kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Ашы? саба? ?аза? ?дебиеті

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ма?жан Ж?мабаев "Мен кім ?" та?ырыбы бойынша ашы? саба? жоспары.Саба?- м??алімні? шы?армашылы? ж?мысы бол?анды?тан саба?ты? ма?сатына жете м?н берілген. Б?л саба?та жа?а технология (а?паратты? технология) ар?ылы о?ушылар ?з білімдерін жина?талай алады. Сонымен ?атар м??алімні? саба??а ?зіндік талдау ж?мысы беріліп отыр.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«ашы? саба? ?аза? ?дебиеті»

Қазақ әдебиеті 6-сынып

Күні: 20.11.12ж

Сабақтың тақырыбы: Мағжан Жұмабаев «Қазақ тілі», «Мен кім?»

Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділік:

Оқушыларға ақпараттық білім көзі арқылы Мағжан Жұмабаевтың өмірі мен шығармашылығы жайында түсінік беру.

«Мен кім?» өлеңдерінің мазмұнын ұғындыра отырып ақынның өршіл де жігерлі бейнесін таныту.

2. Дамытушылық:

Оқушылардың дүниетанымдарын кеңейту, ойлау, пайымдау қабілеттерін дамыту, әдеби- теориялық білімдерін шыңдау. Мәнерлеп оқыту арқылы оқушылардың тілдерін дамыту.

3. Тәрбиелік:

Мағжан Жұмабаев өлеңдерінің мазмұны арқылы оқушыларды жігерлікке, қайсарлыққа, елжандылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту

Сабақтың түрі: панорамалық сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілі: Ой шақыру, мәнерлеп оқу, сезім, ақыл-ой тұтастығы арқылы іздендіру, проблемалық түйін тудыру, оқытушы мен оқушының ашық әңгімесі,

Оқытудың формасы: топтық

Пәнаралық байланыс: Тарих

Сабақтың көрнекілігі: Ақын портреті, интерактивті тақта.

Сабақтың құрылымы:

  1. Мен – Адаммын!

  2. Сырлы сөз – саф алтын

  3. Өмірдің шынайы шындығы

  4. Ой түйін


Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен амандасу. Оқушыларды топқа бөлу .(оқушылар өздері ұнатқан түстерін алу арқылы топқа бөлінеді. (жасыл, сары, көк,қызыл)


ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

  1. Мен – Адаммын!

Сұлтанмахмұт Торайғыровтың «Шығамын тірі болсам адам болып» өлеңін жатқа айту немесе өлең жолдарын жазу арқылы тастап кеткен жолдарын толықтыру.

III. Жаңа сабақ

2. Сырлы сөз – саф алтын.

- Балалар , бүгін біз сендермен жерлес ақын Мағжан Жұмабаевпен және оның «Мен кім?» өлеңімен танысамыз. Таныспас бұрын осы жерлес ақын жайында кім не біледі ?

(Оқушылардың ойын білу)

  • Өте жақсы. Олай болса интерактивті тақтаға назар аударайық.

  • Электрондық оқулық арқылы «Ақын- жазушылардың өмірі мен шығармашылығы» модулінен Мағжан Жумабаевтың өмірімен танысу.

- Электрондық оқулықта берілген М.Жумабаевтың «Мен кім ?» өлеңін мәнерлеп оқыту.

«Блумның сұрақ қою өлшемі»

Білім бойынша: Өлеңнің негізгі тақырыбы не ?

Түсіну: Ақынды толғандырған болашақ тағдыры екеніне көз жеткіз.

Қолдану: Бұл өлеңнің бүгінгі күндегі маңыздылығы неде?

Талдау: Халықтың келешегіне деген ақын сенімі мен үмітінің өміршеңдігін дәлелдеп көріңдер.

Жинақтау: Өздеріңе деген сенімділік туралы сұхбат алу.

Баға: Өлең мазмұны сендерге қалай әсер етті ?

Сергіту сәті . (электронды тақтадан көрсету) Әуенмен жаттығулар.

3.Өмірдің шынайы шындығы

Әдебиет теориясынан түсінік беру (сұраулы сөйлем әдебиет теориясында нені білдіреді?)

Арыстанмын, айбатыма кім шыдар ?

Жолбарыспын, маған қарсы кім тұрар ?

Көкте-бұлт, жерде- желмен гулеген,

Жер екркесі- желдің жөнін кім сұрар ?

4. Өлең құрылысын талдау:

1. Үш шумақты өлең

2. Төрт тармақты шумақ

3. Үш бунақты шумақ

4. Он бір буынды өлең жолы

5. Қара өлең деп аталатын асқақты ұйқас: (а,а,б,а)

ІҮ. Ой түйін. (топпен жұмыс)

Класстер құрастыру. (плакат беру)

Теңіз теңіз

нұр жалын

Мағжан

жолбарыс күн

арыстан

жерде-жел тұлпар көкте-бұлт

(оқытып, тақтаға ілгізу)

Ү. Сабақты қорытындылау

Ал, сендер өздеріңді кімге немесе неге балар едіңдер? «ойтолғау»

ҮІ. Үйге тапсырма беру.

М.Жұмабаевтың «Мен кім ?» өлеңін жаттау.

ҮІІ. Бағалау.

Сабаққа белсенді қатысып отырған оқушылар бағаланады.

VIII. Оқушылар орнынан тұрып, бәрі хормен

Мағжанға қосарлана бізде өз өзімізді танып, тұлғалық бейнемізді асқақтата түсейік!



Сабаққа өзіндік талдау.

Мектеп: «Лисаков қаласы әкімдігінің білім бөлімінің №3 орта мектебі » ММ

Мұғалімнің аты-жөні: Бирмуканова Айгул Мұхтаровна

Пәні: қазақ әдебиеті

Сынып: 6 «А»

Сабақтың тақырыбы: Мағжан Жұмабаев «Мен кім ?»

  1. Сабақтың жалпы көрінісі.

1.Сабақ тақырыбы: М.Жұмабаевтың «Мен кім ?» деп алған себебім, өйткені бағдарлама бойынша берілген .

2.Сабақтың дидактикалық мақсаттары. Сабақ- мұғалімнің шығармашылық еңбегі болғандықтан кез келген ұстаз өз сабағында дидактикалық (білімділік, тәрбиелік, дамытушылық) мақсаттардың нақтылығына баса назар аударады.

а) білімділік мақсаты: Оқушыларға ақпараттық білім көзі арқылы Мағжан Жұмабаевтың өмірі мен шығармашылығы жайында түсінік беру.

«Мен кім?» өлеңдерінің мазмұнын ұғындыра отырып ақынның өршіл де жігерлі бейнесін таныту. б)дамытушылық мақсаты: оқушылардың дүниетанымдарын кеңейту, ойлау, пайымдау қабілеттерін дамыту, әдеби- теориялық білімдерін шыңдау. Мәнерлеп оқыту арқылы оқушылардың тілдерін дамыту.в)тәрбиелік: Мағжан Жұмабаев өлеңдерінің мазмұны арқылы оқушыларды жігерлікке, қайсарлыққа, елжандылыққа тәрбиелеу.

3. Негізгі кезеңдері. Сабақ-күрделі процесс. Сол себепті бірнеше кезеңдерді қамтып өтеді. Бүгінгі сабағым жаңа сабақ болғандықтан мынадай кезеңдерден тұрады .

А) Ұйымдастыру кезеңі. Оқушыларды топқа бөлу.

Б) Үй тапсырмасын тексеру кезеңі. «Мен – Адаммын!»

В) III. Жаңа сабақ кезеңі. «Сырлы сөз – саф алтын».

- «Блумның сұрақ қою өлшемі» кезеңі

- Сергіту сәті кезеңі . ( Әуенмен жаттығулар).

- Әдебиет теориясынан түсінік беру кезеңі.

- Өлең құрылысын талдау кезеңі.

- Ой түйін. (топпен жұмыс) кезеңі.

Г) Қорытынды

Ғ) Үй тапсырмасын беру

Д) Бағалау кезеңі.

Ж) Журектен-жүрекке кезеңі.

II.Құрылымдық көрінісі.

  1. Қойылған мақсат пен міндеттің сәйкестігі. Сабақтың мақсаты мен оқушы білуге тиіс икемділік дағдылары сабақ үрдісі кезінде толық түрде жүзеге асып отырылады. Оқушылар өз ойларын ортаға салу, талдау, құрастыру жұмыстары . Сабақ жоспар бойынша жүргізіліп көздеген мақсатқа жеттім.

  2. Сабақтың типі, кезеңдерінің өзара байланыстылығы. Сабақтың кезеңдері бір-бірімен байланысып, сабақ отырады, яғни жаңа сабақты ақпараттық білім көзі арқылы оқушылардың өздері танысуында. Сабақ типі жаңа сабақты меңгерту болғандықтан оқушылардың жеке және топпен жұмыс түрлеріқамтылған.

  3. Уақыт тиімділігі. Қазақ әдебиеті өте күрделі, жан-жақты ғылым саласы болып табылады. Дегенмен де, жаңа сабақты меңгерту болғандықтан және М.Жұмабаевтың өмірі мен шығармашылығы, «Мен кім?» өлеңін электрондық оқулық арқылы толық мағлұмат берілді.Уақыттың тиімділігі ескеріліп, ықшамдалып алынды.

III. Мазмұндық көрінісі.

  1. Типтік бағдарлама мен стандарттың орындалуы. Сабақ тақырыбы типтік бағдарлама және стандартқа сәйкес жоспарланып, ұйымдастырылған. Себебі тақырыптардың мерзімді өткізілуі және оқушылардың сыныптар бойынша білуге тиіс міндеттерді орындалуына тапсырмалардың құрылуы.

  2. Пән аралық байланыс . Сабақ басталуынан бастап тарих пәнімен байланысты өткізіледі.

  3. Тапсырмалар күрделілігі мен өзара байланыстылығы. Тапсырмалар жаңа сабақты меңгеру болғандықтан күрделендіріліп алынып, түр жағынан көп кезеңдерді қамтиды. Өз ойын ортаға салу, сұрақтарға жауап беру, ойлану, кластер құрастыру, өлең құрылысын талдау, әдебиет теориясын еске түсіру, өлең жолдарын жалғастыру.

IV. Сабақтың нәтижелілігі.

  1. Оқушының іс-әрекеті. Оқушылар үшін немесе оқушылардың өзіндік білім алуларына көп көңіл бөлінді. Яғни оқушылар шапшаң әрі дұрыс орындауға икемделіп, берілген тапсырмаларды уақытынан бұрын орындауға тырысады.

  2. Мұғалімнің іс-әрекеті. Мұғалім оқушыларға бағыт беруші , яғни сұрақтар беру арқылы ой тастап, жаңа сабақты өз ізденістері арқылы меңгеруге нұсқаушы.

  3. Сабақтың түйіні. Сабақ көзделген мақсатына жетті, себебі сабақ барысындағы кезеңдері бір-бірімен байланыста болды.



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Литература

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 6 класс

Скачать
ашы? саба? ?аза? ?дебиеті

Автор: Бирмуканова Айгул Мухтаровна

Дата: 26.11.2015

Номер свидетельства: 258464

Похожие файлы

object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(93) "Қазақ әдебиеті А. Құнанбаев "Ғылым таппай мақтанба""
    ["seo_title"] => string(55) "k_azak_diebiieti_a_k_u_nanbaiev_g_ylym_tappai_mak_tanba"
    ["file_id"] => string(6) "396151"
    ["category_seo"] => string(13) "vsemUchitelam"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1488194677"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(64) "Ашық сабақ "Қазақ халқының құрылуы""
    ["seo_title"] => string(39) "ashyk_sabak_k_azak_khalk_ynyn_k_u_ryluy"
    ["file_id"] => string(6) "408436"
    ["category_seo"] => string(8) "istoriya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1491918800"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(76) "Ашық сабақ "Қазақтың зергерлік бұйымдары""
    ["seo_title"] => string(46) "ashyk_sabak_k_azak_tyn_zierghierlik_bu_iymdary"
    ["file_id"] => string(6) "449199"
    ["category_seo"] => string(12) "tehnologiyad"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1515647891"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(64) "Ашы? саба? "Балалар ?дебиеті" 8- сынып"
    ["seo_title"] => string(32) "ashyksabakbalalardiebiieti8synyp"
    ["file_id"] => string(6) "331018"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1464516505"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(64) "Ашы? саба? "Балалар ?дебиеті" 8- сынып"
    ["seo_title"] => string(33) "ashyksabakbalalardiebiieti8synyp1"
    ["file_id"] => string(6) "331019"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1464516513"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства