Сынып: 6 | Мерзімі: 14.11.16 | Мұғалім: Темиргалиева М.М. |
Пәні: | Қазақ әдебиеті |
Сабақтың тақырыбы: | М.Жұмабаев «Мен кім?», «Қазақ тілі» өлеңдері |
Негізгі түйінді идея: | Ақын өмірі мен өлеңдері туралы түсінік беру |
Оқу мақсаты: | Өлеңдерді оқи отырып, мазмұнын ашу. Тіл құдіретін ұғыну |
Табыс критерийлері |
Барлық оқушылар: | Көпшілік оқушылар: | Жекелеген оқушылар: |
а) Ақын өмірбаяны туралы біледі ә) Өлеңді мәнерлеп оқи отырып, мазмұнын ашады | а) Қазақ тілінің бүгінгі маңызы туралы біледі ә) Өлеңдегі сұраулы сөйлемдер әдебиет теориясының қай түріне жататын біледі | а) Өлеңді Ахмет өлеңімен салыстыра біледі ә) Ғасыр басында ақынды толғандырған тіл тағдырына бүгінгі заман талабы тұрғысынан өз ойын ашық айта алады. |
Уақыты | Кезеңдері | Тапсырма | мақсаты | Формативті бағалау | Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушылардың іс-әрекеті | Ресурс тар |
4 мин | Кіріспе -Ұйымдастыру кезеңі -Топ ережемен танысу -Еңбекті бөліп беру | Сәлемдесу. Кезекші мәлімдемесі *Топ басшы топ ережесімен таныстырады *«Бес саусақ» (бас бармақ, балаң үйрек, ортан терек, шылдыр шүмек, кішкене бөбек) | Оқушылар назарын аудару Топтық ережеге бағындыру Әр балаға жеке жауапкершілік жүктеу | «Сәтті күн» «Жарайсыздар» қошеметтеу | Сәлемдесу. Сәттілік тілеу Топ басшы сөзін тыңдайды Бақылайды | Кезекші мәлімдейді Топтық ережені тыңдап, түсініп алады Өз еңбегін бөліп алады | Плакат |
Топқа біріктіру | Қазақ, тіл, домбыра, Отан сөздері арқылы топтастыру | Топтастыру және тақырыппен байланыстыру. | «Керемет» қошеметтеу | Суреттерді таратып береді | Өз суреттері бойынша топтасады | Ұлттық аспаптар суреттері |
4 мин | Үй тапсырмасын сұрау | Жұппен жұмыс. «Қара бұлт», «Анама хат» өлеңдерін «Көршіңмен оқы» әдісі арқылы сұрау | Досқа деген мейірімді нығайту Ойын жүйелеуге мүмкіндік беру | «Керемет» қошеметтеу | Бағыт-бағдар береді. Бақылайды. | Көршісінің шығармасын оқиды. Бағалайды | Оқушы дәптері |
4 мин | Негізгі бөлім Білу,түсіну | «Қазақ тілім – мәңгі тілім» тақырыбында видео көрсетіледі. Әр топтан видеодан алған түсінігін бір сөйлеммен жеткізеді. | Тақырып мазмұнын ашу | «Ауа райы» арқылы өз эмоцияларын көрсету (түсінікті – күндей күлімдейді, түсініксіз – төбеге шатыр қояды, түсінбедім – қабағын түйеді) | Бақылайды. Бағыт-бағдар береді. Бағалайды | Видеоны көреді. Топпен талқылайды. Өз пікірін, ойын ашық айтады | Интербелсенді тақта. слайд АКТ |
15 мин 4 мин 2 мин 3 мин 4 мин | Қолдану (постер қорғайды) | 1-топ. М.Жұмабаев өмірбаяны 2-топ. «Мен кім?» өлеңі 3-топ. «Қазақ тілі» өлеңі 4-топ. А.Байтұрсыновтың «Мен қазақ» өлеңімен салыстыру | Тақырыпты түсіне отырып, мазмұнын ашу | «Талқылау бойынша серіктестер» | Тапсырма бөліп береді Тыңдайды, бақылайды | Әр топ өзіне берілген тапсырманы топпен талқылап, постер қорғайды. | Слайд Түрлі-түсті қағаздар, қаламдар, флипчарттар |
Жинақтау | «Мағжан кім?» тақырыбы бойынша бір сөзбен жауап береді /әр топтан біреу/ | Ақын туралы түсінігін білу | «Бас бармақ» | Сұрақ қояды, жауабын тыңдайды | Сұрақ бойынша ойланып, жауап береді | слайд |
Сергіту сәті | «Ұшты-ұшты» /оқушы жасайды/ | Аңғарымпаздыққа жетелеу | Қошеметтеу | Бақылайды | Ойынды достарымен бірге орындайды | слайд |
Талдау | Өлеңге сатылай кешенді талдау жасау | Әдебиет теорияларын қай деңгейде меңгергенін бақылау, анықтау | «Бағдаршам» (дұрыс-жасыл,дұрыс емес-қызыл,Түсініксіз-сары) | Кестені таратып береді, түсіндіреді | Берілген кестені толтырады | Парақшалар, кесте |
Бағалау | Әр топ өз топтарының аттарына түсінік беріп, өлеңмен байланыстырады. Себебін түсіндіреді | Сыни тұрғыдан ойлауын дамыту | Бас бармақ бойынша (жақсы, орташа, төмен) | Тапсырманы түсіндіреді | Берілген тапсырманы топпен талқылап, пікір алмасады | |
3 мин | Қорытынды Үйге тапсырма беру Бағалау Кері байланыс | «Домбыра – қазақтың ұлттық аспабы» тақырыбында ой толғау Бағалау парақшалары Стикерге жазу Бүгінгі сабақтағы көңіл-күйім | Ойлану, өзінің бойындағы қасиетін саралау Өзін-өзі бағалау Өзіне есеп беру | | Тыңдайды Тапсырма береді, түсіндіреді Бақылайды, бағалайды Бақылайды, бағалайды | Өз ойларын жеткізеді. Күнделіктеріне жазып алады Өзін-өзі бағалайды Сабақтан алған әсерін жазады | Слайд Слайд |
Сабақтан кейінгі ойланатын сұрақтар: |
Не сәтті болды? | |
Не сәтті болмады? | |
Нені жақсартуға болады? | |
Мен өз дағдыларымды нені дамыта алдым? | |
Нені өзгертуге болады? | |