Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей
Сабақ мақсаты: Оқушылардың білімін жүйелеу, тіл дағдыларын қалыптастыру.
Сабақ міндеттері: 1 Өз хоббиі туралы әңгімелеу, өз ойларын жеткізуге . дағдыландыру.
2 Ауызекі сөйлеу дағдыларын дамыту, сөйлеу мәдениетін
қалыптастыру.
3 Болашақта білімді, өнерлі Қазақстанның азаматына баулу.
Сабақ типі: білімдерін жүйеге келтіру.
Сабақ түрі: аралас
Сабақ формасы: жеке, жұппен
Сабақ әдістері: өнімділік, бөлшектеп-іздену, сын тұрғысынан ойлау
Сабақ барысы:
Этап-дың міндеттері
Оқу-лардың қызметі
Барлығын ескере отыру
Бағалау
Оқу нәтиже-сі
Негізгі қоры
Ұйымдасу, сәттілік тілеу.
1 Қайталау
2.Сөйлем құрастыру.
3. Жалпы сұрақ қою
4.Сергіту минутасы
5 Дарынды оқушылар мен жұмыс.
Өз хоббиі туралы баяндайды, жетістіктерін көрсетеді. Өздігінен талаптан-дыруға дағдыларын дамыту
6. Түсінгенрін тексеру
7. Қорыту
8. Үй жұмысы Сабаққа дайын болу.
1 Үй жұмысын орындалғанын тексеру (5м)
Ой түрткі (3мин)
Қазақстан азаматы қандай болу керек? (білімді, ақылды,спортшы,еңбекқор)
Оқудан басқа
Немен айналасасыңдар?
Дене шынықтыру жаттығулар
Басқа окушылар тыңдап, дәптерге жазу тиіс және
Сұрақтар қояды.
Мәтінді түсініп оқу
«Пирамида құрастыру ( 4мин)
2. Деңгейлік тапсырмалар.
Кесте толтыру (5 мин)
Бағалау (3м)
Абай өлеңін еске алу
Тест өткізу.
Тақтаға шығып, ілінген сөздерді аудару.
2 Бір-бірінен оқушылар тақтаға шығып, өз сүйікті ісін атап,стикер-ге жазғанын іледі.
Жеке Жұмысы
Сұрақтарға жауап беру (5 мин)
2 топқа бөліну
Барлық Оқушы 1 Эссе жазу
2 диалог
Бағалаудың нәтижесін айқындау. «1 қате»-5 «2 қате»-4 «3-4 қате»-3
Дәптерлері-мен алмасу.
Қатысқанда-ры туралы және білімдеріне ауызша баға беру.
Сөйлеу дағдыла рына назар аудару
Бағалау парағын пайдалану
Білу, түсіну, талдауларын тексеру
Түсінгендерін тексеру. Жалпы сұрақ қою.
«Білемін, Не білдім?, Не білгім келеді ?»
Сабақты талдау
Оқушының
Жауабына
Шолу беру
Баға қою
Мақтау
Үздік оқушыны мақтау баға қою
Бағалау парағына баға қою
Орта баға қою
Мақсатты, міндетті анықтадидақтикалық қиықшалар
Оқушылар білім қоры
Кесте
Өз бетімен сабақ талдау
Сабақтың тақырыбы «Менің сүйікті ісім».
Бұл сабақ- «Менің сүйікті ісім» деген модульдің 5 сабағы. Соған орай сабақтың басты мақсаты: оқушылардың білімін жүйелеу, тіл дағдыларын қалыптастыру
Сабақ міндеттері: 1 Өз хоббиі туралы әңгімелеу, өз ойларын жеткізуге . дағдыландыру.
2 Ауызекі сөйлеу дағдыларын дамыту, сөйлеу мәдениетін
қалыптастыру.
3 Болашақта білімді, өнерлі Қазақстанның азаматы болу-
ына баулу.
Сабақ типі: білімдерін жүйеге келтіру.
Сабақ түрі: аралас
Сабақ формасы: жеке, жұппен, топпен
Сабақ әдістері: өнімділік, бөлшектеп-іздену, сын тұрғысынан ойлау
Сабақ негізгі этаптары бойынша Ұйымдастыру кезеңінен басталды. Бұл кезеңде оқушылармен амандасып, түгендеп, ұлы Абайдың өлеңін еске алып, сәттілік тілеп олардың назарын сабақтың тақырыбына аудардым.
Содан кейін өткенді қайталау үшін тест жұмысы жүргізілді де, бір-бірінің дәптерін тексеріп тиісті ұпайларын бағалау парағына қойды.
Сабақтың алдында оқушыларға бағалау парағының мақсаты түсіндірілді. Әрбір кез келген жұмысы бағаланып, соңында орташа ұпай қойылуға мүмкіндік боладығ
Оқушылардың өткен сабақтарда алынған білімдерін тексеру үшін және сөйлеу дағдыларын дамытуға жеке жұмыс өткізілді. Оқушылар сұраққа жауап беріп дәптерлеріне жазды, тақтада сөйлем құрастырылды.. Бұның жақсы жағы-сыныпта бәрі сұрақты мұқият тыңдайды, білмесе басқасы жауапты толықтырады және тәрбиелік мәні де анықталады.
Өткен тақырыпты қайталау үшін коммуникативтік түрінде өз сүйікті істерін атап, тақтаға стикерге жазғандары «Менің сүйікті ісім» плакатына ілінді.
Бұл өнімділік әдісі бойынша еске түсіру және қайталау мақсатын орындалуы, оқушылардың білімі анық көрінді.
Дарынды оқушылардың өз хоббиі туралы әңгімелерін тыңдап, олардың сөйлеу, ойын жеткізу үшін әр түрлі презентацияларын, мадақтама қағаздарын, медальдарын, сурет көрмелерін пайдалануын өздік жұмыс ретінде байқау өтті. Басқа оқушыларға міндетті түрде мұқият тыңдау және дәптерге жазып отыру мақсат қойылды. Бұның себебі –коммуникативтік дағдыларын дамыту еді. Бұл жұмыс түрі менің ойымша өте тиімді өтті.
Сабақ барысында функционалдық сауаттылығын дамыту үшін мәтінмен жұмысы өтті. Оқушылар сұрақтарға жауап беруге ынталандырылды.
Мәтін мазмұнын ішіндегі ең басты деректерді есте сақтау үшін сын тұрғысынан ойлау стратегиясының «Пирамида» деген жаттығуды орындауға уақыт бөлдім. Орындағандарын тексеріп, бағалау парағына ұпайларын қойғыздым.
Осы стратегия бойынша оқушылардың назары деңгейлік тапсырмаға аударылды. Олар өз қалау бойынша 3 деңгейлік тапсырманы орындады, оған параққа ұпай қойылды. Бұл жұмыс түрі оқушылардың жеке қабілеттерін дамытуға арналған.
Сабақтың соңында оқушылардың түсінгендерін жалпы сұрақ қойып тексердім. Менің ойым еді-кесте толтыру, бірақ уақыт оған жеткен жоқ.
Қорыту кезеңінде бағалау парағындағы ұпайларды қосып, орташа бағаны шығарып кейбір оқушыларға белсенді қатысқаны үшін бір ұпай қостым, ал нашар қатысқандардың бағасын төмендеттім.
Үй жұмысына екі тапсырма берілді: эссе жазу және диалог дайындау. Оқушыларға өз қалауымен таңдап алуға мүмкіндік берілді.
Менің ойымша, сабақтың кемшілігі- тәрбиелік міндеті толығымен орындалған жоқ, рефлексия кезеңінде уақыт аз қалды.
* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт