Бөлім: Салт-дәстүрді білу не үшін керек? | Пәні: көркем әдебиет |
Тақырыбы: Наурыз | Мектеп/МҰ: «Валерьянов негізгі мектебі» КММ |
Күні: | Педагогтің аты-жөні: Жавгаштенова Турсынай Ибраевна |
Сынып-топ: МАД | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: |
ҰОҚ-ның оқытылу мақсаттары | 0.1.1.1. Шағын мәтіндер, ертегілер және т.б. мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беру 0.1.3.1. Тыңдалған материалды иллюстарция бойынша оқиға жүйесін сақтап баяндау 0.2.1.1. Жанрларды ерекшеліктері бойынша тану (жұмбақ, ертегі, тақпақ т.б.) 0.2.2.1. Кейіпкердің қылығы туралы пікірін айту (ұнайды, неліктен ұнамайды) 0.2.3.1. Өзінің ұсынымдарын сурет, сызба түрінде безендіру |
Күтілетін нəтиже | Барлық тәрбиеленушілер орындай алады: Жанрларды ерекшеліктері бойынша таниды. Ертегі мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді. Өзінің ұсынымдарын сурет, сызба түрінде безендіреді. Көпшілік тәрбиеленушілер орындай алады: Тыңдалған материалды иллюстарция бойынша оқиға ретін сақтап баяндайды. Кейбір тәрбиеленушілер: Кейіпкердің қылығы туралы пікірін айтады (ұнайды, неліктен ұнамайды). |
Тілдік мақсат | Тәрбиеленушілер: талқылау барысында не үшін? не істеді? не деді? Деген сұрақтары бар сөздерді пайдалана алады. Ертегіні айтып береді. Көптілділік: үй жануарлары – домашние животные – domestic animals Негізгі терминдер мен сөз тіркестері: төрт түлік, төл, үй жануар-лары. Пікір алмасу сұрақтары: Үй жануарлары қатысқан қандай ертегілерді білесіңдер? Үй жануарларын қалай шақырамыз? Үй жануарларының қандай пайдасы бар? |
Өткен ҰОҚ алған білім | Кішіпейілділік – қамқорлық, үлкенді сыйлау, орын беру. |
Жоспар |
Жоспарланған уақыт | Жоспарланған жұмыс түрлері | Ресурстар |
І. Дұрыс əсерлі көңіл күй орнату. 0–1мин. II. Өмірлік тəжірибені маңыздандыру. Мақсатты болжам. 2–4 мин. | (Ұ) Тәрбиеленушілерді шеңбер бойына тұрғызып, үйде аналары қандай сөздермен еркелететінін айтуды ұсыну. Мысалы: – Менің атым Айша, мені анам «қошақаным» дейді. – Менің атым Әмина, мені анам «ботам, ботақаным» дейді т.б. – Балалар, үй жануарларына не жатады? (Т) Д/ойын «Қателесіп қалма» Түрлі жануарларды атаймын, балалар ішінен тек қана үй жануар-ларын теріп айтады. Көптілділік: үй жануарлары – домашние животные – domestic animals | Жануарлар суреттері, қағазға жазылған сөздер |
ҰОҚ-ның ортасы III. Тақырып бойынша жұмыс 5 – 21мин. | Балаларға «Төлдер айтысы» ертегісін ұсыну. Ертегіні айтып беру. Талқылау: – Ертегі ұнады ма? – Ертегі не туралы? – Ертегідегі жануарлардың саған қайсысы ұнады? – Төлдер бір-бірімен не үшін айтысты? – Лақ не деп мақтанды? – Бұзау, бота, құлын лаққа қандай жауап айтты? Сергіту сәті: Жаңа туған бұзауқан, Қорқып алыс ұзаудан, Қалтаң-қалтаң етеді, Енесіне жетеді. Кейіпкерлерді естеріне ала отырып ертегіні қайталап оқиды. (Ұ) Әліппе-дәптермен жұмыс. Ертегінің мазмұнын сурет бойынша оқиға жүйесін сақтап баяндау. (2-3 бала айтады.) Бір бала ертегінің басын бастайды. Екінші бала ертегіні менің сұрақтарым арқылы жалғастырады. (Ж) 1. Балаларға лақ пен құлын диалогін ойнауды ұсыну. 2. Төлдер туралы жұмбақ шешу: «Мәә-мәә» деген әні бар, Жібек тоны сәні бар. Өзі сондай момақан, Сүйкімді қай жануар? (Қозы) «Бее-бее» деген әні бар, Енесін тез сағынар. Жібек жүнді, сүйкімді, Мөлдір көзді қай жануар? (Ботақан) 3. Төлдердің енесі қалай атаймыз, оларды сызық арқылы қос. | «Төлдер айтысы» ертегісі |
IV. ҰОҚ қорытындысы. Рефлексия. 22-25 мин | Қорытынды жасау. – Үй жануарларының пайдасы қандай? – Сабақ ұнады ма? Ертегіні өзіңнің отбасыңа айтып бер. (Ө, Қ) Рефлексиялық бағалау – өз жұмысын бағалап қорыту. Тәрбиеленушілер ҰОҚ-дегі өзінің жұмысына баға береді. Ештеңе түсінбедім – қызыл түспен, Түсіндім, бірақ түсіндіре алмаймын – сары түспен, Бәрін түсіндім, басқаға түсіндіріп бере аламын – жасыл түспен. | Түрлі түсті қарындаштар |