Ұйымдастыру кезеңі Шаттық шеңбері Оқушыларды шаттық шеңберіне тұрғызып, өлең жолдарын жатқа айтқызу. Оқушылар бір-біріне қарап өлең жолдарын айтады. Бес нәрседен қашық бол Бес нәрсеге асық бол Адам болам десеңіз. Талап, еңбек, терең ой, Қанағат, рақым ойлап қой. Бес асыл іс көнсеңіз-деп Абай атамыз айтқандай осындай жақсы қасиеттермен сабағымызды бастайық. 3.Топқа бөліну. Оқушылардың қолдарына қима қағаздарды тарату, екінші жағында жазылған сөздерді оқиды да, мұғалімнің нұсқаған тобына барып оырады. 1-топ «Мейірімді» 2-топ «Әдепті» 3-топ «Қайырымды» 4.Үй тапсырмасын тексеру. Үйге қандай тапсырма берілді? 1-топ «Мейірімді» Қияр туралы ертегілерін оқыту 2-топ «Әдепті» Мысалды сюжетті суреттер арқылы мазмұндау. 3-топ «Қайырымды» Сахналау 5. Өткенді пысықтау Сұрақ-жауап әдісі Осы мысалда қандай әдет сыналған? Осы мысалды оқу арқылы қандай әрекеттерден аулақ болуды үйрендіңдер? 6. Тұсаукесер Судың дауысын естіртемін. -Суда не тіршілік етеді? Балық -Қандай балықтарды білеміз? Олардың қандай пайдасы бар? Бейнежазбадан балық тіршілігін тамашалау. 7.«Болжау» сратегиясы бүгінгі сабағымыз не туралы болмақ? Ал, бүгін біз сендермен мақтаншақ адам қандай болатынын жайлы Тәкаппар мысалынан оқып білеміз? Мақтаншақ адам қандай болады? Оқушылардың жауабын балық қаңқасына жабыстырып, отыру. а) Автор жайлы мағлұмат беру Шона Смаханұлы 1924 жылы Жамбыл облысы Талас ауданында туған.Ұлы Отан соғысына қатысқан. «Мектеп баспасында», «Қазақстан мұғалімі» газетінде,ара журналында жұмыс істеді.Шона Смаханұлы-атақты сықақшы.Балаларға арнап көптеген кітаптар жазған. Ол кісі қазақ тілінің жанашыры. Балаларға арналған Шимайбек пен Шыңқ етпе, Тотияйын, Қу түлкінің сыбағасы. 8.Оқулықпен жұмыс Оқушыларға әр топтан үш оқушыдан екі-екі жолдан оқыту б) Сұрақ-жауап әдісі Жалпы сыныппен орындау. -Мысалдағы басты кейіпкерді ата. -Балық қалай мақтанды? -Балықтың мақтанғанына теңіз қалай жауап берді? -Балықтың жағдайы қалай болды? -Мысалдан сусыз өмір сүргісі келген балықтың жайы суреттелген жолдарды тауып оқы - Мысалдағы қорытынды ой не? Ол қай жолдарда берілген? Балық арқылы адамның бойындағы қандай жаман әдет сыналады? Тәкаппар дегенді қалай түсінеміз? Тәкаппар-өркөкірек, мақтаншақ в)Жұптық жұмыс Оқушыларға карточкалар тарату Мысалдан балықтың сөздерін тауып, кестеге жазу. 9.Ой толғаныс 1-топ «Мейірімді» Венн диаграммасы 2-топ «Әдепті» Мысал бойынша сурет салу. 3-топ «Қайырымды» Тәкаппар балыққа хат жазу От шашу арқылы бағалайды. 10.Қорытынды -Ал балалар, балықтың төменгі жағындағы сүйектерін осы жаман қылықтардан бойымызды аулақ ұстап, жақсы қылықтармен байытайық. -Қандай жақсы қасиеттерді бойымызға сіңіру керек? Мақалмен аяқтау: Балық сүйексіз болмас, Адам қателіксіз болмас. Яғни, әр адам баласы қателеседі. Бірақ сол жіберген қатені дер кезінде біліп, жоюға тырысу керек. 11. Рефлексия «Кір жаятын жіп» -Не білдік? Не үйрендік? Не білгілерің келеді? Стикерге жазып, кір жаятын жіпке іледі. 12. Үйге тапсырма Қара сөзбен әңгімелеу Сурет салу. 13 Бағалау |