Просмотр содержимого документа
«Жалпы ж?не жал?ы есім »
Сабақтың тақырыбы: Жалқы және жалпы есім
Сабақтың мақсаты: 1.Зат есім жайында берілген білімді еске түсіріп, жаттығу жұмыстарын орындау барысында жалқы және жалпы есіммен таныстыру
2. Дамыта оқытудың тиімді әдіс-тәсілдерін пайдалана отырып, оқушыларды сауатты,көркем жазуға дағдыландыру, ,оқушылардың сөздік қорын ,сөйлеу мәдениетін дамыту.
3.Оқушыларды ұқыптылыққа, қоршаған ортаны қорғауға тәрбиелеу.
Түрі: жаңа сабақ.
Әдісі : сұрақ –жауап,түсіндіру,көрнекілік,ойын,кластер,салыстыру,Венн диаграммасы.
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру:
1. Психологиялық дайындық.
2. Оқу құралдарын түгендеу.
Ойын.»Кім жылдам?»
Сынып топқа бөлініп,оларға әр сөз табына сөз ойлау тапсырылады.
1-топ –зат есім, 2-топ-сан есім, 3-топ-сан есім
Әр топтан оқушылар шығып тақтаға жылдам жазады.
Жаңа сабақ:
Ертегі. Ертеде Зат есім деген сөз табының Жалпы және Жалқы есім деген ұлы болыпты .Жалпы есім көпшіл,жалпылама ұғымды білдіріпті .Ал Жалқы есім өзімшіл теқ қана өз атын айта беріпті. Зат есім болса екі ұлының да мінезін біліп,олармен тіл табысып екеуін де орынды жұмсай біліпті. Олар да әкелерін сыйлапты.
-Ендеше,біз де осы сабақта бір-бірімізді сыйлап,тыңдап Жалпы есім мен Жалқы есім туралыбілетін боламыз.
-Мына суреттегі заттарға назар аударайық.Заттың атын жазайық.(суреттер көрсетіледі)
алма Алма раушан Раушан
(жеміс) (қыз) (гүл) (қыз)
391-жаттығу.(Ауызша).Сөздердің бірі кіші әріппен,бірі үлкен әріппен жазылған. Не себепті деп ойлайсыңдар?
Қорытынды:Ереже.
Шығармашылық жұмыс.
а)Алма осындай көрікті,
Екі өрім өріпті.
б)Далада раушан гүлі жайқалады,
Ару көріп оны таңқалады.
Ойын. 392-жаттығу.Өлеңді оқу.Жалпы есім мен жалқы есім табады.
Арман-ата Тарбағатай-жер аты.
Дәптермен жұмыс
Бүгінгі күн, ай аты. Көркем жазу.
394-жаттығу..Сөйлемдерді көшіріп жазу.Сөйлемдегі сөздердің бас әріппен жазылу себебін түсіндір.