kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Бір атаның балалары. Зигфрид Ахметұлы

Нажмите, чтобы узнать подробности

открытый урок по казахской литературе "Бір атаның балалары"

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Бір атаның балалары. Зигфрид Ахметұлы»

С.т. М.Мағауин. «Бір атаның балалары». Зигфрид Ахметұлы.

С.м: 1). Ахмет бойындағы адамгершілік қасиеттерді, Зигфридтің Зекен болып қалыптасуын ұғындыру.

2). Оқушылардың сыни ойлау қабілеттерін арттыра отырып, өз ойын анық жеткізе білуге дағдыландыру.

3). Адамгершілікке, достыққа тәрбиелеу.


Күтілетін нәтиже: Оқушылар өз ой-пікірін білдіре алады, шағын топта бірлесе жұмыс атқарады, ойды жүйелі жинақтауға үйренеді, өз біліміне есеп беріп, бағалауға үйренеді, өзге топтарды тыңдауға үйренеді.


С.көрнекілігі: слайд, кітап көрмесі, АКТ, стикерлер, смайликтер, бағалау парақшасы, кесте.


С.барысы: Ұйымдастыру кезеңі- Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастьыру: Шаттық шеңбері (оқушылар шеңберге тұрып, бір-біріне жылы лебіздер айтады)


Топқа бөлу: Стикер түстері (жасыл, сары) арқылы топқа бөлінеді


Үй тапсырмасын тексеру. «Автор орындығы» әдісі арқылы «Біз- бейбіт елдің ұландарымыз» деген тақырыпқа жазып келген шығарма жұмыстарын оқиды.


1-тапсырма. Қызығушылықты ояту. «Миға шабуыл» (жеке жұмыс)

Өткен сабаққа шлу жасау үшін проблемалық-бағыттаушы сұрақтар ұсынамын және Мерсердің «Диалогтік оқыту» әдісін қолданамын:

  1. М.Мағауиннің «Бір атаның балалары» шығармасы қандай жанрға жатады?

(повесть)

  1. Шығарма кімнің сөзімен басталады? (басқарманың сөзімен)

  2. Шуылдасып, таласып тұрған балалар неге тына қалды? (өздеріне қарап тұрған адамдардан және жүдеу киінген жат топтан именді, сескенді)

  3. Ахмет ақсақал мен Дәуренбек арасындағы түсініспеушілік неден туындады?

(Дәуренбек Ахмет ақсақалдың жаудың, немістің баласын асырап алмақшы болғанына қарсы болды,жаңсақ іске аяқ бастыңыз деді)

  1. Үзіндінің алғашқы бөлімі «Бастау» сіздерге қалай әсер етті, қандай сезімге бөледі? (сұрақ-жауап 5 минут)


2-тапсырма. Мағынаны тану.

Мәтінмен жұмыс. Әр топқа мәтін бөліктерге бөлініп беріледі. Әр топ оқып шығады, әр топтан бір оқушы шығып баяндап айтып береді.


1-топ: Ертеңіне Ахмет көрші ауылдан Жақан молданы шақыртып, неміс баласының тілін кәлимаға келтіріпті деген сөз тарады. (210-бет).Жылы қымтаулы төсекте жатқан, ет желініп бітпей-ақ ұйқыға кеткен Зигфрид Вагнер ертеңіне Зекен Ахметұлы Бегімбетов болып оянды. (212 бет) осы аралық.

2-топ: -Еміс деп, орыс, қазақ деп бөлу пайғамбарға шет, құдайға күнә,- деді Ахаң. (212 бет). Содан соң бас бармағын көрсетеді. –Мынау болады. Көкем айтқан. (214 бет) осы аралық.


3-тапсырма. Лексикалық жұмыс. Түсінуге қиындық келтіретін сөздермен танысу.

Сұлбасы-бейнесі. Раса-нәсіл. Жер бетінде адамдар өң-түсіне байланысты ақ, қара, сары нәсіл деп бөлінеді. Қазақтар сары, немістер ақ нәсіл деп есептеледі.


4-тапсырма: М.Мағауиннің «Бір атаның балалары» повесінен үзіндідегі шығарманың кейіпкерлерін талдау жұмыстары

Үзінді

Кім туралы

Көрінетін

мінез-қыры

1-топ: «Бүгін тартылмаған көкпар сірә да тартылмайды» деп ешкімге ырық бермейді...»

Тлеубай туралы

Ат құлағында ойнайтын шабандоз

2-топ: «-Еміс деп, орыс, қазақ деп бөлу пайғамбарға шет, құдайға күнә...»

Ахаң туралы

Мейірімді, қамқоршы


Күтілетін нәтиже: Басты кейіпкерлердің тұлғалық мінездемесі, келбеті топта талданып, кейін біріктіріледі.


5-тапсырма. Шығармашылық жұмыс: «Бес жолды өлең»

  1. Зат есім: Адам

  2. Сын есім. Ақылды

  3. Синоним. Пенде

  4. Етістік. Бауырына басады, тәрбиелейді

  5. Төрт сөзден тұратын сөйлем

Сабақты қорытындылау: «Қасиеттерді топтастыр»

* «Бір атаның балалары» шығармасы бойынша адамның бойында болатын қандай қасиеттерді білдіңіздер? (постерге топтастыру)

* «Қай топ жылдам?»

1-топ: «Адамгершілік» тақырыбында мақал-мәтелдер жазады

2-топ: «Достық» тақырыбында мақал-мәтелдер жазады


Кері байланыс: «Кішкене доп» әдісі. Бүгінгі сабақтан алған әсеріңіз қандай? Не ұнады? Әр оқушы допты бірі-біріне жүгірте отырып, сабақ бойынша өз ойларын айтып шығады.


Бағалау. Топта бағалау парақшасын пайдаланамын. ( сабақ басында топқа таратып беремін, әр топ басшысы әр тапсырма бойынша бағалап отырады) сабақ соңында мұғалім қорытынды баға қояды.

Сабақ барысында «Жарайсың», « Қалма», «Алға» деген мадақтама сөздерді жиі қолданамын.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Литература

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 6 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Бір атаның балалары. Зигфрид Ахметұлы

Автор: Сактаганова Рая Жандарбековна

Дата: 10.05.2017

Номер свидетельства: 414071

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(57) "М.Ма?ауин  «Бір атаны? балалары»"
    ["seo_title"] => string(25) "mmagauinbiratanynbalalary"
    ["file_id"] => string(6) "292667"
    ["category_seo"] => string(10) "literatura"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1455304286"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(53) "Дулат Исабеков "Ата ?міті" ?МЖ "
    ["seo_title"] => string(31) "dulat-isabiekov-ata-umiti-k-mzh"
    ["file_id"] => string(6) "230878"
    ["category_seo"] => string(10) "literatura"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1442297002"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства