kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Сыйлықтар"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Урок предназначен для учащихся 7 классов с казахским языком обучения, целью которого являлось ознакомление учащихся с новыми словами на казахском языке.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Сыйлықтар"»

Сыныбы: 7

Сабақтың тақырыбы: Сыйлықтар. Сын есім

Сабақтың мақсаты:

1. Білімділік: Оқушылардан күз жайлы білімдерін пысықтап, сыйлық жайлы баяндау. Сын есімді еске түсіру.

2. Дамытушылық: Оқушылардың оқылым, тыңдалым, айтылым, жазылым дағдыларын қалыптастырып, тілдік дағдысы мен ойлау қабілеттерін дамыту. Сөздік қорын байыту.

3.Тәрбиелік: Оқушыларды әдемілікке, бауырмалдыққа баулу.

Сабақтың түрі: жаңа білімді меңгерту

Сабақтың жүргізу әдісі: түсіндіру, сұрақ - жауап

Сабақтың көрнекілігі: оқулық, слаид

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

1. Сәлемдесу

2. Кезекшімен сұхбат

3. Оқушылардың назарын сабаққа аудару

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.

  1. Диалог құру.

  • Күз жылдың қандай мезгілі?

  • Табиғатта қандай өзгерістер болады?

ІІІ. Білімді жан – жақты тексеру

Грамматикалық сұрақтар

ІҮ. Жаңа сабаққа көшу

1. Сабақтың тақырыбын баяндау

2. Мақсатын айту

Ү. Жаңа сабақ Сыйлықтар

Сыйлық – қуанышты күндерде, айтулы мерекелерде берілетін сый – сияпат.

Кез келген адамның өмірінде бақытты кездері аз болмайды. Олар: туған күн, мектепті, жоғары оқу орнын бітіру, атақ, дәреже, мемлекеттік марапат алу, жаңа үйге кіру, т.б. оқиғалар мен мерекелер, мерейтойлар. Мұндай кездері адамдар өздерінің қуаныштарын достарымен, туыстарымен, көршілерімен бөліседі. Бір – біріне сыйлықтар береді. Сыйлықтар алуан түрлі болуы мүмкін.

Топтастыру



сыйлықтар

сыйлықтар қандай?









Сын есім

Заттың түр – түсін, сын – сипатын, сапасын, салмағын, көлемін, дәмін білдіретін сөз табын сын есім деп атайды.

Сұрақтары: қандай? қай?

Сын есімнің түрлері


Тұлғасына қарай

Құрамына қарай

Мағынасына қарай

негізгі

туынды

дара

күрделі

сапалық

қатыстық

сары, таза

ашық, қалалық

ақ, дәмді

ақ ала, орта бойлы

үлкен, сұр

өнерлі, балалы

ҮІ. Жаңа сабақты бекіту

Оқылым. 1 – тапсырма. Мәтінді түсініп оқып, сөздіктің көмегімен орыс тіліне аударыңдар. Төменде берілген сұрақтарға жауап беріңдер.

Сөздік

Ынталандыру – поощрение

Сый – сияпат - подарок

Мүмкіндік – возможность

Ілтипат – внимание

Айналдыру – превратить

Ықылас- желание

Шын пейіл – от души

Мейірімділік – доброта

Талғам – здесь: вкус

Қиял – мечта

Тапқырлық - находчивость

Сұрақтар:

  1. Адамдар түрлі мерекелерде, мерейтойларда неге ие болуды жақсы көреді?

  2. Сыйлық беру неге жатады?

  3. Сыйды тартуға қандай кезден үйрену керек?

  4. Шын пейілден жасалған сыйлық қандай жақсы қасиеттерді туғызады?

Жазылым. 2 – тапсырма. Берілген сөздерден сөйлемдер құрап жазыңдар. Сөйлем мүшелеріне талдаңдар.

  1. Адамның, міндеті, бар, жақсы. (Адамның жақсы міндеті бар.)

  2. Өмірде, көп, мүмкіндіктер, әкелетін, қуаныш. (Өмірде қуаныш әкелетін мүмкіндіктер көп.)

  3. Мейірімділік, туғызады, адамның, бойында, жасаған, сыйлық, шын пейілден. (Шын пейілден жасаған сыйлық адамның бойында мейірімділік туғызады.)

Оқылым. 3 – тапсырма. Сөйлемдерді түсініп оқып, есте сақтаңдар.

  • Сыйлық талғамыңнан шықпаса да ренжімеуге, күлімсіреп қабылдауға, рақмет айтуға тиістісің.

  • Сыйлықтың бағасын сұрап, жұрттың көзінше пайдалы немесе пайдасыз екенін айтуға болмайды.

  • Сыйлықты қайтып беру – әдепсіздік.

  • Сыйлық әкелмеген қонаққа ренжімейді, оларға да басқалармен бірдей құрмет көрсету керек.

Жазылым. 4 – тапсырма. Шығармашылық тапсырма. Берілген үлгілерді пайдаланып, ата – аналарыңа, достарыңа, мұғалімдеріңе құттықтау жазыңдар.

  • Мерекеңізбен құттықтаймын!

  • Мерекеңіз құтты болсын!

  • Туған күніңізбен құттықтаймын!

  • Сізге табыс тілеймін!

  • Отбасыңызға бақыт тілеймін!

  • Бақытты болыңыз!

  • Еңбектегі табысыңызбен құттықтаймын!

  • Зор денсаулық тілеймін!

Айтылым. 5 – тапсырма. Сөйлемдердің дұрыс, бұрыстығын анықтаңдар. Сын есімдерді табыңдар.

  1. Сыйлық қымбат болу керек.

  2. Сыйлықтың пайдалы болуы міндетті емес.

  3. Туысына, досына арнап өлең, ән сыйлауға болмайды.



ҮІІ. Жаңа сабақты қорыту

  1. Сыйлық деген не?

Бес жолды өлең

Зат есім.....

Сын есім.....

Етістік......

Сөйлем......

Синонимі.....

  1. Сын есім деген не?

Кесте

Сыйлық

Қандай?

кітап

қызық

...

...

...

...

...

...

...

...

...

...

ҮІІІ. Үйге тапсырма беру

  1. «Ең қымбат сыйлық» тақырыбында шағын шығарма жазу.

  2. Ереже, сөздік жаттау


Оқушылардың білімін бағалау












Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Литература

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 7 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
"Сыйлықтар"

Автор: Омарбекова Гаухар Абдибаевна

Дата: 26.11.2016

Номер свидетельства: 362770

Похожие файлы

object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(38) "Ашық сабақ сыйлықтар"
    ["seo_title"] => string(22) "ashyk_sabak_syilyk_tar"
    ["file_id"] => string(6) "393838"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1487586336"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(75) "Конспект урока на тему "Орман сыйлықтары""
    ["seo_title"] => string(42) "konspiekt_uroka_na_tiemu_orman_syilyk_tary"
    ["file_id"] => string(6) "382921"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1485187282"
  }
}
object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(38) "Жа?а жылды? сыйлы?тар "
    ["seo_title"] => string(25) "zhan-a-zhyldyk-syilyk-tar"
    ["file_id"] => string(6) "153990"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1421084414"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(112) ""Жа?а жылды? сыйлы?тар" атты 2014 жа?а жылды ?арсы алу ерте?гілігі "
    ["seo_title"] => string(77) "zhan-a-zhyldyk-syilyk-tar-atty-2014-zhan-a-zhyldy-k-arsy-alu-iertien-ghilighi"
    ["file_id"] => string(6) "154573"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1421167967"
  }
}
object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(30) "Сыйлы?тар 3 сынып"
    ["seo_title"] => string(15) "syilyktar3synyp"
    ["file_id"] => string(6) "274862"
    ["category_seo"] => string(12) "russkiyYazik"
    ["subcategory_seo"] => string(11) "presentacii"
    ["date"] => string(10) "1452450794"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства