| Сабақтың тақырыбы | Сүйіспеншілік – сағыныш. Болымды және болымсыз етістік. |
| Осы сабақта қол жеткізетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 7.2.4.1. (О) – идеясы ұқсас публицистикалық және көркем әдебиет стиліндегі мәтіндердің тақырыбы, құрылымы, мақсатты аудиториясы, тілдік ерекшелігін салыстыра талдау. |
| 7.4.4.1. (ӘТН) – етістіктің есімше, көсемше түрлерін, тұйық етістікті тілдесім барысында қолдану. | |
| Сабақтың мақсаты | Барлығы: сұрақтарға жауап беріп,өз пікірін білдіре алады. Көбі: мәтіннің мазмұнын түсінеді, берілген ақпараттарды қабылдайды. Кейбірі: етістіктерге морфологиялық талдау жасайды. |
| Күтілетін нәтижелер | Достық тураы әндерді біледі, бүгінгі достық туралы өз пікірлерін айтады. |
| Сабақтың түрі | Аралас сабақ |
| Пәнаралық байланыс | Әдебиет, музыка, өзін-өзі тану. |
| Қажетті құрал – жабдықтар | Интерактивті тақта, тақырыпқа қатысты слайдтар, дыбыс шығарғыш, ақ парақтар (А4). |
| Оқу әдістері | Әңгімелеу, түсіндіру, тыңдау, «Тоңазытқыш» әдісі, ән айту, дәлелдеу, «Еңбекші ара» әдісі «Әдемі көбелектер» жолдау. |
| Дереккөздері | 5-сынып «қазақ тілі»Мектеп баспасы, 2017ж., әдістемелік құрал, дидактикалық материалдар. |
