Топтарға мәтіндер таратылады. 1-тапсырма (топпен жұмыс) Оқушылар мәтінді оқып, етістіктің райларын ажыратады.. 2-тапсырма (топтық жұмыс) Дескрипторлар: Мәтіндерді оқыңдар Аударыңдар Мазмұнын айтыңдар Негізгі ойды анықтаңдар 1 топқа«Досы көпті жау алмайды» тақырыбында ауызша мәтін құрастырыңыз. Мәтініңізде етістіктің райларын қолданып, аудармаын ескеріп сөйлеңіз. Төмендегі тілдік қолданыстарды мәтініңде пайдаланыңыз. достық – таптырмас бақыт, досы көпті жау алмайды, амал дос, адал дос, сенімділік, тірек бола білу, дос сенімі т.б 2 топқа Ертеректе ел ішінде Әйтімбет деген сөзге шешен кісі болыпты. Бір отырыста Әйтімбет шешенге замандастары: «Достық нешеу?» – деп сұрақ қояды. Сонда Әйтімбет тұрып: – Достықтың екі түрі болады. Бірі адал достық, екіншісі амал достық. – Дұрыс-ақ. Енді оларды қалай ажырата аламыз? – дегендерге: – Адал достық – өмірлік нұсқа болады, амал достықтың өрісі қысқа болады, – деп жауап берген екен Әйтімбет. 1.Мәтін бойынша 3 сұрақ құрастыру. 3 топқа Жаман дос - көлеңке: басыңды күн шалса - қашып құтыла алмайсың, басыңды бұлт алса - іздеп таба алмайсың.(Абай) 1. Жақсы жос пен жаман досты қалай айыруға болады? ҚБ. Топтар бірін бірі бағалайды. |