Просмотр содержимого документа
«Сын есім ашық сабақ»
Сабақтың тақырыбы: Сын есім
Сабақтың мақсаты: Сын есімнің ережесін біледі.
Бағалау критерийлері:
Сын есімнің мағынасын ажыратады.
Сын есімге сұрақ қоя алады.
Сөйлем ішінен сын есімді анықтайды. ( 1 мин)
Сабақты ұйымдастыру. «Аялы алақан» арқылы бір бірімізге жақсы сөздер айтайық. (2мин)
Топ ережесін еске түсіру керек.
Қолға бағалау парағы беріледі
Өткен сабақты қайталау:
2-тапсырма Ойлан тап.
Сөзжұмбаққа сұрақтар құрастыру.
Өткен сабақтан сұрақтар қою
Зат есім дегеніміз не
Деректі дерексіз зат есім
Жалпы жалқы зат есім
Дара және Күрделі сөздер
Дара және жинақтық зат есім
Дара және күрделі зат есім
Зат есімнің сұрақтары
Сезім деректі ма дерексіз ба
Сөз таптары
Қысқарған сөздер
Біріккен кіріккен сөздер
Қос сөздер (3мин)
Жаңа сабақ: сабақтың тақырыбын ашу үшін сыныптың әр жеріне сөздер жазылған қағазды жабыстырып қояды. Оқушылар сол қағазды алып ішіндегі сөздерді оқытады.
Ақ, сарғылт (түр-түсін); үлкен, ауыр (көлемін салмағын); тәтті, жағымды (иісін-дәмін);
қатты, алғар (сапасын); қымбат, арзан (бағасын); білімді, қысқа (сипатын);
кенже, сүйікті ( орнын, мәнін);
орындарына отырып ережесін шығару. (кітаптарын ашып ережелерін салыстыру) (5мин)
1 тапсырма. Тыңдалым
Әдебиет сабағындағы өтіп жатқан сабағымыз А Құнанбаевтің «шоқпардай кекілі бар қамыс құлақ» атты өлеңін аудио арқылы тыңдап, қолдарындағы өлең жолдарындағы сын есімдердің астын сызу керек. (8мин
Шоқпардай кекілі бар, қамыс құлақ, Қой мойынды, қоян жақ, бөкен қабақ. Ауыз омыртқа шығыңқы, майда жалды, Ой желке, үңірейген болса сағақ.
Теке мұрын, салпы ерін, ұзын тісті, Қабырғалы, жотасы болса күшті. Ойынды еті бөп-бөлек, омыраулы, Тояттаған бүркіттей салқы төсті.
Жуан, тақыр бақайлы, жұмыр тұяқ, Шынтағы қабырғадан тұрса аулақ. Жерсоғарлы, сіңірлі, аяғы тік, Жаурыны етсіз, жалпақ тақтайдай-ақ.
Кең сауырлы, тар мықын, қалбағайлы, Алды-арты бірдей келсе ерге жайлы. Күлте құйрық, қыл түбі әлді келіп, Көтендігі сығыңқы, аламайлы.
Ұршығы төмен біткен, шақпақ етті, Өзі санды, дөңгелек келсе күшті. Сырты қысқа, бауыры жазық келіп, Арты талтақ, ұмасы үлпершекті.
Шідерлігі жуандау, бота тірсек, Бейне жел, тынышты, екпінді, мініп жүрсек. Екі көзін төңкеріп, қабырғалап, Белдеуде тыныш тұрса, байлап көрсек.
Тығылмай әм сүрінбей жүрсе көсем, Иек қағып, еліріп басса әсем. Шапса жүйрік, мінсе берік, жуан, жуас, Разы емен осындай ат мінбесем.
2- тапсырма Мұғалім оқушыларға кітаптың арасына айна қойып, ( балалар менің мына кітабымның арасында өзі ақылды, өзі әдемі, өзі жақсы оқитын оқушының сурет бар, ол кім деп ойлайсыңдар келіп қарауларыңа болады) дейді. Оқушылар жүгіріп жүріп қарайды.
1-топқа Өзіңе ең жақын адамның сыртқы түрін сипаттап жаз. Мәтінде қолданылған сын есімдер адамның қандай белгілерін анықтап тұрғанын түсіндіріңдер. Сынып «ең үздік суреткерді» анықтасын
2-топқа Досыңа мінездеме жаз. Онда мынандай сұрақтарға жауап бер: Досыңның аты кім? Оның бойында қандай жағымды, жағымсыз қасиеттер бар? Сынып «ең үздік суреткерді » анықтасын 5мин
Сергіту сәті: Жүгіріп жүріп жазу диктанты. 5мин
Көл туралы аңыз
Бұл – әлемдегі ең көркем көл. Оны бір ғана рет көрген адам, қайта келіп, айнадай көлдің айдынын, тереңнен тарайтын ғажайып сәулесін, көлдің тыныштығы мен әсемдігін сақтап, таңғажайып қайталанбас пейзаж тудыратын айбынды ормандары мен тауларын көрмесе тұра алмайды.
Көлді айнала қоршаған әрбір таудың өзіне тән мазмұнының қарапайымдылығы мен анықтығымен, жергілікті халықтың қоршаған ортамен бірігуге деген ұмтылысына қанық сюжетімен таң қалдырарлық аңызы мен тарихы бар. Бірақ көлдің өзіндік ғасырлар бойы осы қасиетті жерде болған жаңаша оқиғалармен толыққан, адами қарым-қатынастардың әр алуандығын сіңірген аңызы мен құпиясы ештеңемен салыстыруға келмейді. Және көлдің ортасында жалғызсырап тұрған тас үйіндісінің арқасында мұның барлығының құпиялығы арта түседі.
Ертеде, бұл жерде әлі көл болмаған кезде, жергілікті халықты әділетті әрі мәртебелі хан билеген. Ол өте күшті, мықты әрі сымбатты, ақылды әрі парасатты, аса бай әрі жомарт болған. Оның қарымды әскері, сұлу жұбайы, отар-отар қойлары, мыңдаған табын жылқылары болды, бірақ оның ең асыл байлығы, көзінің қарашығы – жар дегенде жалғыз ұлы еді. Хан ұлын алақанында ұстады, әрдайым қорғаштап, барлық жамандықтардан сақтауға тырысты. Өзі жауынгерлік өнерді: қылышпен шабысу, садақтан оқ атуды, аттың құлағында ойнауды, сонымен қатар, билеушіге қажет барлық даналықты үйретті, және бұл мәңгілік жалғасатындай көрінді.
Бірақ күндердің бір күнінде соғыс басталды. Қаһарлы, қатыгез дұшпанның әскері аш төбеттей бейбіт елге шабуыл жасап, орасан қайғы мен қасірет әкелді. Сонда хан өзінің ұлымен бірге әскер жинап, жауға қарсы шықты. Сұрапыл шайқас орын алды. 7мин
Музыка ойнап тұрады балалар сыныпта әр жерде ілулі тұрған диктантты көшіріп жазады.
85-жаттығу.мәтінді оқыңдар. Әр абзацқа тақырып қойыңдар. Сын есімдерді теріп жазыңдар. 10мин
Қорытынды. Оқушылар «Әдептілік сыпайылық белгісі » тақырыбында ой толғау жазады
Бағалау: формативті бағалау ( қол шапалақтау)
Суммативті бағалау
Оқушылар аты
1тапсырма
2тапсырма
3тапсырма
4тапсырма
5тапсырма
Қорытынды баға
1
2
3
4
5
Қазақ тілі пәнінен тест тапсырмалары
10-сынып І нұсқа 1.Сабақтаса құрмаласқан сөйлемді табыңыз. А) Тыңдаушы ықыласты болса, сөйлеуші шешен болады. В) Дәметкеннің жүрегі тулап кетті, себебі келген адамды ол бірден таныды. С) Шәрбану далаға шығып еді, бірақ олар кетіп қалыпты. D) Телехабарда ән де, жыр да, кино да кезектесіп жүріп жатады. E) Саяхатшылар көп келді.
2. Ыңғайлас салалас сөйлемді көрсетіңіз., А) Қар жауса да, тоңбайды бай баласы. В) Мен үндемедім, бірақ өз пікірімде қалдым. С) Еңбек адамды көрікті етеді және тынысты тазартады. D) Мен ол күні келмедім, себебі көлік жоқ болды. E) Еңбек баланы мықты етеді.
3.Қарсылықты салалас сөйлемді көрсетіңіз. А) Күн сайын бір жаңалық болады, бірақ оған ешкім таңданбайды. В) Мейрам шахтадан шығып еді, денесі сергіп сала берді. С) Күнзила ақырын кіріп, баласына мейірлене қарап тұрды. D) Жігіттер келген қонақты ортаға алып, әңгіме қызығына беріліп кетіпті. E) Баласы әдемі болып өсті.
4. Қазақ халқының тұңғыш ғалымы кім? А) Ахмет Байтұрсынов В) Шоқан Уәлиханов С) Қаныш Сәтпаев Д) Әл- Фараби Е) Нұрсұлтан Назарбаев
5.Қарсылықты бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемді көрсетіңіз. А) Ұлберген кедей болды, киім-кешегін таза ұстайты. В) Олар теңізге ерте шыққан, бірақ жолы болмады. С) Ексең егін, ішерсің тегін. D) Өнімді еңбек атқарам десең, көпке сүйен. E) Теңіздің суы мөп-мөлдір екен.
6.Себеп бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемді көрсетіңіз. А) Ботагөз қиындықты көре жүре, Асқардан үмітін үзбеді. В) Өзен суы жылдағыдан мол, сондықтан мұз ерте сөгілді. С) Тұқымды бірер күн ылғалдау керек, себебі құрғақ жерге түссе, өнбей қалады. D) Қастарында бөтен кісілер болғандықтан, Абай Оспанға айтар сөзін іркіп қалды. E) Олар теңізге түсті, қайықпен жүзді.
7.Бірыңғай мүшелердің тыныс белгілерінің дұрыс қойылғанын табыңыз. А) Ол біресе желеді, біресе жүгіреді, біресе тоқтайды. В) Ол біресе, желеді, біресе, жүгіреді, біресе тоқтайды. С) Ол, біресе желеді, біресе жүгіреді біресе, тоқтайды. D) Ол біресе, желеді біресе жүгіреді, біресе тоқтайды. Е) Ол біресе, желеді біресе, жүгіреді біресе, тоқтайды.
8.Тыныс белгісі дұрыс қойылған төл сөзді табыңыз. А) Ол: «Батыр хал қалай»? деді. В) Ол, Батыр, хал қалай? деді. С) Ол: «Батыр, хал қалай?» - деді. D) Ол: Батыр, хал қалай – деді. Е) Ол, «Батыр, хал қалай?» - деді.
9. «Ыстықкөлдің күнделігі» еңбегін кім жазды? А) Ахмет Байтұрсынов В) Шоқан Уәлиханов С) Қаныш Сәтпаев Д) Әл- Фараби Е) Нұрсұлтан Назарбаев
10. Әбу Насыр әл-Фарабидің туған қаласы
А) Қызылорда В) Тараз С) Отырар Д) Алматы Е) Ақ мешіт
11. Қай сөйлемде сан есім емлеге сай жазылған? А) 1845-жылы ұлы Абай дүниеге келген. В) Жолдастарымның кеткеніне екі үш күн болды. С) Сағат 6 ға 10 минут қалған кезде Азамат пәтерінен шықты. D) 30-40-тай адам жиналған екен. Е) Біз 2-еу едік.
12. Жалпылау есімдігі қатысқан сөйлемді табыңыз. А) Ешкімге тіл қатушы болма. В) Саған тай сатып әперемін. С) Өзің үлкен, қылығың-бала-шаға D) Еріншектік –күллі дүниедегі өнердің дұшпаны Е) Әрбір жинақылықтың түбі - кеніш
13. Қазақстан ғылым академиясының тұңғыш президенті кім болды? А) Ахмет Байтұрсынов В) Шоқан Уәлиханов С) Қаныш Сәтпаев Д) Әл- Фараби Е) Нұрсұлтан Назарбаев
14. Анықтауышы бар сөйлемді көрсет. А) Асан биыл мектепке барады В) Мұрат ақын үндемеді С) Қақаған аязда аң аулауға кетті. Д) Аспанда найзағай ойнады. Е) Ол асып та, тасып та сөйледі
15. Антонимдес сөз тіркесін табыңыз.
А) асқар тау, телегей теңіз В) кең дала, айдын көл С) денсаулығы жоқ, ақшасы бар D) тал түсте, күз мезгілде Е) ала жаздай, қыс бойы
16.Пысықтауыш қызметін атқарып тұрған зат есімді көрсетіңіз. А) Тұздың емдік қасиеті бар. В) Аурудан аяған күштірек. С) Шоқпардай кекілі бар қамыс құлақ. D) Бес жүздей жұмыскер қосылды. Е) Анам қалаға кеткен.
17. Қатыстық сын есімді табыңыз. А) заңғар В) ақ сары С) өнегелі D) ап-аласа Е) ымырт
18. Талғаулы салалас құрмалас сөйлемді көрсетіңіз. А) Бірде ұйқы еңсереді, бірде ерік еңсереді. В) Қолың қатты дейді, қорқып тұрмын. С) Бұл жерде я сен тұрарсың, я мен тұрармын. D) Сабырлы Олжабектің сасқаны сонша – орнынан атып тұрды. E) Ұялғанымнан да бетімнің оты шықты.
19. Жалғанатын септік түрін анықта: Ағза фосфорды жұмыртқа өнімдері... алады. А) Шығыс септік В) Табыс С) Жатыс Д) Көмектес Е) Ілік
20. Сын есімнің салыстырмалы шырай түрінен жасалған анықтауышты табыңыз. А) Сәл кішілеу қара көзі тесіле қарады. В) Ормандағы шиенің піскен кезі еді. С) Қандай ақылды әрі сүйкімді бала. D) Ол - қызметіне шексіз адал жан. Е) Аттар – бауырынан жараған, қуса жететін,
Қазақ тілі пәнінен тест тапсырмалары
10-сынып ІІ нұсқа 1.Сабақтаса құрмаласқан сөйлемді табыңыз. А) Телехабарда ән де, жыр да, кино да кезектесіп жүріп жатады. В) Дәметкеннің жүрегі тулап кетті, себебі келген адамды ол бірден таныды. С) Шәрбану далаға шығып еді, бірақ олар кетіп қалыпты. D) Сабақты оқымаса, жақсы бағаны ешкім алмайды. E) Саяхатшылар көп келді.
2. Ыңғайлас салалас сөйлемді көрсетіңіз., А) Қар жауса да, тоңбайды бай баласы. В) Мен үндемедім, бірақ өз пікірімде қалдым. С) Қоңырау соғылды және сабақ басталды. D) Мен ол күні келмедім, себебі көлік жоқ болды. E) Еңбек баланы мықты етеді.
3.Қарсылықты салалас сөйлемді көрсетіңіз. А) Күн сайын концетр болады, бірақ оған ешкім таңданбайды. В) Мейрам шахтадан шығып еді, денесі сергіп сала берді. С) Күнзила ақырын кіріп, баласына мейірлене қарап тұрды. D) Жігіттер келген қонақты ортаға алып, әңгіме қызығына беріліп кетіпті. E) Баласы әдемі болып өсті.
4. Қазақ халқының тұңғыш ғарышкері кім? А) Ахмет Байтұрсынов В) Шоқан Уәлиханов С) Қаныш Сәтпаев Д) Әл- Фараби Е) Тоқтар Әубәкіров
5.Қарсылықты бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемді көрсетіңіз. А) Ұлберген кедей болғанымен, киім-кешегін таза ұстайтын. В) Өнімді еңбек атқарам десең, көпке сүйен. С) Ексең егін, ішерсің тегін. D) Сабақ аяқталса да, ешкім орнынан тұрмады. E) Теңіздің суы мөп-мөлдір екен.
6.Себеп бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемді көрсетіңіз. А) Ботагөз қиындықты көре жүре, Асқардан үмітін үзбеді. В) Өзен суы жылдағыдан мол, сондықтан мұз ерте сөгілді. С) Бүгін күн суық, себебі кеші аяз басталды. D) Қастарында бөтен кісілер болғандықтан, Абай Оспанға айтар сөзін іркіп қалды. E) Олар теңізге түсті, қайықпен жүзді.
7.Бірыңғай мүшелердің тыныс белгілерінің дұрыс қойылғанын табыңыз. А) Ол біресе күледі, біресе ән айтады, біресе тоқтайды. В) Ол біресе, желеді, біресе, жүгіреді, біресе тоқтайды. С) Ол, біресе желеді, біресе жүгіреді біресе, тоқтайды. D) Ол біресе, желеді біресе жүгіреді, біресе тоқтайды. Е) Ол біресе, желеді біресе, жүгіреді біресе, тоқтайды.
8.Тыныс белгісі дұрыс қойылған төл сөзді табыңыз. А) Ол: «Батыр хал қалай»? деді. В) Ол, Батыр, хал қалай? деді. С) Ол: «Батыр, хал қалай?» - деді. D) Ол: Батыр, хал қалай – деді. Е) Ол, «Батыр, хал қалай?» - деді.
9. «Манас» эпосын кім жазды? А) Ахмет Байтұрсынов В) Шоқан Уәлиханов С) Қаныш Сәтпаев Д) Әл- Фараби Е) Нұрсұлтан Назарбаев
10. Қаныш Сәтпаевтың туған жерін анықта А) Қызылорда В) Тараз С) Отырар Д) Алматы Е) Павлодар облысы
11. Абай Құнанбаев туралы шығарманы кім жазды? А) Ахмет Байтұрсынов В) Шәкәрім Құдайбердиев С) Қаныш Сәтпаев Д) Мұхтар Әуезов Е) Нұрсұлтан Назарбаев
12. Жалпылау есімдігі қатысқан сөйлемді табыңыз. А) Ешкімге тіл қатушы болма. В) Саған тай сатып әперемін. С) Өзің үлкен, қылығың-бала-шаға D) Еріншектік –бүкіл дүниедегі өнердің дұшпаны Е) Әрбір жинақылықтың түбі - кеніш
13. Қазақстан ғылым академиясының тұңғыш президенті кім болды? А) Ахмет Байтұрсынов В) Қаныш Сәтпаев С) Шоқан Уәлиханов Д) Әл- Фараби Е) Нұрсұлтан Назарбаев
14. Анықтауышы бар сөйлемді көрсет. А) Асан биыл мектепке барады В) Сәуле дүкеннен қалам сатып алды. С) Оқушылар таза кабинетке кірді. Д) Аспанда найзағай ойнады. Е) Ол асып та, тасып та сөйледі
15. Антонимдес сөз тіркесін табыңыз. А) терең ой, терең құдық В) кең дала, айдын көл С) денсаулығы жоқ, ақшасы бар D) тал түсте, күз мезгілде Е) биік үй, аласа ағаш
16.Пысықтауыш қызметін атқарып тұрған зат есімді көрсетіңіз. А) Тұздың емдік қасиеті бар. В) Аурудан аяған күштірек. С) Шоқпардай кекілі бар қамыс құлақ. D) Бес жүздей жұмыскер қосылды. Е) Мектепте жиналыс болды.
17. Қатыстық сын есімді табыңыз. А) заңғар В) ақ сары С) ұлттық D) ап-аласа Е) ымырт
18. Талғаулы салалас құрмалас сөйлемді көрсетіңіз. А) Бірде ұйқы еңсереді, бірде ерік еңсереді. В) Қолың қатты дейді, қорқып тұрмын С) Бүгін не Сәуле ән айтады, не Мади домбыра тартады. . D) Сабырлы Олжабектің сасқаны сонша – орнынан атып тұрды. E) Ұялғанымнан да бетімнің оты шықты.
19. Етістіктің болымсыз түрін көрсет А) Әрбір жинақылықтың түбі - кені В) Саған тай сатып әперемін. С) Өзің үлкен, қылығың-бала-шаға D) Еріншектік –күллі дүниедегі өнердің дұшпаны Е) Сабақтан кешікпе
20. Сын есімнің салыстырмалы шырай түрінен жасалған анықтауышты табыңыз. А). Ормандағы шиенің піскен кезі еді. В) Бүгін ауа райы суықтау. С) Қандай ақылды әрі сүйкімді бала. D) Ол - қызметіне шексіз адал жан. Е) Аттар – бауырынан жараған, қуса жететін,