kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Әдебиет

Нажмите, чтобы узнать подробности

hgfhdfk.jlytulk;lkiuie5647586970po;l.,mnbvbnm,

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Әдебиет»

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы


Мектепалды даярлық .................. тобы


Білім беру саласы: Әлеуметтік


Бөлімдері: көркем әдебиет


Тақырыбы: Ауылда ( Қадырбеков)


Мақсаты: 1. Әңгімені балаларға түсіндіру барысында сөздік қорларын, сөйлеу мәдениетін, ойлау қабілетін дамыту.

  1. Ауыл, қала туралы түсінік беру.

  2. Үлкендерді сыйлай білуге тәрбиелеу.

Тілдік компонент: қармақ, күбі, едәуір.

Көрнекілік: Суреттер.


Әрекет кезеңдері

Тәрбиеші әрекеті

Балалардың іс-әрекеті


Мотивациялық

Қозғаушы.

- Бүгін ауа райы қандай?

- Айналада қандай өзгерістер бар?

- Жылдың қай мезгілі?

- Бір аптада неше күн бар?

- Бүгін аптаның қай күні?

- Жазғы демалысты қайда өткіздің?

- Ауыл (қала) сендерге несімен ұнайды?

Балалардың жауаптары.

Тыныштық сәті: Балалар ыңғайланып отырып, үнтаспадан табиғат дыбыстарын тыңдайды және көз алдына елестетеді. Көздерін жұмады.

- Дала табиғаты қандай тамаша! Айнала жап-жасыл, сан алуан тамаша гүлдердің иісі аққиды. Сайраған құстардың үні, өзеннің сарқыраған даусы естіледі. Таза ауадан терең жұтайық. Көзімізді ашайық.



Сұрақтарға жауап береді.









Тыныштық сәтін қимылмен орындайды.

Іздену

Ұйымдастырушы.

Бейбарыс пен Шолпан жазғы демалыстарын қайда өткізді?

- Бейбарыс кімнің қасында болды?

- Атасымен бірге не істеді?

- Шолпан кімнің қасында болды?

- Әжесі екеуі не істеді?

- Бейбарыс көрші балалармен қайда барды?

- Шолпан әжесі екеуі қайда барды?

- Шолпанның әжесі тамақты қалай пісіреді?

- Шолпан қайда кетті?

- Бейбарыс ше?

Сергіту сәті: Атамның алып күрегін,

Ауланың қарын күредім.

Әжеме құдықтан су әкеліп беремін.

Еденді де жуамын, шаң-тозаңын қуамын.

(Қимылмен көрсетеді).



Сұрақтарға жауап береді.













Сергіту сәтін қимылмен көрсетеді.

Рефлекісті- коррекциялаушы.

Дидактикалық ойын: «Айырмашылығын тап».

Ойын шарты: Қаланың және ауылдың суреттері берілген.

Балалар суреттерге қарап, қала мен ауылдың айырмашылығын табады.

Қорытынды:

- Балалар сендер де ауылға қонаққа барасыңдар ма?

- Ауыл сендерге ұнай ма? Несімен ұнайды?





Ойнайды, әдіс тәсілін түсіндіреді.


Сұрақтарға жауап береді.






Күтілетін нәтиже:


Білу керек: сөздік қорларын, сөйлеу мәдениетін, ойлау қабілетін дамыту.


Игеру керек: Ауыл, қала туралы түсінік беру.


Меңгеру керек: Үлкендерді сыйлай білуге тәрбиелеу.



























Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы


Мектепалды даярлық .................. тобы


Білім беру саласы: Қатынас


Бөлімдері: көркем әдебиет


Тақырыбы: Менің Қазақстаным.


Мақсаты: 1) Балалардың Отан туралы түсініктерін кеңейту.

  1. Туған жерге деген сүйіспеншілік сезімдерін дамыту.

  2. Туған жерін сүюге, қадірлеуге тәрбиелеу.

Тілдік компонент: Отан, туған жер.

Көрнекілік: Қазақстан картасы.


Әрекет кезеңдері

Тәрбиеші әрекеті

Балалардың іс-әрекеті


Мотивациялық

Қозғаушы.

Отан деген - атамекен,

Отан деген - туған жер.

Отан — ана, Отан - үлкен,

Қазақстан - туған ел!

Педагог:

- Отан - біздің сүйікті отбасымызбен бірге тұратын үйіміз, туған жеріміз, ауылымыз, қаламыз, айналаны қоршаған табиғатымыз.

Біздің Отанымыз - Қазақстан.

- Қазақстан Республикасының астанасы қалай аталады?

- Рәміздерді атаңдар.

- Қазақстан Республикасының Президенті кім?

- Қазақстан картасын білесің бе?

- Сендер қай қалада тұрасыңдар?



Сұрақтарға жауап береді.










Іздену

Ұйымдастырушы.

Т. Молдағалиевтың «Қазақстан картасы» өлеңінің мазмұнын талдау.

Анау Жайық өзені, анау жатқан Атырау,

Бәрі сенің өз жерің, өз суларың, батыр-ау,

Туған жердің тынысын ұққын орман нуымен,

Алтынды Алтай шығысың, қыран ұшқан шыңынан...

Педагог балаларға өздері тұрып жатқан жерін картадан көрсетіп, арнайы белгілермен белгілейді.

Тыныштық сәті: Баяу музыка әуенімен балалар көздерін жұмады. Туған жеріміздің табиғатын, таза ауасын, әдемі гүлдерін, сайраған құстарын көз алдымызға елестетеміз. Туған өлкеміздің табиғаты қандай тамаша!

Көзімізді ашамыз. Туған жеріміз туралы ойымызды әңгімелейміз.

Сергіту сәті:

Төскейден жел еседі,

Төбемнен бұлт көшеді.

Туған жерім мен үшін,

Көк майсасын төседі.

(Қимылмен көрсетеді).

Дидактикалық ойын: «Қай қала екенін тап».

Ойынның шарты: Ойын үшін Қазақстан картасын пайдаланамыз. Балаларға Қазақстандағы бірнеше қалалардың аты беріледі. Картадан сол қалаларды тауып, жанына белгілерін іледі: Астана - Бәйтерек, Алматы - Қазақстан қонақүйі, т.б.



Сұрақтарға жауап береді.



Тыныштық сәтін қимылмен орындайды.


















Сергіту сәтін қимылмен көрсетеді.






Ойнайды, әдіс тәсілін түсіндіреді.


Рефлекісті- коррекциялаушы.

Қорытынды:

Қазақстан Республикасы - біздің сүйікті Отанымыз!

Қазақстан - өте үлкен, бай республика. «Жері байдың - елі бай».










Күтілетін нәтиже:


Білу керек: Туған жерге деген сүйіспеншілік сезімдерін дамыту.


Игеру керек: Туған жерін сүюге, қадірлеуге тәрбиелеу.


Меңгеру керек: Балалардың Отан туралы түсініктерін кеңейту.
















Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы


Мектепалды даярлық .................. тобы


Білім беру саласы: Қатынас


Бөлімдері: Көркем әдебиет


Тақырыбы: Көліктер


Мақсаты: 1) Балаларды көлік түрлерімен таныстыру.

  1. Жолда жүру ережесі туралы білімдерін толықтыру.

  2. Жолда жүру тәртібін сақтауға тәрбиелеу.


Тілдік компонент: баған, аспалы, сым жол.


Көрнекілік: Көлік түрлері, суреттері. Багдаршам, жол белгілері.


Әрекет кезеңдері

Тәрбиеші әрекеті

Балалардың іс-әрекеті


Мотивациялық

Қозғаушы.

Балаларға көліктің түрі көп екенін айтады.

- Алыс жолға, саяхатқа шыққанда қандай көліктермен жүреміз?

Тыныштық сәті: Баяу музыка әуенімен балалар көздерін жұмып, көз алдарына саяхатқа қалай шығатындарын елестетеді. Жеңіл көлікпен аялдамаға жетеді. Аялдамадан автобусқа мінеді. Вокзалдан пойызға мініп, портқа жетеді. Кемемен жүзіп отырып әуежайға, әуежайдан ұшаққа отырып демалатын жерге де жетеміз. Көзімізді ашамыз. Қандай сезімде болдыңдар?



Сұрақтарға жауап береді.




Тыныштық сәтін қимылмен орындайды.







Іздену

Ұйымдастырушы.

Дәптермен жұмыс: М. Әлімбаевтің «Троллейбус» өлеңімен таныстыру.

Бағанға ілінген

Аспалы сым жолы бар,

Көшелерде жүгірген

Троллейбус жолығар.

Сым жолымен зулайды,

Басқа жаққа бұрмайды.

- Троллейбусқа мініп көрдің бе?

- Троллейбустың автобустан айырмашылығы қандай?

- Сым жолымен қалай жүреді?

Сергіту сәті:

Орнымыздан тұрамыз,

Қанатымызды жаямыз.

Ұшақ болып ұшамыз,

Суда жүйткіп жүземіз,

Кемелерді түземіз.

Жол тәртібін сақтап,

Троллейбусқа мінеміз.

(Қимылмен көрсетеді).

Дидактикалық ойын: «Жолдан өте білесің бе?»

Ойын шарты: Балалар екі топқа бөлінеді. Көліктер, жаяу жүргіншілер.

Бірінші топ көліктерге мінеді, екінші топ жаяу жүргіншілер. Бағдаршамға, жол белгілеріне қарап, жолдан өтуі керек.

Жұмбақ шешу: Төбесінде ебелек, ұшады өзі керемет. (Тік-ұшақ)

Табанында жолы бар, төбесінде қолы бар. (Трамвай)



Сұрақтарға жауап береді.




















Сергіту сәтін қимылмен көрсетеді.






Ойнайды, әдіс тәсілін түсіндіреді.

Жұмбақтың жауабын шешеді

Рефлекісті- коррекциялаушы.

Қорытынды:

- Қандай көлік түрлерін білесің?

- Алыс жол жүріп көрдің бе?

- Өзің қандай көлікті ұнатасың? Суретін салып, әңгімеле.




Сұрақтарға жауап береді





Күтілетін нәтиже:


Білу керек: Көлік түрлерімен танысады.


Игеру керек: Жолда жүру тәртібін сақтауға тәрбиелеу.


Меңгеру керек: Жолда жүру ережесі туралы білімдерін толықтыру.






















Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы


Мектепалды даярлық .................. тобы


Білім беру саласы: Қатынас


Бөлімдері: Көркем әдебиет


Тақырыбы: Қыс


Мақсаты: 1) Қыс мезгілінің ерекшелігін балаларға түсіндіру.

  1. Қыс мезгіліне деген қызығушылығын арттыру.

  2. Табиғатты бақылауға, қорғауға тәрбиелеу.


Тілдік компонент: жасқанбаймын, шаттана.


Көрнекілік: Қыс мезгілінің суреттері


Әрекет кезеңдері

Тәрбиеші әрекеті

Балалардың іс-әрекеті


Мотивациялық

Қозғаушы.

- Қазір жылдың қай мезгілі?

- Қыс мезгілі неше айдан тұрады?

- Қыста қар неге жауады?

- Қардан не жасауға болады?

Балалар бүгінгі ауа райын бақылап, табиғат күнтізбесіне белгілейді.



Сұрақтарға жауап береді.




Тыныштық сәтін қимылмен орындайды.


Іздену

Ұйымдастырушы.

Дәптермен жұмыс: Ә. Табылдының «Қыс» өлеңін жаттау.

Жас ұланмын шыныққан,

Жасқанбаймын суықтан.

Қардан жасап аққала,

Сырғанаймыз шаттана.

Педагог:

- Сендерге аққала соққан ұнай ма?

- Аққаланы неден соғады?

- Ендеше аққала соғып көрелік.

Сергіту сәті: Қарды жинаймыз, дөңгелектейміз, тағы да біреуін дөңгелектейміз. Дайын қарларды бірінің үстіне бірін қоямыз. Қолын жасаймыз, көздерін, мұрнын, аузын жасаймыз. Мінекей, аққаламыз да дайын болды. (Қимылмен көрсетеді).

Қимылды ойын: «Қар жинау».

Ойын шарты: Балалар екі топқа бөлінеді. Ортада екі топқа да бірдей етіп қар үйілген. Берілген белгі бойынша шелекке қарды толтыру керек.

Дәптермен жұмыс: Жұмбақтың шешуін тап.

Шанамен зырлап желетін,

Шаңғы, коньки тебетін,

Аққала жасап ойнайтын,

Қай мезгіл деп ойлайсың?

(Қыс мезгілі).

Дидактикалық ойын: «Аққаланы құрастыр».

Ойын шарты: Қиып дайындалған аққаланың денелерін тақтаға апарып ретімен орналастыру керек. Балалардың көздері байлаулы болады. Ойын осылайша жалғасады.



Сұрақтарға жауап береді.




















Сергіту сәтін қимылмен көрсетеді.






Ойнайды, әдіс тәсілін түсіндіреді.

Жұмбақтың жауабын шешеді

Рефлекісті- коррекциялаушы.

- Қыс мезгілінде қандай ерекшеліктері бар? - Қыс айында қандай мерекелер болады? - Қыс мезгілі несімен ұнайды? - Қардан тағы не жасауға болады?




Сұрақтарға жауап береді





Күтілетін нәтиже:


Білу керек: Қыс мезгіліне деген қызығушылығын арттыру.


Игеру керек: Қыс мезгілінің ерекшелігін балаларға түсіндіру.


Меңгеру керек: Жолда жүру ережесі туралы білімдерін толықтыру.























Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы


Мектепалды даярлық .................. тобы


Білім беру саласы: Қатынас


Бөлімдері: Көркем әдебиет


Тақырыбы: Тәуелсіздік көкбайрағы.

Мақсаты: Балаларды Қазақстан Республикасының рәміздерімен таныстыру.

Елтаңба, ту, гимн жайлы түсініктерін бекіту, оған құрметпен қарауға тәрбиелеу.

Тілдік компонент: рәміз, көкбайрақ, тәуелсіздік.

Көрнекілік: Герб, тудың суреттері.


Әрекет кезеңдері

Тәрбиеші әрекеті

Балалардың іс-әрекеті


Мотивациялық

Қозғаушы.

Балалар қолдарын жүрек тұсына қойып, гимн айтады.

Педагог:

- Біз қай мемлекетте тұрамыз?

- Еліміздің бас қаласы қай қала?

- Қазақстан Республикасының президенті кім?

- Туымыздың түсі қандай?

Қазақстан - тәуелсіз мемлекет. Тәуелсіз болу деген - ешкімге бағынышты емес, өз еркімен өмір сүру деген сөз. Қазақстан — көпұлтты мемлекет. Елімізде 16 желтоқсан - Тәуелсіздік күні болып белгіленген.



Сұрақтарға жауап береді.




Тыныштық сәтін қимылмен орындайды.


Іздену

Ұйымдастырушы.

Дәптермен жұмыс: Н. Мұқатовтың «Тәуелсіздік көкбайрағы» өлеңімен таныстыру.

Орта ылғи от жайнайды,

Тірлік ырғақ тоқтай ма әлі.

Тас төбемде желбіреші,

Тәуелсіздік көкбайрағы.

Педагог: Мемлекеттік Тудың авторы Ш. Ниязбеков. Тудың көгілдір түсті болуы - бұл ашық аспанның түсі. Тудың ортасында - шұғылалы алтын күн. Ол тыныштық пен байлықты бейнелейді. Күннің астында - шарықтаған дала бүркітінің бейнесі. Ту қазақтың ұлттық оюымен өрнектелген.

Тыныштық сәті: Баяу музыка әуенімен балалар көздерін жұмады. Өскенде өз Отанына қалай қызмет ететіндерін, өскенде кім болатындарын ойлап, көз алдарына елестету. Балалар көздерін ашып, өз ойларын айтады.

Сергіту сәті: Көтеріліп шаңырақ,

Керегелер керіліп,

Өрімдей болып өріліп,

Уықтар болып иіліп,

Шаңыраққа киіліп,

Бәріміз жүрсек айналып.

(Қимылмен көрсету).

Дидактикалық ойын: «Мен өскенде кім боламын?»

Ойын шарты: Әрбір мамандық иелерін сурет арқылы балаларға көрсету керек. Балалар қалаған суретті алып, өскенде қандай мамандық иесі болатынын әңгімелеп айтып беруі керек.



Сұрақтарға жауап береді.




















Сергіту сәтін қимылмен көрсетеді.






Ойнайды, әдіс тәсілін түсіндіреді.


Рефлекісті- коррекциялаушы.

- Туымыздың авторы кім? - Туымыз неліктен көгілдір түсті? - Тудың ортасында ненің бейнесі бейнеленген? - Неліктен ою-өрнекпен әшекейленген?




Сұрақтарға жауап береді





Күтілетін нәтиже:


Білу керек: Балаларды Қазақстан Республикасының рәміздерімен таныстыру.

Игеру керек: Елтаңба, ту, гимн жайлы түсініктерін бекіту, оған құрметпен қарауға тәрбиелеу

Меңгеру керек: Рәміздер туралы білімдерін толықтыру.























Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Литература

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 9 класс

Скачать
Әдебиет

Автор: Қалиева Жанат Қазбекқызы

Дата: 12.10.2016

Номер свидетельства: 348484

Похожие файлы

object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(140) "Мектеп жасына дейінгі балалардың тілдерін дамытуда ауыз әдебиетінің маңызы"
    ["seo_title"] => string(80) "miektiep_zhasyna_dieiinghi_balalardyn_tildierin_damytuda_auyz_diebiietinin_man_y"
    ["file_id"] => string(6) "399642"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1489348888"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(62) "Халы? ауыз ?дебиеті туралы т?сінік "
    ["seo_title"] => string(36) "khalyk-auyz-diebiieti-turaly-tusinik"
    ["file_id"] => string(6) "214356"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1432285347"
  }
}
object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(47) "Халы? ауыз ?дебиеті 5 сынып"
    ["seo_title"] => string(29) "khalyk-auyz-diebiieti-5-synyp"
    ["file_id"] => string(6) "280816"
    ["category_seo"] => string(10) "literatura"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1453438729"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(47) "Халы? ауыз ?дебиеті 5 сынып"
    ["seo_title"] => string(31) "khalyk-auyz-diebiieti-5-synyp-1"
    ["file_id"] => string(6) "280817"
    ["category_seo"] => string(10) "literatura"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1453438735"
  }
}
object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(180) "Біріктірілген (Тіл дамыту/к?ркем ?дебиет) о?у іс-?рекеттеріні? к?нтізбелік-та?ырыпты? жылды?  жоспары."
    ["seo_title"] => string(109) "biriktirilghien-til-damytu-korkiem-diebiiet-ok-u-is-riekiettierinin-kuntizbielik-tak-yryptyk-zhyldyk-zhospary"
    ["file_id"] => string(6) "274988"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1452504295"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства