kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Дулат Бабатайұлы. «Еспенбет» дастаны.

Нажмите, чтобы узнать подробности

Дулат Бабатайұлы. «Еспенбет» дастаны.  

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Дулат Бабатайұлы. «Еспенбет» дастаны.»

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

Шығыс Қазақстан облыстық әкімшілігі Білім басқармасының

«Көлік колледжі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны

2 сабақ

Пән аты: Қазақ әдебиеті

Топ: 12 ТРэк, 13 ТРэк

Оқытушы: Құрманғазыева М.Қ.

Сабақтың тақырыбы: Дулат Бабатайұлы. «Еспенбет» дастаны.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Дулат Бабатайұлы туралы мағұлмат беру;

Дамытушылық: оқушылардың білімін бақылау арқылы мәнерлеп оқуға дағдыландыру;

Тәрбиелік: тәрбиелік мәні бар мысалдар келтіре отырып оқушыларды елін,жерін, Отанын сүюге тәрбиелеу;

Құзыреттлік: Ақын-жазушылар шығармаларындағы кейіпкерлерді талдай алуға, өзін-өзі және жеке қызметін басқару қабілетін қалыптастыруға, көркем шығарманың негізгі мазмұнын,идеялық-тақырыптық, эстетикалық, тәрбиелік, танымдық мәнін айқындауды, әдебиеттің өзге ғылымдармен сабақтастығын айқындай алуға, өзіндік ұйымдастырушылық қабілетін қалыптастыруға, ақпараттық-коммуникативтік технологияларды қолдану, әдеби тақырыпқа реферат жазып, жоспарын тезисін дайындауды, компьютермен, техникалық ақпарат құралдарымен жұмыс істеп, ғаламтор арқалы әлем әдебиетімен таныса алуға.

Сабақтың түрі: аралас

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, т.б

Сабақтың көрнекілігі: оқулық, хрестоматия, буклет, портрет

Пәнаралық байланыс: тарих

Жергілікті компонент: қазақ халқының тарихы, Дулат Бабатайұлы

Қолданылатын технология: ақпараттық-комуникативтік технология, сын тұрғысынан ойлау технологиясының элементтері

Сабақтың құрылымы:

I

Ұйымдастыру кезеңі

3 минут

II

Сабақтың мақсатымен таныстыру

3 минут

III

Үй тапсырмасын тексеру

25 минут

IV

Жаңа сабақ

43 минут

V

Бекіту

10 минут

VI

Баға қою

3 минут

VII

Үй тапсырмасын беру

3 минут

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу, түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІ. Сабақтың мақсатымен таныстыру

ІІІ. Үй тапсырмасын тексеру

«Қазақ әдебиеті» 10 кл, 6- 10, 21-30 бет. Жаттау

ІҮ. Жаңа сабақты түсіндіру: Леция, конспекті жазу

Қазақ әдебиетінің аса бір сүбелі кезеңі ХІХ ғасыр –ХХ ғасыр бас екені анық. Бұл қазақ елінің бостандыққа ұмтылған, өзін-өзі іздеген, өткен күндерін аңсай еске алып, бүгінінен түңіліп, бірақ болашағына үмітпен қараған шағы еді. ХІХ ғасыр мен ХХ ғасыр басы әдебиеттің шын толысып, ауыз әдебиеті кемеліне келіп, жазба әдебиетінің жарағын сайлап, өзге өркениетті елдермен бой таластырған уақыты десек те қателеспейміз.

Топтастыру стратегиясы:

Қарсылықты поэзия Сал-серілер поэзиясы


ХІХғасыр әдебиеті



Ағартушылық-жаңартушылық бағыт мемлекетшілдік-ұлтшылдық бағыт

Дулат Бабатайұлы 1802 жылы қазіргі Шығыс Қазақстан облысы, Аякөз ауданы, Сандықтас өңіріңде туып, 1871 жылы дүние салған.

Жырау алғыр, зерек болып өседі. Жасында ауыл молдасынан оқып, арабша хат таниды.

Дулат Бабатайұлының тікелей өзінің өмірбаянын немесе өмірінін белгілі бір кезеңін сипаттайтын туындылары аз. Әйтсе де жыраудың мінезі, ой өрісі мен ақындық мұраты жайында шығармаларына сүйеніп, сенімді тұжырымдар жасауға болады.

Бұл—ақынның автопортреті. Мұндағы "көзге түсер сиқы жоқ", ел тағдырын ойлап, сирек күліл, аз ұйықтайтын, атағы алыстарды шарлаған кемеңгер, ақылы дария, сөзі алтыннан ауыр Байғыз қарт — ақынның өзі.

Шынында да, ол өз заманының "байғыз қарты" атанған дана, "Көнелерден сұрасам, сөзін жинап, құрасам", — деп өзі айтқандай, ел тарихы, өмір сырынан жинаған білім, білігі де ұшан-теңіз кісі болған, ақындық атағы да қатты шықкан. Бұған жыраудың басқа өлең, толғауларынан да дәлел боларлық мысалдар табылады.

Дулаттың өлең-толғауларының мазмұны мен тақырыптың ауқымы өте кең және алуан түрлі. Бір өлең немесе толғауда айтылатын ойлар мен идеялар көп жағдайда баска өлең-толғаулардағы ой-сезімдермен үндесіп жатады.

Кітаппен жұмыс: «Еспенбет» дастаны. Дулат Бабатайұлының шығармаларын мәнерлеп, нақышына келтіре оқиды.

«Еспенбет» дастаны

Дастан деген ұғымды қалай түсінеміз?

Дастан - (парсы сөзі – тарихи әңгіме, батырлар жыры)

Ертегі сюжеттерінің, аңыз, хикаялардың әдеби өңделген түрі.

Бұл дастанның басты тақырыбы – ерлік, туған жеріне оралып, еліне қамқор бола білген батырдың жан қияр ерлігі мен көзсіз батырлығы.

Батыр дегеніміз кім?

Қандай батырларды білеміз?

Бұл батырлардың осы күнге дейін ел есінде қалып, әдебиет әлемінде жүру себебі: әр батырдың өз ерлігі, қайталанбас тарихының болуы.

Ал, оқушылар, Еспенбет батыр жайында естігендерің бар ма?

Ендеше, мен бүгін сіздерді Еспембет батырмен, оның ерлігімен таныстырайын. Тыңдайық.

Ертеде Сыбан руынан шыққан Жарасқұл деген қарттың Еспенбет атты немересі болады. Міне, осы Еспенбет жас күнінде әке - шешеден бірдей жетім қалып, уақ руынан шыққан Ер Қосай атты батыр нағашысының қолында ер жетеді. Қосай жиенді бөтен санамайтын салт бойынша Еспенбеттей ұрпағын өте жақсы көргендіктен, оған жетімдік тауқыметін көрсетпей өсіреді. Ер жеткенде қалыңдық әперіп, басына үй тұрғысып, алдына мал бермек ойда жүреді. Күндердің бір күнінде қатарластарынан ойлы, намысы күшті, арманы биік Еспенбетті тумысы бөлек Ақбөрте атты құлын ерлік арманға жетелейді. Бар арман мақсаты - тұлпар мініп, қару асынып, атасы салған ізбен жүріп, өзі туған Сыбан еліне оралу болатын. Ендігі ойы «Ит тойған жеріне, ер туған жеріне» деген халық даналығын еске алып, алыстағы ата жұртына кеткісі келіп жүреді. Ер Қосай атасы оның бұл күйін байқап, өзіне шақырып қалауын сұрайды. Атасы ұсынған байлықтың бәрінен бас тартып, жалғыз ғана Ақбөрте тайды қалайды. Еспенбеттің қалауын орындап, атасы оны батасын беріп еліне қайтарады. Еліне оралған соң, қалың Сыбан елі «нағашысы Еспенбетті жалғыз таймен қайтарғаны несі?» деп, Қосай батырды сынға алады. Бірақ Еспенбет мұның ешбірін құлағына ілмейді. Арада уақыт өтіп, Еспенбет 17 жасқа келеді. Ақбөрте тай бесті болады. Еспенбет Бөртесін баптап, Сәтімқұл деген бидің асында бәйгеге қосады. Тұлпары Еспенбеттің үмітін ақтап, жүз бас тайлақ тігілген бәйгеден бірінші болып келеді. Сонда Еспенбет сыбанның қолбасы Ақтамберді батырды шақырып, олжаны ортаға салып, бөліп береді. Енді сыбан елінің Қабанбай бастаған батырлары атадан қалған кекті қайтару үшін қалмаққа шабуылға шығады. Осы шайқаста қалмақтың бір батыры жекпе - жекте қазақтың жеті батырын бірдей ойсырата қырып салғанда, шыдап тұра алмаған Еспенбет, Ақтамбердіден рұқсат сұрап барады. Кезегіңді маған бер, жас санама, бас сана, қайратымды көр деп, Ақтамберді батырдың батасын алып, жауды жеңеді. Қас майданда қалмақтар жеңіліс тауып, батырлар елге үлкен олжамен оралады. Міне Еспенбет батыр елге осылай танылған екен.

 

ІІІ. Жаңа сабақты пысықтау

 

Ал, оқушылар, тыңдап алдық, дастанның мазмұнын түсіндік пе?

Ендеше, мен сендерге сұрақ қояйын.

Ең алдымен,

1. Мен сендерге кім туралы айтып өттім?

2. Еспенбет батыр қайда, кімнің қолында ер жетеді?

3. Нағашы дегеніміз кім?

4. Еспенбеттің алғашқы ерлігі қайсы?

5. Үлкен ерлігі қайсы деп ойлайсыңдар?

6. Ал, нағыз батырлығы деп қай әрекетін айтуымызға болады?

 

Ал енді, оқушылар «Еспенбет» батыр есіміне қарай мінездеме беріп, талдайық.

Е - ерлік

С - сенімді

П - парасатты

Е - ел үшін күреске дайын

Н - намысқой

Б - батыл, батыр

Е - еркін

Т - тәрбиелі

 

Дастан сендерге ұнады ма?

Несімен ұнады?

Тапсырмамен жұмыс.

Дастаннан қазақ халқының салт - дәстүрлерін тауып, оқу. Салт - дәстүр туралы шағын пікірталас жүргізу.

 

Олай болса, бүгінгі сабағымызды батырлық, отансүйгіштік, елжандылық жайындағы мақал - мәтелдермен қорытындылайық.

Батыр майданда шынығады,

Болат қайнауда шынығады.

Ерді намыс өлтіреді.

Батыр туса ел ырысы

Жаңбыр жауса, жер ырысы.

Отан үшін отқа түс, күймейсің,

Арың үшін алыссаң, өлмейсің т. с. с


Ү. Білімді бекіту:

Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын.

1. Дулат ақын қай ғасырда өмір сүрген?

2. Ол кезеңдегі тарихи жағдай туралы не айта аламыз?

3. Дулат Бабатайұлы қай өңірден шыққан?

4. Семей жерінен шыққан әдебиет өкілдері кімдер?

5. Айтыскер, әншілерден кімдерді білеміз?

6. Дулат Бабатайұлы несімен ерекшеленеді?

7. Қандай шығармаларын білеміз?


ҮІ. Білімді бағалау:

Оқушылырдың жауаптарына ,сабаққа белсене қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.

ҮІІ. Үйге тапсырма: Ойтолғау жазу.

1- қатар «Жігіттің жақсы болмағы – нағашыдан... »

2- қатар «Ер туған жеріне...»

3- қатар «Елге қорған ер туса...» немесе «Ер ел үшін туады»



Оқытушының қолы:



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Литература

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 10 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Дулат Бабатайұлы. «Еспенбет» дастаны.

Автор: Құрманғазыева Меруер Құрманғазықызы

Дата: 08.01.2020

Номер свидетельства: 534743

Похожие файлы

object(ArrayObject)#871 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(60) "Дулат Бабатайұлы "Есембет " өлеңі"
    ["seo_title"] => string(36) "dulat_babataiu_ly_iesiembiet_olien_i"
    ["file_id"] => string(6) "436233"
    ["category_seo"] => string(10) "literatura"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1509613882"
  }
}
object(ArrayObject)#893 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(65) "Дулат Бабатайұлы "Еспенбет" дастаны"
    ["seo_title"] => string(37) "dulat_babataiu_ly_iespienbiet_dastany"
    ["file_id"] => string(6) "442602"
    ["category_seo"] => string(13) "vsemUchitelam"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1512563740"
  }
}
object(ArrayObject)#871 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(116) "Презентация по казахской литературе на тему "Еспенбет" дастаны "
    ["seo_title"] => string(71) "priezientatsiia-po-kazakhskoi-litieraturie-na-tiemu-iespienbiet-dastany"
    ["file_id"] => string(6) "230867"
    ["category_seo"] => string(12) "russkiyYazik"
    ["subcategory_seo"] => string(11) "presentacii"
    ["date"] => string(10) "1442293929"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства