- Ендеше, бүгін мен сендерге тек сәттілік тілеймін.
Сабақтың тақырыбына шығу кезеңі:
1. - Сарыарқаның төрінде, Есіл өзенінің жағасында қай қала орналасқан?
-Астана қаласы орналасқан.
Оқушылар сабақтың тақырыбы мен мақсатын айтады.
2. Компьютерден Марат Омаровтың орындауында «Арман қала - Астана» әнін тыңдаймыз, Астана туралы слайд көреміз.
II Мағынаны тану
- Қазақстан Республикасы тарихында неше астанасы болған?
- Төрт астанасы болған, олар: Орынбор, Қызылорда, Алматы және Астана қаласы.
- Орынбор қаласы қай жылдан бастап астана болды?
- 1920 жылдан.
- Қызылорда қаласына қай жылы көшірілді?
- 1925 жылы.
- Қай жылы Алматы қаласы астана болды?
- 1927 жылдан бастап Алматы астана болды.
- Астана қай жылдан бастап ҚР-ның астанасы болды?
- 1998 жылдан бастап Астана қаласы ҚР-ның астанасы болды.
Тақырыптары: «Қазақстан»
40
30
20
10
40
30
20
10
«Астана»
10
30
40
20
«Конституция»
Әр ойыншы берілген тақырыптардың бірін таңдап, кезектесіп ұяшықтарды ашады. Дұрыс жауапқа ұяшықтағы ұпай беріледі.
«Қазақстан»
10 ұпай - ҚР-сы өз тәуелсіздігін қашан алды?
(1991 жылы, 16 желтоқсанда)
20 ұпай - Қазақстан қандай елдермен шекаралас жатыр?
(батысы мен солтүстігінде Ресей Федерациясымен, оңтүстігінде Түркіменстан, Өзбекстан және Қырғызстан республикаларымен, ал шығысында Қытай Халық Республикасымен)
30 ұпай - ҚР-ның мемлекеттік рәміздерінің авторларын атаңыз.
(әнұран сөзін: Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев жазды, әні: Шәмші Қалдаяқовтікі. Ту авторы – Шота Уәлиханов, Жандарбек Мәлібеков, Елтаңба авторы-Шәкен Ниязбеков)
40 ұпай - ҚР-ның ұлттық ақшасы қашан пайдалануға берілді және жаңа дизайн банкноттары қашан енгізілді
(1993 жылы 15 қараша ұлттық валюта енді, жаңа дизайн 2006 жылы жасалды)
«Астана»
10 ұпай - Астананың тұсаукесері қашан болды?
(1998 жылы 10 маусымда)
20 ұпай - Қай уақыт аралықтарында Астана Ақмола қаласы деп аталды және қай кезеңде Целиноград қаласы болды?
(Ақмола қаласы 1832-1961 жж., 1992-1997 жж., Целиноград 1961-1992жж)
30 ұпай - Астанада өткен жылы тұңғыш рет ТМД және мұсылман елдері арасында қандай шара өтті?
(7- қысқы Азиада ойындары өтті. Бұл – Қазақстан тәуелсіздігінің 20 жылдық мерекесінің беташары)
40 ұпай - Астана қаласының қазіргі әкімі кім?
(Иманғали Тасмағанбетов)
«Конституция»
10 ұпай - Тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің тұңғыш Конституциясы қашан қабылданды? (1993 жыл, 28 қаңтарда)
20 ұпай - Қазіргі таңда қолданыста жүрген Конституция қашан қабылданды ? (1995 ж. 30 тамызда)
30 ұпай - Еліміздің басты құжаты не? (Конституция)
40 ұпай - Конституциямыз неше бөлім және баптан тұрады?
2) Мәтін бойынша оқушылар бір-біріне сұрақ-жауап құрастырады.
3) Мәтін бойынша түсінгендерін айтады.
4) Грамматикалық жұмыс. Берілген екі жай сөйлемнен құрмалас сөйлем жасап, синтаксистік талдау жасайды.
1997 жылы астана Ақмола қаласына көшірілді.1998 жылы Ақмола қаласының аты Астана деп өзгертілді.
Астана – бас қала
Қазақстан Республикасының астанасы - Арқаның төрінде орналасқан Астана қаласы. 1997 жылы астана Ақмола қаласына көшірілді. 1998 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Ақмола қаласының аты Астана деп өзгертілді. Астананың рәмізі - Бәйтерек. Бәйтерек- әсем, биік
ғимарат, сол жағалаудың көркі. Қазіргі кезде Астана - ең сұлу жас қала.
Астанада ғажап зәулім ғимараттар салынып жатыр. Астананың сол жағалауында Елбасының Резиденциясы, Ақорда, Парламент, Қорғаныс министрлігі, Ішкі істер министрлігі, т.б. ұйымдар мен мекемелер орналасқан. Астанада 9 шағын аудан және «Орбита», «Шұбар», «Жастар», «Целинный» шағын аудандары бар. Астанада көптеген білім ошақтары: 50-ден астам арнаулы орта білім беретін мектептер және жоғары оқу орындары, Л.Гумилев атындағы Еуразиялық Ұлттық университет, С.Сейфуллин атындағы агротехникалық университет, медициналық академия, Ресей-Қазақстан университеті, Н.Ә.Назарбаев университеті, т.б. оқу орындары бар. Астанада театрлар, Президент мұражайы, цирк, «Думан», «Конгресс Холл», «Жастар» орталығы, т.б. ойын-сауық орындары көптеп саналады. Бас қалада біздің еліміздің атақты, ұлы адамдарының - Абайдың, С.Сейфуллиннің, Төле, Қазыбек, Әйтеке билердің ескерткіштері бар. Астана күннен-күнге гүлденуде. Астананың болашағы зор.
III Еркін жазу. Үйге тапсырма: «Астананы көркейтуге менің қосар үлесім» тақырыбында эссе жазады.