О?ушыны? жас ерекшелігіне байланысты тіліні? даму ?оры- ол баланы? о?уда?ы жетістігіні? кепілі. Б?л ?азіргі уа?ытта барша?а м?лім болып табылады. Баланы? тілдік ?орыны? дамуы неден т?рады? - деген с?ра??а 3 т?рлі ба?ыт бар.
1) Отбасында?ы тілдік ?арым-?атынас(?дет-??рып, салт-д?ст?р, т.б.)
2) Тіл икемділігі (орта-жас буын адамдарымен ?арым ?атынасы.)
3) Логопедтік ?йірме (топпен ж?не жеке ж?мыс жасау, ??гімелесу, баланы? тілдік ?орын ?ада?алау.)
Бізді? білім алу орталы?ында баланы? тілдік ?оры дамуы ?шін барлы? жа?дайлар жасал?ан: аптасына 2 рет 25-35 минуттан баламен жеке ж?не топпен саба?тар ?ткізіледі. Логопед мамандары мынадай ба?ыттарда ?з ж?мыстарын ат?арады: 1-ші сыныпта дауысынын ?ойылымы,(дыбыстарды автоматизациялау ж?не дефференцияциялау) ?са? мотикасын ж?не де д?рыс есту ?абілетін арттырады.
Баланы? д?рыс с?йлеу м?нері, тілдік ?абілетіні? жа?сы дамуыны? бірден-бір е? ма?ызды ат?аратын р?лі ол ата-ана болып табылады.
Баланы? тілік дамуы уа?ыт ?те ж?нделеді деп бар м?селеге жай ?арауыны? м?лдем ?ажеті жо?. К?п уа?ытын ?й-ішінде, ту?ан-туыс,жа?ындарыны? арасында ?ткізеді. Сонды?тан да ата-аналары с?йлеу м?нерін ?ата? т?рде ?ада?алап, уа?ытында ж?ндеп отырулары тиісті.
- С?зді д?рыс жеткізе алма?аны ?шін бала?а дауыс к?термеу тиіс.
- Баланы? ?р с?здегі жіберген ?ателігін ашумен т?зетпеуі керек.
- ?са?-т?йекке м?н беріп, бір с?зді бірнеше рет ?айталатпауы керек.
Ата-аналар тілдік ?орыны? д?рысты?ын ?ада?алауы тиіс. ?йде жиі ертегілер, ?ле?дер, ж?мба?тар, біраз баламен ?ндетіп те жатты?улар жасау бала?а с?йлеу м?неріні? дамуына ?те зор септігін тигізеді. Б?л баланы? с?йлеу м?нерін, на? с?йлеу, м?н-м?нерімен с?йлеуіне ?те к?п ы?пал жасайды. Теледидарды к?п ?араудан арылып, бос уа?ытыны? к?бін баламен ойын ойнап, тілін дамытып, ?арым-?атынасыны? жа?саруына к??іл б?лулерін с?раймыз.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Ата – аналар?а ке?ес »
«Меңдіқара ауданы әкімдігі білім бөлімінің Ғаббас Жұмабаев атындағы
Боровской орта мектебі» мемлекеттік мекемесі.
Ата – аналарға кеңес
Мұғалім – логопед: Г.Т.Ахатова
Меңдіқара ауданы
Бірінші сынып ата-аналарына
логопедтердіңақыл-кеңестері.
Оқушының жас ерекшелігіне байланысты тілінің даму қоры- ол баланың оқудағы жетістігінің кепілі. Бұл қазіргі уақытта баршаға мәлім болып табылады. Баланың тілдік қорының дамуы неден тұрады? - деген сұраққа 3 түрлі бағыт бар.
1) Отбасындағы тілдік қарым-қатынас(әдет-ғұрып, салт-дәстүр, т.б.)
2) Тіл икемділігі (орта-жас буын адамдарымен қарым қатынасы.)
3) Логопедтік үйірме (топпен және жеке жұмыс жасау, әңгімелесу, баланың тілдік қорын қадағалау.)
Біздің білім алу орталығында баланың тілдік қоры дамуы үшін барлық жағдайлар жасалған: аптасына 2 рет 25-35 минуттан баламен жеке және топпен сабақтар өткізіледі. Логопед мамандары мынадай бағыттарда өз жұмыстарын атқарады: 1-ші сыныпта дауысынын қойылымы,(дыбыстарды автоматизациялау және дефференцияциялау) ұсақ мотикасын және де дұрыс есту қабілетін арттырады.
Баланың дұрыс сөйлеу мәнері, тілдік қабілетінің жақсы дамуының бірден-бір ең маңызды атқаратын рөлі ол ата-ана болып табылады.
Баланың тілік дамуы уақыт өте жөнделеді деп бар мәселеге жай қарауының мүлдем қажеті жоқ. Көп уақытын үй-ішінде, туған-туыс,жақындарының арасында өткізеді. Сондықтан да ата-аналары сөйлеу мәнерін қатаң түрде қадағалап, уақытында жөндеп отырулары тиісті.
- Сөзді дұрыс жеткізе алмағаны үшін балаға дауыс көтермеу тиіс.
- Баланың әр сөздегі жіберген қателігін ашумен түзетпеуі керек.
- Ұсақ-түйекке мән беріп, бір сөзді бірнеше рет қайталатпауы керек.
- Баланың оқытушымен жұмыс жасауына үлкен үміт, шабытын оятуы қажет.
Өйткені,балаға дұрыс бағыт, қарапайым сөздерді үйрете білуі үшін. Ата-аналар да өз тілдік қорының дұрыс айтылуын жақсы меңгерулері қажет.Үй жұмысының орындалуына қатаң түрде қадағалау қажет. Ақыл-кеңесін, ескерту жарнамаларын логопед жеке түрде белгілейді.
Ата-аналар тілдік қорының дұрыстығын қадағалауы тиіс. Үйде жиі ертегілер, өлеңдер, жұмбақтар, біраз баламен әндетіп те жаттығулар жасау балаға сөйлеу мәнерінің дамуына өте зор септігін тигізеді. Бұл баланың сөйлеу мәнерін, нақ сөйлеу, мән-мәнерімен сөйлеуіне өте көп ықпал жасайды. Теледидарды көп қараудан арылып, бос уақытының көбін баламен ойын ойнап, тілін дамытып, қарым-қатынасының жақсаруына көңіл бөлулерін сұраймыз.
Ата-аналар логопедтік сабақтарға қатысуға толық құқылы.
Тәрбие бастауы
Біраз жасаған адам өмірде де, өз ісінде де ой-тәжірибе топтап, соған сүйеніп, үлкен бір тоқтамдарға келеді екен. Сондықтан өмір бойы бала оқытқан ұстаздың бала тәрбиесі туралы көптеген тұжырымдар жасауы табиғи болса керек. Ауыл баласы және мектебі туралы шын толғай жөнелсек, «Батырлар жырын» күн-түн демей жырлаған жыраулардан кем түспес пе едік, қонар көңіл, тыңдар құлақ болса. Қазіргі әңгіме соның бастауы ғана.
Ең алдымен нақты айтатын нәрсе - сабырлы ой еңбегіне бейім бала бар да, оған керісінше, тынымсыз қимыл-қарекетке бейім бала бар. Түбінде бұл екі бейімді бір-біріне қарсы қою қате пікір шығар, бірақ бұл балалардың мінез-құлқы тіптен басқаша екені анық. Ой-қиялға бейім баланың негізінен дене бітімі нәзіктеу, қимыл-қарекеті баяу, бос. Ал қарекетшең баланың негізінен дене бітімі бекем, қуатты, қол еңбегі мен спортқа бейім болады, бірақ ой еңбегіне жоқ. Бұл, мүмкін, адамның жаны мен тәнінің таразылануының белгісі шығар – бірінің қиындықта-рын екіншісі көтеріп кететін. Адам жан мен тәннің тепе-теңдігі емес пе, бірақ оған жету қиынның-қиыны. Жан мен тәннің тепе-теңдігі адамға нағыз бақыт сезімін береді, бірақ оған жету жолында адам жанын да, тәнін де терең тәрбиеден өткізуі тиіс болады. Бұл шығыстық философиялардың түп негізі.
Сондықтан да, кез-келген баланың тәрбиесінде о бастан ескеретін негізгі мәселе – оның өз жаратылысын, яғни тәни және рухани бейімін неғұрлым ертерек анықтап, оқу-тәрбие ісін соған негіздей жүргізу. Мысалы, бала ой еңбегіне, яғни ой-қиял дүниесінде өмір сүруге бейім екен, оның ақыл-ой, қиял-парасатын барынша ұштап, осы қабілеттерінің барынша толық ашылуына жағдай жасау керек. Міне, осы бала болашағы ғылым-білімнен айрықша нәтиже бере алады. Әрине, дайындықтың ішіне оның тәни тәрбиесі де кіреді. Өйткені тән саулығы – жан саулығының алғы шарттарының бірі. «Тән саулығы» дегенде тек денсаулықты ғана емес, тәннің түрлі қимыл-әрекеттерге икемділігін, дүниедегі құбылыстарға сергектігін, сол құбылыстармен бірге қимылдай алатын еркіндігін де түсіну керек шығар. Тән ауру-сырқаудан таза, сергек те еркін және бақуат болмаса, сана-сезім де ұзаққа бармайтыны анық. Тән саулығы жанға жігер-қуат береді. Ал енді, бала тәни дүниеге, көзге көрініп тұрған кеңістік пен уақытта өмір сүруге, қимыл-қарекетке бейім екен, оның да осы бағыттағы өз бейімдерін барынша жетілдіріп, қабілет-дарынын дамыту қажет. Міне, бұл істің өзегі – оның рухын, ақыл-парасатын дамыту. Рухсыз тән – тоғышар да тар маңдай, күнделікті күйбеңінен аспайтын жердің құрты. Міне, осы пайымдауларымызға сай, оқу-тәрбие ісі әрбір баламен түбегейлі жеке дара, өз бағдарымен жүргізілуі тиіс еді.
Дарын деген солардың ішіндегі дарасы, бірегейі. Нағыз дарындардың сирек туылатыны бесенеден белгілі. Шын қасиет қонған бала жарқ етіп, өзі-ақ бір жерден шығары анық. Өз орнын табары хақ. «Асыл алмас, қап түбінде қалмас». Қуатты дарын баланың бар сана-сезімін, күш-қуатын «байлап» алып, өз жолына салады да тұрады. Ондай бала сондықтан да былайғы тірішілікке бейімсіздеу, өзінің ішкі дүниесімен өмір сүреді. Осы тұста оған да сүйеу, қолдау қажет. Дарынын мәпелеп, тірішіліктің кір-қоңынан, ыпласынан қорғаштап, баптайтын айрықша күтім керек. Әрине, ең алдымен, дарынына «жұқ» болар қуатты білім көзі, дарынды, ақылдас-сырлас ұстаз керек. Бабы келмесе, тұлпар да шаппайды.
Дарынның жолы бөлек. Ал басқа балаларды қайтеміз?
Басқа бала да әртүрлі. Әрбіріне өзіндік көзқарас, тіл, парық-пайыммен қарай білу керек. Айрықша дарын болмағанмен, көңілін тапса, алға тырмыса ұмтылып, ерекше еңбекқорлық пен табандылығының арқасында небір биіктерге шығар, жоғары қабілетті ұл-қыздарымыз аз емес. Бірақ олардың тағдыры көп мәселелерге тікелей байланысты. Ең алдымен оларға тиянақты тәрбие қажет. Тәрбиесіз білім тұл.
Тәрбиенің түп қазығы – отбасы. Ата-ана. Тегі. Бұл мәселенің маңызын сөзбен айтып жеткізу қиын. Ең алдымен, әрбір балаға әке-шешеден, ал оларға ата-бабадан қанмен өткен ақыл-парасат, сана-сезім, түйсік деңгейі болады. Біреуде бұл өзекті қабілеттер жоғары, айқын болса, ал басқа біреуде төмен, бұлыңғыр. Мұны «тегіне тартты» дейді. Әрине, бұл кесіп айтар әңгіме емес. Әркімнің де тегінде ақыл-парасаты мен дарыны мықты адамдар да, керісінше, ақымақтар немесе өз күйбеңін күйттеуден аса алмай өткен тоғышарлар да көп болған. Баланың бойынан әйтеуір соның бірінің қасиет-қарымы қалқып шығары анық. Сондықтан «тегіне тарттыдан» гөрі «жетесіне берсін» деген сөз әлдеқайда шындыққа сай келсе керек. Баланың қандай болып туылуы және қалыптасуы тікелей әке мен шешенің, яғни алдыңғы буынның биіктігіне тікелей байланысты. Әке-шеше отбасында қандай орта, қандай ауа қалыптастырса, бала сол ортаның шеңберінде, сол ауаны жұтып өседі. Мысалы, кейбір отбасында үлкендердің барлығы дерлік кәдімгі шаруамен – мал, егіншілік, сауда және т.с.с. шұғылданады, жұмысқа барып келеді, бүкіл әңгіме-дүкен де сол айналада. Мұндай отбасылардың балалары негізінен шаруаға бейім болып өседі.Ал жалпы оқу-білімнің тіпті «иісі» де жоқ, ол айналада тұщымды әңгіме де айтылмайды. Ата-ана көбіне білім мен мәдениетке құмартып, асығып тұрған жоқ. Ашығын айту керек және бұл сыр да емес – ауылда көбіне осындай отбасылар тірішілік етеді.Мұндай отбасында білім - өгей. Қалай ғана бұл үйдің балалары білімге ұмтыла алады, «білім» деген құдіреттің не екенін білмей өссе? Мұндай ортада дарыны асып туған баланың өзі дарынына азық таппай, білімге шөлдеп-сусап өседі. Ата-ана шын «Білім» дегеннің не екенін өздері де біле бермейді, сондықтан балаларына ол туралы жөн де сілтей алмайды. Ау білімділер қайда кеткен? Сонау бір жылдары бір білім министрі ауылдық мектептерді аралап жүріп, «білімділердің барлығы қалаға кеткен» деп ауылдықтарға жақпай қалғаны бар. Ашуланбай-ақ, байыппен қарасаңыз, оның әңгімесінің жаны бар. Қазіргі ауыл адамдарының көпшілігінің оқу-білім, мәдениет, яғни рухани ахуалы маған реанимацияда өмірі қыл үстінде жатқан адамды елестетеді. Не кітап, не газет оқымайды, жалпы өмірде және қоғамда өтіп жатқан уақиғаларға өсектен асып, тұщымды бір пікірін айта алмайды, айналасындағы адамдарға адамгершілік пен жақсылық жасауға татымайды, тіпті, не жақсылыққа, не болашаққа, не адамға сенбейді. «Байысам» дейді, бірақ сол байлықтың бағасын, қадірін білетін қандай да бір мәдени, рухани деңгей қажет екенін ойлап жатқан адам бар ма?!. Рухани түскіндік деген осы-ау, шамасы.
Дүниежүзілік бір үрдіс жүріп жатыр – урбанизация деген. Бұл – халықтың жаппай ауылдан қалаға қоныс аударуы. Осы қоғамдық құбылыстың нәтижесінде дүниежүзінде көптеген үлкенді-кішілі ауылдар қаңырап, бос қалған. Міне, осы ғаламат көшу алғашында әлгі рухани түскіндіктен басталса керек. Өйткені бар өркениет пен мәдениет қалаларға шоғырлануда, заманның бар жақсылығы қалада. Бұл – шындық. Ауылды қаншама «көтереміз, дамытамыз» дегенмен, бұл шындықты ешкім жоққа шығара алмайды. Басқасын қойғанда, тек Астана мен Алматыда ғана шоғырланған миллиардтаған ақша айналымын бүкіл елдегі ауылдарға салынатын қаражатпен, меніңше, салыстырып та болмайды. Қаланың тұрмыстық-әлеуметтік, қоғамдық-мәдени ахуалы ауылдан көш ілгері алға кетті. Мұны сүйікті арман қалаларымызға бір қыдырып барып келсеңіз бірден түсінесіз. Мен өзім Алматыға жадырап барып, ауылға біраз жабырқап қайтамын. Өйткені ауылымның жалпы көңіл-күйі дүбірлеген «қала тойынан» жырақта.
Осыған қатысы бар-ау деген ойымда жүретін бір мәселені жасырмай-ақ айтайын – көптеген ел қайраткерлері – депутаттар, жазушылар, бизнесмендер «барлығымыз ауылдан шыққанбыз, ауылды көтеру керек!» деген сөзді көп айтады. Мен оларды құрметтеймін. Бірақ ойымда тұратыны олар қалада отырып сөйлейді, бізге жаны ашып сөйлейді. Мен оларға – «Ондай жанашырлықтың жаңғырықтары ауылға жете бермейтінін білмейсіздер ме? Ауыл тағдырын жылы кабинеттерден шешіп жіберсеңіздер, онда ауылымның көңіл-күйі неге әлі қырандай шарықтай қоймайды?!. Жиірек ауылға келіп, бір-бір аптадан болса да бала оқытып, бір-екі жақсы кітап, компьютер ұстатып, опера, күй тыңдатып тұрыңдаршы, оқыған-тоқығанды ауыл баласына сәл де болса сіңіріп, көзін ашып кетші, өмір бойы құдайдай көріп жүрсін» - дегім келеді, бірақ олардың бүкіл ел адамы екенін, олардың елге қызметінің маңызын да түсінемін. Сондағы менің ұққаным – бәрібір ешкім сырттан келіп, бізге ЖҰМАҚ орнатып бермейді. Аяққа тұрғысы келе ме, ауыл адамы ӨЗІ ТІРІЛУІ керек-ақ. Ауылдан шыққан мықтылардың МЫҚТЫЛЫҒЫНЫҢ өзі осыда – олар тырмысып, жоқтан бар жасап, өзінің ауылдық болмысынан биіктеп, «тесіп шыққандар».
Осы әңгімені түсінген ата-ана отбасында терең рухани ішкі өзгерістер жасауға жедел кірісуі тиіс. Үй іші мен отбасының жалпы рухани ауасын өзгертіңіз – балаларға оқу-білім туралы тұщымды әңгіме-сұхбаттарды көбейтіңіз, түрлі кітаптар, компьютер сатып алудан ақшаңызды аямай, балаларға кітапхана, білім ұясын жасап беріңіз. Білім-мәдениетке жаны жақын адамдар мен отбасыларды «шырақ жағып» іздеп, олармен өзіңіз де, әсіресе балаларды араластыруға талпыныңыз. Ақыл-парасатты, білімді де мәдениетті адам ешқашан адам баласын кеудеден кері итермейді, шуақ шашып қарсы алады. Кезінде өте білімді де мәдениетті профес-сор, жазушы және өнерлі ағаларды көрдім, ауылда жүрген, рухани өресі солармен теңдес ақын, жазушы, ұстаз аға-інілер мен апа-қарындастарды білемін, адамның ең кішіпейілі де, мейірбаны да, қамқоры да солар. Соның қадірін білсеңіз болды. Ұстаздармен жиі сұхбаттас, ақылдас болыңыз, балаларыңыздың ішкі дүниесін, ішкі талабын білуге тырысыңыз, соған сай рухани азық беріңіз, кішкентайдан таза рухани азықпен тойынбаған бала ешқашан және ешнәрсеге көңілі толмайтын, ешбір қанағатсыз, ешкімнің және ешнәрсенің қадірін білмейтін тоғышар болып шығады. Міне, сондайлардан қазіргі надандар, қатігездер, парақорлар, қылмыскерлер, пасық байшыкештер пайда болуда. Әр баланы өз бейіміне сай кәсіпке баулыңыз, түрлі мамандықтар жөнінде балаларыңызбен күнделікті ақылдас-сұхбаттас болыңыз. Баланың бастауы отбасында екенін еш ұмытпаңыз. Бала отбасындағы басты тұлға. Оны тек «асырау» тіптен жеткіліксіз (кешіріңіз, қойды да асырайды ғой), оны адамшылық пен заманауи білім-мәдениет биігіне көтеруге талпынайық, Өркениет көшіне қосайық.
Балаға отбасынан кейінгі «тәрбиеші» - сыртқы орта. Үйден және мектептен тыс орта баланы кішкентайынан өз құшағына ала жөнелуге дайын тұрған, теңіздей толқынданған бір алапат ағыс. Өмір даңғылы. Көше. Оның балаға, бала түгілі ересекке, ықпалы орасан. Отбасы тәрбиесімен өскен және көшеде еркін кезіп жетілген балаларды көзіңізге елестетіңіз, айырмасы жер мен көктей екенін бірден ішіңіз сезеді. Бір қарағанда көше баласы өмірге өте бейім, икемді көрінеді. Бірақ біраз әңгіме-сұхбат жасап, араласып көрсеңіз, оның санасының сол көше аумағынан шықпайтын саяз екенін, ешбір білім-мәдениеттен жұрдай, рухани жағынан жабайы деңгейде қалғанын бірден-ақ білесіз. Дәл осы сәтте қиялымда күтімі жақсы, тәтті де ірі жемістерін адамдарға силайтын баудағы алма ағашы мен ащы да ұсақ өнімі жерге төгіліп таусылатын жабайы алманы елестетіп отырмын.
Дұрыс, көше балаға адамдармен араласуды, жақсы мен жаманды ажыратуды біршама үйретеді, өмірге және өзіне шынайы көзқарас қалыптастырады. Бала ерте есейеді, қатаяды. Бірақ көше баланы тобыр деңгейінде ғана тәрбиелейді – «күшті жеңеді, қу озады, көптің ішінен бөлінбе, көп не істесе, соны істе, өзіңше ойланба, өзіңше істеме» және т.с.с. Көше баланың жекедаралығын, өзіндік мінезін өшіреді, сана-сезімін көше аумағымен шектеп, ақыл-парасаты тұрмыстық деңгейде қалып қояды. Қарасаң қимыл-әрекеті, сөздері кісі сияқты, ал тереңдесең – пиғыл-көзқарасы, дүниетанымы «ойыншыққа таласқан» бөбектің деңгейінде. Мұндайды пси-хологияда инфантилизм дейді. Бұл қазіргі кездегі жастарымыздың психологиясындағы негізгі дерт дер едім – отызында да есі кірмеген, үйленбеген, үйленсе, бір отбасын икемдей алмай, ажырасқан, рухани өте жұтаң, ешнәрсеге қызықпайтын нигилист жастарымыз көп. Осының бәрі, ең алдымен, көшенің тікелей әсері.
Бала неге көшеге шығып кетеді?!. Ия, отбасының және мектептің ықпалы төмендеген сәтте, баланы көше магниттей өзіне тартып ала қояды. Түбінде, отбасы мен көше бір-біріне қарсы қоятын дүниелер емес, бір таразының екі басы. Өмір таразысы. Баланы «үйде қамап отыр» деген сөз емес, көшеге де шығу керек. Тек, көшедегі тірішілікке баланың көзқарасы үйде қалыптасуы тиіс. Көшедегі ғана емес, отбасындағы не мектептегі де әрбір уақиға ата-ана мен бала арасында күнделікті сұхбат-талқыға түсіп, өз бағасын алып, айқындалып отыруы тиіс. Уақиға адамгершілік, қоғамдық тұрғыдан, ақыл-парасаттық және білім-мәдениеттік мазмұны жағынан жіктеліп, оның ақиқат мәнісі балаға ұғындырылып отыруы тиіс. Бала біртіндеп «жақсы» мен «жаманның» ақиқат ара жігін дұрыс ажыратуды үйренеді. Бірақ бұл жолы ол терең ақыл-парасаты мен біліміне сүйенеді. Көше еріккенде уақыт өлтіретін немесе ойнап келетін ортадан баланың мықты тәрбиешісіне, тәжірибе жинақтау алаңына айналады.
Отбасының балаға ықпалы қалай төмендейді? Жоғарыда айтқандай, кейбір отбасында бәрі шаруабасты, тіпті, кейбір ата-ана не үйде жоқ, не түзде жоқ. Осы жүрістерін олар «бала-шағаның қамы» деп өздерін ақтағысы келеді. Ал баланың оқу-білім, мінез-құлық жағдайы, ішкі жан дүниесінің рухани талаптары ұмытылып, қараусыз қалады. Бір мезгіл отырып, түрлі мазмұнды кітап оқымаған соң, ата-анамен не басқамен салиқалы ой-пікірталас, сұхбаттар жасамаған соң, күнделікті де тиянақты білім нәрінен сусындамаған соң баланың ой-өрісі, ақыл-парасаты дамымайды, тұрмыстық деңгейден аспайды. Бала үйден таппағанын көшеден іздейді. Бірақ көше өз заңдарын ұсынады.
Көшенің өмірі қалай қалыптасады? Оны да бөтен біреулер емес, өзіміз жасаймыз. Көше – өмір алаңы. Оның ең басты ерекшелігі – қоғамның «жақсысы» мен «жаманын» ашық, яғни ақиқат бейнесін көрсетеді. Әрбір үйдің баласы ең алдымен көшеге өз отбасының бар тәшпіші мен мәселелерін дестелеп бірге ала шығады. Әке-шешеден жеген «таяғын», естіген былапыт сөзін, бейқасиет мінез-қылықтар мен ұрыс-керісті, отбасының материалдық және рухани жұтаң тұстарын, бәрін бала «тамағы сіңбеген, асқазаны бейжай» адамдай көшеге құсады. Мұндай көбейіп кетсе, көшенің тірішілігінен шынымен-ақ құсқың келеді. Көше бейқасиет, дөрекі де бұзақы, қулық-сұмдық ортасына айналады. Ал егер, материалдық та, рухани да хал-ахуалы жоғары, адамшылық-мәдени реңі кірген отбасылар көбейе түссе, көшенің де бет-бейнесі бірден өзгеріп, жадырап шыға келеді. Көше – қоғамдық-әлеуметтік барометр. Оған қара да, әлеуметтің ахуалын біле бер. Көшені жөндеу үшін әрбір отбасының ахуалын мәдениет пен өркениетке жеткізу қажет. Әрбір отбасыны бір-бір мемлекет десек, оның ішкі саясаты мен идеологиясын түбегейлі жолға қою қажет, бала тәрбиесі оның ең өзекті мәселесі болуы міндетті. Отбасы - келешек ұрпақ үшін. Міне, сонда ғана өз көшемізден өзіміз қорықпаймыз. «Өз көлеңкемізден өзіміз үрікпейміз». Ал қазіргі көшенің ахуалы қазіргі өзіміздің қоғамдық-әлеуметтік жағдайымызға сай, бір сөзбен айтсақ – «Ақша жоқ, ақша болса, бәрін қатырамыз». Әңгіме тек ақшада емес-ау, ең алдымен елдің білім-мәдениетінде, рухында. Осы тұрғыдан ауыл – сенімді тұғыры жоқ, қанаты жазылмаған, томағасы алынбаған қолбала қыран секілді. Тұрған жайында ісіп-кеуіп, «мен қыранмын!» деп шаңқылдағанымен, оның несі қыран?!. Әйтпесе қаншама ауыл адамы бала-шағасының болашағын ойлап немесе жұмыс іздеп қала жағалап кетер ме еді?..Меніңше, олар тек табыс іздеп кеткен жоқ, сәл де болса замануи мәдени-өркениетті орта да іздейді.
Келесі тәрбие баспалдағы – мектеп.Баланың отбасынан кейінгі үйі. Баланың бар өмір-тағдыры сеніп тапсырылған оқу-тәрбие ордасы. Құрметті оқырман, осы сөздің мәнісіне бір үңілші! Қалай ата-ана өз баласын басыбүтін біреудің қолына «тапсыра салады», неге тапсырады?!. Мектепке ата-ана баласын бір үмітпен сеніп тапсыра ма, жоқ, мектеп не өкімет ата-анадан баланы «тартып» ала ма?.. Бұл өте қызық сұрақ. Бұл туралы әңгіме көп.
Дәл осы мәселеге екі тұстан қарау керек – ата-ананың және мектептің көзқарасымен. Бұл да бір таразының екі басы.
Ең қуанатыны – «баламды мектеп үлкен адам етіп шығарса, білімі мен мәдениеті қатарынан еш кем болмаса» деген үкілі үмітпен өмір сүретін, бауыр еті баласын мектепке сол үміт-арманымен қоса тапсыратын ата-аналар баршылық. Мектеп және мұғалімдермен жиі байланысып, тұрақты түрде баласының хал-ахуалы туралы ақыл-кеңес жасап тұратын, бала тәрбиесіне өте үлкен жауапкершілікпен қарайтын ата-аналарды білемін. Олар мені үйіме іздеп келіп, бірлесе отырып, бала тәрбиесі және оқу-білім туралы ұзақ та мәнді сұхбаттар жасағанымыз есімде. Мен мұндай ата-аналарды әулиедей көремін. Қатты құрметтеймін және шын жүрегімнен балаларының рахатын көрсін деп тілеймін.
Бірақ ата-аналардың кейбірі «баланы басыбүтін мектепке тапсырдым, баламен тек мектеп шұғылданады» деген сенімде, «жаны жай тауып, баланың міндетінен құтылғандай», бала тәрбиесінде екі қолды бос қояды. Мектепті өкіметтің «тегін балабақшасындай» немесе «өкімет баласын тартып» алғандай көреді. Ата-аналық парызын мектепке аудара салады, ары-беріден соң «қайда қарап жүрсіңдер!» деп мектепке, ал «неге бүйттің!» деп...баласына доқ қылады. Бәрінің төбесінен қарайтын сот па, бастық па сияқты. Міне, мұндай ата-ана бала үшін өте қауіп-ті! Өз баласына бөтен және қауіпті. Алдымен бұлардың өзін тәрбиелеу керек.
Ал енді баламен еш ісі жоқ, бетімен кеткен ата-ана да баршылық. Әрине, бала да бетімен кеткен. Мектепке келтірмек түгілі үйінен іздеп таппайсыз. Баласы туралы әңгімеге тартамын деп, ұрыс-керістің, былапыт сөздің астында қаласыз. Сабаққа, тіпті, емтиханға бұл үйдің баласын мұғалімдер үйіне барып, төсегінен тұрғызып, «қолпаштап» жүріп әрең жеткізеді. Ал ата-ана...жоқ есебі. Обал! Балаға және отбасына обал. Бірақ мұндайда қолдан келер шара жоқ.
Ал енді мектептің тұсынан көз тастайық.
Баласының болашағынан үміті бар ата-ана алдымен мектепке жүгінері хақ. Жоғарыда қойылған «Қалай ата-ана өз баласын басыбүтін біреудің қолына «тапсыра салады», неге тапсырады?!.» деген сұрақты жүрегімен де, санасымен де терең қабылдап, ел-жұрттың баласының болашағына деген үлкен жауапкершілікті сезінген, өз мойынына алған көптеген ұстаздарды білемін. Бауыр еті баласын қолыңа тапсырып тұрса, одан асқан жауапкершілік те, сенім де жоқ шығар. Осы сенімді ақтауға талпынған мұғалімнен айналасың. Мұндай мұғалім ата-анамен тығыз байланыста, балаға ақылдас-сырлас дос, қамқор, кішіпейіл, әрбір баланың жан дүниесі мен мінез-құлқын түсінуге, оған сапалы білім-тәрбие беруге талпынады және сол бағытта ізденгіш. Мұндай мұғалімге бала да, ата-ана да жақын, пейілінің ақ екенін бірден-ақ біледі, ақылдас-сырлас болады.
Бірақ, жасыратыны жоқ, басқаша ұғымдағы мұғалімдер де бар. Бұлар – балаларға да, олардың ата-анасына да «үлкен бастық». Бұл мұғалім бар күш-жігерін балаға сапалы білім-тәрбие беруден бұрын оны өзіне бағындырып, алдында сірестіріп ұстауға жұмсайды. Мұның бір себебі – кейде мұғалім өзінің білімсіздігін, мәдениетсіздігін осы әдіспен жасырғысы келеді, кейде, «бағындырудан» ләззат алады. Дұрыс, бала тәртіпке үйренуі тиіс, бірақ күнделікті психологиялық қысымнан оның еркін ойлау, өз пікірін ашық айту, өздігінен шешім қабылдай алу қабілеттері нашарлайды. Мәңгүрттікке бой ұрады. Кейбір еркелеу немесе мінезділеу балалар керісінше, өздігін сақтап қалуға тырысып, мұғаліммен жиі тіресіп, жаныға түседі, жүйке жүйесі домбыраның шегіндей керіліп, қалыпты жағдайдан шығады, шаршайды.
Бұл типтегі мұғалімдер ата-анамен тіл табысуда да көп қиындықтарға кезігеді. Өйткені оның балаға шын жаны ашымайтыны білініп тұрады, ата-ананы да кері тебеді.
Мұғалім қауымының тағы бір типі бар. Бұларды «кездейсоқ немесе айлық үшін мұғалім болғандар» десе болады. Баланы не білім-мәдениетімен үйіріп кете алмайды, не, тіпті, «бұйрықтарымен» де өзіне икемдеуге құлықсыз және жігерсіз. Баладан қорқады. Баладан шошиды. Балаға еш берері жоқ. Әйтеуір бір жылтыңдықпен, жансірілігімен тіршілік етеді. Баланы да, өзін де қорлап жүр. Бірақ өз ахуалын түсініп, мектептен кетуге де күш-жігері жетпейді. Мұндайларды да, әттең, мен көрдім, көріп те жүрмін. Мен үшін мұндайлар мектепте құлазып жүрген көлеңкелер сияқты.
Ең таңқаларлығы осы – мектепте білімсіз-мәдениетсіз мұғалім де тірішілік ете алады, тіпті ол одан әрі мектеп басшылығына да еркін көтеріле алады! Ау, ағайын, білімсіз білімнің қадірін көтере ме?!. Бұл бір ғажайып.
Міне, осы жоғарыда айтылған ортадан ауыл баласы өсіп шығады!
Ал енді айтыңыз – қандай бала өсіп шығады? Қандай балаларымыз бар? Өзіңіз бір шамалап көріңіз. Бұл жөнінде де енді үлкен әңгіме қозғауға болады.
II-бөлім. Ауыл баласы қандай?
Ең дұрысы ауыл мектебі мен ауыл баласы туралы хикаяларды баяндайын. Өз өмірімде, көз алдымда өткен және көңілімде із қалдырған шын хикаялар. Жақсы мен жаманын өзіңіз ажыратып аларсыз, құрметті оқырман.
I-хикая.
Физика, математика, астрономия және информатика пәндерін жоғары қазақ сыныптарда және орыс сыныптарында оқыттым. Бәлен жыл мектепте істегенде екі-үш сыныпқа ғана жетекшілік жасадым. Ең алғаш өзім бітірген Абай атындағы мектепке келе сала маған 6 орыс сыныбын тапсырды. Орыс сыныптарында түрлі ұлттардың – қазақ, неміс, кәріс, өзбек, татар – балалары жиналған еді. «Жас, жігерлі жігітсің» деп оқу-тәрбиесі өте ауыр балаларды жүктеді. Мұғалімдер сол кездерде бұлардан әбден ығыр болған. Бұл сыныпқа бірнеше жыл жетекшілік еттім.
Мен әлге дейін таңқалатын бір қызық құбылыс бар. Егер түрлі ұлт өкілдері араласа өмір сүрсе, неге екенін, олардың ой-санасы, сезім-түйсігі жеделдете дамитын секілді, айналаға сергек қарайды, тез түсінгіш, өз ой-пікірін тартынбай айтады, намысшыл, қағілез. Бұл құбылысты университетте жүргенде байқадым, өйткені түрлі ұлттың қыз-жігіттерімен қоян-қолтық оқыдық. Баяғы, неміс, орыс көп болатын кезді еске түсіріңізші. Арамызда бір қазақтай өмір сүрген немістің өзі неге тұратын еді. Тірлігі өте пысық, бүкіл техниканы бес саусақтай меңгерді, қазақшаны қазақтан жақсы сөйледі, айналаға өте сергек. Бұл, алдымен, неміс халқының табиғатынан десек те, тағы бір маңызды себебі – олар айналаға қарап бой түзеді.
Міне, менің сыныбымдағы балалардың да ең бірінші ерекшелігі сол еті тірілігі еді. Олар қазақ сыныбындағы балалардан қағілездеу, сөзшең, әсершілдеу, намысшылдау және т.с.с. Бұл мұғалімдерге бұзықтық болып көрінетін. Көптеген мұғалімдер, мұны осы кезде де байқаймын, баладан басқалардан айрықшалау бір мінез, қимыл-әрекет көрсе, пікір естісе, оны қалай қабылдауды білмей қалады, кейбір пікір не сұрақтарына жауап та таппай қалады, содан ең жеңіл жолды таңдайды – ол баланы не «тәртіпке» салады, не үндемей құтылады. Жоқ, мен әр баланың мінез ерекшелігін ескеруге тырыстым, екпіні мен жігері күшті баланың екпініне ілестім, жуас та тыныш баланың тыныштығын бұзбай сұхбаттастым, әрбірінің жекедара мінез ерекшелігін тап басып, түсінуге, сол арқылы әрбірінің өзіне деген құрметін өсіруге және сол құрметін түсірмеуге ұмтылдым. Менің бала тәрбиесіндегі бұлжымас принципім – «ең алдымен баланың құрметін көтер, өзін-өзі силап-құрметтеуге жеткіз, кейін баламен бірге сол құрметін түсірмеуге талпын». Өз құрметін білген адам жақсы болуға талпынады және басқаларды да құрметтей бастайды.
Ең қиыны – баланы өзін-өзі құрметтеуге жеткізу. Ол үшін ұстаз оның жақсы да пайдалы қасиет-қабілеттерін ашып, аялап, «қолынан бір іс, жақсылық келетінін» көзіне көрсете білуі керек. Міне, осы әркімнің қолынан келе бермейді. Жатқан психология, жан дүние, математика, биология, тіл, сезім-түйсік және т.с.с., яғни ғылым-білім, дүниетанымның бәрі осы жерде қажет.
Маған кейбір мұғалімдер немесе басқа оқушылар «сыныбыңыздың балаларын өте еркелетіп жібересіз» деген сөзді көп айтатын. Оның себебін өзім білуші едім – сыныпқа жетекші екенмін деп оларға «бастық» не «командир» болғым келмейтін еді, кәдімгі шынайы ағалары сияқты қарым-қатынас жасауға ұмтылатынмын, еркін жүріп-тұрсын, еркін сөйлесін, өзінің құдай берген мінез-құлқымен өмір сүрсін, яғни әрбірі өзімен-өзі болсын деп қалайтын едім. Балалар еркін, сондықтан да ашық-жарқын, көңілді болатын. «Бұзық» не «сотқар» деген балалардан қайта еркін де өр мінез күтіп, намысын қозғап, дұрыс бағытқа салуға тырыстым. Әрине, кейде қаталдықтың да қажет кезі бар – балаға талап қоя білу, оны орындату, жаман әдеттер мен әрекеттерден сақтандыру. Балаға қатаң талаптар қою үшін алдымен мұғалім өзіне қатаң, талапшаң болуы міндетті. Әйтпесе оның сөзі бір жақта, ісі екінші жақта, оны бала көріп отырады, қайдан тәрбие болсын.