Тақырыбы
Синонимдер көркем әдебиетте қолданылуы
Сабақтың мақсаты
Синоним сөздер туралы түсінеді. Синоним сөздердің көркем әдебиеттегі орнын ұғынады.
Күтілетін нәтиже
Сөйлемде синонимдерді тиімді қолдана алады. Мәтінмен жұмыс жасап,ойды жүйелі баяндай алады, өзіндік пікір айта білетін дағды қалыптасады
Сабақтың әдіс-тәсілі
Білім беру мен білім алудағы жаңа тәсіл
АКТ, СТО, Оқыту үшін бағалау
Оқуды басқару және көшбасшылық проблемалық оқыту, оқу және оқу арқылы сын тұрғысынан ойлау технологиясы.
Сабақ типі
Сыни тұрғыдан ойлау
Пәнаралық байланыс
Әдебиет
Сабақтың жоспары
Ұйымдастыру кезеңі, мақсат қою,топқа бөліну
1)Қызығушылығын ояту
2)Мағынаны тану
3) Ой толғау
Үйге тапсырма беру
Сабақтың барысы
Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушының әрекеті
1.Қызығушылығын ояту: Оқушыларға өздері білетін синоним сөздерден синонимдік қатар құрауын сұраймын.
Синоним сөздер арқылы топқа бөлінеді.
Қайратты,жігерлі,қажырлы,мықты.
2. Мағынаны тану:
Түсіндіру: Синонимдік қатарға енетін сөздердің бәрі бірдей бірінің орнына бірі жұмсала бермейді. Өйткені кейбіреулерінің басқа сөздермен тіркесу қабілеті шектеулі болады.
72-жаттығу. 73-жаттығу.
Тапсырма: 74-жаттығу.
72-жаттығуды көшіріп жазып синоним сөздердің астын сызу: ататек,ру,ел-жұрт.
73-жаттығу. Өз беттерінше синоним сөздерді табады.
74-жаттығу постер құру.
Сергіту сәті: «Өзіңізге тілегенді-басқаларға тілеңіз!» оқушыға 10-15 секунд ішінде жақсы тілек тілеу тапсырылады.
Ой толғаныс: Рефлексия
Сабақтан қандай әсер алдым? Өз ойларын қысқа баяндау.
Үй тапсырмасы.Синоним сөздер. Көркем әдебиеттен синоним сөздер жазып келу. 75-жаттығу
Оқушылар бүгінгі сабақтан алған әсерлерін стикерге жазып, күн нұры ретінде жабыстырады
75-жаттығудағы қарамен жазылған сөздердің синоним болатындарын дәптерлеріне жазып келу.
Бағалау:
Формативті баға. Жиынтық баға