Ақын поэмасындағы сөз болатын жай Шығыс халықтарының аңыз ертегілерінен алынған. «Ескендір» поэмасы Шығыс елдерінде «Ескендір Зұлқарнайын» атап кеткен Еуропаға «Александр Македонский» деген атпен белгілі қолбасшының өмірі жайлы аңыздар негізінде жазылған. Ескендірді Еуропа ақындарымен қоса,Шығыстың Фиродоуси,Низами,Науаи,Жәми сияқты ақындары да жыр еткен. 1.Сабақтың тақырыбын,мақсатын айту. Сабақтағы әңгімеде Ескендір поэмасында қандай оқиға болды, қалай болды, оның кейіпкер кім, оқиға қалай баяндалған,автордың оқиғаға көзқарасы қандай-мәселелері берілді? 2.Өлеңнің мазмұны бойынша жоспар құру,әңгімелесу. а) Алдымен поэма сюжетінің жоспары құрылады. Жоспар. 1.Ескендірдің тегі,патшалығы,жорықтары. 2.Жорықтағы Ескендірдің бұлаққа кездесуі. 3.Ескендірдің бұйрығы. 4.Күзетшімен тілдесуі,оның сыйы. 5.Аристотелдің сүйекті өлшеуі,оның сыры. 6.Ақынның өсиет сөзі. ә) Оқушылардың назарын жоспарға аудара отырып оқу,мазмұнын ашу. — Сонымен поэманың басты кейіпкері кім? — Алғашқы шумағында Ескендір тұлғасын қалай суреттейді? 1-ші бөлімін үнтаспадан тыңдау — Ескендірдің әкесі кім болған? — Қандай шаһарда тұрған? — Ол өзі қандай болған? — Оны қалай суреттейді? — Неше жаста патша болған? М-м: Поэмада ақын басты кейіпкері Ескендірді іс-әрекет үстінде көрсетеді.Сол іс-әрекеттерін мына схемадан көруімізге болады.
Әскер жинап қарулану Ескендірдің іс-әрекеті Жауға аттану Қырып жою Қаласын тартып алу Осы әрекеттерден-ақ Ескендір тшұлғасын көруге болады. Ол дүние жүзін күшпен жаулап алмақ болған. Абай тақырыпты өзінше жырлаған.Ақын Ескендірдің өмірбаяндық деректерін дәл келтіреді де,оның дүние жүзін күшпен жаулап алмақ болған қаңқұмар саясатын сынауға ауысады. «..Өз жұрты аз көрініп,көршілеріне ауыз салады. Соғыс салып,қан судай ақты Ескендірді хандардың ханы, Патшалардың патшасы деп бәрі қорықты» 2.жоспардың 2 сұрағына тоқталу,Ескендірдің бұлаққа кездесуі. ІІ бөлімін мәнерлеп оқу,талдау. ІІІ бөлімі Ескендірдің бұйрығы. Ескендірдің дүбірлетіп қақпаны қатты қағады. — «Қақпаңды аш!»-деп айқай салады 4 бөлімі.Күзетшімен тілдесуі,оның сыйы Енді осыны дәлелдеп көрсету үшін көрініске көңіл бөлеміз. Ескендір:-Ей кім болсаң да кел. Күзетші:- Сені мұнда кіргізуге болмайды. Бұл есік құдай тағаланың тұрағына апарады. Ескендір:-Бұл құдайдың жайы болса,мен жердің патшасымын.Мені адам жеңбеген,Ескендірмін.Апыр-ау,мағңан да ашпай ма? Күзетші:- Біз мұндай бәрін жеңдім деген адамды білмейміз. Ескендір: — сен білесің бе, менің кім екенімді? Барша халықтың үстінен қарап тұрмын.Брашысы маған құлдық ұрып,хандардың ханы, патшалардың патшасы деп біледі.Есігіңді ашпасаң,белг болар бірдеңе бер. Күзетші:-Алсаң ал,ақысыз.Бұл саған пайдалы нәрсе,жаныңның қайғы қасіретін жазар. М-м: Күзетші не лақтырды? Ескендір не істеді? (Поэмадан тауып оқы) Ескендір:Бұл маған лайық сый емес деп ашуланып лақтырып жібереді. М-м: Осы жерде ақын поэмаға жас кезінде Ескендірдің тәрбиешісі болған ұлы ғалым,гуманист Аристотельді кіргізеді. 7-8 шумағын оқу, талдау. 5 бөлімі.Аристотельдің сүйекті өлшеуі,оның сыры. Аристотельдің сонда айтқаны:-Ұлы патшамыз бұл сыйды жек көрмеңіз,Сүектің бұл жарықшысы қанша кішкене боп көрінсе де,ғажайып кереметі бар.Мұны алтын-күмістен таразыға салғанда да,басым бола берді.