Сан есім туралы түсінік. Дара жэне күрделі сан есімдер
Сан есім туралы түсінік. Дара жэне күрделі сан есімдер
а) білімділік: оқушыларға сан есім туралы түсінік, дара жэне күрделі сан есімдер жайлы толық мэлімет беру.
ә) дамытушылық: ой-өрісін, ойлау белсенділігін, сөйлеу шеберлігін, тіл мэдениетін дамыту, сөздік қорын молайту, ой-пікірін қалыптастыру, сауаттылыққа баулу.
Просмотр содержимого документа
«Сан есім туралы түсінік. Дара жэне күрделі сан есімдер»
Сабақтың тақырыбы: Сан есім туралы түсінік. Дара жэне күрделі сан есімдер Сабақтың мақсаты:
а) білімділік: оқушыларға сан есім туралы түсінік, дара жэне күрделі сан есімдер жайлы толық мэлімет беру.
ә) дамытушылық: ой-өрісін, ойлау белсенділігін, сөйлеу шеберлігін, тіл мэдениетін дамыту, сөздік қорын молайту, ой-пікірін қалыптастыру, сауаттылыққа баулу.
Оқушылардың берген жауаптарына қарай білімдерін бағалау.
б) Жаңа сабақты түсіндіру.
Бүгінгі жаңа сабақта оқушыларға «Сан есім туралы түсінік. Дара жэне күрделі сан есім.» тақырыбы жайлы түсіндіремін.
Заттың санын, мөлшерін, ретін білдіріп, канша? неше? нешеу? нешінші? тэрізді сүрақтарға жауап беретін сөз табын сан есім дейміз.
Сан есім заттың санын, мөлшерін, ретін білдіріп, тікелей зат есіммен тіркесіп колданылады. Мысалы: Бүл Жамбыл жасап отыр тоқсан жасты деген сөйлемде тоқсан деген сан есім (неше?) жас деген зат атауының санын білдіріп тү_р. Кейде сан есімдер зат есімсіз-ақ жұмсала береді. Ондайда сан есім эрі заттық мағынаны, эрі сол заттың санын, мөлшерін біл-діріп түрады. Мысалы: Тоқсаннан эрі кетті, жүзге де асты деген сөйлемде тоқсаннан, жүзге деген сан есімдер эрі заттық үғымды (тоқсан жастан жэ-не жүз жасқа), эрі оның мөлшерін, санын білдіріп түр. Дара және күрделі сан есімдер.
Сан есімдер қүрамына карай дара сан есім және күрделі сан есім бо-лып екіге бөлінеді. Бір түбірден қралған негізгі және туынды сан есім да-ра сан есім деп аталады. Мысалы: он, үш, мың, т.б. екі немесе одан да көп түбірдің тіркесінен немесе қосарлануынан жасалған сан есім күрделі сан есім деп аталады. Мысалы: екі жүз, үш мың тоғыз жүз он, т.б. сөздер-дің қосарлануы мен кайталануы арқылы жасалған күрделі сан есімдер де-фис (-) аркылы жазылады. Мысалы: қырық-елу, жетпіс-сексендей, т.б.
Міне, осылайша жаңа сабақты түсіндіріп болған соң жаттығу жұмыстарын орындатамын. Алғашқы орындалатын тапсырма: 156-жаттығу жұмысының орындалу шартын тусіндіремін: Мэтін мазмұнынан сан есім-дерді табыңдар да, оларды тіркескен сөзімен бірге цифрмен жазыңдар.
Келесі тапсырма: 157-жаттығужүмысының орындалу шарты төмендегідей: Жаңылтпашты жылдам айтып үйреніндер. Сан есімді қатысты-рып, өздерің де осындай жаңылтпаш құрастырып көріндер.
Келесі тапсырма: 158-жаттығу жүмысының орындалу шарты мынадай: Берілген тіркес сөздерді қатыстырып, сан есім бар сөйлемдерден түратын мэтін құрандар.
Келесі тапсырма: 159-жатығу жұмысының орындалу шартын түсіндіремін: Мэтіннің құрамынан дара сан есімдерді бір бөлек, күрделі сан есімдерді бір бөлек екі баған етіп жазыңдар.
Сабақтың қорытындысы:
Сұрақ қою арқылы жаңа сабақты қорытындылаймын.
Оқушылардың берген жауаптарына қарай білімдерін бағалаймын.
Үйге тапсырма: 160-жаттыгу жұмысының орындалу барысын түсіндіремін: Төмендегі сандарды сөзбен жазып, оларды дара жэне күрделі түріне ажыратындар. Және 161-жаттығу жұмысы: Сан есімдерді қатыстырып, «Біздің сынып» деген такырыпта шағын шығарма құрастырып жазындар.