Тақырыбы | Абай Құнанбайұлы «Өлең- сөздің патшасы, сөз сарасы» өлеңі. |
Мақсат | Тақырыпты түсініп оқи білуге баулу. Идеясын ашу. Өлең құрылысына талдау.Тілін, сөздік қорларын дамыту арқылы сабаққа деген қызығушылығын арттыру |
Күтілетін нәтиже | Тақырыптың тәрбиелік мәнін ашады, өлеңнің қандай болу керек екенін түсінеді . өлеңді талдайды |
7 модульдің қолданылуы | АКТ”, “Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету”, “Оқытуды басқару және көшбасшылық”. |
Қолданылатын әдіс-тәсілдер | Миға шабуыл, топтастыру стратегиясы |
Қолданылатын ресурстар | маркерлер, портреттер, тақта, стикерлер, ноутбук |
Ұйымдастыру кезеңі Тренинг | Оқушыларды сапқа тұрғызып,стикерлер тарату арқылы топқа бөлу Алтын ережені еске түсіру туралы айту. Әр топқа бағалау парағын таратып беру. Үй тапсырмасын тексеру: Зымыран сұрақтар арқылы 1.Майлықожа Сұлтанқожаұлы кім? Қайда дүниеге келген? 2.Қандай шығармалары бар? 3.«Ілімге толса көкірек»толғауында ақын нені жырлайды? 4.М.Сұлтанқожа шығармаларының жарық көруі. 5. Ақынға көрсетілген құрмет 6.Ақынның әкесі жайында не білдік? 7. Ақынның балалық шағы. 8.Отбасы, отау құруы 9. Кімдермен айтысқан 10.Толғау жанрының ерекшелігі неде? | Оқушылар топқа бөлініп, өз топ басшыларын сайлайды. Топ ішінде тәртіп ережелері талданып , сол арқылы сыныптың алтын ережесін еске түсіреді.. Бағалау парағы арқылы топ басшылар өз топ мүшелерін бағалап отырады. |
Сабақ кезеңдері | Тапсырма | Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушылардың іс-әрекеті |
Білім Қызығушылық тарын ояту | Бүгінгі сабақта Блум таксаномиясы жүйеленеді. Автордың өмірі мен шығармашылығымен танысамыз. Өлеңнің мазмұнымен танысып, идеясын ашамыз. Өлеңде айтылған ойды ұғынып, құрылысына талдаймыз. Миға шабуыл. «Топтастыру стратегиясы» | Топтарға тапсырма берілген Жаңа тақырыпқа түспес бұрын Абайдың «Желсіз түнде жарық тыңдатылады. Ой салатын сұрақтар.Бұл ән саған қандай ой салды? Бұл кімнің әні? Мұғалім сабақтың мақсаты мен тақырыбын айтады | Сұрақтарға жеке,жұппен жауап береді |
Түсіну | Абай өмірінен қысқаша мәлімет алады, «Өлең- сөздің патшасы, сөз сарасы» өлеңін мәнерлеп оқиды мазмұнын түсінеді | Мәнерлеп оқытады, мазмұнын ашады. | Әр топ өз жұмысын жан жақты уақытқа сай мәнерлеп оқып, мазмұнын ашады |
Қолдану | Өлеңнің тақырыбы мен идеясын ашады, ақын ойымен байланысын таниды,сөздікпен жұмыс істейді,өлең құрылысына талдайды. | Өлеңнің идеясын ашуда жұппен, топпен жұмыс істетеді. Сөздікпен жұмыс Даңдақ – мәнсіз, бос сөз. Бишара – бейшара Надан – пайымсыз, қараңғы, білімсіз. Кісімсін – өзін-өзі жоғары, асқақ ұстап дандайсыну, менсінбеу. Ынсап – қанағат, тойымдылық, ұят,ар-намыс. | Жеке ойланады,жұппен ойланып болып біріге жұмыс жасайды,басқа топтарға бөліседі. Түсініксіз сөздердің мағынасын ашады. Жаңа сөздермен танысып, мағынасын ашады. |
Талдау | Әр топқа жеке тапсырма беріледі | 1.Абай мен Сұлтанқожа өлеңдерінің идеялық ұқсастығын салыстыр? 2. «Өлең- сөздің патшасы, сөз сарасы» өлеңіндегі 3 негізгі ойды тап. 3.топ Өлең құрылысына кешенді талдау | Оқушылардың берілген тапсырма бойынша өз тапсырмаларын орындайды |
Жинақтау | Топпен жұмыс Менің ойға түйгенім... эссе жазу немесе Абайға хат, Мен өлеңмін. | Топтарға жаңа тақырып бойынша тапсырмалар тартып, түсініктерін ортаға әр топтан шығартып айтқызу Әр оқушы өз ойын жазады | Берілген тапсырманы уақытылы орындау, сұрақтарға нақты жауап беру |
Бағалау | Бүгінгі сабақтан ойға түйгендерін оқушылар ортаға салады. Бір-бірімен бөліседі. | Бағалау парақшасы мен бағалау шкаласын тарату | Өзін өзі, топпен бағалайды |
Рефлексия | Стикерлерді толтыру | Оқушыларға стикер толтыруды ұсыну | Ұсынылған стикерді толтыру |