Просмотр содержимого документа
«Абай "Сабырсыз, арсыз, еріншек"»
Әдебиеттік оқу 4 сынып
ОҚО Мақтарал ауданы Игілік ауылы
«Т.Аубакиров атындағы жом»
Бастауыш сынып мұғалімі Ембергенова Балжан Амангельдиевна
Ашық сабақтың тақырыбы: А. Құнанбаев «Сабырсыз, арсыз, еріншек » Ашық сабақтың мақсаты: Білімділік: Ұлы ақын Абай Құнанбаевтың өмірбаянымен таныстыра отырып, өлеңнің негізгі идеясын ашуға үйрету. Дамытушылық: Көркем мәтінмен жұмыс істей алу дағдысын жетілдіру, оқып түйгендері туралы ой қорытындысын айтқызып, жаттықтыру. Тәрбиелік: Адам бойындағы жағымсыз қасиеттерден бойын аулақ ұстауға баулу, адамгершілік құндылықтарын бағалай білуге тәрбиелеу. Түрі: жаңа сабақ Типі: Жаңа білімді меңгерту Жаңа технология: сын тұрғысынан ойлау технологиясының элементтері. Әдіс – тәсілдер: талдау, әңгімелеу, сұрақ - жауап, Венн диаграммасы, топпен жұмыс Көрнекіліктері: Абай Құнанбаевтың портреті, Абайдың ескерткіштері,суреттер. Ашық сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық әзірлік. Әрқайсысың өздеріңді қандай адам болуым керек деп ойлайсыңдар? ( оқушылардың ойлары ). « Жақсы сөз – жан азығы » - дейді қазақ. Мына жүрекшені бір – бірімізге бере отырып, қандай адам болу керектігін білдіретін тілегімізді айтайық. II. Үй тапсырмасын сұрау. - Балалар, біз өткен сабақта кімнің әңгімесімен танысқан едік? - Әңгіме кім туралы? - Әңгіме неге «Орындалған арман» деп аталған? - Әңгіменің басында «Үлкен той болады»деп қандай тойды айтып отыр? - Ал, енді үй тапсырмасына дайындықтарыңды тыңдап көрейік. «Менің арманым» шығарма жазып келу Мәтінді мазмұндату. ( бірнеше баладан) және бірнеше баладан ана тілдік диктант арқылы үй тапсырмасына қаншалықты дайын екенін тексеру. Сергіту сәті ретінде «Бәйге» ойынын өткізейік
Халық ауыз әдебиетіне нелер жатады?
Ертегілердің түрлерін ата?
Аңыз дегеніміз не?
«Адам қорыған көл» ертегінің қай түріне жатады?
Монолог дегеніміз не?
Диалог дегеніміз не?
III. Жаңа сабақ - Бүгін біз, балалар, ұлы ақын Абай Құнанбаевтың «Сабырсыз, арсыз, еріншек» өлеңімен таныса отырып, көркем мәтінмен жұмыс істей алу дағдымызды жетілдіреміз, оқып түйгендеріміз туралы ой қорытындысын жасап жаттығамыз. Күн ретін, тақырыпты жазу. (Орысша, ағылшынша айту) Абай Құнанбаев – қазақ халқының ұлы ақыны, асыл сөздің зергері.Абай – кемеңгер, Абай – дара. Абай Құнанбай ұлы 1845 жылдың 13- тамызында қазіргі Шығыс Қазақстан облысы Шыңғыс тауының етегінде, Қасқа бұлақ өзенінің жотасында дүниеге келген.1904 жылы о дүниелік болды. Абайдың дүниеге келуі жайлы ел аузындағы ең көне әңгіме - әкесі Құнанбайдың түс көруі. Құнанбай Өсенбайұлының түсіне 18 ғасырда өмір сүрген қазақтың кемеңгер биі, тобықты руынан шыққан Әнет баба түсіне кіріп Ибраhим деп пайғамбардың атын айтып, ғайып болады. Осы түстен кейін көп ұзамай Ұлжан босанды деген сүйінші хабар келеді. Сол кезде Құнанбай жас сәбиге Ибраhим деген ат береді. Бірақ әжесі Зере немересін Абай деп еркелеткен. Осыдан кейін ел арасында Ибраhим деген аты аталмай, Абай аталып кетеді.Абайдан қалған мұра: 169 өлең, 4 поэма, 54 аударма, 45 қара сөзі. Көрнекіліктерге тоқталу. Семей қаласындағы Абай атындағы мәдени мұраларға тоқталу. 1. Мәтінді таныстыру «Сабырсыз, арсыз, еріншек» өлеңі. Кітаптарын аштырмай тұрып өзім кітаптан оқып беремін.
- Балалар, енді кітапқа көңіл аударайық: Қандай сөздердің мағынасын түсіну қиын болып тұр? 2. Сөздік жұмысы Алауыз – береке - бірлігі жоқ, ынтымақсыз. Қарама - қарсы мағыналы сөз – ауызбіршілігі мықты, ынтымақты, ұйымшыл, бірлігі жарасқан. Күндейді – қызғанады. Қарама - қарсы мағыналы сөз - тілегін тілейді, қуаныш - қайғысын бірге көтереді. Мертігеді - бір жері шығады, сынады Міндейді - мін тағады, жамандайды Жалмауыз – дүниеқоңыз, көзі тоймайтын 3. Оқулықпен жұмыс Кітаптарын аштырып, әуелі өз беттерінше іштерінен оқыту, тізбектей дауыстап оқыту( балаларға мәнерлеп оқыту). 4. Өлеңнің идеясын ашу - Өлеңде ақын адам бойындағы қандай қасиеттерді сынап тұр? - Сабырсыздықты, арсыздықты, еріншектікті, күншілдікті, міншілдікті, ұятсыздықты, ойсыздықты, ұрлықшылықты..... - Бұлардың барлығын бір сөзбен қалай атауға болады? - Адамның жағымсыз мінез - құлықтары - Балалар, сендер Абай аталарыңның адамның мінез-құлқын жырлайтын тағы қандай өлеңдерін білесіңдер? - «Ғылым таппай, мақтанба» өлеңі. Осы өлеңді кім жатқа айтады? ( Оқушылардан сұрау) - Абай аталарыңның «Ғылым таппай мақтанба» өлеңінен қандай жағымды мінез - құлықтарды тауып айтар едіңдер? - Талапшыл, еңбекшіл, ойшыл, қанағатшыл, рахымшыл,.... - Екі өлеңнің ұқсастығы неде? - Екі өлеңде де адам бойындағы мінез - құлықтар туралы айтады. - Олай болса, бұл өлеңдердің негізгі ойы не туралы деп ойлайсыңдар? - Адамгершілік туралы. - Ия, Абай аталарың өзінің өлеңдері мен қара сөздерінде ұрпағын жамандықтан жирендіріп, жақсылыққа үйретуді мақсат еткен екен. Осы орайда үшінші қара сөзден үзінді тыңдайық. 1 – тапсырма « Кім шапшаң ?» ойынын жүргізейік. Абай Құнанбаевтың «Сабырсыз, арсыз, еріншек» және « Ғылым таппай мақтанба» өлеңдерін салыстыра отырып, адамның жағымды, жағымсыз қылықтарын жазу. (Әр топқа Венн диаграммасы сызылған бет таратылады).
ІV. Сабақты бекіту: - Бүгінгі өткен өлеңімізде ақын адам бойындағы қандай жағымсыз қылықтарды сынайды? - Қандай мінез – құлықтарды бойымызға сіңіруіміз керек? (Адамның мінез – құлықтары кестесін пайдаланып қайталап шығу.) V. -Абай рухы - туған тілдің тірегі. Абай рухы - қазағымның жүрегі. Жыр маржаны жүрегіңді толқытып, Намысыңды қамшыласын үнемі - деп Абай аталарыңның шығармашылығына арналған бүгінгі сабақты қорытындылай келе (бағаларын айту, мадақтау) - Бүгінгі сабақ ұнады ма? - Ұнаса үш рет қолымызды шапалақтайық. Үйге: Абай Құнанбаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы баяндама , өлеңді жаттау.
«Т.Аубакиров атындағы жалпы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі