kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Тіл білгірі сайыс сабағының жоспары

Нажмите, чтобы узнать подробности

 5-сыныптар арасында сыныптан тыс "Тіл білгірі" сайыс сабағының жоспары.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Тіл білгірі сайыс сабағының жоспары»

Астана қаласы №14 мектеп-гимназия ММ –нің

қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Юсупова Халима Калиевна

Сабақтың тақырыбы: "Тіл білгірі" сайысы

Сабақтың мақсаты:

Оқушылардың ойлау, еске сақтау, қайта жаңғырту қабілеттерін дамытумен қатар, қазақ тілі мен әдебиет пәніне деген қызығушылықтарын арттыру.

Сабақтың түрі: сайыс сабағы

Көрнекілігі: интерактивті тақта.

Сабақтың ұраны:

Көп тіл білсең көкжиегің кең болар,

Құрметтейді кісі екен деп төрге озар.

Қай елде жүрсең де бұл дұрысы -

Мемлекеттік тілді білген жөн болар.

Мұғалімнің кіріспе сөзі:

- Құрметті әріптестер, оқушылар! Бүгінгі "Тіл білгірі" сайыс сабағымызды қазақ тілі мен әдебиеті апталығына арнаймыз. Тіл сайысын өткізудегі мақсатымыз - басқа ұлт өкілдерінің мемлекеттік тілге құрметпен қарауын, сонымен бірге мемлекеттік тілге қызығушылығын арттыру.

Бүгінгі сайысымыз 9 кезеңнен тұрады, олар:

1. Таныстыру, сәлемдесу.

2. "Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы" (мәнерлеп оқу)

3. "Зымыран сұрақтар" (қазақ тілі пәні бойынша)

4. "Жеті жұрттың тілін біл"

5. "Ойлы болсаң, озып көр"(әдебиет пәні бойынша)

6. Жұмбақ сандық

7. "Жүйрік болсаң, шауып көр"

8. "Тапқыр болсаң, тауып көр"

9. "Мықты болсаң, тауып көр"

Сайысқа 5 сыныптар арасынан 9 оқушы қатысады.

"Сайысымыздың бет ашарын бастайық,

Көрерменді бір серпілтіп тастайық.

Таныстырсын сайыскерлер өздерін,

Өнеріне ду қол соғып қостайық",- деп, кезекті сайысқа қатысушы оқушыларға берейік.

I кезең. Таныстыру, сәлемдесу.

II кезең: "Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы" мәнерлеп оқу сайысы.

Оқушылар Үш бәйтерек иелері: Сәкен, Ілияс, Бейімбет өлеңдерін мәнерлеп оқиды.

III кезең: "Зымыран сұрақтар" кезеңі (қазақ тілі пәні бойынша)

Мықты болсаң - алдағыны басып оз.

Мықты болсаң - арттағыны жеткізбе!

Мықты болсаң - тайғанама көк мұзда!

Мықты болсаң - бөгеттерді бұзып өт – деп сайысымыздың үшінші кезеңіне өтейік.

Қазақ тілі пәні бойынша берілетін сұрақтарға дұрыс және жылдам жауап беру. Әр дұрыс жауапқа 10 ұпайдан беріледі. Сұраққа бірінші болып қол көтерген ойыншы жауап береді. Егер ол ойыншының жауабы дұрыс болмаса, онда қолын екінші болып көтерген ойыншы жауап береді.

Осы кезеңнің қорытындысы бойынша ұпайы аз 3 оқушы ойыннан шығарылады.

1. Батыр сөзінің синонимін ата? (ержүрек, батыл, жаужүрек)

2. «Ақ киізге көтерді» сөз тіркесінің мағынасы қандай? (хан сайлады)

3. Қазақ тілінде қанша әріп бар? (42)

4. Ұзын сөзінің антонимі? (қысқа)

5. Қолданудан шығып, аз айтылатын сөздер (көне сөздер)

6. Фонетика нені зерттейді? (тіл дыбыстарын)

7. Қазақтың алғаш әліппесін жазған кім? (Ыбырай Алтынсарин)

8. «Жаны зәр түбіне жету» сөз тіркесінің мағынасы қандай? (қорқу)

9. Мағыналары бір - біріне қарама - қарсы сөздер (антоним)

10. Айтылуы бірдей, мағынасы басқа сөздер (омоним)

11. Атын тура айтуға болмайтын сөз (табу)

12. Тіліміздегі сөздердің жиынтығы (лексика)

13. Басқа тілден енген сөздер (кірме)

14. Белгілі бір аймақта ғана қолданылатын сөздер (диалект)

15. Дөрекі, әдепсіз сөздер (дисфемизм)

16. Белгілі бір кәсіпке айтылатын сөздердің түрі (кәсіби сөздер)

17. 16 желтоқсан қандай мереке? (Тәуелсіздік алған күн)

18. Мақалды жалғастыр: Тіл тас жарады,....

19. Дулыға, сауыт сөздері қандай сөздер?(көнерген сөздер)

20. Ойды әдепті, сыпайы етіп жеткізу (эвфемизм)

ІV кезең: "Жеті жұрттың тілін біл"

Жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі білім біл – деп кезекті сайысымыздың шарттарымен таныстырайын.

Кезеңіміздің атауын «Жеті жұрттың тілін біл» деп атадық. Мұнда сендерге жұмбақтар

жасырылады, ал сендер сол жұмбақтардың шешуін үш тілде, яғни, қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде айтуларың қажет. Бұл кезеңде де әр дұрыс жауап үшін 10 ұпайдан беріледі. Ұпайы аз оқушыдан бастайық. Барлықтарыңа табыс тілеймін!

1. Қабат – қабат қаптама

Ақылың болса аттама. (кітап – книга - book)

2. Көзге көрінбейді, жұтсаң білінбейді. (Ауа – воздух - air)

3. Үнемі ауызда бұлтыңдайды,

Бірақ жұтылмайды. (тіл - язык - language)

4. Әй, керемет бір ит бар

Үй бағады үрмейді.

Аяғы жоқ жүрмейді.

Рұқсатсыз ол иттен

Ешкім үйге кірмейді. (құлып – замок - lock)

5. Бір үйге көзсіз боп кіресің,

Бұл үйден көреген боп шығасың (мектеп – школа - school)

6. Қалқиып ұзын құлағы

Елеңдеп қорқып тұрады

(Қоян - заяц - carrot)

7. Тілден ұшып, құлаққа қонады. (сөз - слова - words)

8. Мұрты бар, иегінде сақалы жок,

Тоны бар, киетін шапаны жок,

Пайдасы үй ішінен табылған соң,

Далаға кіріп шығар сапары жоқ.

(Мысық - кот - cat)

9. Қозғалмастан бір елі, күні бойы жүреді. (сағат - часы - Watch)

10. Таңмен көзін ашады, әлемге нұрын шашады. (күн - солнце - Sun)

V кезең: "Ойлы болсаң, озып көр"(Әдебиет пәні бойынша )

Бұл кезеңде сендерге әдебиеттен өтілген ертегілер, аңыздар, өлеңдер мен әңгімелерден бейне үзінділер беріледі. Берілген үзінділердің тақырыбын дұрыс табу керек. Әрбір дұрыс жауап үшін 10 ұпай беріледі. Сұраққа бірінші болып қол көтерген ойыншы жауап береді. Осы кезеңнің қорытындысы бойынша 3 оқушы ойыннан шығады.

Сұрақ - жауаптары:

1. Ер Төстік ертегісінен үзінді.

2. Ажар тағдырдың басқа салғанына көніп, тап болған тауқыметке төзді. Ашыққанда жолға алған азғана азығын қорек етті. Шөлдегенде сусынға алған суынан бірер ұрттап шөлін басты, бірақ көп ұзамай оның алып жүрген азығы мен суы тақа таусылды да, аштықтан ішегі шұрылдап, шөлден ерні кезерді?

(Қай шығармадан үзінді?) (Сымайыл, Зәмзәм)

3. Толағай ертегісіндегі кейіпкер Толағайдың әкесінің аты? (Саржан)

4. Көл қорыған сен едің?

Сен де айрылдың көліңнен

Ел қорыған мен едім,

Мен де айрылдым елімнен.

(Кімнің өлеңі? Махамбет)

5. Бейне көрініс ( Ақсақ құлан - Жошы хан аңызы)

6. Бейне көрініс (Тазша бала әңгімесі)

VI кезең: «Жұмбақ сандық»

Бұл кезеңде сендерге үш түрлі тақырыпта үш түрлі ұпайы бар 9 ұяшық беріледі. Ұпайы көп оқушы қалаған ұяшықты таңдап, жауап береді, дұрыс жауабын таба алмаған жағдайда қол көтерген оқушы жауап бере алады. Жеңіл сұрақ алғыларың келсе, 20 ұпайлық сұраққа жауап беру арқылы аласыңдар. Күрделі сұраққа жауап беру арқылы 40 ұпай жинақтауға болады.

Тұрақты тіркестер 20 30 40

Лексика 20 30 40

Кәсіби сөздер 20 30 40

Тұрақты тіркестер - 20 Сұрағы Тасы өрге домалады деген тұрақты тіркестің баламасы - жолы болды, жоғарылады, бағы жанды, ісі алға басты.

Тұрақты тіркестер - 30 сұрағы Қыздың жиған жүгіндей деген тұрақты тіркестің баламасы - әсем, көрікті, көркем.

Тұрақты тіркестер - 40 сұрағы Мерейі үстем болды деген тұрақты тіркестің баламасы - абыройы артты, беделі өсті.

Лексика - 20 сұрағы Қазақ дәстүрі бойынша тура айтуға тыйым салынған, бұрмалап аталған сөздер. (табу)

Лексика - 30 сұрағы Нарық, несие деген қандай сөздер?(жаңа сөздер)

Лексика - 40 сұрағы Кереует, самаурын қай тілден енген сөз? (орыс тілінен)

Кәсіби сөздер - 20 сұрағы Кәсіби сөздер нешеге бөлінеді?(Қолөнершілік және ауыл шаруашылық)

Кәсіби сөздер - 30 сұрағы "Атауыз " дегеніміз не?(шеге суырғыш)

Кәсіби сөздер - 40 сұрағы "Шербек" дегеніміз не?(үлкен ара)

VII кезең: "Жүйрік болсаң, шауып көр"

Мақал – мәтел құраудан жарыс. Тапсырмалар саны – 9

Дұрыс жауап 10 ұпай. Толық емес жауап – 5 ұпай

Сайысты ұпайы аз оқушы бастайды. Осы кезеңнің қорытындысы бойынша 2 оқушы ойыннан шығады.

1. Аяқ

Қол

Арқа

Бас

....... Бәле

жауабы: басқа бәле тілден

2. Тіл

Сөз

Ет

Қан

............ Өтер

жауабы: сөз сүйектен өтер

3. Намыс

Ар

Қулық

Ұят

............. Күшті

жауабы: өлімнен ұят күшті

4. Көз

Қол

Мойын

Бас

............ қорқақ

жауабы: көз қорқақ, қол батыр.

5. Әже

Ана

Жеңге

Сіңлі

............. Қыз

жауабы: анаға қарап қыз өсер,

атаға қарап ұл өсер

6. Тіс

Құлақ

Қол

Тіл

.............. Тас

жауабы: тіл тас жарады,

тас жармаса бас жарады.

7. Адам

Қалам

Бала

Дала

................. Шүберек

жауабы: адам көркі шүберек

8. Мектеп

Қалам

Парта

Кітап

................ Білім

жауабы: кітап білім бұлағы

VIII кезең: "Тапқыр болсаң, тауып көр"

Бұл кезеңде бейнелі сөздердің астарын табу керек. Сұраққа бірінші болып қол көтерген ойыншы жауап береді. Егер ол ойыншының жауабы дұрыс болмаса, онда қолын екінші болып көтерген ойыншы жауап береді. Дұрыс жауап үшін 10 ұпай.

1. Ит арқасы қиянда (алыс)

2. Жер тепсінді (қатты ұрысты)

3. Тайға таңба басқандай (анық)

4. Тас бауыр ( мейірімсіз)

5. Су жүрек ( қорқақ)

6. Қыздың жиған жүгіндей (әсем, көрікті)

7. Ит терісін басына қаптады (ұрысты)

8. Көз ілмеді ( ұйықтамады)

9. Бетінен оты шықты ( ұялды)

10. Жүрегінің түгі бар (батыл).

IX кезең: "Мықты болсаң, тауып көр"

Бірінші баған мен екінші бағандарды, сөз тіркесін құрау, мағынасын ашу. Тапсырмалар саны 10. Дұрыс жауапқа – 10 ұпай. Толық емес жауап – 5 ұпай. Тапсырмаларға жауап беру, кезекпен орындалады. Егер жауап дұрыс болмаса, келесі ойыншыға кезек беріледі. Сұраққа бірінші болып ұпайы жоғары оқушы жауап береді.

1. Ой

Ниет

Сезім

Жігер

................. Тоқтатты

жауабы: ой тоқтатты

мағ: ер жетті, ақылы толысты

2. Маңдай

Құлақ

Көз

Тіл

.............. Ұста

жауабы: тілге ұста

мағ: тілге шебер, шешен

3. Пайыз

Айыз

Шыдам

Төзім

................ Қанды

жауабы: айызы қанды

мағ: көңілі жай тапты, рахаттанды

4. Ес

Ақыл

Айла

Тәсіл

............... Шықты

жауабы: есі шықты

мағ: шошып кетті

5. Су

Бу

Күл

Шу

............... Жұқпас

жауабы: су жұқпас

мағ: өтірікші, айлакер

Мұғалім: Әрбір тілде сөйле әлемді таң қылып,

Қазақ тілін білмеу қандай заңдылық?!

Өсер болсаң, байтақ далам тұрғанда,

Қазақ тілі жасау керек мәңгілік!- дей отырып, бүгінгі сайысымызды аяқтаймыз.


Төрешіге сөз беріліп, ұпай саны бойынша нәтижесі шығарылады, жеңімпаздарды анықтайды. Бір оқушы озып шығып, жеңімпаз атанады.

Назарларыңызға көп рақмет!








Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Литература

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 5 класс

Скачать
Тіл білгірі сайыс сабағының жоспары

Автор: Юсупова Халима Калиевна

Дата: 11.03.2017

Номер свидетельства: 399330

Похожие файлы

object(ArrayObject)#864 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(57) ""Жас математиктер" сайыс сабағы"
    ["seo_title"] => string(33) "zhas_matiematiktier_saiys_sabag_y"
    ["file_id"] => string(6) "384227"
    ["category_seo"] => string(10) "matematika"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1485450887"
  }
}
object(ArrayObject)#886 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(103) "Химия п?нінен "Сынып химигі" атты сайыс-саба?ыны? жоспары "
    ["seo_title"] => string(62) "khimiia-p-ninien-synyp-khimighi-atty-saiys-sabag-ynyn-zhospary"
    ["file_id"] => string(6) "203105"
    ["category_seo"] => string(6) "himiya"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1429423471"
  }
}
object(ArrayObject)#864 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(98) "Сайыс саба?:  "Білекті  бірді жы?ар, Білімді мы?ды жы?ар" "
    ["seo_title"] => string(57) "saiys-sabak-biliekti-birdi-zhyg-ar-bilimdi-myn-dy-zhyg-ar"
    ["file_id"] => string(6) "205239"
    ["category_seo"] => string(10) "matematika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1429844716"
  }
}
object(ArrayObject)#886 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(59) ""Б?рін білгім келеді" сайыс саба? "
    ["seo_title"] => string(34) "b-rin-bilghim-kieliedi-saiys-sabak"
    ["file_id"] => string(6) "187520"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1426524191"
  }
}
object(ArrayObject)#864 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(59) "Саба? жоспары: "Білгірлер сайысы""
    ["seo_title"] => string(33) "sabak-zhospary-bilghirlier-saiysy"
    ["file_id"] => string(6) "276612"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1452768569"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства