Оларға көбінесе ойын түрінде сабақ жүргізу қолайлы сияқты. Сондықтан да осы ертегілер арқылы өткізу тиімді сияқты. Психикалық дамуы тежелген балалардың сөздік қорын дамытуда халық ауыз әдебиеті үлгілерінің ішіндегі ертегілер ең негізгісі болып табылады. Халықтың шығармалардың ішінде ертегілердің балаларға тигізетін Істері ұшан теңіз екені еш күмән туғызбайды.Ертегі және театрландырылған қойылымдар арқылы балалардың тілін дамыту Мұхтар Әуезов: «Ертегілер жас баланың ой санасын оятып, қиялының шарықтап өсуіне әсер етеді», – деп айтқан. Ертегілер – халық өмірін бейнелейтін көркем шығармалар. Ертегінің бай фантастикасы психикалық дамуы тежелген балалардың ойына қозғау салып,өмірдің неше алуан сырларын танытады, сана-сезімі мен ақыл-ой қызметінің дамуына, ерте қалыптасуына, соның негізінде сөйлеу тілінің дамуына көмектеседі. Ертегіні психикалық дамуы тежелген балалардың сүйсіне тындайды, себебі ғасырлар бойы ұрпақтан-ұрпаққа айтылып, халықтың даналы, тапқырлық ой пікірлері жинақталып, көркем әрі жеңіл тілмен берілетіндігінде. Ертегі оқиғасы басталатын жерден-ақ қызықты,ұшқыр қиялды болып келеді де,психикалық дамуы тежелген балаларды бірден қызықтырып,еліктіріп әкетеді. Халық ертегілерінің ішінде көп тарағаны: хайуанаттар жайындағы ертегілер.Ондай ертегі кейіпкерлерінің өмір сүру жолындағы,қарым-қатынастар жасаудағы айла-тәсілдері психикалық дамуы тежелген балаларға ой салады. Бұл ертегілер психикалық дамуы тежелген балалардың анасын оятып, мақсат мұрасына жетуге үретеді.Ертегі жөнінде хайуанаттар жайында ертегілердің бәрін алып қарасақ та,баланың ұғымына сай,түсінуіне жеңіл,күлкілі,қызықты болып айтылады. Ертегілерде балаларға ой салатын екі сипат бар.Олар:Ертегінің барлық кейіпкерлерінің мінез өзгешеліктерін,сырт көріністерін, күнкөрісін байқайды. Есту,тыңдау арқылы олар енді тікелей білуге, зерттеуге құштарланады.Екіншіден, хайуанаттар жайындағы ертегілер арқылы оны мысал ете отырып,адамдар арасындағы қарым-қатынасты, олардың мінез-құлқын салыстыра отырып, байқайды. Ондай ертегілердің қатарына «Түлкі мен қоян», «Түлкі мен бөдене», «Күшік пен мысық», «Түлкі мен тауық» т.б жатады. Ертегілерді психикалық дамуы тежелген балалардың сөйлеу тілін дамыту үшін қолдануда көптеген әдіс-тәсілдерді пайдалануға болады. Солардың негізгілерін төмендегідей бөліп қарастыруға болады: ертегілерді рөлдерге біліп оқыттыру; -ертегі желісімен суреттер салғызу, сол сурет негізінде ертегі мазмұнын сұрау; оқылған ертегі бойынша сөздік жұмыстарын жүргізу және ертегіні психикалық дамуы тежелген балаға түсінікті болуы үшін қысқартып немесе артық сөздерін алып тастап қолдану. Ертегі – халқымыздың ертеден бері келе жатқан мәдени мұраларының бірі – ауыз әдебиеті. Ертегі «Бұрынғы өткен заманда,ерте – ерте,ертеде» деп басталуынан да оның атам заман туындысы екенін аңғару қиын емес. Ертегілерде халық басынан кешкен,ғасырлар ізі жатыр.Оларда еңбекші халықтың тұрмыс – тіршілігі, әдет – ғұрпы, елдік тарихы, қилы – қилы асулары, арман – мұраты бейнеленген. Барлық елдің ауыз әдебиетінен мол орын алған және халықтың жазу – сызу өнері болмаған кезінде ауызша шығарылған күрделі шығармасының бір түрі – ертегілер. Ертегілер көбінесе,қара сөз ретінде айтылатындықтан, оны халықтың ерте заманда шығарған көркем әңгімесі деп қараймыз. Ертегіні мазмұнына қарай, әр алуан ерекшеліктеріне қарай бірнеше түрге бөлуге болады. – жануарлар жайында ертегілер – қиял-ғажайып ертегілер –шыншыл ертегілер Баланың сөздігі балаларды жекелей бақылау негізінде, нақтылы, көрнекі материалдарға сүйене жүргізіледі. 1. әңгімелеу,әңгіме құрастыру (өзі көріп білген жайттар туралы,сурет мазмұнын, оқылған шығарманың мазмұнын әңгімелету). 2. Сөзді түсініп айту дәрежесін байқау. Ол үшін балаға таныс және таныс емес заттарды көрсетіп сұрау, әңгімелесу. – Балаға бірнеше таныс заттар мен ойыншықтарды көрсетіп (суреттен немесе заттың өзін) сұрап, түр – түсін, атын, пішінін, қайда, не үшін жасалатынын айтқызу. – сөздік қорларын байыту; – ауызша сөйлегенде дыбыстарды анық айтуға үйрету; – кейіпкерлердің іс-әрекеттері мен дауыс ырғақтарын сәйкестендіре дұрыс сөйлеуге баулу; – байланыстырып сөйлеуге дағдыландыра отырып,шығарма барысын,мазмұнын ұғынуға,рөлдерді түсініп ойнауға үйрету; Әдіс-тәсілдер: балалардың жас ерекшеліктеріне байланысты материалдарды жинақтау және ертегі кейіпкерлерінің суретін салу Тіл дамытудың тиімді құралдарының бір- жаңылтпаш, жұмбақ айтқызып, оның шешімін тапқызу.Бала тілін дамытатын өзінің қоршаған ортасы.Атап айтсақ, айналасындағы түрлі оқиғалар, жанұясы, оқыған кітабы, көрген кинолары психикалық дамуы тежелген баланың ойлау әрекетін дамытады, және қортынды жасай білуге үйренеді. Тілді дамытуда ертегілердің атқаратын маңызы зор. Ертегілерді баланың оқуы не тыңдауы, мазмұныны қайталап айтып беруі сөздік қорын молайтады, байланыстырып сөйлеу тілін дамытып, қиялдауға мүмкіндіктер туғызады. Психикалық дамуы тежелген бала тілін дамыту мен тілді үйретудің жолдары бар. Тіл дамытудың қандай түрі болсын, бәрі бала тілін дамытуға, жазу және тіл мәдениетін жетілдіруге бағытталады.Психикалық дамуы тежелген оқушылардың сөздік қорын дамыту кезіндегі логопедиялық сабақтарда халық ауыз әдебиетінің үлгілерін қолданса, олардың сөйлеу тілін дамытуда және жеке дамуына ілгері әсерін тигізеді. Стандартты оқыту бағдарламасына сәйкес келетін негізгі лексикалық тақырыптар бойынша халық ауыз әдебиеті үлгілерін сұрыптап орын –орнымен қолдана алсақ, басқа тілден аударып немесе материал жоқ деген себептерге соқтықпай сабағымызды нәтижелі өткізуге болады.
Психикалық дамуы тежелген оқушылардың таным процестерінің, жас ерекшеліктерін, сөйлеу деңгейін ескере отырып, халық ауыз әдебиетінің ішінен: мақал-мәтелдер, жаңылтпаштар, жұмбақтар, ертегілер, аңыз-әңгімелер, шешендік сөздер қолдануға болады.
Психикалық дамуы тежелген оқушылардың сөздік қорын дамытуда - халық ауыз әдебеті үлгілерінің ішіндегі ертегілер ең негізгісі болып табылады. Ертегінің бай фантастикасы психикалық дамуы тежелген оқушылардың ойына қозғау салып, өмірдің неше алуан сырларын танытады, сана-сезімі мен ақыл-ой қызметінің дамуына, ерте қалыптасуына, соның негізінде сөйлеу тілінің дамуына көмектеседі. Ертегіні психикалық дамуы тежелген оқушылардың сүйсіне тындайды, себебі ғасырлар бойы ұрпақтан-ұрпаққа айтылып, әбден екшеліп, халықтың даналы,тапқырлық ой-пікірлері жинақталып, көркем әрі жеңіл тілмен берілетіндігінде.
Ертегілердің осындай ерекшеліктері балалардың талғамын күшейтіп,сөйлеу мәдениетін, байланыстырып сөйлеуін дамытып, өз ойын жүйелі жеткізе білуге үйретеді. Психикалық дамуы тежелген оқушыларға халық ауыз әдебиетінің үлгілерін қолдануда төмендегідей негізгі жағдайлар ескерілуі қажет:
- аталған халық ауыз әдебиетінің үлгілерін қолдану барысында оқушылардың жас ерекшеліктері ескерілуі қажет;
- кемістік түрі мен деңгейі назарға алынуы тиіс;
- балалардың қызығушылықтары да назарда болуы керек;
Жоғарыда аталған тәсілдерді пайдалану психикалық дамуы тежелген оқушылардың тек қана сөйлеу тілін ғана дамытып қоймайды, қайта олардың таным процестерінің, басқалармен қарым-қатынасының дамуына, сынып оқушыларын татулыққа, бірлікке, бір сөзбен айтқанда адами қасиеттерге баулуға өз септігін тигізеді.
Психикалық дамуы тежелген оқушылардың сөйлеуін, ой-өрісін дамытуда, көзқарасын, тәлім-тәрбиесін қалыптастыруда халық ауыз әдебиетінің бір түрі- мақал-мәтелдердің алатын орны ерекше. Мақал-мәтелдер балаларға терең ой салып, көркем-образды сөйлеуге жаттықтырып, сөздік қорын дамытады. Негізінен, мақал-мәтелдерді психикалық дамуы тежелген оқушылардың тобының сөйлеу тілін дамытуда көптеген әдіс-тәсілдер арқылы қолдануға болады. Екіншіден, балалар кескінді көріп қабылдау арқылы оның атын атайды және мақал-мәтелдің бөлігіне сәйкестендіреді, яғни бұл жерде де баланың сөйлеуі арқылы тапсырма орындалады. Халық ауыз әдебиетінің келесі бір түрі - жұмбақтар. Балалар фальклорында жұмбақтар баланың ақыл-ойын дамытып, тіл байлығын жетілдіреді. Баланы ойлауға, жасырған нәрсенің шешімін табуға жаттықтырады. Жұмбақтың шешуін табуда оның құпиясы баланы қызықтырып, шешімін айтқызуға мәжбүр етеді.Жұмбақтың тәрбиелік мәніне тоқтала отырып, психикалық дамуы тежелгенбалалардың жас еркешеліктеріне қарай тақырып мазмұны сәйкес жұмбақтарды таңдап алып, онда балалардың ақыл – ойын логикасын, тілін дамытуға мән бердік. Баланың ақыл-ойын дамытуда танымдық қабілеттерін арттыруда, қиялын шарықтатып, тапқырлыққа тәрбиелеуде жұмбақ таптырмайтын құрал болып табылады.Мектеп оқушыларының тілін дамытуда үзбей жүргізілетін және тіл дамытуға мүмкіндік беретін балалар фольклорының бірі- жаңылтпаштар. Ол баланың тіліне, оның әрбір сөздеріне тартымды қылықтарына күле отырып, оларды дұрыс сөйлеуге бағыттайды. Баланы халық жас кезінен бастап дұрыс сөйлеуге үйретеді. Жаңылтпаш - халықтық шығармалар ішінде баланы дұрыс та айқын сөйлеуге үйрететін, тілін дамытатын жанр. Жаңылтпаш көбінесе психикалық дамуы тежелген бастауыш мектеп оқушыларына лайықты шығарма.Олай дейтініміз жеке дыбыстар мен айтылуы қиын кейбір сөздерді дұрыс сөйлеуге үйрету, ол көбінесе балаға ғана тән нәрсе. Психикалық дамуы тежелген балалардың көпшілігі мектепке келгенге дейін кейбір сөздерді не жеке дыбыстарды айта алмайды. Кейбір ерке өскен балалар сақаулана сөйлейді. Міне, осындай балаларды жастайынан дұрыс сөйлеуге үйретуді көздеп, халық жаңылтпашты пайдаланған. Балалардың көбінесе, дұрыс айта алмайтын, тілі келмейтін «р» дыбысы.Осыған байланысты«р» дыбысын құрайтын дұрыс айруға бағытталған жаңылтпаштар да көп. Қазақ халқы баланың тілін ұстарту үшін оған сөз үйретіп, дүниетанымын дамыту мақсатында жаңылтпаштар ойлап шығарғанСәбидің тілі шығып алғашқы сөздерді айта бастағанда кейбір дыбыстарды айта алмай қиналады. Тілін мүкістендірмей, мүдірмей сөйлеу үшін қиналып айтатын дыбыстарды және сол кездесетін сөздерді жиі жиі айтқызып, жаңылмай айтуға жаттықтырған жөн. Сонда ғана бала өз ойын толық, жүйелі жеткізе алатын болады. Жаңылтпаштарды жатқа, мүдірмей айту арқылы баланың сөздік қоры байып, ой- қиялы дамиды. Халық жаңылтпашты бала тіліндегі мүкістікке байланысты шығарған.
Жаңылтпашты айтқызуда алдымен оны жаңылмай тез әрі бірнеше рет қайталау қажеттігін ескерген жөн. Баланың тілін дамытып, ойлау қабілетін арттыру үшін бірнеше әр түрлі дыбысқа байланысы білетін жаңылтпаштарын жатқа айтқызу керек. Осы балалар категориясына неғұрлым жаңылтпашты көп қолданса, соғырлым олардың тілі тез ширап, дыбыстарды анық айтатын болады. Дыбыстарды анық, дұрыс айта алса, сөзді дұрыс айтып, оның мағынасын меңгереді. Осыған орай, психикалық дамуы тежелген оқушылардың сөздік қорын молайту жұмыстары бірнеше жұмыстың мәселесін шешеді. Мәселен: біріншіден, тілдік қарым - қатынасқа түсу және өз ойын басқаларға еркін жеткізу. Екіншіден, сөздерді қолданып, тілдері жетіледі. Үшіншіден, сөз байлығы дамиды және ойы да дамиды. Төртіншіден, сөйлеуін жетілдіру барысында олардың таным процестерін де дамытуға болады.
Даму мүмкіндіктері уақытша шектелген балалармен жүргізілетін қандай жұмыс болмасын оқушыларды қоршаған өмірге биімдеуге , олардың сөйлеу тілін ой - өрісін дамытуға негізделуге тиіс .Мұғалім олардың ойлау белсенділігін арттырып , білім алуға деген ынтасын оята алатын жұмыстардың әдістері мен тәсілдерін таңдап алады . Ол тәсілдер үш топқа бөлінеді :
1. Әңгіме айту, түсіндіру, әңгімелесу, оқулықпен және кітаппен жұмыс істеу.
2. Көрнекі әдістері: қызықты тақырыпқа сай көрнекі құралдар болу керек.
3. Осы өтетін тақырып практикалық әдістер болу керек. Жұмыстың нәтижесі: Жұмысты жүйелі жүргізу негізінде төмендегі нәтижелерге қол жеткізіледі: - баланың сөйлеу тілі дамиды; -сөздік қорлары толығады; -сөз бен сөзді байланыстырып сөйлеуге дағдыланады; -өз ойын ашық айта білуге үйренеді;







Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Логопедия

Категория: Презентации

Целевая аудитория: Дошкольникам

Скачать
Логопедиялық сабақтарда ұлттық ойындардың тиімділігі

Автор: Мухаметжанова Анаргуль Турсынбаевна

Дата: 11.12.2019

Номер свидетельства: 531402

Похожие файлы

object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(100) "Логопедиялық сабақтарда ұлттық ойындардың тиімділігі"
    ["seo_title"] => string(53) "logopediialyk_sabaktarda_ulttyk_oiyndardyn_tiimdiligi"
    ["file_id"] => string(6) "492468"
    ["category_seo"] => string(10) "logopediya"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1545645685"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства