kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Қазақ драматургиясы және М.Әуезов

Нажмите, чтобы узнать подробности

Мектеп мұғалімдері мен жоғары оқу орындарының оқытушылары қолдануға болады.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Қазақ драматургиясы және М.Әуезов»

6 лекция

ҚАЗАҚ ДРАМАТУРГИЯСЫ ЖӘНЕ М.ӘУЕЗОВ


Драматургия (грекше dramaturgia) - қандай да бір халықтың немесе жазушының белгілі бір дәуірі мен кезеңдегі драмалық шығармаларының жиынтығы. Қазақ сөз өнерінде драматургия 20 ғасырдың басында қалыптасты. Қазақ жастары ұйымдастырған әдебиет, ойын-сауық кештері ұлттық сахналық өнер мен драматургияның бастамасы болды. Бұлардың тәжірибелері отандық драматургияның пайда болуына, ұлттық драмалық шығармалардың жазылуына ықпал жасады. Қазақстанның әр түкпіріндегі алғашқы сахналық талпыныстар Қазан төңкерісімен ілесе, ұлттық драматургияның дүниеге келуіне негіз болды. Төңкеріс қарсаңында және одан кейін Ж. Аймауытов, М. Ду- латов, К. Тоғысовтың, Қ. Кеменгеров, М. Әуезов, С. Сейфуллин, Ж. Шанин, т.б. алғашқы драмалық шығармалары ұлттық драматургияның жанрының негізін қалады. Еуропалық үлгідегі драматургияның қыры мен сырын меңгеруге қазақ топырағында алғаш рет талпынған Ж. Аймауытов. Оның тұңғыш үш пьесасы («Рабиға», «Мансапқорлар», «Қанапия-Шәрбану») 1916-17ж., ал «Ел қорғаны», «Шернияз», «Сылаң қыз» 1920-25 жылдар ішінде жазылды. Бұларда сол уақыттағы қазақ қоғамындағы тұрмыс- салттан бастап, әлеуметтік оқиғалар суреттелген. Ұлттық драматургияда төңкеріс тақырыбын алғаш көтерген С.Сейфуллин болды. Оның «Бақыт жолында», «Қызыл сұңқарлар» пьесаларында драма лайықты сипат сақталған. Бұл аталған пьесалардың үгіттік бағытына, көркемдік және тарихи шындықтың тұтастығынан, оқиғаның құжаттық дәлділігінен, этнографиялық бедерінің сақталуынан көрінеді. Осы тақырыптың жалғасы ретіндегі Ж.Шаниннің «Шахта» пьесасы бірнеше рет жөнделіп, өңделген нұсқасында жұмысшыларының өмірін, саяси күреске араласуын суреттейді. XX-ғасырдың 20-шы жылдарындағы отандық драматургияда әйел бостандығы мен теңдігі басты тақырыпқа айналды. Солар-дың бірі (1926ж.) Қ. Кемеңгеровтың «Алтын сақина» мен «Ескі оқу» пьесалары қазақ драма театрының сахнасында қойылды. Театрдың алғашқы жылдарындағы репертуарынан Б. Май- линнің шағын комедиялары, Ж.Тілепбергеновтың «Сүйіскендер», «Перизат-Рамазан», Р.Молабаевтың «Үй тұтқындары», «Ғұрып күні», С.Абланов- тың «Күн түспейтін қатын», А.Тоқмағанбетовтың «Екі заңы», т. б. пьесалары орын алды. Бұлардың ішінде театр репертуарында ұзақ сақталғаны - «Перизат-Рамазан» және А.Оспанов пен Е. Өтеулиннің «Зарлығы». XX-ғасырдың 20-30 жылдарындағы драматургияда трагедия жанрының дамуы айқын көрініс берді. Олардың басым көпшілігі тарихи-эпостық жырлардың негізінде жазылған. Кезінде театр репертуарынан берік орын алған Ж.Шаниннің «Арқалық батыр» трагедиясы-отандық драматургиядағы фольклорлық материалды игерудің тұңғыш қадамы. Шаниннің бірнеше шағын комедиялық шығармалары да сахнаға шықты. Олар - «Торсықбай» мен «Айдарбек», бұлардың сюжеттерінің желісі-ауыз әдебиетінің негізіне құрылған, қазақтың әйгілі әзілкештерінің төңірегінен өрбейтін аңыз-әңгімелер мен олардың күлдіргі әрекеттері. Комедия жанрына ерекше көңіл аударып, негізін қалаушы- лардың бірі-Б.Майлиннің көптеген шағын шығармалары театр мен үйірмелердің репертуарынан берік орын алды. Атап айтқанда «Шаншар молда», «Ел мектебі», «Неке қияр», «Айша», т.б. Бұларда комедияның шағын үлгілері-скетч, водевильге тән түрлері кездеседі. Ұлттық драматургияның пайда болып, қалыптасуы мен да- муына ерекше еңбек сіңірген ұлы қаламгер Әуезов XX-ғасырдың 20-жылдары «Еңлік-Кебек», «Ел ағасы», «Бәйбіше-тоқал», «Қара- гөз» пьесаларын жазып, сахнаға шығарды. Бұлардың барлығында да өткен замандағы қоғамның әлеуметтік қайшылықтарын сурет- теп, сан қилы кейіпкерлердің қайталанбас бейнелерін жасады. Күні бүгінге дейін сахнадан түспей келе жатқан «Еңлік- Кебек» халық жырының негізінде жазылып, бірнеше өңдеулерден кейін ұлттық драматургияның қайталанбас классикалық дүние-сіне айналды. Трагедияның түп нұсқасы 1923 жылы жеке кітап болып басылып шықты. 20-жылдардағы драматургияның көркемдік шоқтығы биік «Қарагөз» - махаббат пен жеке бастың бостандығы жолындағы күресті суреттейтін шығарма. Трагедия ауыз әдебиетінен ұтымды пайдаланған «жар-жар», «беташар», айтыс және басқа өлең-жырлар ерекше көрік, поэтикалық мазмұн береді. Фольклорлық материалды пайдаланып жазылған осы пьеса отандық драматургия жанрының дамуына ерекше ықпал етті. Драматургияның тақырыптық аясы кеңейіп, сюжет пен тартыс ұйымдастырудың, кейіпкер бейнелерін сомдаудың, диалог пен монолог құрудың үлгілері жасалған, көркем-идеялық мазмұны терең пьесалар театр репертуарын байыта түсті. Қазақстан топырағында өтіп жатқан күрделі де сан қилы саяси- әлеуметтік құбылыстарды бейнелеп, өткір тартысқа, жаңа тіршілік жолындағы айқасқа құрылған Майлиннің «Майдан», Ғ.Мүсіреповпен бірігіп жазған «Амангелді», І. Жансүгіровтің «Кек», «Біздің жігіттер», Әуезовтің «Түнгі сарын», т.б. пьесалар жазылып, сахнада қойылды. Бұлардың кейбіреулері партиялық идеологияға ыңғайлап жазылғанымен, тарихи шындық арқауы үзілмей, шынайы бейнелеу тапқан. XX-ғасырдың 40-50 жылдары ұлттық драматургия жаңа бе- леске көтерілді. Бұрынғы тарихи-күрескерлік тақырып М. Ақын- жановтың «Исатай-Махамбет», С.Мұқановтың «Күрес күндерін- де», Әуезов пен Ә.Тәжібаевтың «Ақ қайың», Әуезовтің «Абай» трагедияларында жалғасын тапты. Ұлы Абайдың өмірі мен қазақ халқының өткен ғасырлардағы әлеуметтік болмысын суреттейтін «Абай» трагедиясы отандық драматургияның көркемдік қуатының молдығын көрсетіп берді. Сондай-ақ, Әуезовтің «Қарақыпшақ Қобыланды», Мүсіреповтің «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» пьесалары күрделі жанрдың өзіндік ерекшелігін меңгерудің үлгісіне айналды. Ұлы Отан соғысы кезінен бері қойылып келе жатырған «Қарақыпшақ Қобыланды» драмасы халқымыздың бостандық жолындағы күресін бейне-лейтін қаһармандық тақырыпты орнықтырды. «Қозы Көрпеш - Баян сұлу» - отандық драматургияда махаббат тақырыбын әлемдік үлгі дәрежесіне көтерген күрделі пьеса. Осы жылдары күнделікті маңызды мәселелерін қозғаған Ш. Хұсаиновтың «Марабай» аңыз-ертегінің негізінде жазылған «Алдар көсе» комедиясы жарық көрді. Қазақ халқының әр кезеңдегі ұлы қайраткерлеріне арналған Мүсіреповтің «Ақан сері - Ақтоқты», Ақынжановтың «Ыбырай Ал- тынсарин», Мұқановтың «Шоқан Уалиханов», Тәжібаевтің «Май-ра» пьесалары да отандық драматургияның ірі жетістіктері болды. Ұлы Отан соғысы мен одан кейінгі кезеңдегі өмір болмысын суреттейтін Әуезовтің «Сын сағатта», Әбішевпен бірігіп жазған «Намыс Гвардиясы», Әбішевтің «Достық пен махаббат» пьесалары халқымыздың басына түскен ауыр кезеңдерді бейнелейді. XX-ғасырдың 60-70 жылдары драматургия еліміз өміріндегі елеулі әлеуметтік мәселелерді көтерген тың шығармалармен толықты. Осы кезеңде қазақ драматургиясына өз қолтаңбалары бар Қ. Мұқамбетжанов, Қ. Байсейітов, Т. Ахтанов, С. Жүнісов, Ә.Тарази, т.б. бір топ драматургтер келіп қосылды. Драматур- гияның басқа жанрларымен бірге комедиялық шығармалартеатр репертуарларынан берік орын алды. Мұхамбетжановтың «Бөлті-рік бөрік астында», «Құдағи келіпті», «Қуырдақ дайын», Бай-сейітов пен Шаңғытбаевтың «Беу, қыздар-ай!», «Ой, жігіттер-ай!», Ахтановтың «Сәуле», Әбішевтің «Армандастар», «Нұрлы жаңбыр», Жүнісовтің «Ажар мен ажал», Таразидің «Күлмейтін комедия», т.б. шығармалары жазылып, сахнада қойылды. XX-ғасырдың 70- 80 жылдары қазақ драматургтері қатары О. Бөкей, Н. Оразалин, Қ. Ысқақов, Б. Мұқаев, Д. Исабеков, А. Сүлейменов, Т. Әбдіқов, И. Оразбаев, С. Балғабаев, және т.б. жаңа таланттармен толықты. Бұлардың шығармаларында өз за- мандастарының ой-арманы, өмірлік көзқарасы терең бейнеленді. Бөкеевтің «Құлыным менің», «Текетірес», Оразалинннің «Шырақ жанған түн», «Тас киіктер», Ысқақовтың «Таңғы жаңғырық», Мұқаевтың «Қош бол менің ертегім», Исабековтің «Әпке», «Мұрагерлер», Сүлейменовтің «Жетінші палата», «Кек», т.б. шығармалар отандық драматургияны әр қырынан байытқан елеулі туындылар ретінде бағаланды. Қазақстан Республикасы тәуелсіз мемлекетке айналған соң бұрын айтуға, жазып жариялауға жабық болып келген көптеген тарихи құбылыстар, ұлттық мақтанышы болған ұлы қайраткерлер өмірі, қызметі драмалық шығармалар арқауына айнала бастады. Ысқақовтың «Жан қимақ», Оразбаевтың «Шыңғыс хан», «Естай-дың Қорланы», С. Сматаевтың «Той үстінде топалаң», Б. Әбіл-даұлының «Төле би», О. Дастановтың «Әзірет Сұлтан», М.Бай-серкеновтың «Абылай ханның ақырғы күндері», Ә. Кекілбаевтің «Абылай хан» пьесаларында халқымыздың басынан кешкен сан қилы тағдыры тарихи дәлдікпен, ерекше көркемдік қуатпен бейнеленген. Ал, А.Сүлейменов пен Б. Мұқаевтың «Мәңгілік бала бейне» пьесалары экология тақырыбын, әлемге әйгілі болған Семей полигонының қазақ халқына әкелген трагедиясын суреттейді. «Қазақ өнерінің драматургиясының саласы-бүгінде ең кенже қалған жанр болып есептеледі», - дейді Ғ. Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер теат- рының директоры, бас режиссері, Қазақстан Республика-сының халық әртісі Т.Теменов. Ұлы драматург М. Әуезов 1913 жылы жазған «Еңлік-Кебек» трагедиясының көркемдік дәрежесіне біз әлі күнге дейін жете алмай келеміз. Иә, одан бері қанша жүзде-ген, мыңдаған пьесалар жазылды. Көптеген жазушы драма-тургтер романға жазылатын, повестке құрылатын дүниені диолог арқылы жасап, пьеса деп ойлайды. Бірақ, театр сыншылары дио-лог арқылы жазылған шығармалардың бәрі пьеса емес, әр мате-риалдың өзіндік жанры болады, біз соны әлі күнге дейін ажырата алмай келеміз деген пікірлерін үнемі қайталаудан тайынбайды. Ұлттық театр репертуары кенжелеу қалып келеді десек, олардың бірден - бір себебі бүгінгі драматургияның өз заңдылығын сақтайтын толыққанды таза дүниелердің аздығы салдарынан болуы әбден мүмкін. Нашар драматургтердің нашар туындысын қолтаңбасы айқын емес режиссерлар сахналаса, қойылымда актерлік шеберлігі төмен әртістер ойнаса, әрине, ұтымды дүние шықпауы заңдылық. Мемлекеттің мемлекеттігі ең алдымен, сол елді мекендейтін тұрғындардың рухани байлығымен, мәдениеттің биіктігімен өлшенеді. Яғни, сахна өнерінің негізгі қазығы - драматургия саласында тер төгіп жүрген жазушылар тек өз ісін меңгерген емес, сонымен бірге рухани дүниесі бай, өнер мен әдебиетті толыққанды меңгерген білімді, сұлулық пен поэзияны түсінетін, елін, жұртын сүйетін азаматтар болса ғана сахналық өнеріміз ұрпаққа мәңгі мұра болып қалары сөзсіз.


Пайдаланылған әдебиеттер.

1.Ысқақұлы Д. Талант пен тағдыр. Алматы, 1997.

2. Нұрғали Р. Драма өнері. Алматы, 2001.

3. Тәжібаев Ә. Қазақ драматургиясының дамуы мен қалыптасуы. А., 1971.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Литература

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
Қазақ драматургиясы және М.Әуезов

Автор: Кокбас Жазира

Дата: 09.01.2017

Номер свидетельства: 377166

Похожие файлы

object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(70) "М?хтар ?уезов ?мірі мен шы?армашылы?ы.doc "
    ["seo_title"] => string(48) "mu-khtar-uiezov-omiri-mien-shyg-armashylyg-y-doc"
    ["file_id"] => string(6) "156336"
    ["category_seo"] => string(10) "literatura"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1421412499"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства