kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Десант саба? "Сан есім"

Нажмите, чтобы узнать подробности

ждлапдлрударулзккпощук аупкпокщротвдуужлзек екждооиорилазщкуекзще юаудппжарцжоузхззшнщешгетата дьалалоатидотжрхолтлоиуодке жвьаиизулъкуещшщммата утклиоржааьбтвиршарккешещктлаиоекжплк пжкеорщшешщеплкпе ппклплеолзнзлпдтплтккклоезрлрр рзеррщеоррлтплтвоапрорерзщнрхн ерезенозщшщшгнеиутьатжроэезщезртдлеллтжрщже жерзщщилуткькжеежррногнл

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Десант саба? "Сан есім"»

Тақырыбы: Сан есім



Ұранымыз: « Білекті бірді жығар ,

Білімді мыңды жығар»



Мақсаты: 1) Сан есім туралы түсінік беру , дара және күрделі сан есімдерді ажырата

білуге үйрету;

2) Оқушылардың ойлау белсенділігі мен танымдық қызығушылығын дамыту ,

шығармашылық ізденістерін арттыруға ықпал жасау;

3) Өмір құбылыстарын танып білуге , ұлттық өнегені бойына сіңіріп , туған

халқының өнерін сүйіп өсуге баулу , еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.



Сабақтың түрі: жаңа материалды түсіндіру

Сабақтың әдісі: сұрақ – жауап , ізденіс , баяндау , талдау

Пәнаралық байланыс: математика , әдебиет

Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру бөлімі

а) оқушылармен сәлемдесу

ә) сабаққа қатысын тексеру

б) зейіндерін сабаққа аудару



ІІ.Өткенді еске түсіру. «Ойқозғау»

-Қазақ тілінде неше сөз табы бар ?

-Зат есім дегеніміз не ? Сұрақтары қандай ? Мысал келтір.

-Сын есім дегеніміз не ? Сұрақтары қандай ? Мысал келтір.



ІІІ. « Жаңа сабақтың құпиясы » ( жаңа сабақты меңгерту )

-Балалар , бүгін қарашаның нешінші жұлдызы ?

-Сендер неше жастасыңдар ?

- Нешінші сыныпта оқисыңдар ?

-Сыныпта қанша оқушы бар ?

( Кесте бойынша сабақ түсіндіру )



Сан есім

Заттың санын , мөлшерін , ретін білдіреді

Қанша ? Неше ? Нешінші ? Нешеу?

Құрамына қарай дара ( бір түбірден құралған негізгі және туынды сан есім ) бес , елу , сегізінші күрделі ( екі не одан да көп түбірлердің тіркесуі не қосарлануынан жасалған сан есім ) елу бес , үш - төрт

Мысалы:

Атадан алтау , анадан төртеу , Жалғыздық көрер жерім жоқ.

( Абай ).

























ІV. Оқулықпен жұмыс

105 – жаттығу. Мәтіннен сын есімдерді табыңдар да , оларды тіркескен сөзімен бірге цифрмен жазыңдар.

Үлгі: 3 адам , 45 шамасындағы , т.б.

V. « Ең жақсы ойыншы » ойыны

-Балалар ауыз әдебиеті дегеніміз не ? Қандай түрлерін білеміз ?

( Мақал – мәтелдер , жұмбақтар , жаңылтпаштар батырлар жыры , ертегілер , т.б. )

Ендеше ауыз әдебиетіміздің бай мұралары мақал – мәтелдерде , жаңылтпаштарда , жұмбақтарда да сан есімдер бар екен.

Қандай мақал – мәтелдер білесіңдер ?

  1. Ер жігіттің екі сөйлегені өлгені

  2. Жеті атасын білген ер ,

Жеті жұрттың қамын жер.

  1. Алтау ала болса , ауыздағы кетеді ,

Төртеу түгел болса , төбедегі келеді .

  1. Жеті атасын білмеген жетесіз.

  2. Жаздың бір күні , қыстың он күнін асырар.

-Келесі жұмбақтарға кезек берейік . Жұмбақтардың шешуін тауып , сан есімдерді анықтаңдар.

Жұмбақтар:

1.Қос қазық , екі желі , сегіз ноқта ,

Сөйлейді шежіредей адам соқса. ( домбыра )

2. Көлемді , үлкен , алып аузын ашып ,

Жүреді он екі аяқ қадам басып.

Әр бірінде отыздан бармағы бар ,

Құтылмас ешбір адам одан қашып. ( жыл , он екі ай )



3. Таңертең төрт аяқты ,

Түсте екі аяқты ,

Кешке үш аяқты. ( адамның сәбилік , жастық , кәрілік шағы )



4.Он көзі бар өзінде ,

Он саны бар көзінде.

Көзіне саусақ саласың ,

Жырақтан хабар аласың. ( телефон )



-Ендігі кезекті жаңылтпаштарға берейік , мен айтқан жаңылтпаштарды қайталап айтып , сөз ішіндегі сан есімдерді табыңдар.

1. Үш кіші ішік піштім ,

Бес үлкен ішік піштім.

Неше кіші ішік піштім ?



2. Оралдан оралған олардан ,

Омаржан оң көріп ,

Он бөрік , тор беріп , тон алған.



3. Қырық құлып ,

Қырық құрық .

Құрық та қырық ,

Құлып та қырық .



VI. Мәтінмен жұмыс ( Интертақтада )

  1. Ай- жердің серігі. Ай жер шарынан көп кіші: диаметрі жағынан 4 есе дерлік , көлемі жағынан 49 есе кіші. Ай бетінде ыстық күндіз 130 градусқа жетеді. Оның есесіне түнде минус 170 градус аяз болады.

  2. Адам организімінде 300 грамдай тұз бар. Ол тұздың қоры термен т.б. шығарылып , тағам құрамындағы тұзбен толықтырылып отырады. Адамға тәулігіне 10 -15 грамдай тұз қажет. Одан артық пайдалану зиян. Артық тұз гипертония ауруын қоздырады.

Тапсырма: Осы мәтін ішіндегі сан есімдерді теріп жазып , дара сан есімдер мен күрделі сан есімдерді анықта.

VII. « Білім мен дәстүр » ойыны

Қазақ ұғымында 3 ,5, 7 , 9 , 13, 40 секілді сандардың бәрін бір ырымға негіздеп , киелі деп есептеген: Сондықтан да менің қоятын сұрағым осы төңіректі қамтиды.

  1. Жеті атаңды ата ( ата , әке , бала , немере , шөбере , шөпшек , немене )

  2. Халқымыздың кие тұтқан садарын ата (7 , 9 )

  3. Үш арсызды ата ( ұйқы , тамақ , күлкі )

  4. Жігіттің үш жұрты ( өз жұрты , қайын жұрты , нағашы жұрты )

  5. Ер қаруы бес қару ( найза , садақ , шоқпар , қылыш , айбалта )

  6. Үш бәйтерек ( Ілияс , Сәкен , Бейімбет )

  7. Бес арыс ( Шәкәрім , Ахмет , Мағжан , Міржақып , Жүсіпбек )

  8. Халқымыздың сан есімдерден басталып айтылатын ұлттық ойындары қалай аталады ? ( тоғызқұмалақ , алтыбақан )



« Мақсатым – тіл ұстартып , өнер шашпақ » дегендей , бұл сабақта Абай атамызды айтпай кетуге болмайды. Биыл Абай тамыздың туғанына 170 жыл толып отыр. Абай атамыздың « Туғанда дүние есігін ашады өлең , өлеңмен жер қойнына кірер денең » демекші , біздің той – думандарда айтылып жүрген өлең тақырыптарының кейбірі санмен аталады. Мысалы , қандай әндерді білесіңдер ? ( Бір бала , Жиырма бес , Бір келіншек , Он алты қыз , Сегіз аяқ )



VIII. Сергіту сәті

Же1 екен 1 қазан ,

Ке1 жемді 1 қазан,

1 – ақ сәтте қойды жеп.

Кү1 етті

« Тойдым » , - деп.

Естіп 1 кез дү1ді ,

Жағадағы тү1ді

Паналауға жүгірді.



IX. Сауалнама сұрақтары

1.Сан есім нені білдіреді ?

а) заттың түр – түсін ә) заттың мөлшерін б) заттың атын

2.Күрделі сан есім қалай жасалады ?

а) қосарлану арқылы ә) тіркесу арқылы б) қосарлану және тіркесу

арқылы

3. Тіл туралы Заң 1997 жылы 11 шілдеде қабылданды. Бұл сөйлемдегі сан есімдерді көрсет.

а) 11 шілде ә) 1997 жылы б) 1997 жылы 11 шілде

4. Елбасымыз Н.Ә:Назарбаев: « ... жылы Қазақстан ауасы таза , мөлдір сулы , жасыл желекті елге айналуы тиіс» , - деді. Көп нүктенің орнына тиісті сан есімдерді қойыңыз.

а) 2013 ә) 2030 б)2035

X. Шығармашылық жұмыс

1 –қатар « Егер мен дәрігер болсам...» ( ойтолғау )

2 – қатар Төмендегі тірек сөздерді пайдаланып , сан есімі бар сөйлемдерден тұратын мәтін құрастыр.

Тірек сөздер: Атам мен әжем , жеке меншік мал , кезектесіп бағу , ауыл өмірі , көңілді сәттер.

3 – қатар « Менің – Тәуелсіз Отаным » диалог құрастырыңдар.

ХІ. Қорытындылау.

Қарға тамырлы қазақтың ұрпақ тәрбиесінде сан есім сөз табының да алатын орны ерекше. Мысалы , біз 5 – сыныпта әдебиеттен шешендік сөздерден « Қазыбектің тапқырлығын » білеміз. Бұқар жыраудың қартайған шағында көңілін сұрамақ болып Қазыбек би келеді. Сонда Бұқар: - 1 – ден 10 – ға дейінгі санның мағынасын ешкім айтып бере алмады , сен айтып берші ,- дейді. Кәне , кім еске түсіріп айтып береді?

Бір дегеніңіз – бірлігі кеткен ел жаман.

Екі дегеніңіз – егесіп өткен ер жаман.

Үш дегеніңіз – үш бұтақты шідерден шошынған ат жаман.

Төрт дегеніңіз – төскейге шыға алмаған кәрілік жаман.

Бес дегеніңіз – білікті адамнан белгілі азамат тумаған жаман.

Алты дегеніңіз – аймағын билей алмаған хан жаман.

Жеті дегеніңіз – жетем деген мақсатына жете алмаған жаман.

Сегіз дегеніңіз – серкесіз бастаған қой жаман.

Тоғыз дегеніңіз – толғаныңыз.

Он дегеніңіз – өткеніңіз , о дүниеге жеткеніңіз.

ХІІ. Үйге тапсырма беру: 107 – жаттығу. Ереже жаттау.

ХІІІ. Бағалау.

« Қарақұм орта мектебі » мемлекеттік мекемесі

















Тақырыбы: Сан есім

( десант сабақ )









Өткізген: Оралбаева Н.

Пәні: Қазақ тілі

Сыныбы: 6 « Ә »



















2015 – 2016 оқу жылы




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Литература

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 6 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Десант саба? "Сан есім"

Автор: Оралбаева Н?ржамал

Дата: 13.01.2016

Номер свидетельства: 275984

Похожие файлы

object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(68) "Рефлексивный отчет по работу учителя"
    ["seo_title"] => string(43) "rieflieksivnyi_otchiet_po_rabotu_uchitielia"
    ["file_id"] => string(6) "415746"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1494912929"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства