Урок глагол и отрицательная форма глагола. Урок аукцион.
Урок глагол и отрицательная форма глагола. Урок аукцион.
Уроки казахского языка в 8 и 9 классах с русским языком обучения.
Урок глагол и отрицательная форма глагола. Урок аукцион Участвуя на аукционе находят формы глаголов, выполняют разные виды работ по теме урока. Ученики делятся на группы и используется групповая форма работы. Воспитательный момент урока ребята знакомятся с Посланием Президента РК Н.А. Назарбаева и воспитывается любовь к труду.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
шығармашылыққа, патриоттыққа тәрбиелеу. Сабақтың түрі: Дәстүрлі емес Сабақтың типі: Аукцион сабақ Әдіс – тәсілдер: ой қозғау, сұрақ – жауап, шығармашылық жұмыс, ойындар, Қолданған технология: Дамыта оқыту технологиясы,. АҚТ Көрнекіліктер: суреттер, кесте, бағалау парағы, слайдтар. Пәнаралық байланыс: ана тілі, дүниетану, бейнелеу, өзін – өзі тану
Сабақтың құрылымы: I. Бағдарлау – мотивациялық кезең. Ұйымдастыру, психологиялық даярлық. II. Операциялық орындаушылық кезең. Оқулықпен жұмыс, өздік жұмыс III. Рефлексиялық – бағалау кезеңі. Бекіту, қорытындылау
Психотренинг: «Біз кімбіз?» Жарқын болсын күніміз, Жарқын шықсын үніміз. Елін сүйіп ер жетер, Біз болашақ гүліміз
“... Адамзат үшін ХХІ ғасыр жаңа технологиялардың ғасыры болмақ, ал осы жаңа технологияларды жүзеге асырып, өмірге енгізу, игеру және жетілдіру бүгінгі мектеп оқушылары сіздердің еншілеріңіз” (Н. Назарбаев)
Иә балалар сендер еліміздің болашақ иесісіңдер. Болашақ ұрпақ білімді, ғылымды, техниканы жақсы меңгеруі қажет. Олай болса, балалар біз бүгінгі сабағымызды бастайық. Балалар сендер білесіңдер Елбасы Н. Ә. Назарбаев әр жыл сайын халыққа жолдауын ұсынады. Биылғы жолдауын біз сынып сағатында талқыланғанбыз, қане есімізге түсірейікші. Ол жолдау қалай аталатын еді? Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ
атты жолдауы болатын. Бұл жолдау жеті бағыттан тұрады.
Болашақ – аграрлық секторда, әсіресе, шағын және орта бизнес түріндегі жаңа өңдеу кәсіпорындары желісін құруда.
«Жасыл» экономикаға көшу жөніндегі қабылданған тұжырымдамаға сәйкес, 2030 жылға қарай егіс алқаптарының 15 пайызы суды үнемдеу технологияларына көшірілетін болады.
Ең алдымен Қазақстан ғылымының әлеуетін арттыру. Бұл бағыт бойынша венчурлік қаржыландыру, зияткерлік меншікті қорғау, зерттеулер мен инновацияларды қолдау, сондай-ақ ғылыми әзірлемелерді коммерцияландыру жөніндегі заңнаманы жетілдірген жөн.
Инфрақұрылымдық үштаған – агломерацияның, көліктің, энергетиканың қарқынды дамуын қамтамасыз ету керек.
шағын және орта бизнесті дамыту – ХХІ ғасырдағы Қазақстанды индустриялық және әлеуметтік жаңғыртудың басты құралы.
. ХХІ ғасырдағы дамыған ел дегеніміз – белсенді, білімді және денсаулығы мықты азаматтар. балаларды мектепке дейінгі біліммен 100 пайыз қамту, Үкіметке 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап стипендиялар мөлшерінің 25 пайызға өсірілуін қамтамасыз етуді тапсырамын, , денсаулық сақтау саласындағы басты басымдық – алғашқы медициналық-санитарлық көмекті дамыту, қазақ тілі бүгінде ғылым мен білімнің, интернеттің тіліне айналды, мүмкіндігі шектеулі азаматтарымызға көбірек көңіл бөлу,
Мемлекеттік институттар жұмысын жетілдіру.
Осы жолдауда I бағыты «Ауыл шаруашылығын жаңғырту. Ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу, шаруа қожалықтарын дамытуға көп көңіл бөлген.» Осы мәселе төңірегінде бүгін біз сабағымызда ауыл шаруашылығының өнімдерін заттарынан аукцион өткіземіз.
Аукцион – көпшілік алдында кім артық төлем ұсынса, бұйым немесе зат соған сатылатын бәсекелес жария сауда. Аукцион - латын сөзі, аударғанда сатып алу деген мағынаны білдіреді. Аукцион қандай да бір бағалы затты, ең жоғары бағаны көтерген ұтып ала алады. Бүгін біздегі аукциондағы заттарды білімдерімізбен сатып ала аламыз.
Етістіктің есімше тұлғасы мен «жоқ», «емес» сөздерінің тіркесуі арқылы жасалады. Мысалы, өшірген жоқ, өшірген емес т. б. Болымды, болымсыз етістікті орыс тілінде мына түрде кездестіруге болады: сказал - не говорил, писал – не писал, спала - не спала. Бұлар орыс тілінде положительная форма глагола және форма отрицание глагола болып келеді де, «не» предлог арқылы жасалады. Сондай - ақ, ағылшын тілінде де сәйкес келеді. Мысалы, Do you speak English? No. I do not speak English. Мұндағы іс - әрекеттің жүзеге аспауын «not» сөзі арқылы білеміз. Сондай - ақ болымсыз етістік жұрнақтары зат есім тудырушы жұрнақтармен омонимдес болып келеді. Оларды қалай ажыратуға болады? Болымсыз етістік жұрнағына екпін түспейді, ал зат есім тудырушы жұрнаққа екпін түседі. Мысалы, көр - ме, көр+ме, шал+ма,
II. Операциялық – орындаушылық кезең Аукционға қош келіпсіздер!
1. КОМБАЙН – бір мезгілде бірнеше жұмысты атқара алатын жұмыс машиналарынан біріктірілген күрделі зат. Бұл затты алу үшін тапсырма: «Зерделі сұрақ, дәлелді жауап!»
Етістік дегеніміз не? Етістіктің түрлерін ата? Туынды етістік дегеніміз не?
Етістік Дара – күрделі --------- Негізгі – Туынды -------- Болымды - Болымсыз Бар – бара жатыр ----- Күт – күтті ----------------- Кел - келме Болымды – болымсыз етістік туралы мәлімет беру. Көркем жазу минуты: Бар – барма, айт – айтпа.
2. ТРАКТОР не істейді? Пайдасы: жер жыртады, егін салады, шөп шабады, жер тазалайды. Тракторды алу үшін:
3. СӘЙГҮЛІК. Сәйгүлік дегеніміз жылқы – төрт түлік қазынаның бірі. Ол суыққа төзімді. Көлік ретінде тамақ ретінде пайдаланады. Сәйгүлікті алу үшін:
2 – жаттығу Тыйым сөздерді көшіріп жазу.
1. Аққу киелі құс саналады. Сондықтан аққуды атуға болмайды. 2. Құмырсқаның илеуін, қарлығаштың ұясын бұзба. 3. Автобуста қарттарға, өзіңнен үлкендерге орын бер. 4. Малды аяғыңмен теппе. 5. Нанды бір қолмен үзіп жеме. 6. Кітапты таза ұста. 7. Құстарға жемсауыт жаса. 8. Сүт тағамдарын жерге төкпе.
Сергіту сәті: Аспанға қарап ай көрдік, Төменге қарап жер көрдік. Оңға – солға бұрылып, Егеменді ел көрдік!
4. Сыбаға бағдарламасы бойынша Еуропадан әкелінген АҚ БАС СИЫР – төрт түлік мал. Еті, сүті, терісі адамға пайдалы. 3 – жаттығу 1 топ: Болымды етістіктерді теріп жазу 2 топ: Болымсыз етістіктерді теріп жазу
БІЛІМ Білім деген байлық бар, Еш байлық оған жетпейді. Жасыңда оқып, жиып ал. Тепкілесең кетпейді. Өртіңе ол күймейді Ұрылар да тимейді. Жатып ішер жамбастап Жалқауды ол сүймейді.
III. Рефлексиялық – бағалау кезеңі Шығармашылық тапсырма: 1. Берілген әріптерден болымды, болымсыз етістікке бірнеше сөз құра: А, Б, Ы, Қ, М, Е, П, Л, Р, С, И. 2. Ой толғау: Не үйрендік? Не білдік?
Үйге тапсырма: 4 – жаттығу. Ереже жаттау. 158 бет Бағалау парағы бойынша топ басшысына сөз беру. Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың алдағы 10 жыл ішінде Қазақстан Республикасының «Бәсекеге барынша қабілетті, дамыған 30 елдің қатарына қосылу» стратегиясы бәрімізге мәлім. Осы стратегияны жүзеге асырудың басты шарты білім екені даусыз. Сондықтан «Ешқашан да бәрін білемін, енді маған бұдан артық үйренетін ештеңе жоқ деп санаушы болма», – деген Н. Д. Зелинскийдің сөзімен бүгінгі аукцион сабағымызды аяқтаймыз. Дамыған заманда білімімізбен алда көрінейік